Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы « » ___________
№ ____ бұйрығына 11-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 203-қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11 - сыныптары үшін «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1.Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2.«Химия» пәнін оқытудың мақсаты - оқушыларға зат және олардың айналымы, заттар қасиеттерінің олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, оқушыларға химиялық үдерістердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк беру.
3.Негізгі міндеттері:
заттар және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру ( фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар);
зияткерлік және экспериментальдық біліктер мен дағдылар түрінде іс- әрекеттердің танымал әдістерін жүзеге асыру тәжірибелерін қалыптастыру;
жаңа проблемаларды шешуде жаңа бір жағдайда бұрын меңгерілген білім және білікті өз бетімен жаңғыртуды талап ететін шығармашылық, ізденіс іс-әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, танымал іс‑ әрекеттер негізінде іс-әрекеттердің жаңа әдісін қалыптастыру;
қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік проблемасын шешуге әсер ететін, «Химия» пәнінің жиынтық үлесі болып табылатын өзекті және пәндік құзіреттіліктің қалыптасуында көрінетін, қоршаған ортаға қарым- қатынасын көрсететін адам әрекетінің объектіге немесе қаражатқа құнды және сындарлы қарым‑қатынас тәжірибесін қалыптастыру.
2-тарау. «Химия» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4.«Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта – аптасына__ сағатты, оқу жылында __ сағатты;
11-сыныпта – аптасына__ сағатты, оқу жылында__ сағатты құрайды.
5.Оқу пәнінің мазмұны 5 бөлімді қамтиды:
1) Заттардың бөлшектері;
2) Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
3)Химиялық реакциялардың энергетикасы;
4)Химия және қоршаған орта;
5) Химия және өмір.
6. «Заттардың бөлшектері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Атомдар, иондар және молекулар;
2)Атом құрамы мен құрылысы;
3)Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы;
4) Химиялық байланыстардың түрлері.
7.«Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Периодтық заң мен периодтық жүйе;
2) Заттар массасының сақталу заңы;
3) Стандартты электрондық потенциалдардың қатары.
8.«Химиялық реакциялардың энергетикасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар;
2) Химиялық реакцияның жылдамдығы;
3) Химиялық тепе-теңдік;
4)Қышқылдар мен негіздер теориясы. Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер.
9.« Химия және қоршаған орта» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Жер химиясы;
2) Көміртек және оның қосылыстары.
10.« Химия және өмір» бөлімі «Биохимия» бөлімшесінен тұрады.
11. Оқу пәнінің 10 сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) «Атом құрылысы Атом – күрделі бөлшек». Масс-спектрометр; радиоактивтілік; энергетикалық деңгейлер және деңгейшелер; кванттық сандар және орбитальдар.
«Орташа салыстармалы атомдық массаны есептеу» тақырыбына есептер шығару.
№ 1 көрсетілім (анимация): «Масс‑спектрометрдің жұмыс істеу принципі».
2) «Стехиометрия». Химияның негізгі стехиометриялық заңдары; салыстырмалы атомдық және молекулалық масса; зат мөлшері; стехиометриялық заңдар; реакция теңдеулері бойынша есептеулер «Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің пайыздық шығымын есептеу».
3) «Химиялық байланыс». Ковалентті байланыс; ковалентті байланыс қасиеттері; гибридтену түрлері: sp, sp2, sp3; электртерістілік және байланыс полярлығы; иондық байланыс; валентті электрон жұбы бұлттарының тебісу теориясы; металдық байланыс; кристалдық торлар; молекулааралық күштер.
№ 1 зертханалық тәжірибе: «Ковалентті байланысты заттардың (N2, О2, алмаз) модельдерін құрастыру».
4) «Периодтылық». Период және топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары; период және топта қосылыстардың қышқылды – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары; периодтар және топтарда қосылыстардың тотығу – тотықсыздану қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары.
5) «Органикалық химияға кіріспе». Органикалық заттардың құрамы мен құрылысы; функционалдық топтар; гомологтық қатар; алифатты қосылыстардың IUPAC номенклатурасы; изомерия түрлері; алкандар; алкандардың жану өнімдері; алкандардың бос-радикалды орынбасу реакциясы механизмі; галогендеу; мұнай, құрамы, өңдеу әдістері және мұнай өнімдері.
№ 2 зертханалық тәжірибе: «Органикалық заттар молекулаларының модельдерін құрастыру».
«Жану өнімдері бойынша заттардың формулаларын анықтау» тақырыбына есептер шығару.
6) «Термодинамикаға кіріспе». Ішкі энергия және энтальпия; Гесс заңы және оның салдары; Гиббстің бос энергиясы; Энтропия.
№ 1 практикалық жұмыс: «Бейтараптану реакциясының жылу эффектісін анықтау».
«Гесс заңы және оның салдарын қолдану» тақырыбына есептер шығару.
7) «Кинетика». Химиялық реакция жылдамдығы; концентрацияның реакция жылдамдығына әсері; қысымның реакция жылдамдығына әсері; температураның реакция жылдамдығына әсері; «Вант -Гофф ережесі»; катализ;
«Әрекеттесуші массалар заңы» тақырыбына есептер шығару.
№ 2 практикалық жұмыс: «Химиялық реакция жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсерін зерттеу».
№ 3 зертханалық тәжірибе: «Реакция жылдамдығына әр түрлі катализаторлар әсерінің тиімділігін зерттеу».
8) «Химиялық тепе-теңдік». Химиялық тепе-теңдік; химиялық тепе- теңдікке әсер ететін факторлар; Ле-Шателье-Браун принципі; тепе – теңдік константасы; өнеркәсіптік процестердегі химиялық тепе-теңдік.
№ 4 зертханалық тәжірибе: «Әр түрлі факторларлардың динамикалық тепе – теңдік күйіне әсерін зерделеу».
«Тепе –теңдік константасын мен тепе-теңдік күйдегі концентрацияларды табу» тақырыбына есептер шығару.
9) «Алкендер». Алкендердің құрамы, құрылымы және реакцияға түсу қабілеті; стереоизомерия (цис-транс немесе E-Z); алкендердің қосылу реакциялары; полимеризация.
№ 5 зертханалық тәжірибе: «Байланыстың қанықпағандығына сапалық реакция».
10) «Тотығу – тотықсыздану реакциялары». Тотығу – тотықсыздану үдерістері; электрохимиялық потенциалдар қатары; гальваникалық элементтер; электролиз.
№ 3 практикалық жұмыс: «Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын құрастыру».
11) «Спирттер». Спирттердің жіктелуі және химиялық қасиетттері;
этил спиртін өнеркәсіптік өндіру.
№ 6 зертханалық тәжірибе: «Спирттердің судағы ерігіштігі, жануы, бір атомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялар».
№2 көрсетілім: «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу».
12) «Галогеналкандар». Галогеналкандарды алу; галогеналкандардың нуклеофильді орынбасу реакциялары; галогеналкандардың элиминирлеу реакциялары.
13) «Аналитикалық әдістер». Заманауи зерттеулердегі аналитикалық әдістер; хроматография; масс-спектрометрия.
№ 7 зертханалық тәжірибе: «Қағаз хроматографиясы».
14) «17 ‑топ элементтері». Галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары; галогендердің тотығу – тотықсыздану қасиетттері; сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау; галогендер және олардың қосылыстарының қолданылуы.
№ 8 зертханалық тәжірибе: «Галогендер қасиеттерін зерттеу және сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау».
15) «2 (ІІ) - топ элементтері». 2 (ІІ) - топ элементтерінің физикалық қасиеттері; 2 (ІІ) -топ элементтерінің химиялық қасиетттері; табиғи карбонаттар.
№ 9 зертханалық тәжірибе: «2 (ІІ) - топ элементтері және оның қосылыстары қасиеттерін зерделеу».
№4 практикалық жұмыс: «Эксперименттік есептер шығару».
12. Оқу пәнінің 11 сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) «14-топ элементтері». 14 (ІV) топ элементтері қасиеттерінің өзгеруі; 14 (ІV) топ элементтері және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері;
14 (ІV) -топ элементтері оксидтерінің қасиеттері; жай заттардың табиғатта таралу түрлері және алыну әдістері.
№ 1 зертханалық тәжірибе: «Қорғасын, қалайы және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері».
2) «Азот және күкірт». Азот молекуласы құрылысының ерекшеліктері мен қасиеттері; аммиак және аммоний тұздары; аммиакты өнеркәсіпте алу;
азотты тыңайтқыштардың өнеркәсіптік алынуы; азот оксидтері және нитраттарының қоршаған ортаға экологиялық әсері; күкірттісутек және сульфидтер; күкірт диоксидінің қоршаған ортаға әсері және қолданылуы; күкірт қышқылын алудың жанасу әдісі.
№ 2 зертханалық тәжірибе: «Аммоний ионына сапалық реакция».
№ 1 көрсетілім: «Күкірт және азот қышқылдарының тотықтырғыш қасиеттері».
3) «Қышқыл және негіз ерітінділері». Қышқыл‑негіздік теория; судың иондық көбейтіндісі; сутектік көрсеткіш; қышқыл және негіздер күші; диссоциациялану дәрежесі; буферлі ерітінділер; қышқылды-негіздік титрлеу.
№ 1 практикалық жұмыс: «Күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу».
4) «Циклді қосылыстардың номенклатурасы және изомериясы». Ароматты және гетероциклді қосылыстар үшін IUPAC номенклатурасы; Ассимметриялық көміртегі атомы; кеңістіктік изомерлер.
5) «Карбонилді қосылыстар». Карбонильді қосылыстардың құрылысы және номенклатурасы; альдегидтер және кетондардың алынуы; альдегидтер және кетондардың тотығу, нуклеофильді орынбасу реакциялары; карбон қышқылдарының қасиеттері; этерификация реакциясы; күрделі эфирлер және сабын.
№ 3 зертханалық тәжірибе: «Сірке қышқылының қасиеттерін тану».
№ 4 зертханалық тәжірибе: «Күрделі эфирлердің алынуы және қасиеттері».
6) «Ауыспалы металдар». Ауыспалы металдардың жалпы сипаттамасы;
кешенді қосылыстар; ауыспалы металдардың биологиялық ролі.
№ 5 зертханалық тәжірибе: «Ауыспалы металдардың кешенді иондарының қасиеттері»
7) «Ароматты қосылыстар қатары». Бензол молекуласының құрылысы;
бензол және оның гомологтарын алу; бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері.
№ 6 зертханалық тәжірибе: «Бензол молекуласының моделін құрастыру».
8) «Аминдер және аминқышқылдары». Аминдердің жіктелуі және номенклатурасы; аминдердің физикалық, химиялық қасиеттері және алынуы; аминқышқылдарының құрамы, құрылысы, биологиялық ролі; аминқышқылдардың физикалық және химиялық қасиеттері; пептидтік байланыс; нәруыздардың түзілуі.
№ 7 зертханалық тәжірибе: «Аммиак және аминдер молекуласының модельдерін құрастыру»
№ 8 зертханалық тәжірибе: «Аминқышқылы молекуласының модельдерін құрастыру және ассиметриялы көміртек атомын анықтау»
№ 9 зертханалық тәжірибе: «Аминқышқылдар қасиеттері»
9) «Синтетикалық полимерлер». Жоғары молекулалы қосылыстар; полимерлену реакциясы; поликонденсация реакциялары; полиамидтер мен полиэфирлер; пластиктердің қолданылуы және қоршаған ортаға әсері.
№ 10 зертханалық тәжірибе: «Полимерлену реакциясы» .
№ 2 практикалық жұмыс: «Пластмассаларды және талшықтарды тану».
10) «Жаңа заттарды және материалдарды өндіру». Жаңа материалдарды әзірлеу және құру; физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстар; дәрілік препараттарды синтездеу және өндіру; нанотехнология; нанокөміртекті бөлшектердің құрылымы; жаңа полимерлерді алу; жаңа материалдардың практикалық мәні.
11) «Металдар өндірісі». Металдар және құймаларды алу ; Электролизді өнеркәсіпте қолдану; химиялық өндірістің ғылыми принциптері; металл өндірісі кезіндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары.
№ 11 зертханалық тәжірибе: «Металл бұйымдарды гальваникалық қаптау».
12) «Тірі ағза химиясы». Көмірсулардың жіктелуі және құрылысы; көмірсулардың құрылысы, қасиеттері және қолданылуы; нәруыздар; нәруыз молекулаларының құрылымы; полипептидтер құрылымын анықтау; ферменттер ролі және қолданылуы; ДНҚ құрылымы; ATФ және энергия; биологиялық маңызды металдар; қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы; ауыр металдардың нәруыздарға әсері.
№ 13 зертханалық тәжірибе «ДНҚ моделін жасау» ATФ және энергия Биологиялық маңызды металдар Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы Ауыр металдардың нәруыздарға әсері
№ 12 зертханалық тәжірибе «Альдегидоспирт ретінде глюкозаның химиялық қасиеттері. Крахмалға сапалық реакция»
№ 3 практикалық жұмыс «Денатурация және ақуыздардың түсті реакциялары».
13) «Органикалық синтез». Органикалық қосылыстардағы негізгі функционалдық топтар; органикалық заттардың генетикалық байланысы.
№ 4 практикалық жұмыс «Экспериментальды есептер шығару»
14) «Жасыл химияның 12 принципі». Атмосфера, гидросфера, литосфераның ластануы; Жердің озон қабатының бұзылуы; Ғаламдық жылыну.
3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
11. Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10» – сынып, «2.1» – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» – оқыту мақсатының реттік саны.
12. Білім алушылар білуі тиіс:
Бөлімшелер
|
10-сынып
|
11-сынып
|
1.1 Атомдар, молекулалар және иондар
|
10.1.1.1- химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы;
10.1.1.2- «салыстырмалы атомдық масса», «салыстырмалы молекулалық масса» және «молярлық масса» ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру;
10.1.1.3- зат мөлшері ұғымын және стехиометриялық заңдарды қолданып есептеулер жүргізу;
|
|
1.2 Атомның құрамы мен құрылысы
|
10.1.2.1- «нуклидтер» мен «нуклондар» ұғымының мағынасын түсіндіру;
10.1.2.2- табиғи қоспадағы химиялық элемент изотоптарының орташа салыстырмалы атомдық массаларын есептеу;
10.1.2.3- масс‑спектрометрдің негізгі бөліктерін атау және олардың функциясын сипаттау;
10.1.2.4 -қарапайым масс‑спектрді заттардың салыстырмалы атомдық және салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін интерпретациялау;
10.1.2.5- радиоактивтіліктің табиғатын және радиоактивті изотоптарды қолдануды түсіндіру;
10.1.2.6- изотоптардың ядросы тұрақтылығын анықтау үшін химиялық элементтердің протон/нейтрон қисығын қолдану;
10.1.2.7 -ядролық реакциялар теңдеулерін құрастыру;
10.1.2.8 -атом моделінің эволюциясын түсіндіру;
|
|
1.3 Атомда электрондардың таралуы
|
10.1.3.1- квант сандарының мәні мен сипаттамасын атау;
10.1.3.2 -электрон орбитальдарын толтыру ережесін: минимальді энергия принципі, Паули принципі, Хунд ережесін қолдану;
10.1.3.3 - s, p, d, f орбитальдарының пішінін ажырату;
10.1.3.4- алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жаза алу;
|
|
1.4 Химиялық байланыстардың түрлері
|
10.1.4.1 -донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру;
10.1.4.2- қос және үш еселі байланыстың түзілуін түсіндіру;
10.1.4.3 -ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау;
10.1.4.4- гибридтелу түрінің әртүрлілігінің физикалық мәнін түсіндіру;
10.1.4.5 -заттың құрылысы мен қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру;
10.1.4.6- атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;
10.1.4.7- ковалентті байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрастыру;
10.1.4.8- иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну;
10.1.4.9--ионды байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрастыра алу;
10.1.4.10- молекулалардың және иондардың кеңістіктік пішінін жорамалдау үшін валентті электрон жұбы бұлттарының тебісу теориясын қолдану;
10.1.4.11- металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру;
10.1.4.12- сутекті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру;
10.1.4.13- кристалл тор типтері және байланыс түрлері әртүрлі қосылыстардың қасиеттерін болжау;
10.1.4.14- молекулааралық өзара әсерлесу табиғатын түсіндіру;
10.1.4.15- инструменталды талдау әдістердің қолданылу аймақтарын атау;
10.1.4.16- қағаз хроматографиясы әдісімен заттарды бөлу принципін сипаттау және бөлінетін компоненттің сіңіру коэффициентін есептеу;
10.1.4.17- заттың молекулалық және құрылымдық формулаларын анықтау үшін қарапайым масс-спектрді талдау;
|
|
Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары
Бөлімшелер
|
10-сынып
|
11-сынып
|
2.1 Периодтық заң және периодтық жүйе
|
10.2.1.1- химиялық элемент атомдарының физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі;
10.2.1.2 -период және топ бойынша химиялық элементтердің оттекті және сутекті қосылыстарының қышқылдық – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;
10.2.1.3- периодтар және топтарда бойынша химиялық элементтердің қосылыстарының тотығу – тотықсыздану қасиеттерінің өзгеру заңдылығын болжау;
10.2.1.4- периодтық кестеде орналасуы бойынша химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерін болжау;
10.2.1.5 -топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;
10.2.1.6- галогендердің тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыр;
10.2.1.7- галогенид-иондарды тәжірибе жүзінде анықтауды жоспарлау және анықтау;
10.2.1.8 -хлордың суды залалсыздандыруда қолдануын түсіндіру және осы процестің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;
10.2.1.9- галогендер және олардың қосылыстарының физиологиялық ролін анықтау;
10.2.1.10 2- (ІІ) топ элементтерінің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;
10.2.1.11 2- (ІІ) топэлементтерінің химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;
10.2.1.12 -сілтілік-жер металдардың маңызды қосылыстарының қолданылу аясын атау;
10.2.1.13 2- (ІІ) топ металдарын сапалық анықтауды жоспарлау және оны тәжірибе жүзінде жасау;
10.2.1.14- табиғаттағы карбонаттар айналымының схемасын құру және олардың қолданылу аймағын атау;
|
11.2.1.1 14- (ІV) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;
11.2.1.2 14 -(ІV) элементтерінің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
11.2.1.3 14 -(ІV) топэлементтерінің +2 және +4 тотығу дәрежелі оксидтерінің қасиеттерін түсіндіре алу;
11.2.1.4 14 -(ІV) топ элементтерінің сулы ерітіндідегі +2 және +4 тотығу дәрежелі қосылыстардың салыстырмалы тұрақтылығын болжау;
11.2.1.5 14- (ІV) топ элементтерінің жай заттары және химиялық қосылыстарының алыну әдістерінің реакция теңдеулерін құра білу;
11.2.1.6 14- (ІV) топ элементтерінің және оның қосылыстарының таралуы және қолданылуы туралы мәліметтерді талдау;
11.2.1.7- азот молекуласының химиялық белсенділігінің төменділігін түсіндіру;
11.2.1.8- аммоний ионындағы байланыстардың түзілу механизмін ажырату;
11.2.1.9- газ тәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
11.2.1.10- аммиакты өнеркәсіпте өндірудің (Габер процесі) ғылыми принциптерін түсіндіру;
11.2.1.11- азот тыңайтқыштары өндірісі үдерісінің химизмін түсіндіру;
11.2.1.12- азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдау;
11.2.1.13- азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелерін шешудің жолдарын ұсыну;
11.2.1.14 -күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиеттерін түсіндіру;
11.2.1.15- сульфид ‑ ионын тәжірибе жүзінде анықтау;
11.2.1.16 -атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін және қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін атау;
11.2.1.17 -тағам өнеркәсібінде күкірт диоксиді қолданылу аймағын атау;
11.2.1.18- күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесін түсіндіру;
11.2.1.19- күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің ғылыми принциптерін түсіндіру;
11.2.1.20- күкірт қышқылының қолданылу аймағын атау;
11.2.1.21- Ti –Сu атомдарының электрондық құрылысына сүйене отырып, қандай металдар ауыспалы болатындығын түсіндіру;
11. 2.1.22- ауыспалы элементтер айнымалы тотығу дәрежесін көрсететінін білу;
