Жүйелердегі басқарылу шарттары:
Бірінші шарт — жүйе элементтері арасындағы және ең алдымен басқарушы жүйе мен басқарылушы жүйелер арасындағы себеп-салдарлы байланыстардың болуында. Мұның мәнісі — басқарушы кіші жүйе мен басқарылушы объект екеуінде де болатын өзгерістерді сезініп отырса, яғни, кері байланыс болса, сол жағдайда ғана басқару мүмкін болады деген сөз. Кері байланыстың болуы басқарудың ең маңызды шарты болып табылады.
Басқарудың жүзеге асырудың екінші шарты — жүйенің серпінділігі. Жүйе бір сапалық жүйеден екіншісіне көшіуге қабілетті болып, бұл орайда жүйе күйінде қала беруге тиіс.
Үшінші шарт — әсер еткен жағдайда процестің өтуін өзгертуге болатын параметрінің болуы.
Төртінші шарт — жүйенің басқарушылық ықпалын күшейтуге, яғни басқару объектісінің субъектіге тікелей ықпал жасауды сезінуі ғана емес, сонымен қатар, субъект жөнінде жасайтын ықпалын күшейте түсуге де қабілеттілігі.
Бесінші шарт — жүйеде басқару хабарламасын беру, жинақтау және өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл басқару объектісіне әсер етудің уақыт пен кеңістіктегі алшақтықтарға байланысты болуы мүмкін екендігімен түсіндіріледі. Бұл орайда жүйе энтропиясына кері тәуелді болатын хабарлама керек. Егер энтропия берекесіздік шарасы болса, хабарлама мөлшері ұйымдастыру шарасы болып табылады. (Н. Винер. Кибернетика және қоғам. Ағылшын тілінен аударма, — М.: Иностранная литература, 34 бет)
Басқаруды жүзеге асырудың алтыншы шарты — жүйенің сындарлы сипаты. Мұнсыз бақылау мен басқару мүмкін емес. "Ки-бернетикалық жүйенің айрықша ерекшелігі оны біртұтас организ-мнен басқаша деп қарастырудың толық мағынасыздығы деп са-науға болады, Кибернетикалық жүйе жекеленген элементтердің
16
бытыраңқы жиынтығы емес, қайта берік байланысты ақпараттың желі болып табылады" (Ст. Бир, Кибернетика және өндірісті басқару. Ағылшын тілінен. 2- басылым. — М.: Наука, 1965,41-бет).
Сонымен жүйе атап келтірілген шарттарды қанағаттандырған жағдайда ғана оны басқаруға болады, Бұл шарттар -барлық басқару жүйелеріне ортақ больш табылады.
Жүйелердің негізгі ұғымдары мен қасиеттерін анықтаған соң ең алдымен экономикалық (шаруашылық) жүйелерді басқаруда кеңінен қолданылатын жүйелі қөзқарастың мәніне тоқталамыз. Жүйеді көзқарас ең алдымен міндеттердің кешенді шешілуін талап етеді.
Шындығында, жүйелі көзқарас соңғы он жылдықтарда ашылған жаңалық емес, оның негіздері сонау Платон, Аристотельдің еңбектерінде қаланған болатын.
Жүйелік көзқарас дегеніміз — диалектикалық-әдіске қарама-қарсы тұратын бір нәрсе емес, қайта онық ажырағысыз талаптарынын, бірі. Жүйелі көзқарасты басқаруда қолдану экономикаға барлық буындарының жұмыс істеуі өзара байланысты болатын тұтас құрылымдық-ұйымдық жүйе ретіндегі көзқарасты білдіреді, яғни қазіргі жағдайда кез-келген ірі халық шаруашылық міндеті немесе ғылыми проблема кешенді көзқарас болмайынша, экономикалық, саяси, мәдени-тұрмыстық және психологиялық факторларды бірге альш қарамайынша шешілмек емес. Жүйелі көзқарасты пайдалана отырып, басқарудың нысаналы функциясын тұжырымдауға, басқару проблемаларын шешудің жалпы ережелерін анықтап, оның құралдарына терең талдау жасауға болады.
Экономикалық жүйелер және олардың
ерекшеліктері
Жоғарыда жүйелерді басқарудың барлық басқару жүйелеріне ортақ шарттары көрсетіледі, Бірақ экономикалық жүйелерге оларды басқа жүйелерден айрықша ететін және оларды басқарған кезде ескеру қажет болатын өз ерекшеліктері тән.
Экономикалық жүйелердің ерекшеліктері неде? Біршшіден, экономикалық жүйелердің әлеуметтік сипаты бар, адамға матери-алдық және мәдени игіліктерді өндіруші мен тұтынушыға айқындаушы рөл берілетін адам — машина жүйелері ретінде қаралады. Олар ашық жүйелер-болып табылады,өйткені басқару нобайына адам енгізілген. Алайда мұндай томаға-тұйықтық эко-
17
номикалық жүйелерде кері байланыстық болмайтынын көрсетпейді Керісінше, адамдар басқару аппараты осы функцияны атқарады. Осының арқасында экономикалық жүйелер ашық күйінде қала отырьш, жабық жүйелер ретінде әрекет етеді және кибернетикалық жүйелердің талаптарына (жоғарыда аталған) толық сай келеді.
Экономикалық жүйелердің екінші ерекшелігі — осы жүйе өз-ара әрекет ететін белгілі бір ортаның болуы. Өндірістің өзі жөнінде алғанда жалпы өндіріс осындай жүйе болып табылады, ол халық шаруашылығының белгілі бір жүйесі ретінде қарастырылады. Өз кезегінде халық шаруашылығының сыртқы ортасы қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығы болады,
Үшінші ерекшелігі — экономикалық жүйелер өте күрделі, серпінді жүйелер. Бүкіл халық шаруашылығы өзара байланысты жұмыс істейтін салалардың, кіші салалардың, аймақтардың, бірлестіктердің, кәсіпорындардың және т. б. күрделі де серпінді жүйесін құрады. Осының өзі-ақ басқарудық құрылуы мен міндеттердің шешілуін жүйелі көзқарасты талап етеді, өйткені басқарудағы жүйелі көзқарас дегеніміз — қисынды ойлау жүйесі, ол бойынша кез-келген шешімді әзірлеу мен негіздеу процесі жүйенің жалпы мақсатын анықтауды, барлық кіші жүйелердің қызметіи осы мақсатқа бағындыруды негізге алады.
Бұл орайда кез-келген жүйені неғұрлым ірі жүйенің бір бөлігі деп қарастыруға болады, ал оның дамуының жалпы мақсаты осы ірі жүйенің, оның ішінде болатын қатынастар мен байланыстардың бүкіл жиынтығының даму мақсаттарымен үйлестіріледі
Бұл халық шаруашылығы жүйесінің ерекшеліктерін қарастыру мысалынан көрінеді
1. Онда қандай болса да кіші жүйе басқа кіші жүйелер жөнінде өзіне жүктелген функциялар ауқымы анықтайтын өзіндік ерекше рол атқарады, яғни жүйенің әрбір компоненті дербес болады.
2. Бірақ бұл абсолютті емес, салыстырмалы дербестік, өйткені әрбір кіші жүйенің қызметі бүкіл жүйенің функциясына бағындырылған.
3. Әртүрлі деңгейлер бір-біріне қосарласпайды, әрқайсысының өз құқықтары мен міндеттері болады.
Халық шаруашылығы тізбегіндегі кез келген жүйенің, соның ішінде кәсіпорынның да басқаратын және басқарылатын кіші жүйелері болады.
18
Экономикадағы басқарылатын кіші жүйе (басқару объектісі) дегеніміз:
— кәсіпорындардан тұратын салалар:
— негізгі, көмекші, жанама, басқа да шаруашылықтарға қызмет көрсететін қосалқы цехтардан тұратын кәсіпорындар:
— өндірістік және көмекші учаскелерден тұратын цехтар;
— белгілі бір жұмыс орындар топтарынан тұратын өндірістік учаскелер.
