Партисипаттық ұйымдастырушылық мәдениетте (Z доктринасы, ТQМ – сапасымен жалпылама басқару тұжырымдамасы) басқаруда негізгі жағдайлар былай болжанады:
қызметкерлердің көпшілік бөлігі жеке мүдделерінен тыс жатқан мақсаттарына жету үшін жанталаса еңбектенеді;
әрбір жеке адам өзінше ерекше, сондықтан стандарты басқарушылық көзқарас іске аспайды, олар нақты бір адамға және осы жағдайға арналып құрастырылған болуы тиіс;
көп адамдардың күштерін үйлестіру үшін топ мүшелері арасында тиянақты байланыс болуы қажет;
команданың энергиясы олардың жетістікке жетуіне бағытталған, осыдан барып басшылықтың жаңа түрі және басқарушылықты меңгеру, команданың барлық мүшелерінде дағды болатындай етіп айрықша мақсаттар құрастырылады.
команда құру процесінде, жалпылама жұмысқа салынған жекеленген күштерді және алынған нәтижелерді бағалау (және өзіндік баға беру), бірлескен жұмыстарды жоспарлау, мәселелер мен келешектерді талдауда команданың барлық мүшелерінің белсенді қатысуы болжанады.
Басқару этикасы: ұғымы, принциптері мен мәні. Білім беру мекемесі басшысының ұжымымен қарым-қатынас этикасы. Дұрыс коммуникацияға кедергі келтіретін себептердің сипаттамасы. Қарым- қатынасқа кедергі келтіретін факторлар. Педагогикалық әдеп – мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. Әдеп (такт) – латынша «tactus» – жұғысу, адамдар ара-қатынасының түрі, адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай.
Әдепті адамдарға басқаларға барынша жақсылық жасауды, қуаныш әкелуді тілеп тұру тән. Басқа адамдармен қарым-қатынаста сақ та сергек адам.
Этика (грек тілінен – еthika, еthos дегеннен – әдет-ғұрып, мінез) – мораль, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән екені белгілі.
Этика – адамның қоғамдық және жеке өміріндегі құлықтық ережелер мен талаптарды біріктіретін қоғамдық сананың ерекше формасы, мораль туралы ілім.
70-суретте ғалым Э.А.Урунбасарова бойынша педагог этикасының негізгі компоненттері берілді.
Педагогикалық этика – педагогикалық қарым-қатынастың негізгі элементі. Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ: «Ұстаздың мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс. Ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал
тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді».
Достарыңызбен бөлісу: |