11. 2.1.23- атомдар құрылысы негізінде ауыспалы металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру;
11. 2.1.24- кешенді қосылыстар химиясының негізгі ұғымдарына анықтама беру;
11.2.1.25- ауыспалы металдардың кешен түзу реакцияларының оның шінде мыс (+2) кешендерінің, темір (+2, +3) кешендерінің сумен және аммиакпен құрастыру және олардың түсін білу;
11.2.1.26- ауыспалы металдардың кешенді қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттау;
11.2.1.27- гемоглобин құрамында темір (+2) кешенінің болатынын түсіндіру және оттегін тасымалдаудағы оның ролін түсіну;
11.2.1.28- иіс газымен улану қалай жүретіндігін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдісін сипаттау;
11.2.1.29- кейбір металдардың кешенді қосылыстары қатерлі ісіктің түзілуінің алдын алу үшін қолданылатындығын білу;
|
2.2 Заттар массасының сақталу заңы
|
10.2.2.1- қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» ұғымдарын қолданып есептеулер жүргізу;
10.2.2.2- бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері (массалары, көлемдері, бөлшек сандары) бойынша реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық мөлшерде және құрамында белгілі үлесте қоспалары бар болған жағдайда реакция өнiмдерiнiң зат мөлшерлерін (массаларын, көлемдерін, бөлшек сандарын) есептеу;
10.2.2.3- теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын процентпен есептеу;
10.2.2.4- элементтердің белгілі массалық үлестері және олардың буларының салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттардың қарапайым және молекулалық формуласын табу;
|
11.2.2.1- параллель жүретін реакциялар теңдеулері бойынша есептер шығару;
11.2.2.2- тізбектеле жүретін реакция теңдеулері бойынша есептер шығару;
11.2.2.3- олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығару;
11.2.2.4- орынбасу реакциялары теңдеулері бойынша есептер шығару;
|
2.3 Стандартты электрондық потенциалдар қатары
|
10.2.3.1- электронды баланс әдісімен тотығу‑ тотықсыздану реакциясы теңдеулерін құрастыру;
10.2.3.2- жартылай иондық реакция әдісімен тотығу – тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру;
10.2.3.3- «стандартты электродтық потенциал» ұғымын сипаттау;
10.2.3.4- сулы ерітіндідегі химиялық реакциялардың жүру мүмкіндігін болжау үшін стандартты электродтық потенциалдар кестесін қолдану;
10.2.3.5- гальваникалық элементті химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрылғы есебінде түсіну;
10.2.3.6- гальваникалық элементтің жұмыс принципін түсіндіру;
10.2.3.7- аккумуляторларды зарядтау және разрядтау процесін сипаттау;
10.2.3.8- электролиз процесінің мәнін сипаттау;
10.2.3.9 -электродтардағы электролиз өнімдерін болжау үшін эмпирикалық ережелерді қолдану;
10.2.3.10- электролизге сандық есептеулер жүргізу үшін Фарадей заңдарын қолдану;
|
11.2.3.1- металдарды алудың маңызды әдістерін талдау: гидрометаллургия, пирометаллургия, электрометаллургия және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;
11.2.3.2- ғылымда, техникада және тұрмыста қолданылатын маңызды құймалардың құрамын атау: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюралюминий;
11.2.3.3- шойын және болатты алу әдістерін және қасиеттерін сипаттау;
11.2.3.4- металдарды электролизбен алу әдісін түсіндіру;
11.2.3.5- гальваностегия, гальванопластика процестерін ажырату;
11.2.3.6- коррозиядан қорғау және декоративті мақсаттар үшін гальваникалық жабындарды қолдану принциптерін зерделеу;
11.2.3.7- химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптерін атау;
11.2.3.8- екіншілік қайта өңдеудің қажеттілігін негіздеу;
11.2.3.9- металлургия өнеркәсібінің экологиялық
проблемаларын түсіндіру;
|
3. Химиялық реакциялар энергетикасы
Бөлімшелер
|
10-сынып
|
11-сынып
|
3.1 Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар
|
10.3.1.1- ішкі энергия және энтальпия өзгерістер жылу эффектісі болып табылатындығын түсіну
10.3.1.2 -химиялық реакциялар - байланыстардың үзілуі мен жаңа байланыстардың түзілу процесін қамтитындығын түсіну;
10.3.1.3- реакцияның энтальпия өзгерісін тәжірибе жүзінде анықтау және оны анықтамалық деректер негізінде есептеу;
10.3.1.4- Гесс заңының физикалық мәнін түсіндіру және оны химиялық реакцияның энтальпия өзгерісін есептеу үшін қолдана алу;
10.3.1.5- энтропияны жүйенің ретсіздік өлшемі ретінде түсіндіру және оны анықтамалық деректер арқылы есептеу;
10.3.1.6- Гиббстің бос энергия өзгерісін түсіндіру және анықтамалық деректер арқылы есептеу;
10.3.1.7- термодинамикалық мәндер бойынша реакцияның өздігінен жүру бағытын болжау;
|
|
3.2 Химиялық реакциялардың жылдамдығы
|
10.3.2.1- гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін жылдамдық өрнегін білу;
10.3.2.2- қарапайым реакциялардың орташа жылдамдығына есептеулер жүргізу;
10.3.2.3- реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңының қолданылатындығын түсіндіру;
10.3.2.4- әрекеттесуші массалар заңы бойынша есептеулер жүргізу;
10.3.2.5- химиялық реакция жылдамдығына қысымның әсерін түсіндіру;
10.3.2.6- химиялық реакция жылдамдығына температураның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;
10.3.2.7- химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;
10.3.2.8- Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер жүргізу;
10.3.2.9- химиялық реакция жылдамдығына температура әсерін түсіндіру үшін Максвелл-Больцман таралу қисығын және белсендіру энергиясын қолдану;
10.3.2.10- «белсендіру энергиясы» ұғымының физикалық түсіндіру;
10.3.2.11- катализ процесінің мәнін түсіндіру;
10.3.2.12- гомогенді және гетерогенді катализді ажырату;
10.3.2.13- катализаторлардың әсер ету механизмін түсіндіру;
10.3.2.14- сутек пероксидінің айырылу жылдамдығына әр түрлі катализаторлардың әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;
|
|
3.3 Химиялық тепе–теңдік
|
10.3.3.1- химиялық тепе – теңдіктің динамикалық сипатын түсіндіру;
10.3.3.2- химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін болжау;
10.3.3.3- не себепті катализатор тепе-теңдіктің тез орнауына әсер ететінін, бірақ ығысуына әсер етпейтіндігін түсіндіру;
10.3.3.4- әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу;
10.3.3.5-берілген реакция үшін тепе-теңдік константасын жазу;
10.3.3.6- тепе – теңдік константасына әр түрлі факторлардың әсерін болжау;
10.3.3.7- тепе-теңдік константасына қатысты есептерді шығару;
10.3.3.8- Габер процесі мысалында химиялық өнеркәсіптегі өнімнің шығымын арттыруда химиялық тепе – теңдіктің ығысу ролін түсіндіру;
|
|
3.4 Қышқылдар мен негіздер теориясы. Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер
|
|
11.3.4.1- Аррениус, Льюис және Бренстед-Лоури теорияларын және олардың қолдану шектерін сипаттау және түсіну;
11.3.4.2- судың иондық көбейтіндісін білу;
11.3.4.3- сутектік көрсеткішті -log[H+] ретінде түсіну және ерітіндінің рН‑ін концентрацияға [Н+] және кері түрлендіру;
11.3.4.4- күшті қышқыл және күшті негіздің pH‑ін есептеу;
11.3.4.5- әлсіз қышқылдар мен негіздердің сулы ерітіндіде диссоциациялануын түсіндіру;
11.3.4.6- әлсіз қышқылдар мен негіздердің диссоциациялану константасының өрнегін жаза алу және Оствальдтың сұйылту заңының қолданылуына есептер шығару;
11.3.4.7- буферлі ерітінділердің әсер ету принципін түсіндіру;
11.3.4.8- буферлі ерітінділердің қолдану аймағын атау;
11.3.4.9- қышқыл-негіздік титрлеудің мәнін түсіну;
11.3.4.10- күшті негізді күшті қышқылмен титрлеуді жүргіз;
11.3.4.11- титрлеу нәтижесі бойынша есептеулер жүргізу;
|
4. Химия және қоршаған орта
Бөлімшелер
|
10 сынып
|
11 сынып
|
4.1 Жер химиясы
|
|
11.4.1.1- «Жасыл химияның» 12 принципін атау және оны түсіндіру;
11.4.1.2- атмосфера, гидросфера және литосфераның ластану масштабын түсіндіру;
11.4.1.3 -озон қабатының бұзылу себептерін зерделеу;
11.4.1.4 -«парникті эффектінің» әсерін болжау;
11.4.1.5-«парникті эффектінің» және озон қабатының бұзылу мәселелерін ажырату;
11.4.1.6 -ғаламдық мәселелерді шешудің
жолдарын бағалау;
|
4.2 Көміртек және оның қосылыстары
|
10.4.2.1- органикалық химия - бұл көмірсутектер және олардың туындыларының химиясы деп түсіну;
10.4.2.2- көмірсутектердің эмпирикалық, молекулалық, құрылымдық және кеңістіктік формулаларын ажырату;
10.4.2.3 -функционалдық топтар бойынша органикалық қосылыстардың негізгі кластарын ажырату;
10.4.2.4- гомологтық қатардың қалыптасуын және оның өкілдері қасиеттерінің ұқсастығын түсіндіру;
10.4.2.5 -қосылыстардың құрылымдық формуласын құру және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атау;
10.4.2.6- изомерия түрлерін атау және изомерлер формулаларын құрастыру: құрылымдық, байланыстың орны бойынша, функционалдық топтар және классаралық изомерлер;
10.4.2.7- әр түрлі алкандардың жану процесін зерттеу
және олардың отын ретінде қолдануын түсіндіру;
10.4.2.8- алкандардың жану өнімдерін және қоршаған ортаға экологиялық салдарын бағалау;
10.4.2.9- берілген жану өнімдері бойынша заттың молекулалық формуласын анықтау;
10.4.2.10- алкандардың галогендену реакциясы мысалында орынбасу реакциясының бос радикалды механизмін түсіндіру;
10.4.2.11- алкандардың галогендеу реакция теңдеулерін құру;
10.4.2.12- мұнайды фракциялау процесін және фракциялардың қолдану аясын түсіндіру;
10.4.2.13- термиялық және катализдік крекинг
процесін түсіндіру;
10.4.2.14 -"қанықпағандық" терминін және оның қосылыстың қасиеттеріне әсерін түсіндіру;
10.4.2.15- алкендердің қанықпағандығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу;
10.4.2.16- цис- және транс- изомерлер формулаларының моделін құру және оны стереоизомерияның бір түрі ретінде түсіну;
10.4.2.17- электрофильді және нуклеофильді бөлшектерді ажырату;
10.4.2.18- алкендер үшін электрофильді қосылу реакциясы механизмін түсіндіру;
10.4.2.19- асимметриялы алкендерге қосылу реакциясының өнімдерін болжау;
10.4.2.20- қосылу реакциялары теңдеулерін құру: галогендеу, гидратациялау, гидрогалогендеу;
10.4.2.21- полимерлеу реакциясының мәнін түсіндіру;
10.4.2.22- химиялық реагенттерге қатысы бойынша пластиктердің салыстырмалы инерттілігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу;
10.4.2.23- полиэтилен өндірісі процесінің схемасын құру;
10.4.2.24- полиалкендердің қолдану аймағын атау және олардың өнімдерін қайта өңдеудің маңыздылығын бағалау;
10.4.2.25- спирттерді функционалдық топтардың орналасуы және гидроксил тобының саны бойынша жіктеу;
10.4.2.26- молекуладағы атомдардың өзара әсері негізінде спирттердің химиялық қасиеттерін түсіндіру;
10.4.2.27- біратомды және көпатомды спиртттерге сапалық реакция жүргізу;
10.4.2.28- этанолды этиленді гидратациялау және глюкозаны ашыту арқылы алу реакциясының теңдеулерін құрастыру;
10.4.2.29- этанолды алу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;
10.4.2.30- спирттердің адам ағзасына уытты әсерін
зерттеу;
10.4.2.31- галогеналкандарды алу реакциясының радикалды механизімін түсіндіру;
10.4.2.32- галогеналкандардың әсеріне байланысты қоршаған ортада туындаған мәселелерді айқындау;
10.4.2.33- нуклеофильді реагенттермен галогеналкандардың реакция теңдеулерін құрастыру;
10.4.2.34- нуклеофильді орынбасу реакциясының механизмін түсіндіру;
10.4.2.35- элиминирлеу реакциясының механизмін түсіндіру;
|
11.4.2.1- Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы номенклатурасы бойынша циклді, ароматты және гетероциклді қосылыстарды атау;
11.4.2.2 -геометриялық изомерлердің (E-Z) құрылымдық формуласын құрастыру;
11.4.2.3- қосылыстардағы ассимметриялық көміртегі атомын анықтау;
11.4.2.4- хиральдік құбылысын түсіндіру;
11.4.2.5 -оптикалық изомерлердің құрылымдық формуласын құрастыру;
11.4.2.6- «оптикалық белсенділік», «энантиомер»,
«рацемат» ұғымдарын түсіндіру;
11.4.2.7- альдегидтер және кетондардың функциональды топтарының құрылысын сипаттау;
11.4.2.8- альдегидтер және кетондардың құрылымдық формулаларын құрастыру және оларды Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы бойынша атау;
11.4.2.9- альдегидтер және кетондарды алудың түрлі әдістерін түсіндіру;
11.4.2.10- альдегидтер және кетондарды тәжірибе жүзінде анықтау;
11.4.2.11- альдегидтер және кетондардың тотығу және тотықсыздану өнімдерін атау;
11.4.2.12- альдегидтер және кетондардың нуклеофильді қосылу реакциясына мысалдар келтіру;
11.4.2.13- карбон қышқылдарының физикалық қасиеттерін және алыну жолдарын түсіндіру;
11.4.2.14- карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.15- этерификация реакциясының механизмінсипаттау;
11.4.2.16- карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, сабын, синтетикалық жуғыш заттар және биодизельді отындардың қолданылу аймағын атау;
11.4.2.17- бензол молекуласының құрылымын түсіндіру;
11.4.2.18- бензол және оның гомологтарын алу реакцияларын құрастыру;
11.4.2.19- электрондардың делокализациясы тұрғысынан бензол молекуласындағы байланыстардың түзілу және үзілу энергиясын түсіндіру;
11.4.2.20- бензол және оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.21- бензолды нитрлеу және галогендеу реакциясының механизмін түсіндіру;
11.4.2.22- органикалық қосылыстар синтезі үшін бензол реакциясының маңыздылығын түсіндіру;
11.4.2.23- толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіру;
11.4.2.24- «мономер», «құрылымдық» «буын», «олигомер», «полимер», «полимерлену дәрежесі» негізгі ұғымдарын сипаттау;
11.4.2.25- полимерлену реакциясы теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.26- поликонденсация реакциясы теңдеулерін құру;
11.4.2.27- поликонденсация реакциясы негізінде алынатын полимерлер гидролизденіп, биологиялық ыдырай алатынын түсіну;
11.4.2.28- полиэтилен, полипропилен, полистирол, тефлон, поливинилхлорид, полиметилметакрилат, полиэфир, фенолформальдегид шайыры және олардың негізінде алынған пластмассалардың қасиеттерін, қолдану аймағын атау;
11.4.2.29- пластмасса және талшықтарды тәжірибе жүзінде анықтау;
11.4.2.30- қоршаған ортаға пластиктер өндірісінің және қолданысының әсерін талдау;
11.4.2.31- полимерлерді утилизациялау процесін сипаттау;
11.4.2.32- жаңа материалдарды жасаумен және өндірумен айналысатын ғылымдар саласын атау;
11.4.2.33- аспиринді, таксолды физиологиялық белсендігі жоғары табиғи және синтетикалық қосылыстардың өкілдері ретінде атау;
11.4.2.34- физиологиялық белсенділік үшін хиральділік және молекулалық қабаттың маңыздылығын түсіндіру;
11.4.2.35- синтетикалық дәрілік препарат үлгісі ретінде аспиринді алу процесін сипаттау;
11.4.2.36- дәрілік заттарды өндіру проблемаларын тізімдеу;
11.4.2.37- «нанохимия» және «нанотехнология» ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру;
11.4.2.38- нанобөлшектерді синтездеу және зерттеу әдістерін сипаттау;
11.4.2.39- нанобөлшектердің қолдану аймағын атау;
11.4.2.40- наноматериалдардың ерекшеліктерін сипаттау;
11.4.2.41- көміртекті нанобөлшектер құрылымын сипаттау: фуллерен С60, графен, нанотүтік, наножіп, наноталшықтар;
11.4.2.42- кристалдарды өсіру және полимеризациялау жолымен наноматериалдардың алынуын сипаттау;
11.4.2.43 жаңа полимерлер және композициялық материалдар өндірудің маңыздылығын түсіндіру;
11.4.2.44- адамзаттың әр түрлі бағыттағы іс‑әрекетін дамыту үшін жаңа материалдардың практикалық маңызын бағалау;
11.4.2.45- сапалық реакциялар көмегімен функционалды топтарды анықтау;
11.4.2.46- физикалық және химиялық сынақ көмегімен қосылыстарды анықтау
11.4.2.47- физикалық және химиялық қасиеттері бойынша заттарды анықтауға арналған есептер шығару;
11.4.2.48- органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысын сипаттау;
11.4.2.49- қарапайым органикалық синтезді жүргізе алу және түзілген өнімнің шығымын бағалау;
11.4.2.50- органикалық заттардың генетикалық байланысы негізінде өзгерістер тізбегін құрастыру;
|
5. Химия және өмір
|
Бөлімшелер
|
10 сынып
|
11 сынып
|
5.1 Биохимия
|
|
11.5.1.1 -аминдердің жіктелуін және номенклатурасын атауу;
11.5.1.2- аммиак және аминдер құрылымын салыстыру;
11.5.1.3- аминдердің физикалық қасиеттерін түсіндіру;
11.5.1.4- аммиак, аминдер және анилиннің негіздік қасиеттерін салыстыру;
11.5.1.5 - нитрилдерді тотықсыздандыру арқылы және галогеналкандардан нуклеофильді орынбасу реакциялары арқылы аминдердің түзілу механизмін сипаттау;
11.5.1.6 -нитроқосылыстарды тотықсыздандырып анилин алу реакциясы теңдеуін құрастыру;
11.5.1.7- аминқышқылдардың жүйелі және тривиальді аталуын атау;
11.5.1.8 -аминқышқылдардың құрамын, құрылысын сипаттау;
11.5.1.9 -алмастырылатын және алмастырылмайтын аминқышқылдардың биологиялық ролін түсіндіру;
11.5.1.10- аминқышқылдардың биполярлы иондар түзу қабілетін түсіндіру;
11.5.1.11 -аминқышқылдардың екідайлылығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу;
11.5.1.12- α-аминқышқылдардан ақуыздар алу кезінде пептидтік байланыстардың түзілуін түсіну;
11.5.1.13 -ақуыздар гидролизнің реакция
теңдеуін құрастыру;
11.5.1.14- глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлозаның молекулаларының сызықты және циклді формасын құрастыру;
11.5.1.15- глюкозаның функционалдық топтарын тәжірибе жүзінде анықтай алу;
11.5.1.16 -глюкозаның спирттік, сүт қышқылды, май қышқылды ашу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;
11.5.1.17- крахмалға сапалық реакция жүргізе алу;
11.5.1.18-сахароза, крахмал, целлюлозаның гидролиз өнімдерін атау;
11.5.1.19- крахмал және целлюлозаның құрылысын, қасиеттерін салыстыру;
11.5.1.20- өмір үшін ақуыздардың ролін сипаттау;
11.5.1.21- ақуыздың бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымдарын ажырату;
11.5.1.22-ақуыздың әр түрлі құрылымдарының пішінін анықтайтын факторларды атау;
11.5.1.23- ақуыз қасиеттерінің аминқышқылдардың сапалық және сандық құрамына тәуелділігін сипаттау;
11.5.1.24- гидролиз реакциясы бойынша берілген деректер негізінде полипептидтің құрамын анықтау;
11.5.1.25- ақуызға сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау;
11.5.1.26 -ақуыздардың денатурациясы реакциясын тәжірибе жүзінде жасау;
11.5.1.27- «құлып және кілт» моделі тұрғысынан ферменттердің әрекетін және ферментативті катализ процесін түсіндіру;
11.5.1.28 -ингибирлі бәсекелестікті түсіндіру;
11.5.1.29 -дезоксирибонуклеин қышқылының құрылымы моделін сипаттау;
11.5.1.30- дезоксирибонуклеин қышқылының молекуласындағы ақуыздың біріншілік құрылымын кодтау жүйесін түсіндіру;
11.5.1.31- аденозинтрифосфат гидролизі құрылымын және сызбасын құрастыру;
11.5.1.32- биологиялық маңызды металдар: темір, магний, кальций, калий, натрийдің ролін бағалау;
11.5.1.33 -қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау;
11.5.1.34 -ауыр металдардың тірі ағзаға уытты әсерін түсіндіру;
|
13. Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Химия» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінің
жаратылыстану-математикалық
бағытындағы 10-11 – сыныптары
үшін «Химия» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік
оқу бағдарламасына
қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |