Педагогикалық шеберлікті жетілдіру жолдары:
Өзара сабаққа қатысу, жеке көмек көрсету.
Аудандық семинарға, пән бірлестіктерінің мәжілістеріне қатысу.
Ашық сабақтарға қатысу және оған талдау жасау.
Әдістемелік, психологиялық, педагогикалық жаңа басылымдарды, әдебиеттерді және мөлшерлік құжаттарды оқып-үйрену.
Әдістемелік журналдардағы мақалаларды талдау.
Білім жетілдіру институтындағы курста білімін жетілдіру.
Өз білімін жетілдіру жоспары бойынша есеп, проблемалық тақырып бойынша жұмыс.
Жас мұғалімдермен жұмыс.
Мектепішілік семинар-практикумдар өткізу.
Бағдарламаның қиын тараулары бойынша тәжірибе алмасу.
Мұғалімге қиындық туғызатын тақырыптарды талдау.
Оқушылардың білімдік, дағдылық, іскерлік деңгейлерін зерттеу:
Тоқсандық, жылдық бақылау жұмыстарының қорытындысын талдау.
Қоғамдық білім байқауларын, сынақ өткізу.
Пәннің оқытылу жағдайына бақылау жасау.
Оқу техникасын тексеру (тіл сабақтары бойынша).
Оқушы дәптерлерінің ұсталу жағдайын тексеру.
Сыныптан тыс оқуларды өткізу сапасын тексеру (тіл сабақтары бойынша).
Оқушылардың шығармашылық ойлау, жалпы білімдік іскерліктері мен дағдыларын зерттеу мақсатында сауалнама алу.
Б-қосымшада ғалым К.Д.Бузаубакованың зерттеуі бойынша, мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру бағытындағы ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүйесі берілді.
Әдістемелік бірлестік отырыстарының тақырыптары:
Нормативтік құжаттарды оқып-үйрену.
Проблемалық тақырып бойынша есептерді және шығармашылық есептерін тыңдау.
Өткізілген тексерулердің қорытындысын талдау.
Өткізілген шараларды (пән апталықтарының қорытындысын) талдау.
Жартыжылдық бақылау жұмыстарының, жедел бақылау жұмыстарының, тестік жұмыстардың қорытындысын талдау.
Пән бойынша өткізілген сайыстардың қорытындысы (олимпиада).
Ашық сабақтарды талдау.
Бағдарламаның қиын тараулары бойынша тәжірибе алмасу.
Әдістемелік бірлестіктің проблемалық тақырыбы бойынша баяндама.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибелерден баяндама.
Диагностика бойынша мұғалімдерге қиындық келтіретін әдістемелік тақырыптарды талдау.
Емтихан материалдарын талдау және бекіту.
Әдістемелік бірлестік жұмыстарын талдау.
Тәлімгерлер мен жас мұғалімдердің іс-тәжірибеден өту жайындағы есептері.
Курсқа дейінгі және білім көтеру курсынан кейінгі жұмыстарды талдау және бағалау.
Білім жетілдіру курсынан өтіп келушілердің хабарламалары.
Әдістемелік бірлестіктерді өткізудің белсенді формалары: дөңгелек үстел басындағы сұхбат, іскерлік ойын, пікірталас, конференция, педагогикалық оқулар, т.б. Жоспарда шаралардың мазмұны, тақырыбы, сыныптары, түрлері, мерзімі, жауаптылардың аты-жөні көрсетіледі. Мектептегі әдістемелік жұмыстың, ең негізгі міндеті мұғалімнің мамандығын жетілдіру, әр мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен мүмкіндігін айқындау, сабақтарына қатысып, жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету, өзара сабақтарына қатысуын ұйымдастыру, сабақ жоспарларын жасауға және оны өз бетінше талдауға басшылық ету, жеке әңгімелер өткізу жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің іс-тәжірибесін, шеберлігін зерттеу қорытындысы бойынша жасалған диагностикалық карта негізінде мұғалімдердің үш тобы анықталады. Олар: шығармашылықпен жұмыс жүргізуді қажет ететін және сол деңгейде ізденетін мұғалімдер; шығармашылықпен ізденуге ынталы мұғалімдер; тәжірибесі аз – жас мұғалімдер. Осылайша мұғалімнің инновациялық даярлық деңгейін анықтау, біріншіден, әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыруға әсерін тигізсе; екіншіден, берілетін тапсырма әр мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне қарай бөлінеді.
Мамандықты жетілдіру үш бағытта жүргізіледі:
Тәжірибесі аз мұғалімдер – жас мұғалімдерге жекелей, топтық көмек көрсету және әдістемелік жеке тапсырмаларды орындауға тарту жұмыстарын жүргізетін «Жас мұғалімдер мектебі» жұмысын ұйымдастыру.
Педагогикалық шеберлік мәселелерін жетілдіруге баулу жұмыстарын жүргізу, ол үшін пән әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарын күшейту.
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін игеру, озат тәжірибені қорыту мен тарату, жаңашылдар тәжірибесін өз мүмкіңдіктеріне қарай пайдалануда
«Мектеп оқушыларының өзін-өзі дамытуына жағдай жасау мақсатында оқытудың ұжымдық түрін қолдану мәселесі» тақырыбындағы
«шығармашылық топ» мұғалімдерінің жұмысын ұйымдастыру.
Әдістемелік апталықтарда, семинарларда оқытудың ұстанымдары мен әдістері, сабақтың типтері, осы заманғы сабақтың құрылысы, сабақтарға жан- жақты талдау жасаудың үлгісі мен озат тәжірибені оқып-үйрену, зерттеу нәтижелерін оқу-тәрбие ісінде пайдаланудың жолдары, сынып жетекшілерінің жұмысы туралы мәселелер қойылады.
Мұғалімдер жарыс сабақ, панорамалық, десанттық, конференциялық сабақтар өткізіп, әр мұғалімнің педагогикалық қызметінде ұнамды істері, шығармашылық ізденістері бар екені көрінеді.
Мектепте өтілетін апталық, семинар жоспары ұстаздарға екі апта бұрын таныстырылып, хабарландыру ілінуі керек.
Мектептегі пән бірлестіктерін аптаның алты күніне бөлінеді. Әр пән бірлестіктері өздеріне тиісті жұмыстарын жоспарлы түрде өткізуге жұмылып, апта бойы дайындауға кіріседі. Сахналық көріністерін мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар көріп тамашалайды. Мектеп бойынша буклет, плакат, бюллетень, шығармашылық альбомдардан көрме ұйымдастырылып, мұғалім еңбектерімен келушілер қызыға танысады. Апталықтың қорытындысы кеңесте талқыланып, барлық бірлестік бойынша атқарылып жатқан істер мен алдағы жұмыс жоспары қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |