Төзім мен сабыр сақтау. Мұғалімнің педагогтік әдептігі үшін бұл қасиеттердің маңызы үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар. Ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамау керек (72-сурет).
К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, педагог ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді» – деп педагогикалық әдептің мұғалімнің іс- әрекетінде алатын рөлін айқын ашып көрсете алды.
Мұғалімнің ар-ұяты кіршіксіз болса, оқушылар оның кез келген қатесін кешіреді. Керісінше мұғалім әділетсіздік жасап, жалған мінез көрсетсе, оқушылардың көңілдері қалып, араларының салқындауы осыдан басталады.
Педагогикалық әдеп талаптары:
Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу: оқушыны ұдайы қолдау, сүйемелдеу, көтермелеу, дамыту.
Ықпал жасау шамасын білу: Қалай және қай шамада кінәлайды? Қай шамада мақтайды? Қай сөзді қашан және қалай айтады?
Ұтымды шешім қабылдау: Ақыл – ең жақсы шешім, ашу – нашар кеңесші.
Ешқашан да оқушынының көңілін қалдырмау: көңіл қалдыру мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық кедергіге жол ашады.
Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мұғалімнің өзін-өзі ұстай алуы.
Білімді әділ, обьективті бағалау.
Ұдайы көтеріңкі көңіл-күйде жүру. (Егер көңіл-күйіңіз нашар болса, оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Оқушылар алдында мұғалім қалай болғанда да тек қана жайдарлы, қайратты және көңілі көтеріңкі болуы тиіс).
Әзіл, тапқыр сөздерді орынды қолдана алуы (73-сурет).
Менеджмент негізінде басқару принциптері:
Адамға деген сый – құрмет және оған сенім арту. Бұл принциптің мәнін ашу үшін швед оқушыларымен жүргізген тест нәтижесін айтуға болады.
«Мұғалім қандай болу керек?» деген сұраққа төмендегідей жауаптар алынған:
Менің қасымда болып, әрдайым маған қамқор болады.
Мені жақсы көреді, мені өз адамы деп санайды, мені әрқашан қорғап алады.
Менің не оқып жатқанымды емес, қалай оқып жатқанымды ұдайы біліп отырады.
Қобалжу мен қорқуды еш болдырмайды.
Әртүрлі іс-әрекет түрлерін ұсынады.
Мен бәрін түсінетіндей сөйлейді.
Егер өзі қателессе, оны мойындаудан қашпайды (ұялмайды).
Әртүрлі құбылысқа, жағдайға өзінің сезімі мен реакциясын білдіреді.
Өз іс - әрекетімді, өз көзқарасымды өзім бағалауды қалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |