Қазақстан республикасы білім, МӘдениет



жүктеу 2,75 Mb.
бет1/14
Дата25.05.2018
өлшемі2,75 Mb.
#16914
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ, МӘДЕНИЕТ

ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ

БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ



Оқу құралы

Редакциясын басқарған экономика ғылымдарының

докторы, профессор Қ. Е. Құбаев

Алматы


Экономика 1997

ББК65,050,9(2)2+я72

Бердалиев К. Б, Өмірзақов С. Ы, Есенғазиев Б. К., Ергалиев Қ. Р. Басқару негіздері (Оқу құралы): - Алматы: Экономика, 1997, -189 бет.

Авторлар ұжымы осы еңбекте басқару ілімінің қоғам өмірінде атқаратыи негізгі қызметтері мен нақты формаларын жан-жақты қарастырады. Сонымен қатар,ұлттықэкономикадағы өндіріс орындарын басқарудың сан алуан тәсілдері де кеңінен қамтылған.

"Басқару кегіздері" - еліміздегі жоғары оқу орындарындағы эконо-мика саласы бойынша мамандар қазақ бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы.

Пікір жазғандар:

экономика ғылымдарының докторы, профессор Қ. 0. Оқаев, экономика ғылымдарының кандидаты, професеор

К,Ә.Төлтаев,

Авторлар ұжымы, 1997 © "Экономика" баспасы, 1997



МАЗМ¥НЫ

КІРІСПЕ

1.БӨЛІМ. БАСҚАРУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ ТАҚЫРЫП 1.1. Басқару ұғымы, қоғамдық жүйедегі басқару салалары және олардың өзара ықпалы.
ТАҚЫРЫП 1.2 Өндірісті басқару жүйесі.

ТА ҚЫРЫП 1.3 Басқару ғылымының қалыптасуы мен дамуы.

ІІ БӨЛІМ. БАСҚАРУДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР ТАҚЫРЫП 2.1 Басқарудың хабарламалар жүйесімен қамтамасыз

етілуі.
ТАҚЫРЫП 2.2. Ұйымдардағы өзара қатынас жол және оларды

басқару.
ТАҚЫРЫП 2.3. Басқару жүйесіндегі шешімдер теориясы .

ТАҚЫРЫП 2,4. Ұйымдар және оларды тиімді басқару.

ІІІ БӨЛІМ. БАСҚАРУДАҒЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕПЗП

ӘДІСТЕР.

ТАҚЫРЫП 3.1. Басқарудағы экономикалық әдістер .
ТАҚЫРЬШ З.2. Ұйымдық-әкімшілік әдістер .

ТАҚЫРЫП З.3. Әлеуметтік-психологиялық әдістер .

ІVБӨЛІМ. БАСҚАРУ ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ

ҚОЛДАНЫЛУЫ.

ТАҚЫРЫП 4.1. Функция ұғымы, маңызы және жіктелуі .
ТАҚЫРЫП 4.2. Жоспарлау - басқарудың басты функциясы.

ТАҚЫРЫП 4.3. Ұйымдастыру процесі.

ТАҚЫРЫП 4.4. Басқарудағы реттеу және бақылау .

ТАҚЫРЫП 4.5. Басқару қызметінің дәлел-дәйектері (мотивацияла- ры).

VБӨЛІМ. ТОПТЫҚ ДИНАМИКА ЖӘНЕ БАСШЫЛЫҚ.

ТАҚЫРЫП 5.1. Адамдарды және топтарды басқару.
ТАҚЫРЫП 5.2. Билік және ықпал ету.

ТАҚЫРЬШ 5.3 Басшылық стилі .

ТАҚЫРЫП 5.4. Басқарудағы қайшылықтар .

ТАҚ ЫРЫП 5.5. Басқару қызметкерлері және олардың еңбегін ынта-

ландыру.
КІРІСПЕ

Экономика — әрбір қоғамдық құрылыстық негізгі іргетасы ол материалдық өнідірістердің даму дәрежесін сипаттайды, қоғамдағы аса маңызды барлық процестерді белгілейді.

Нарықты экономикаға өту кезеңінде басқару жүйесін одан әрі дамыту және осы кезеңге тән жаңа қағидаларды басшылыққа ала отырып экономиканы жандандыру — бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі Осы тауқыметті шешу жөніндегі негізгі тұтқалардың бірі ол өндірісті, жалпы экономиканы іскерлікпен басқару, нарықты экономикалық қатынастарды дамыту, оларды құқықты тұрғыдан реттеу, ақша-несие, қаржы және валюта қатынастарын жүзеге асыру.

Басқаруды ұйымдастырудың қажеттігі қоғамдық еңбек белінісінің дамуына байланысты. Қоғамдық еңбек бөлінісінің қарай дербес шаруашылықтың пайда болуы олардың арасындағы өндірістік қатынастарды реттеп үйлестіруді ұйымдастырьш басқаруды талап ететіні белгілі. Сол себептен К. Маркс: "Жеке скрипкашы өзін-өзі басқарады, оркестр дирижёрды керек етеді", -деген.

"Менеджмент" түсінігі шетел тілінен аударғанда — өндірісті басқару, басқаша айтқанда, өндірісті басқару қағидалары мен әдістері, құралдары мен формаларының жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Олар өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы көбейту мақсатымен жасалып қабылданады. Ал осы түсініктемеге сәйкес "менеджер" дегеніміз — өндіріс, өткізу және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бар іскер адам, өз ісін егжей-тегжелі білетін мамандандырылған басшы,

Міне, сондықтан да, осы басылымды әзірлеу үстінде жалпы басқару пәніне талдау жасап, оның негізгі мәселелерін оқырмандарға түсіндіріп беруге тырыстық,

Бірақ басқаруға байланысты барлық мәселелерді қысқаша

баяндап шығудың өзі де мүмкін емес. Сол себептен басқару теориясының негізгі тақырыптары қарастырылған.

3

БІРІНШІ БӨЛІМ



БАСҚАРУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ

Тақырып 1.1. БАСҚАРУ ҰҒЫМЫ, ҚОҒАМДЫҚ

ЖҮЙЕДЕГІ БАСҚАРУ САЛАЛАРЫ

ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ЫҚПАЛЪІ

Кең мағынасында алғанда, басқару дегеніміз — қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару),

Ф.Энгельс еңбек құралдарын басқаруға "заттарды басқару" деген анықтама берген;

— тірі организмдердегі (биологиялық жүйелердегі) басқару процестері;

— қоғамдағы (әлеуметтік жүйедегі) басқару процестері.

'"Техникалық жүйелерді 6асқару дегеніміз" — адамның көрінеу қатысуынсыз өлі табиғаттағы (станоктармен, механизмдермен) басқару. Бұл жүйелермен техникалық ғылымдар айналысады.

'"Биологиялық жүйелерді басқару" — тірі табиғаттағы, био-логиялық дүниедегі басқару. Ол басқару процесіне философиялық сипат береді. Басқарудың бұл саласы — жаратылыстану ғылымы зерттейтін тақырып.

"Әлеуметтік (қоғамдық) жүйелерді басқару" дегеніміз — шын мәнінде келгенде, адамдарды басқару. Қоғамның ең басты "өндіргіш күші" ретінде адамдар табнғат пен қоғам заңдарын танып, оларды материалдық игіліктерді өндіру мен тұтыну процесінде пайдаланады. Зерттеу объектілері — әлеуметтік — экономикалық жүйелер, ал пәні-өндірісті басқару жүйесі болады. Француз экономисі, "саяси экономия" деген терминнің, авторы Антуан Монкретьеннің (шамамен 1575 —1621) өзі де елдің шаруашылығын

4

ең алдымен мемлекеттік басқару объектісі деп ойлаған болатын Басқарудың бұл жағы-әлеуметтік (қоғамдық) ғылымдар зерттейтін тақырьш. Басты ерекшелігі басқарудың нысаналылығында, саналы көзқараста болып табылады.



Бұл жүйе: саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік (әлеуметтік қатынастар) басқару больш бөлінеді — олар қоғам өмірінің тиісті салаларын көрсетеді.

Қоғам өмірінің осы салаларын негізге алғанда, әлеуметтік басқару үш түрге: экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, қоғам өмірінің рухани саласын басқару, түрлеріне бөлінеді,

Әлеуметтік-экономикалық, процестердің өздері тұрақты және үздіксіз болғандықтан экономиканы басқару үздіксіз сипат алады.

Бұл жұйелердің факторлары: еңбек бөлінісі, мамандандыру, кооперация, қоғам өмірінің үздіксіздігі, нысаналылық.

Басқару ол біздің айналамыздағы дүние элементтерінің, бірі болып табылады. Бірақ басқару процестерін тарихтан тыс және басқаруды жүзеге асыру саласынан қол үзген деп қарастыруға болмайды.

Басқарудың анықтамалары көп. Олардың кейбіреулері мынадай:

— Басқару дегеніміз — жүйенің жаңа, сол жүйеге арналған күйге көшуі (академик Берг);

— Басқару — не істеуге тура келетінін және мұны қайткенде, мейлінше, жақсы және арзан істеуге болатынын білу өнері (Тей-лор).