Әрбір басқарылатын жүйе неғұрлым ірі басқарушы жүйенің кіші жүйесі ретінде көрінеді. Басқарушы жүйе жоғары тұрған орган тарапынан басқарылуы мүмкін (халық шаруашылығы, өнеркәсіп, сала, кіші сала, шаруашылық бірлестігі, өндірістік кәсіпорын, цех, учаске, бригада, жұмыс орны).
Басқарушы кіші жүйе (басқару субъектісі) барлық қызметкерлері-мен және құралдарымен байланыс, қондырғыларымен, есептеу-контор техникасымен және басқаларымен қоса басқару аппаратын қамтиды.
Жұмыс орнына дейінгі басқаруды адамдар жүзеге асырады, Жұмыс орындарында басқарудың басқа түрі — еңбек құралдары-мен басқару қолданылады, оны Ф. Энгельс заттармен (өндіргіш күштердің материалдық заттай элементтерімен) басқару деп атаған.
"Адам — машинаижүйесінде адам — басқару субъектісі де, машина — объект. Бұл орайда адам машинаның жұмысы туралы тікелей немесе приборлардың көмегімен хабар алып, шешім қабылдайды (мысалы, двигательдегі майдың температурасы).
Сонымен, жұмыс орнында біз адам мен техниканың (машина-ның) өзара іс-қимылын кездестіреміз (өндіргіш күштердің матери-алдық заттай элементтерімен басқару). Басқа жағдайлардың бәрінде ұжымдардық (кәсіпорындар, цехтар, бригадалар, басқарушы және басқаралушы кіші жүйелер арасындағы) өзара іс-қимылдар - бұлар жұмыс орындарының, адамдардың, өзара байланысы.
Басқарылушы кіші жүйенің құрылуы және жұмыс істеу
қағидалары
Құрылымы жағынан қоғамдықөндірістің басқару объектісі және басқарылатын жүйе ретінде екі белгісі бар:
— иерархиялық (еңбектің кооперациялау ауқымы бойынша);
19
— функционалдық белгілері бойынша (біртектес элементтер мен байланыстар кешеніне) бөлінуі мүмкін. Өндірістік иерархиялық жүйееі жалпы халық шаруашылығынан (тізбектегі ең жоғары буын) бастап, жұмыс орнымен аяқталатын (бастауыш буын) өзара дәйекті түрде байланысты бірқатар ұяларға бөлінеді. Өндірістің иерархиялық жүйе ретінде болуының басқаруды дамыту үшін және ең алдымен басқаруды онда жүріп жататын құбылыстар және процестермен ықғайластыру үшін ерекше зор маңызы бар
Бұл орайда жүйеде қарапайым буындар неғұрлым аз және олар өздерінің табиғаты жағынан неғұрлым тұрақты болса, ол ыңғайластыруға соғұрлым оңай болады.
Өндірістің иерархиялық құрылым түрінде болуы оның жұмыс істеуін біртіндеп шешілетін жеке міндеттердің жиынтығы ретінде оңтайландыру міндетін шешуге мүмкіңдік береді,
Өндірісті функционалдық мазмұны белгісі бойынша басқару объектісі ретінде, техникалық, технологиялық, ұйымдық, әлеуметтік және экономикалық кіші жүйелер ретінде қарастыруға болады,
Басқарылатын жүйенің І-бөлігі — техникалық жүйе — барлық машиналарды, станоктарды, жабдықтарды, аппараттарды және т.б. ұштастыру.
Алайда жабдықтардың кез келген мөлшері техникалық жүйе болмайды. Техникалық жүйе дегеніміз — белгілі өндірістік міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін жабдықтардың өзара байланысты кешені. Станоктар белгілі бір түрде орналастырылып, қуаты жағынан бір-бірімен ұштасуға, бір-бірін толықтырып,
бір-бірімен пропорциялы түрде ұштасуға тиіс,
Техникалық жүйе өндірістік кәсіпорынның өндірістік қуатын көрсетеді, соның көмегімен адамдар өндіріс процесінде белгілі бір мөлшерде және сапалы өнім өндіре алады.
20
Сыртқы ортаға қатынасы жөнінен техникалық жүйе онша кылжымалы болмайды. Ғылыми-техникалық прогресс өндірісте нақ осы жүйеге мейлінше көп ықпал жасады,
Оның. жылжымалылығы ғылыми-техникалық прогресс бары-ында жабдықтың физикалық жағынан да, моральдық жағынан да тозуымен анықталады.
Техникалық жүйе ерекше басқарылады.Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен ол өндірістік қуаттарды еселей түсу про-сесінде олардың теңгерілуін,жабдықтарды жаңғыртуды, олардың жөнделуін ұтымды ұйымдастыруды қажет етеді
2-бөлім — технологиялық жүйе. Өндіріс операциялары мен процестерінің ережесі, реті болуы қажет; белгілі бір техникалық жүйе жағдайында әртүрлі техникалық жүйе болуы мүмкін.
Технологиялық жүйені адамдар ғылым мен техника жетістіктерін, алдыңғы ұрпақтардың тәжірибесін ескере отырып жасайды және ол ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен өзгеріп отырады.
3-бөлім — өндірісті ұйымдастыру жүйесі. Өндірісті ұтымды ұйымдастыруға, өнеркәсіп орнында бүкіл өндіргіш күштерді ұтым-ды пайдалануға, өндіріс процесі, мейлінше, прогрестік тәсілдер мен әдістердің көмегімен және шығын аз жұмсалып жүзеге асырылуы үшін оларды өндіріс процесінде ұтымды біріктіруге мүмкіндік бе-реді.
4-бөлім — бірлескен еңбек жүйесі дегеніміз ~ жекеленген еңбек түрлерінің саны және сапа жағынан белгілі бір пропорциясы, олардың өндіріс процесіндегі өзара байланысы. Бірлескен еңбек жүйесі өндіріс көлемі мен өндірістің күрделілігіне қатысты болады.
Бұл жүйені басқаруға әдетте баса назар аударылып, көңіл бөлінеді. Ал мұның өзі табиғи нәрсе. Бұл арада әңгіме адамдарды орналастыру, үлкен немесе шағын ұжымдар құру жайында болып тұр, шын мәнінде еңбек өнімділігіне орасан зор дәрежеде ықпал ететін психологиялық ахуал жасалады,
5-бөлім — экономикалық жүйе дегеніміз — экономикалық процестердің, сондай-ақ өндіріетің барлық жақтарындағы эконо-микалық байланыстардың бірлігі болып табылады. Экономикалық жүйе барлық өндіріс жүйелерінің мүмкіндіктерін және оның тиімділігін арттыру үшін жан-жақты (экономика тұрғысынан алғанда) пайдалану міндетін шешеді,
21
Кіші жүйелер — техникалық, технологиялық, ұйымдық, әлеуметтік, экономикалық өндірістік жүйелері — жинақтап алғанда, біртұтас басқарылатын жүйе ретінде көрінеді.
Басқарушы кіші жүйенің құрылуы және жұмыс істеу
қағидалары.
Экономикада басқарушы кіші жүйе (басқару субъектісі) дегеніміз — басқару органдарының жиынтығы. Басқару жүйесі басқарылатын жүйемен сан жағынан байланысты. Басқарылатын жүйе неғұрлым көбейген сайын басқару жүйесі де с оғұрлым көп болады. Басқару жүйесінің басқарылатын жүйемен байланысы ақпараттар көмегімен жүзеге асырылады.
Басқарылатын жүйеден түсетін ақпарат-хабарларды басқару жүйесі өңдейді де, оған басқару ықпалын жасауға әмір беруді (шешім шығаруды) әзірлеуге мүмкіндік береді, содан соң ол басқарылатын жүйе үшін міндетті болып табылады.
Басқару жүйесінің құрылыеы екі қағидаға: иерархиялық және кері байланыс қағидаларына негізделеді
Басқарудың иерархиялық принципінің мәні басқару жүйесінің көп сатылы болып құрылатындығында, онда бастауыш өндіріс жүйелерін басқару келесі деңгейдегі органдар бақылап отыратын төменгі деңгейдегі органдар арқылы жүзеге асырылады. Басқарудың екінші дегейінің қызметін үшінші деңгейдегі органдар бақылап отырады, Учаскеден бастап, халық шаруашылығына дейінгі әртүрлі сатыдағы басқару жүйелері басқару органдарының біртұтас иерархиялық жүйесін құрайды.
Басқару органдарының иерархия жағдайындағы өзара іс~ қимылы мынадай: олардың жоғарыдағы төменгісіне белгілі бір нүсқау береді, алайда, бұл орайда мақсатқа жетудің нақты құралдарына регламент белгілемейді, Басқарудың әрбір деңгейін нақ соған тән міндеттерге мамандандыру жалпы жүйені оңтайлы етудің басты шарты болып табылады.
Басқару жүйесінің иерархиялық құрылысы төменгі басқару органдарының жоғарыдағы органдар жарлығын орындауы жайында ғана сөз болады дегенде білдірмейді. Біріншіден, жоғарыдағы орган басқарылатын объектіге тек мақсат қана береді, бірақ оған жетудің әдістерін белгілемейді; екіншіден, төменгі басқару буыны жеке өз мүдделерін де көздейді. Мемлекеттің, кәсіпорынның, әрбір қызметкердің мүдделері сәйкес келгенде ғана өндірістің және оны басқарудың, мейлінше, жоғары тиімділігі қамтамасыз етілуі мүмкін.
22
Кері байланыс қағидасының мәні
Жүйелік тұрғысынан алғанда басқару процесі басқару әмірі мен кері байланыс ақпараттар (деректі, материалдық) тасқындары арқылы берілетін, өздігінен реттелетін нобайда болуы мүмкін. Егер жүйеде байланыс болмаса, онда бұл жүйе басқарылудан қалады, Экономикалық жүйелерде кері байланыстың формалары алуан түрлі сипатта болады, Бұлар — өндірістік қуаттар туралы, өндіріс ішінде бар резервтер және т. б, туралы есеп деректері, қосымша мәліметтер.
Басқару сатысы неғұрлым жоғары болса, басқарылатын жүйенің басқару жүйесімен кері байланысып жүзеге асыруда соғұрлым қиын. Бұл іс-қимыл халық шаруашылығы ауқымында, мейлінше күрделі болады. Мұның себебі: ел көлемінде алғанда, қоғамдық өндіріс — табиғат пен қоғам ең күрделі жүйелердің бірі.
ПІынындығында, еліміздің өндіріс саласында мыңдаған шару-ашылық ұялары бар, байланыстардың санына сан жетпейді, оның үстіне, қоғамдық өндірістің, мейлінше құбылмалылығы мен серпінділігін де ескеру қажет.
Егер иерархиялық қағидасының негізінде басқару жүйесінің тұрақтылығына қол жеткізілетін болса, онда ері байланыс қағидасының арқасында оның жұмыс істеу нәтижелеріне үнемі бақылау жасап отыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Басқарушы кіші жүйе кері байланыс арналары арқылы басқарылатын кіші жүйелерге басқару ықпалының әсерін берілетін әмірді түзетіп отыру мақсатымен үздіксіз тексеріп отыруға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде басқарылатын кіші жүйе кері байланыс арқылы басқарушы кіші жүйені басқару объектісінің оңтайлы жұмыс істеу талаптарына сай келетін тереңдік пен күш қолдану арқылы ықпал жасауға итермелейді
Тақырып 1.3 БАСҚАРУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Ежелгі тәжірибе — жаңа ғылым.
Басқару — өте ежелгі тәжірибе болып табылады. Адамдар топтар меи ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болды. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ соның барлығы да үлкен үйлес тіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асы-
23
рыльш келді. Дегенмен, басқару — қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым және зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа болып табылады. Өйткені көп басқару қызметті орындайтын орта буын басшыларының болмауы, басқару қызметтерінің нақты және деректі түрде бөлінбеуі, бас-шылықтық мүрагерлік және тартып алу арқылы берілу әдісі осыған түрткі болады. Қорыта айтқанда, XX ғасырға дейінгі кезең де жүйелі, жан-жақты түрде басқару ғылымы жайлы ешкім терең ойлана қоймады, Мәселен, XX ғасырдың басындағы Нью-Ланардегі Роберт Оузннің батыл да тамаша әлеуметтік сипаттағы тәжірибесін ешбір басшы өз тәжірибесінде қолданған емес. Басқаша айтқанда, соңғы ғасырға дейін басқарудың ғылыми-әдістемелік маңызы айтарлықтай дамымай келді.
Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану-техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл белу XX ғасырдың басынан орын алды. 1911 жылм жарияланған Фредерик У. Тейлордың Ғылыми басқару қағидалары" атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тейлордық пікірінше, тиімді ғылыми басқару ұдайы бақылау, тәжірибе жасау және ой-саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизнесті жандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамға келді: "дәстүрлі әдістің орнына— ғылым, қарама-қарсылықтық орнына — үйлесімділік, дербес жұмыстың, орнына-ынтымақтастық еңбек өнімділігін арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау.
Басқару жүйесінің басты тұжырымдамалары
Қазіргі кездегі басқару теориясының дамуы ғылыми басқару мектебінің өкілдері Ф, Тейлор және X, Гилберт, Г. Гант, Г. Эмерсон жене Г. Фордтың еңбектерімен тығыз байланыстырылады.
Ф. Тейлор ғылыми басқаруды көрсеткіштер уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру сала-ларында дамытты. Ф. Тейлордың ғылыми басқару жүйесінің қағндалары мынадай;
— қызметкерді ғылыми түрде сұрыптау және баулу;
— еңбекке мамандандыру;
— еңбеқақыда ынталандыру жүйесін қолдану;
— жауапкершіліктің әділетті арттырылуы.
24
Л. Гилбреттер микрохронометр ойлап тауып, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында әрбір операцияға жұмсалған еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеді Г. Эмерсон өз еңбегінде "Өнімділіктің 12 қағидасы" деп аталатын кәсіпорынды басқаруды төмендегідей белгіледі:
--әрбір басшы мен қызметкер ұмтылатын дәл тұжырымдалған мақсат;
----болашақ мақсатты ескере отырып, әрбір жаңа процесті тал-дауға шынайы көңіл бөлу;
--білікті кеңес беру, арнайы білімділік беделінің маңызы;
--нақты белгіленген тәртіп пен ережеге бағыну;
--- қызметкерлерге әділ көңіл бөлу;
---дер кезінде әрі сенімді есеп беру;
--ұйым қызметін мұқият және жедел басқару;
--көрсеткіштер мен жұмыс кестелері;
--уақыт, күш-куат пен шығындарды үйлесімді ұштастыра білу;
--операциялар көрсеткішін жасау;
--ереже мен жазбаша нұсқауларды қолдану;
--еңбек өнімділігіне арттыру үшін сыйақы төлеу.
Г. Эмерсон алғашқы болып өндіріс пен басқаруды ұйымдасты-рудағы күрделі міндеттерді шешуде әрекеттер қажеттілігін және рационализациялау (ұтымды ету) ұғымын енгізді
Г. Форд өндірісті ұйымдастырудағы "Тейлор жүйесін" жетілдіре отырып, төмендегідей басқару қағидаларын атап өтті:
— өндіріс процесі мен оның сатыларын байланыстыра отырып дәл есептеу мен жоспарлау;
— қажетті жұмыс мен басқа да ресурстарды әзірлеу;
— стандартты технология мен механизмдері қолдану;
— өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру.
Аталған ғылым-практиктер, және басқалардың еңбектері нәтижесінде басқарудағы "ғылыми қағидалар* тұжырымдамасы осылайша қалыптасьш дамыды.
Басқарудың классикалық немесе әкімшілдік мектебі
Ғылыми басқару мектебінің өкілдері көп жағдайда төменгі буындағы қызметтерді атқарун себепті, олар еңбек өнімділігін ар-ттырумен ғана шуғылданды. Әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен, әкімшілік қызметті ұйымдастыру қағидасымен айналысты.
25
Классикалық мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынпа, басқару
---- белгілі бір мақсатқа жетуде орын алатын қатаң әкімшілік қағида әдістердің жиынтығы. Мәселен, осы бағыттың көрнекті өкілі
А, Файольдің пікірінше, әкімшілік ету — жан-жақты ауқымын белгілейтін басқарудың бір бөлігі және де техникалық коммерциялық, қорғаныстық, бухгалтерлік, әкімшілік саяаларын қамтиды. Осы қызметтер арасында әкімшілік әрекет ең маңызды есептелініп, оның элементтері: жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру және бақылау анықталған. Сонымен қатар, А. Файоль тәжірибеде кең қолдану тапқан басқарудың 14 қағидасьш жасап шығарды. Оларға енетіндер: жауапкершілік, жеке дара басшылық, иерархиялық басқару, жеке және жалпы мүдделер үйлесімділігі, мамандандыру, тәртіп, әділеттілік, ынта-ықылас, лауазымға сәйкестілік, қызметкерлер тұрақтылығы, орталықтандыру және т. б..
Классикалық мектептің өкілі Л. Урвик Файольдің негізгі қағидаларын одан әрі дамыта отырып, әкшшілік қызметтің негізгі элементтері ретінде: жоспарлау мен ұйымдастыруды, басшылық пен үйлестіруді, есеп беруді және бюджет жасауды атап көреетті. Аталған элементгер күні бүгінге дейін бірқатар ғылыми зерттеу-лердің түп қазығы ретінде пайдаланып келеді. Сонымен қатар,
Д Урвик өз еңбектерінде ресми ұйым құрудың қағидаларын жа-сауға ерекше көңіл бөліп оларды тереңірек тұжырымдады, Оның пайымдауынша, ұйым қызметінің тиімділігіне қол жеткізуде бақылау өрісі мен құрылымының сәйкестілігі, мамандандару мен қызмет айқындылығы, құрылымды мұқият ойластыру мен жауап-кершілік шегін белгілеудің маңыздылығы өте зор.
Ұйымдағы басшылық билік және құрылым құру проблемаларына көңіл бөліп зерттеуде әкімшілік мектептің келесі бір өкілі М, Вебер ерекше орын алады. Ол әр түрлі ұйымдарды талдай отырып, басшы ие болатын билік сипатына қарай ұйымдастырудың негізгі үш кезеңін, яғни харизматикалық, дәстурлі, идеалды кезеңдерін ажыратып берді. М. Вебер ұйымдастырудың аталған түрлерін зерттей келе, үшінші кезеңге үлкен көңіл бөле отырып "бюрократтық жүйе қағидаларын " жасап шығарды. Оларға:
1. Нақтылы еңбек бөлінісі;
2. Басқару деңгейлерінің жіктелуі (иерархиясы);
3. Міндеттер бірынғайлығымен үйлестіріле қажетті ресми ере-желер және стандарттар жүйесін жасау;
4. "Әлеуметтік аралық" пен әділеттілік;
5. Жұмысқа қабылдауда қатақ талаптардың орын алуы жатқызылады.
26
Адамдың қатынастар мектебі және тәртіп тілік тәсілі
XX ғасырдың орта шеніне қарай ғылыми басқару және әкімшілік мектептерінің адам факторына жеткіліксіз көңіл бөлуіне жауап ретінде жаңа бағыт — адамдық қатынастар мектебі пайда болды. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан адамдық қатынастар мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды.
Адамдық қатынастар мектебінің көрнекті өкілдеріне М. Фоллет, Э. Мэйо, Д. Макгрегор, Р. Блейк және т, б. жатқызылады. Бұл бағыттың негізгі қағидасы ұйымдағы бейресми топтардың рөлін анықтау, басқару тәжірибесіндегі психологиялық және әлеуметтік тәсілдерді қолданудың жолдарын қарастыру болып табылады.
М. Фоллет баскдруды "өзгелерді пайдаланьш нәтижеге жету" деп анықтаған олса, ал Э. Мэйо еңбек тиімділігіндегі психологаялық жағдай маңызын атай келе "бақытты жұмысшы дегеніміз — тиімді жұмысшым деп тұжырымдады. Яғни, осы мектеп өкілдерінің ұйғарымы көңіл бойынша, басшылық қызметкерлерге көбірек бөліп қамқорлық жасаса, онда олардың қанағаттану сезімі де, еңбек өнімділігі де жоғары болады,
Тәртіптілік тәсіл, жалпы алғанда, ұйымдастыру тиімділгін арттыруда жеке адамдардың мүмкіндіктеріне ықпал ету, тиісті қатынастарды қалыптастыру мақсатын көздеді. Бастапқы өкілдері ретінде В. Герцберг, К Арджерис, Р. Лайкерт. Олар өз зерттеулерін-де мінез-құлық туралы ғылымды қолдануға әлеуметтік әрекеттестікті, басшылық пен билік, ынталандыру жүйелерін сипаттау бағыттарына баса назар аударды.
Басқару ғыльши мектебі (сандық тәсіл)
Басқару теориясы мен тәжірибесінің дамып жетілуінде қолданбалы және техникалық ғылым салаларының нәтижелері маңызды орын алады, Математика, статистика, кибернетика пәндері, сондай-ақ, операциясны зерттеу ғылымы басқару саласындағы міндеттер белгілеу және шешім қабылдауда тиімді әдіс-тәсілдер мен формаларды іздестіріп табуға және оларды кеңінен қолдануға жағдай тудырды. Қорыта айтқанда, басқару ғылымның қалыптасып дамуында маңызды орын алатьш төрт түрлі басқару мектептерінің қосқан үлестерін мына сипатта атап өтуге болады.
27
Басқару ғылымы дамуындағы әр түрлі бағыттардың
қосқан үлесі
Ғылыми басқару мектебі
1. Міндетті орындаудың таңдаулы әдістерін анықтауда ғылыми талдауды пайдалану;
2. Мақсатқа қол жеткізу үшін ең қолайлы қызметкерлерді таңдау, оларды баулып отыруды қамтамасыз ету;
3. Қызметкерлерді өз міндеттерін тиімді орындауға қажетті рееурстармен қамтамасыз ету;
4 Еңбек өнімділігін арттыруда материалдық ынталандыруды ұдайы және дұрыс қолдану.
Басқарудың классикалық мектебі
1 Басқару қағидаларын дамыту;
2. Басқару функцияларын бейнелеу;
3. Ұйымды басқарудағы жүйелендірілген әдіс,
Адамдық қатынастар мектебі және тәртіптілік тәсіл
1. Еңбек өнімділігі мен еңбекке қанағаттанушлықты арттыруда тұлға арақатынастарын қолдану;
2. Ұйым қызметін адамдық қатьшастар мен мінез-құлық әрекетіне бейімдеп қалыптастыру.
Басқару ғылыми мектебі (сандық тәсіл)
1. Жобаларды ойластыру мен қолдану арқылы күрделі басқару проблемаларьш түсінуді тереңдету;
2. Күрделі жағдайда шешім қабылдайтын басшыларға жәрдем ретінде сандық тәсілдерді дамыту.
Қазіргі кезеңде басқару теориясы мен тәжірибесінің дамуына маңызды үлес қосқан мынадан төрт түрлі тәсілді белгілеп өтуге болады;
1. Басқару мектептерін жіктеу тұрғысынан қарағандағы тәсіл, яғни жоғарыда аталған ғылыми басқару мектебі, әкімшілік мектеп, адамдық қатынастар мектебі мен тәртіптілік әдісі, басқару ғылыми мектебі.
28
2. Процестік тәсіл, яғни басқаруды өзара байланысты төрт түрлі функциялардық (жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау) үздіксіз жиынтығы ретінде ұғыну.
3. Жүйелік тәсіл-өзгермелі қоршаған орта жағдайында мақсатқа жетуде ұйым қызметінің адамдар, құрылым, міндеттер және технология секілді элементтер жиынтығы беретін іс-әрекет түрінде қарастырылуы.
4. Жағдайлық тәсіл — ұйымдастыру мен басқару шараларының нақтылы жағдайға байланысты өзгешелік пен дербее сипатта орындалуы. Басқаша айтқанда, мақсатқа жету мен міндетті орын-дауда қолданылатын басқару әдіс-нысандары ұйымда орын алған мүмкіндіктер мен қиындықтар турасында айқындалып қолданылады.
Аталған тәсілдер басқаруды ұғынуда маңызды болып есеп-телінгендіктен, оқулықтың басқа да бөлімдерінде қарастырылатын болады,
29
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Достарыңызбен бөлісу: |