Басқа да бірқатар анықтамалар бар.

Жалпы қорытынды мынандай: басқарудың нақты тарихи және саяси сипатын барлық(басқару анықтамасының) авторлары атап көрсетеді. Оның нысаналылығы атап айтылады.

'Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы, еңбек бөлісінің қажеттігіне байланысты. Екінші жағы — басқару қашанда билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік-экономикалық аспект), белгілі бір мақсатты іке асырумен байланысты.

Барлық қоғамдық жүйелер ішінен зерттеу үшін басқару ғылымы қоғамдық өндірісті басқаруды таңдап алады. Ол мынандай буындардан: жалпы қоғамдық өндірісті 6асқару, материалдық игіліктер өндіруді басқару, рухани игіліктер өндіруді басқару және қызмет көрсетуді басқару буындарынан турады,

Бұл арада олардың арасында көлбеу байланыстар бар екені әбден айқын көрінеді. Материалдық игіліктер өндіру басым болады, өйткені басқарудың басты объектісі сол. Ол материалдық негіз

5

ретінде рухани игіліктер өндіру мен қызмет көрсетуді алдын ала анықтайды, ал сонымен қатар, олар материалдық игіліктер өндіруге ықпал жасайды,



Өндірісті басқарудың мәні мыналардан көрінеді:

— өндірісті басқару — объективті экономикалық заңдарының бүкіл жүйесінің талаптарын жүзеге асыратын механизм;

— өндірісті басқару — қоғамдық, коллективтік және жеке мүдделерінің жүйесін жүзеге асыратын механизм.

Басқарудың бастапқы негізі басқарудың қалыптастырылуы мен мақсатын таңдап алу болып табылады. Адамның кез келген қызметінің басты белгісі — нысаналы қызмет. Сондықтан да ерек-ше әлеуметтік қызмет ретінде басқаруға нысаналылық тән.

Әлеуметтік басқарудың айырмашылығы мынада: басқару субъектісі басқару объектісіне қызметтің мақсатын анықтау жо-лымен ықпал жасайды.

Өтпелі кезең жағдайында экономиканы басқарудың орасан зор мақсаты нарықтық қатынастарды реттеу әдістерінің икемді жүйесін жасау, халық шаруашылығының әлеуметтік жағынан бағдарланған, қоғам мүшелерінің лайықты өмір сүруі үшін материалдық жағдайлар жасай алатын нарықтық экономикаға оңтайлы енуін қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, басқарудың перспективалы мақсаттарынын, бірі оны кәсшорындар мен аймақтар деңгейінде демократияландыруды одан әрі тереңдете түсуі тиіс,

Өндірісті басқару ғылымының пәні

Ғылым дегеніміз — дамып келе жатқан жүйені білім мен жаңа білім алуға бағытталған белгілі бір қызмет түрінің жиынтығы.

Ғылым — білім мен қызметтің бірлігі.

Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері дербес ғылым болып табылады, Оны жеке ғылымға бөлу факторлары мыналар: а)басқарудың әлеуметтік маңызы; ә) эмпериктік білім жинақтау (тәжірибе); б) ғылымды дамытудың материалдық мүмкіндіктері.

Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері үш бөліктен тұрады, олар ғылымның пәні,әдісі, теориясы.

"Басқарудың ғылыми негіздері" және "басқару теориясы" (ғылым) деген ұғымдардың ара жігін ажырата білу керек.

Басқарудың ғылыми негіздері қоғамдық өндірісті басқару туралы білімінің бүкіл жүйесін қамтиды және мынандай үш құрамдас элементтен тұрады

6

а) өндірісті басқару проблемаларын зерттеуді қамтитын іргелі қоғамдық ғылымдардың (философияг саяси экономия), сондай-ақ жалпы басқару заңдарын зерттейтін ғылымдардың (кибернетика, жүйелер теориясы және басқалар) басқару аспектілері;



ә) басқарудың жекеленген жақтары мен функциялары туралы нақты ғылымдар (салалық экономика, жоспарлау, есеп және басқалар);

б) өндірістік басқару заңдылықтарының өзін зерттейтін басқару теориясы.

Тұтас, кешенді және нақты әлеуметтік құбылыс ретінде қоғамдық өндірісті басқару заңдары басқару теориясының пәні болып табылады.

Басқару теориясы басқару практикасында объективті заңдарды саналы пайдаланудың формаларын зерттеумен шектеле алмайды, бірақ ол ең алдымен бір тұтас нәрсе ретінде басқару заңдарын және басқарудың, барлық бөліктерін тұтас етіп (белгілі бір жүійеге) интеграциялау зандарың тұжырымдауға тиіс,

Басқару теориясы екі бөліктен тұрса да, ғылым ретінде біртұтас. Олардың біреуі қисынды талдау негізінде өндірісті басқарудың жалпы заңдары мен қағидаларын зерттейді, ал сөздің тар мағынасында алғанда ол басшылық теориясы деп аталады. Екінші бөлігі басқару өнері деп аталады. Ол нақты тәжірбие негізінде алынған тәжірбиелік қорытындылар арқылы басшылардың белгілі бір категориялары үшін басқару үлгілерінің жүйеге келтірілген жиынтығын қалыптастырып, сол арқылы басқару теориясын байыта түседі.

Басқару ғылымының пәні экономиканы басқару процесінде пайда болатын қызметкерлердің қатынасы болып табылады немесе басқа бір анықтамасы — басқару қатынасын басқару ғыалымының пәні деп анықтауға болады.

Басқару қатынастары аса маңызды әлеуметтік-экономикалық категория болып табылады. Өндірісті басқару теориясында бұл категорияның ерекше орын алу себебі — оның зерттейтін пәні — басқару қатынастары болуына байланысты.

Басқару қатынастары мынадай ұйымдастырушылық түрлерге бөлінеді: біріншіден, басқарушы және басқарылушы жүйелер ара-сындағы, яғни тікелей басқару субъектісі мен тікелей өндіріс объ-ектісі арасындағы қатынастарға, екіншіден, басқарылушы жүйенің өз ішінде де басқару қатынастары болады:

а) басқару сатылары арасында. Мысалы, учаскелерді, цехтарды, кәсіпорындарды, өндірістік бірлестіктерді, министрліктерді

7

басқару аппаратының арасындағы қатынастар (тік байланыстар);



ә) әрбір сатыны басқару буындарының арасында. Мысалы, участкелердің басшылығы арасындағы, жекелеген завод басқармалары арасындағы, цехтарды басқару аппаратының ара-сындағы қатынастар, яғни бұл арада көлбеу байланыстар айтылып отыр;

б) басқарушы жүйенің әртүрлі сатыларындағы аттас функци-оналдық басқару буындары арасындағы қатынастар: мысалы, ми-нистрліктің жоспар-экономикалық басқармасы арасындағы за-водтың жоспарлау-экономикалық бөлімі арасындағы қатынастар және т, б,

Үшіншіден, басшылар мен әрбір. басқару буынындағы бағыныштылар арасындағы қатынастар (субординация қатынастары).

Төртіншіден, басшылар арасындағы және бағыныштылар ара-сындағы қатынастар (координация қатынастары),

Сонымен бірге басқару қатынастары былайша бөлінеді:

а) салалық қатынастар, яғни бір сала шегіндегі қатынас;

ә) территориялық, яғни бір аймақ шегіндегі қатынастар;

б) салааралық, яғни әр түрлі өнеркәсіп салалары ұйымдарының арасындағы қатын астар;

в) аймақаралық, яғни әр түрлі аймақтар ұйымдарының ара-сындағы қатынастар;

г) территориялық-салалық қатынастар;

Белгілі бір қатынастар жүйесі тұрғысынан алғанда, басқару; ішкі және сиртқы болып бөлінеді

Қатынастардың сипаты және жасаушыларының санына қарай оларды басқаруды жүйеаралық, жеке адамдар арасындағы және аралас, сондай-ақ, коллективтік және жеке қатипастарға бөлуге болады, ал олар өз кезегінде: тура, топтық және айқас қатинастарға, бөлінеді.

Басқару қатынастары жасалу уақыты бойынша: уақытша және тұрақты қатынастар болып бөлінеді.

Басқару қатынастары объектіге ықпал ету бағыты және дәрежесі жөнінен тікелей (бұйрықтар, өкімдер} және жанама (кеңестер, консультациялар, хабарламар) қатынастарға бөлінеді

Әлеуметтік басқаруға талдау жасау процесінде оның екі түрін:

а) адамның, индивидтің қандай да болсын, еңбек қызметінің элементі ретінде басқаруды;

8

2) адамдардың өзара қатынастарының элементі ретінде басқаруды атап өту қажет,



К. Маркс жалпыға бірдей басқаруды атап көрсете келіп, басқару дегеніміз — "қандай болса өндіріс әдісінің қажетті кезеңі ." деген болатын (Маркс К., Энгельс Ф, Шығармалар, 2-басылуы, 25- том, I бөлім 356-бет).

Өндірісті тікелей коғамдық сипат алған кезде оны басқару қажет болып, оған мүмкіндік пайда болады. "Басқару, — деп жазған Қ.Маркс, — бірлескен аралас еңбектің өз табиғатынан туындайды және содан туындайтын жалпы функцияларды атқарады".

К. Маркс өндірісті басқару жөніндегі еңбекті — адамдарды басқару деп қарастырады (әлеуметтік басқару). Ол былай деп жа-зады: "... атқарған кезде көптеген инднвидумдар өзара коопера-цияланатын барлық жұмыстарда процестің байланысы мен бірлігі жеке жұмыстарға емес, қайта оркестрдің дирижерімен болатыны сияқты, бүкіл шеберхананың қызметіне жататын басқарушы бір ерік пен функцкяларға берілуі қажет" (Маркс К., Энгельс Ф, Шығармалар, 2-басылуы, 25-том, 422-бет).

Басқару функциясының менпік қатьшастарымен байланысты басқару функциясының мазмұнында белгілі бір меншік формасына тән белгілердің пайда болуын қажет етеді. Басқару функциясының әлеуметтік мазмұны дегеніміздің, өзі де осы. Егер басқарудың өзін өндірістік организмнің жекеленген бөліктерінің қозғалысын үйлестіру қажеттігі туғызатын болса ("~ Жеке скрипкашы өзін өзі басқаратын болса, оркестрге дирижер керек", — К. Маркс) — басқарудың әлеуметтік мазмұнын меншік қатынастарының сипаты анықтайды.



Басқару ғылымының мазмұны

Өндірістік басқару ғылыми басқару қатынастарын зерттей отырып, басқарудың заңдылықтарын қалыптастыру, принциптерін әзірлеу жолымен оның теориясы мен методологиясын жасауға тиіс. Сондықтан басқару ғылымының мазмұны — өндірісті басқару "заңдылықтарын анықтау, басқару жүйесі мен басқарылатын жүйенің бірлігі мен арақатынастарын зерттеу, өндірісті басқару процесіндегі адамдардың нысаналы қызметінің қағидасы, фукциялары мен әдістерін әзірлеу.

Өндірісті басқару теориясының мазмұны оның объектісін анықтайды. Оны өндірістің белгілі бір саласы мен аясында болатын 9

жеке заңдылықтар емес, қайта жалпы жүйе ретіндегі қоғамдық өндірістің жұмыс істеуі қызықтырады. Сондықтан өндірісті басқару теориясының пәні қай салаға жататынына немесе қызмет ететініне қарамастан, өндірісті басқару қатынастарына тән ортақ нәрсені зерттеу болып табылады.

Өндірісті басқару ғылымының міндеті — өндірісті басқару қатынастарының механизімін түсіндіру, практиктердің нақты міндеттерді шешудің жолдары мен әдістерін табуына теориялық методологаялық негізде көмектесу. Өндірісті басқару теориясы білімнің кешенді жүйесі. Басқаша айтқанда мұндағы міндет — басқаруды азын-аулақ адамдардың шамасы келетін өнерден осы салаға маманданушы әрбір білікті адам істей алатын ғылыми жүйеге айналдыру болып табылады.

Басқарушылық іс-қимыл өндірісті де, басқаруды да ұйымда-стырудың белгілі бір формалары жағдайында еңбек қызметіне қатысушылардың арасында пайда болатын белгілі бір нақты бай~ ланыстарды бейнелейді. Осы байланыстар мен ұйымдық форма-лардың жиынтығы экономиканы басқару механизмін құрайды.



Өндірісті басқару ғылымы мыналарды қамтиды.

1 Өндірістік басқарудық методологиясы мен теориясы;

2. Өндірісті басқарудың объектісі мен субъектісінің құрылысын ұйымдастыру;

3. Басқарушылық ықпалды қалыптастырудың әдістері;

4. Басқару процесі;

5. Басқару жүйесіндегі еңбекті ұйымдастыру жүйесі

Бірінші бөлімінің ерекше зор маңыз бар. Ол өндірісті басқару жүйесінің құрылысы мен жұмыс істеуінің методологиялық негіздерін зерттеуге арналған.

Ол мынандай проблемаларды қамтиды: өндірістік басқару қатынастарының мәні; басқарудың заңдылықтары мен принциптері; жүйені басқару ретінде өндірісті басқару.

Екінші бөлім басқарудың ұйымдастырылуы мен әдістері туралы ілімге арналған.

Курстың барлық бөлімдерінің логикалық ішкі бірлігі бар және пәннің мазмұны өзінің осы бірлігімен ашылады.

Бұл пән басқа да экономикалық пәндермен, ең алдымен саяси экономикамен тығыз байланысты. Бұл байланыс, сонымен қатар, өндірісті басқару ғылымының бірінші кезекте қоғамдық өндірістің дамуы объективті экономикалық заңдарға ғана сүйенетінінен көрінеді.

10

Ол нақты экономикалық ғылыми пәндермен — әлеуметтік экономикалық дамуды жоспарлаумен, статистикамен, пәндердің қаржы-несие циклдарымен, еңбекті ғылыми ұйымдастыру және т. б, өзара тығыз әрекет жасайды,



Экономиканы басқару ғылымының мазмұны туралы айтқанда, мына қағидаларды атап көрсету керек: сипатты белгілері — зкономикалық заңдарды, басқару заңдылықтарын тану мен оны саналы түрде пайдалану; басқарушылық ықпал ету процестерінің жүйелілігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету; басқарылатын объектілер мен басқару субъектілерін үлгілеу; өндірісті мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық басқарудың диалектикалық өзара байланысы.

Басқару дегеніміз — ғылым әрі өнер, онда объективті нәрсемен жеке нәрсе ұштасып жатады.



Басқару ғылымының әдістері

Басқару теориясына талдау жасау жалпылама, жалпы және жеке әдістер жүйесіне негізделеді. Басқару (өндірісті, ауыл шаруашы ығын және басқаларын басқару) туралы нақты , ғылымдардан айырмашылығы басқару теориясы өзінің пәніне байланысты жалпы басқарумен байланыстырады. Басқару ғылымы оның әдістерінің жиынтығы болады.

Жалпылама әдіс — диалектикалық әдіс. Бүкіл қындықтарына қарамастан, басқару қатынастары тек қана диалектика тұрғысынан зерттелуі мүмкін. Басқару қатынастарын зерттеуге диалектикалық көзқарас танымының талдау мен синтез, индукция, дедукция, гапотеза мен эксперимент, бақылау мен салыстыру және басқалары сияқты әдістерімен іске асырылады,

Диалектиканың барлық заңдары басқаруға қатысы бар өмірдің нақты процестерінде орын алады. Сондықтан материалистік диалектика өндірісті басқару ғылымының методрлогиясы , больш табылады,

Әрбір нақты жағдайда басқару әдістерін таңдаған кезде

басқару органдары мыналарды негізге алады біріншіден, басқару

аппаратының қызметкерлері қызметінің де, тікелей өндіріс про-

цесінде істейтін қызметкерлердің де қажеттерін, мүдделерін, мо-тивтерін ескеру; екіншіден, атқарушыларға ықпал етудің қандай әдістерін, қандай ретпен және қандай арақатынастарда пайдалану екенін анықтау, атқарушыларға алдағы кезде ықпал ету

11

әдістерінің ықтимал әсерін мүмкін болған дәрежесінде дәл болжай



білу қажет.

Әдістердің жиынтығында нақты-тарихи көзқарас айтарлықтай орын алады. Ол өндірісті басқару проблемаларының ғылыми талдау жасаудың міндетті талабы больш табылады. Басқару қатынастары өздеріне әсер ететін факторлардың ықпалымен даму және өзгеру жағдайында болатын процестер ретінде зерттелуге тиіс. Бұл басқаруды қолдану саласының ерекшеліктеріне байланысты.

Кешенді көзғарас мынада: өндірісті басқару ұйымдық-техни-калық және әлеуметтік-экономикалық жақтардың тығыз бірлігі ретінде зерттеледі, бұл орайда әлеуметтік-экономикалық аспект жетекші роль атқарады. Бірақ басқарудық әлеуметтік-экономи-калық аспектісінің өзі де экономикалық және саяси, әлеуметтік және психологаялық қондырмалық және базистік аспектілердің өзара іс-қымылы ретінде қарастырылады.

Жүйелі көзқарас басқарылушы және басқарушы жүйелерді өзара байланысты, ортақ мақсат біріктірген элементтердің тұтас кешені ретінде қарастыруға, жүйенің қасиеттерін, оның ішкі және сыртқы байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Өндірісті басқарудың ұымдастырылуын жетілдіру үшін экономикалық, ұйымдық және техникалық сипаттағы өзара байланысты шаралар қажет. Жүйелі зерттеу әдісі жүйенің, мысалы: басқару жүйесі құрылымның элементтері арасында болатын өзара байланыстарды зерттеген кезде ерекше тиімді.

Қолайлы етілген әдіс басқару проблемаларын суреттеген кезде сан жөнінен анықтап алуға, оларды математикалық үлгілерде бейнелеуге ұмтылудан көрінеді, ал математикалық үлгілерде оңтайлы шешімдерді табу үшін математикалық аппаратты пайда-лануға мүмкіндік береді. Басқаруды математика тілінде сан жағынан суреттеу құбылыстарды әртүрлі ғылым өкілдерінің айқын түсінуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді

Басқару теориясы басшылық ету практикасымен байланысты, сондықтан ғылыми әдіс ретінде эксперимент кеңінен қолданылады. Эксперимент кезінде мүмкін болатын шешімдер бір немесе бірнеше объектілерде тәжірибе арқылы тексеруден өтеді.

Жүйелік-құрылымдық әдіс. Ол бір жағынан, жүйені серпінді дамитын тұтас нәрсе ретінде қарастыруды, екінші жағынан, жүйені өзара іс-қымылына қарай құрылымдық болып табылатын элементтерге бөлшектеуді көздейді.

12

Социологиялық әдістің (сауал-сұрақ және басқалары) маңызы мынада: оның көмегімен басқару қатынастары, олардың адамдарға және солар арқылы қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға жасайтын ықпалы тұрғысынан зерттеледі.



Өндірісті басқару ғылымында бірқатар арнаулы ғылыми әдістер, басқару қатынастарын зерттеудің ерекше құралдары: ұйымдық диагностика, факторлық талдау, ұйымдық нормалау, ұйымдық жобалау, графикалық әдістер, үлгілеу мен оңтайлыландыру әдістері және басқалар болады.

Бұл әдістердің бәрі өндірісті басқару ғылымының әдістері болып табылады және бір-бірімен өзара тығыз байланысты болады.

Экономикаға басшылық етуге әміршілдіктің керегі аз, ал оған бәрінен де ғылымға, басқаруға әдістерінің жүйесін шебер және творчестволықпен пайдалануға, мамандардың білімі мен тәжірибесіне сүйене білу, мейлінше, қажет.

1.2. Тақырып. ӨНДІРІСТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ



Жүйелер және о лардың қасиеттері туралы ұғым.

Басқаруға жүйелі көзқарастың негіздері

Қазіргі уақытта жүйелі көзқарас ғылым мен практиканың барлық салаларында кеңінен пайдаланылады. Мұның себебі: қазіргі кезеңде, өндіргіш күштердің интенсивті дамуы және өндіріс көлемінің өсуі талдау жасауға біршама оңай зерттеуден неғұрлым күрделі объектілерге көшу жүріп жатқан кезеңде басқарудың "үлкен жүйелер" деп аталатын күрделі жүйелері пайда болып, жұмыс істеуде. Жекелеген бөліктер мен элементтерге бөлшектемейтін зерттеу және оларды белгілі бір ретпен орналастыру мүмкін болмайтын жүйелер үлкен жүйелерге жатады.

Басқаруға жүйелі көзқарастың мәнін ашып көрсетпестен бұрын жүйе, жүйелердің түрлері, жүйелердің қасиеттері, басқарылу шарттары сияқты ұғымдары көп. Жалпы жағдайда мейлінше, әртүрлі объектілердің өзара байланысты жүйе деп саналады, яғни жүйе дегеніміздің өзі де бір-бірімен байланысты бөліктерден тұрады.

Осындай түсінік жағдайында:

— топтар мен бөлшектерден тұратын машина;

— клеткалар жиынтығынан құралатын тірі организм;



13

- еңбек заттарының, еңбек құралдары мен түрлерінің және

түпкі өнімнің жиынтығы ретіндегі өнім.

Бұл анықтамаға сәйкес студенттердің тобы да жүйе болады, ал поездың купесінде отырған адамдар тобы жолаушылар бір-бірімен сөйлескен жағдайда ғана жүйе болады.

Жүйенің анықтамасынан және келтірілген мысалдардан көрініп отырғанындай, жүйе құрамдас бөліктердің (компоненттердің) және компоненттер арасында байланыстардың болуы керек етеді. Жүйеде компоненттердің екі түрі болады:

1) кіші жүйе — бұл жүйенің басқа бөліктерге ыдырау бөлігі;

2) элемент — бұл ендігі жерде құрамдас бөлікке ыдырауы мүмкін емес бөлігі.

Элемент дербес болады. Сондықтан кіші жүйе дегеніміз элемен-ттердің жиынтығы. Сонымен бірге, неғұрлым жоғары иерархиялық жүйе жөнінде жүйе кіші болуы мүмкін. Мысалы, бір жағынан, кәсіпорын дербее жүйе болып табылады, екінші жағынан — оны саланың кіші жүйесі және бүкіл халық шаруашылығының элементі ретінде қарастыруға болады. Бұдан элементтің, кіші жүйе мен жүйенің арасындағы айырмашылық салыстырмалы сипатта да, абсолютті сипатта да болады деген қорытынды шығады.

Жүйенің аса маңызды ерекшелігі — оны құрайтын элементтер жиынтығы болып табылмайтын қасиеттердің болуы, Бұдан эле-менттердің қандай болса да жиынтығы жүйе болмайды деген қорытынды шығады. Мысалы, белгілі бір территорияда орналасқан кәсіпорындар тобы әлі де өздігінен жүйе бола алмайды. Одан белгілі бір кәсіпорынды шығарып тастауға немесе, керісінше, олардың санын көбейтуге болады, ал мұның өзі бұл топқа сапалық жағынан ешқандай әсер етпейді. Егер осы топқа кіретін кәсіпорындар бір-бірімен өзара тығыз байланысты болып, белгілі бір түрде өзара іс-қимыл жасайтын болса, мысалы, белгілі бір өнімді дайындауға бірлесіп қатысса, онда сөз басқа. Бұл ретте, кәсшорындардың осы тобы жеке алғанда, әрбір кәсіпорында болатын сапалармен салыстырғанда өзге сапасы бар жүйе болады.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, жүйеге неғұрлым нақты анықтама беруге болады. Өзара іс-қимыл жасаған жағдайда жекелеген компоненттерге тән емес компоненттердің белгілі бір жиынтығы жүйе деп түсініледі.

Кибернетикада ашық және жабық жүйелер бөліп көрсетіледі

14

Ашық жүйелер дегеніміз ортамен материалдық энергетикалық немесе хабарламалық тасқындармен алмасып отыратын жүйелер (тірі организм).



Ашық жүйелерге тән ерекшелік — олардың барлық зор ұйым-дасқандыққа ұмтылуы болып табылады.

Егер ортаның қайсыбір материалдық энергетикалық немесе хабарламалық тасқындармен байланысты бөлігі жүйеге енгізілсе, онда ашық жүйені жабық жүйеге айналдыруға болады.

Жабық жүйенің аса маңызды ерекшелігі олар үшін термоди-намиканың 2-негізгі толық көлеміде күшінде болады, оған сәйкес бұл жүйелер барынша энтропияға немесе ретсіздікке ұмтылады

Жүйенің энтропиясы оның ұйымдастырылу деңгейінің сипат-тамасы, шарасы болуы тиіс,

Басқару бұл процестерге қарсы тұрьш, жүйені жүргізудегі көмескілікті азайту есебінен оның энтропияеын азайтута тиіс.

Жүйе ұғымымен қатар процесс деген ұғымды айыра білу керек. Процесс дегеніміз — жүйе элементтері арасындағы өзара іс-қимыл.

Құрылым — жүйені тыныштық жағдайында сипаттайды (тұрған күйінде).

Ұйым — жүйені қозғалыс үстінде көрсетеді (динамикада),

Адам әртүрлі жүйелермен кездеееді, сондықтан оларды бірқатар кластарға бөлген жөн. Мысалы, кибернетикалық жүйелерді Ст. Бир, міне, былайша топтарға бөледі. Оның топтарға бөлуінің негізіне екі өлшем алынған,

Бірінші өлшем — жүйенің күрделілік дәрежесі

Жай жүйелер ішкі байланыстарының саны аз және математи-калық суреттелуінің оңай болуымен сипатталады.

Күрделі жүйелер де суреттеуге икемді, бірақ олардың құрылымы сан салалы және ішкі байланыстары мейлінше алуан түрлі болады.

Өте күрделілерді ерекше алуан түрлі, математикалық суреттеуге келмейтін күрделі байланыстарының көп болуына себепті өте күрделі болып табылады.

Екінші өлшем — детерминацияланған және ықтимал жүйелер арасындағыа айырмашылық.

Детерминацияланған жүйе — онда құрамдас бөліктері дәл болжанған түрде өзара іс-қимыл жасайды (егер өткендегі күйі белгілі болса оның кейінгі күйін қатесіз және болжап айтуға бола-ды).

15

Ықтимал жүйе — оларды егжей-тегжейлі дәл болжап айту мүмкін емес, Белгілі бір жағдайда жүйенің өзін қалай керсететіндігін қайсыбір ықтималдылық дәрежесінде ғана белгілеуге болады.



Жетекшінің рөлі мынаған келіп саяды: өндірісті онша қүрделі емес және ықтималдылығы шамалы жүйе етіп өзгертіп, кәсіпорын жұмысына кездейсоқтық жасайтьш ықпалын мейлінше азайту керек,


жүктеу 2,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау