Садвакасова Жаннат Мылтыкбаевна Мұғалімнің портфолиосы С есебі
№ 1 топ 1 деңгей
Қызылорда қаласы 21.052014
Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?
Қандай да болмасын адамды айналысындағы, өміріндегі болып жатқан құбылыстар мен іс-әрекеттер толғандырады, мазалайды. Қызығушылығы артқан сайын неге, неліктен деген сұрақтарға жауап іздейді. Менің ойымша, бұл сұрақтың дұрыс жауабын тек білімнен ғана табады. Әрбір адам білімге талпынбаса, еңбекке үңіле қарамаса, ешқандай ілгері басушылық, яғни өркениет те болмас еді. Бұл менің өмірлік ұстанымым. Бірінші деңгейлік бағдарламаның «Бетпе - бет» кезеңінде оқып жүрген кезімізде Ж. есімді жаттықтырушымыз бізді мектеп «көшбасшы мұғалімдері» боласыздар деп дайындаған. Сол көшбасшылықты іске асырудың уақыты келген сияқты, себебі мектептегі тәжірибенің бірінші күнінен бастап әріптестерім менен жаңашылдықты күткенін сезіндім. Осы тұста «көшбасшы мұғалім» деген кім? Оның атқаратын рөлі, қызметі және маңыздылығы неде? Көшбасшы - бұл маңайындағыларға ықпал ететін, бастамашыл, жағдайларға жеңіл бейімделе алатын, соңынан адамдарды еріте алатын, белсенді, білімді, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, өздігінен шешім қабылдай алатын, басқаруға қабілетті тұлға. Ия, менің көшбасшы болуым міндетті, себебі білім берудегі көшбасшылар жұмысының түбегейлі маңыздылығы - оқушыларды ХХI ғасырда өмір сүруге дайындауға бағытталған оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізілетін өзгерістерді басқару. Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады және мектеп нәтижесіне, соның ішінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса да зор ықпал ететіндігі (МАН, 65 бет) дәлелденген. Сол себепті, тәжірибе кезінде басшылыққа алатын көсбасшы жоспарын даярладым (Қосымша 1). Мектептің жақсы нәтижеге жетуіне ықпал жасайтын көшбасшылықтың негізгі салалары:
• мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету;
• барлық мұғалімдер үшін тәлімгерлік пен коучинг өткізу және ұйымдастыру;
• мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау;
• командалық жұмыс пен бірлескен оқуды ұйымдастыру (МАН, 62 бет).
Сонымен қатар, көшбасшы мұғалімдер өз мектебінің қызметін түрлендіру барысында үнемі өзінің мұғалімдік қызметін үздіксіз жетілдіру, мектеп тәжірибесіне шолу жасауды ұйымдастыру және жүргізу, мектепті басқару аясында шешімдер қабылдауға қатысу, мектеп ішінде әріптестерінің біліктілігін арттыру, басқа мұғалімдердің тиімділігін бағалауға қатысу туралы (МАН, 66 бет) түсіндірілген. Мектептің ұзақ мерзімге жасалынған стратегиялық даму жоспарымен таныстым. Ондағы білгім келгені, маған дейінгі жасалынған мектептің стратегиялық даму жоспарының қалай жасалғанын, қандай мәселелерге мән берілгендігін, кімдерді қатыстырғанын және мақсаты қандай? Таныса келе, мен мектептің даму жоспарының әлсіз жақтарын анықтадым. Жоспарда оқушылар мен ата-аналар тарапынан бірлесіп атқарылатын жұмыстардың жеткіліксіздігі, олардың пікірлерімен санасу механизмінің қарастырылмағандығы және оқушылардың жетістікке жетуі үшін нақты қадамдар қарастырылмаған деп таптым. Сол әлсіз тұстарын басымдылыққа ала отырып алдыма мақсат қойдым. Бұл мәселені шешуде, ортақ мақсатқа қол жеткізу жолында мен мұғалімдердің, оқушылардың және ата- аналардың пікірлерімен санасуды жөн көріп, оның тиімді шешу жолдарын алынған сауалнама сұрақтарының жауаптары негізінде тапқым келді. Енді ішінара сол сауалнамаларға тоқталайын: «Білім беру жүйесінде басты назарды оқыту үдерісіне аудару керек деп ойлайсыз ба?», «Өзіңізді заман талабына сай мұғалім деп есептейсіз бе?», «Өзіңізді мектептің даму жоспарына үлес қосатын мұғаліммін деп есептейсіз бе?», «Сабақ беруде өз пәніңіз бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеруді ойлайсыз ба?», «Сіз оқушыны шынайы бағалайсыз ба?» - деген сұрақтардың жауаптарының қорытындысына талдау жасасам. Бірінші сұрақ бойынша білім беру жүйесінде басты назарды оқыту үдерісіне аудару керектігіне 67% мұғалім ынталы болса, 6%-мұғалім әлі де болса бұрынғы күйінде қалғысы келетіндігін, 27%-і өзгеріс енгізу керектігі туралы ойланбағандығын көреміз. Екінші сұрақтың қорытындысы бойынша өзін заман талабына сай, бастамашылдықпен ықпал жасай алатын мұғалім деп 49%-мұғалім, 13%-ы өзін оған сәйкес емес деп, 38%- мұғалім әлі өзіне сенімсіздікпен қарайтындығы белгілі болды. Үшінші сұрақтың қорытындысы бойынша 25%-мұғалім мектептің даму жоспарына өз үлесін қосқысы келсе, 13%-мұғалім «менсіз де мектеп жоспары жасалынады» дегендей «жоқ», 62%-ы «білмеймін» деп мектептің даму жоспары туралы өз ойларын айта алмады.
Төртінші сұрақтың қорытындысы бойынша 75%-мұғалім өз пәні бойынша оқушылардың білім деңгейінің көңілдерінен шығатындығын, 21%- ол туралы ойланбағандығын, 4%-ы оқушылардың білім деңгейі көңілдерінен шықпайтындығын көрсетті. Бесінші сұрақтың қорытындысы бойынша 85%-мұғалім оқушыны шынайы бағалайтындығын, 15%-ы ойланбағандығын көрсетті. Осы орайда, әріптестерімнің жауаптарынан мынандай қортындыға келдім:
• Оқу мен оқыту үдерісіне өзгеріс енгізу керектігін мұғалімдерге ұғындыру;
• Мұғалімдерге кәсіби дамуына және технологияларды пайдалану дағдыларын жетік меңгертуге жағдай жасау;
• Ұжымның пікірімен санасып басшылыққа алу;
• Мұғалімдерді оқу үдерісіне қатысты мәселелерге қатыстыра отырып, шешім қабылдауға тартуды қамтамасыз ету.
Оқушылармен жүргізілген сауалнамаға қатысуға тілек білдіргендер саны 42 оқушы болды. Олармен жүргізілген сауалнама мазмұны мынадай: «Мұғалімнің сабақ беру әдіс-тәсілі ұнайды ма?», «Мұғалімнің оқушыны бағалауында шынайылық бар ма?», «Мұғалім енгізіп жатқан жаңа әдіс-тәсілдерді сіздің болашағыңызға ықпалын тигізеді деп ойлайсыз ба?», «Сіздің мектебіңізде оқушы пікірімен санасады ма?», «Сіз оқушылар арасында бастамашылық жасап, ықпал еткенді қалайсыз ба?»-деген сұрақтардың нәтижесіне көз жүгіртсем.
Сауалнама қорытындысына сүйенсек, 72%-оқушы мұғалімнің сабақ беру әдіс-тәсілдері ұнайды, 14%-оқушы ұнамайды, 14%-оқушы ол туралы ойланбағандығын айтса, екінші сұрақ бойынша 90%-оқушы мұғалімнің бағалауы шынайы, 10% оқушы мұғалімнің бағалауына мән бермейтіндіктерін білдірді. Ал үшінші сұраққа 19%-оқушы оқыту мен оқуда жаңа әдіс-тәсілдерді ықпалы қажет екендігін, 33%-ы ықпалдың қажетсіздігін, 48%-ы жаңа әдіс-тәсілдердің ықпалының не екендігін ойланбағандығын көрсетті. Одан кейінгі сұрақ бойынша оқушылардың 14%-ы мектепте оқушы пікірімен санасады, 60%-ы оқушы пікірімен санаспайды, 26%-ы оқушы пікірімен санасатындығына жауап беруге қиналамын десе, бесінші сұраққа оқушылардың 52%-ы «білмеймін», 24%-ы «ия», 24%-ы «жоқ» деп жауап берді. Қорыта келе, оқушылар сауалнамасының жауаптарынан мына негізгі мәселелерге мән беру керектігіне тоқталдым:
• Оқушылардың «жаңалық» ашуына ықпал ететін, өздігінен оқуға көмектесетін стратегияларды пайдалануды үйрету;
• «Оқушы үнін» есітуге жағдай жасау;
• Оқушының оқу процесінде жауапкершілік пен өзін-өзі басқару құқығын кеңінен тарату;
Сонымен қатар, өздерінің рұқсатымен сауалнама алуға 22 ата-ананы қатыстырдым. Сауалнаманың нәтижесі бойынша төмендегідей мәліметке қол жеткіздім: Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 55%-ы мектепте оқушыларға білім беру көңілдерінен шығатындығын, 36%-ы бұл туралы ойланбағандықтарын, 9%-ы қанағаттанбайтындықтарын білдірді. Екінші сұрақ бойынша ата- аналардың 32%-ы балаларының алған біліміне қанағаттанамын, 18%-ы білмеймін, ойланбаппын десе, 50%-ы жоқ, қанағаттанбаймын деп жауап берді.
«Балаңыз мектепке өз құлшынысымен барады ма?»-деген сұраққа ата-аналардың 36%-ы «ия», 32%-ы «жоқ», 32%-ы «білмеймін»- деп жауап берді. Ата- аналардың жауаптарын талдап, мынандай байламға келдім:
• Оқушылардың білімін жақсартуда ата- аналардың ықпалына мән беру;
• Оқушының сапалы білім алуына жағдай жасау ;
• Мектептің даму жоспарын даярлауда ата - ананың пікірін назарға алу;
• Мектеп -Жанұя - Мектеп құрылымымен бірлесіп жұмыс жасау;
Ұстаздардың, оқушылардың және атa-aналардың пікірлерімен санаса отырып, мектептің даму жоспарына өзгеріс енгізу қажеттігі туды. Өзгерісті енгізуде оның түбегейлілік, өзектілік, айқындаушылық сипатына, негізінен «Нені енгізу қажет?» мәселесіне басымдық бердім. Әр оқушының сапалы білім алуы үшін басымдылықты баса көрсетіп мектептің даму жоспарына біршама өзгерістер енгізуді шештім:
• Оқу сапасын жетілдіру және қолдау көрсету арқылы білім көрсеткішін арттыру;
• Рөлі мен мәртебесіне қарамастан мектептің барлық мұғалімдері, ата- аналары, оқушылары мектептегі жасалатын өзгерістерге атсалысып пікірлерімен санасу;
• Оқытудың заманауи инновациялық тәсілдері мен әдістерін қолдану;
• Оқыту мен оқуда жаңа әдіс- тәсілдерді оқу үдерісіне енгізу және жетілдіру;
• Оқыту мен бағалаудың жаңа әдістерін енгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік дағдыларын ұсыну;
• Lesson Study арқылы оқушылардың деңгейін анықтап тиесілі жұмыстарды ұйымдастыру;
Ұсынылған өзгерістердің енгізілу қажеттігінің шынайы себептерін анықтамай тұрып, бұл басымдылық неліктен, қандай жағдайда және қалайша іске асырылады деген сұрақтардың жауабын анықтап алмай бастауға болмайтыны түсінікті. Сондықтан өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін ең алдымен маған не істеу қажет? Менің ойымша, ең бірінші бұл сұраққа жауап бермей тұрып мен өзімнің іс-әрекетімді Синектің конустық метафорасына сүйене отырып, мынандай құрылыммен бастағым келіп отыр. Неліктен біз өзіміздің қалыптасқан, үйренген оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз, содан кейін мәселені шешуге бағытталып: біз бұны қалай жүзеге асырамыз, тек содан кейін ғана - біз не істеуіміз керек? деген сұрақты алға тарту керек сияқты.
Қай уақытта да, адамның «жаңа нәрсені үйренгені өзіне жақсы, істегені көпке жақсы » деп халық даналығында айтылғандай, мұндай өзгерістерді іске асыру үшін барлық мүдделі жақтар мен мектеп басшылығы, сондай-ақ тәжірибелі, озат мұғалімдердің атсалысқаны қажеттілік деп ойладым. Мектептің стратегиялық даму жоспарына өзгерістер енгізуге кімдерді тартсам? Ұжым мүшелерін зерттей отырып, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші, екінші, үшінші деңгейлік бағдарламасын оқып келген А.Н.М.А.А.Л.З.А.П.К.А.Г.М.Э.Ұ. есімді әріптестерімді, әр пән бірлестік жетекшілерін және қызығушылық танытқан мұғалімдерден ынталы топ құруды шештім. Менің бұл топты құру мақсатым, мектептегі еңбек тәжірибесі, дайындық деңгейі әртүрлі ұстаздарды тарту арқылы ұжымға мектептегі оқу-тәрбие үрдісін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды үйрету, машықтандыру. Осыған байланысты, «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде әріптестеріммен бірлесе отырып, «Білім беру саласына өзгеріс не үшін керек?» деген тақырыпта семинар ұйымдастырғаннан бастағанды жөн көрдім. Ондағы мақсатым, мектеп ұжымына деңгейлік курс бағдарламасы жайлы мәлімет беру, яғни бағдарламаның міндеті, маңызы, түйінді функциясы және оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерден таныстырылымдар көрсету. Семинар соңында әріптестерімнен стикерге кері байланыс ретінде өз пікірлерін жазып қалдыруын сұраймын деп жоспарладым. Одан кейін, тапсырмаларды орындау үшін әріптестерді қарым-қатынас жасаудың тиімді дағдыларымен қамтамасыз ету қажеттігін анықтауда шағын топ құру керек. Выготскийдің «Жақын арадағы даму аймағы» теориясына сүйене отырып, мектепте жұмыс істейтін топ жұмысына қолдау көрсететін мұғалімдерді зерттеп анықтаймын, ынта-жігерін ескере отырып жұмысқа жұмылдырамын. Осы мұғалімдер арқылы алға қойылған мақсаттарға жету үшін тиімді жағдайларды қамтамасыз ете отырып, мектепті жетілдіруге ықпал ету. Бірлескен жұмыс нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Мектеп жүйесін жан -жақты дамыту үшін құрамы он мұғалімнен аспайтын топ мүшелерін мектептің бастапқы ахуалымен таныстыруды және бірлесіп алдымызға «smart» мақсаттарды белгілеуді жөн көрдім. Сауалнама негізінде анықталған басымдылықты «Іс-әрекеттегі зерттеудің айналымы» (МАН, 46 бет) кестесіне сүйене отырып жасадым. Мектептің даму жоспарының құрылымының нақты, қолжетімді, шынайы болуы және тиімділігі мен басымдылығын дұрыс айқындау - біздің алға қойған негізгі шартымыз болуы тиіс (Қосымша). Мектептің даму жоспарының басымдылығы – мектеп шеңберінде оқыту мен оқу тәжірибесіне оқытудың жаңа тәсілдерін енгізу болса, онан күтілетін нәтиже оқу үдерісінде мұғалімдердің жаңа тәсілдерді қолдануы және іске асыруын аңғару. Негізінен, мектептегі оқу мен оқыту үдерісіне қатысты мәселелерді шешуде өте мұқият болған жөн. Сонымен, жұмысты жалғастыру үшін мұғалімдермен кеңесе отырып, білім сапасын арттыруда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданып оқу үдерісіне өзгеріс енгізуді мақұл көрдік.
Дегенмен, тәлім алушы кейбір мұғалімдердің арасынан оқу үдерісіне қандай өзгерісті енгізу керек?- деген сияқты сұрақтар болатыны белгілі. Оған жауап беру үшін, мұғалімдерден алынған сауалнаманың қорытындысын сараптадым. Ең жоғары пайыз көрсеткіші «Сіз оқушыны шынайы бағалайсыз ба?» деген сұраққа мұғалімнің 85%-ы оқушыны шынайы бағалайтындығына сенімді болса, ал 15%-ы оқушыларды қалай бағалап жүргендіктерін білмейтіндігін көрсетіп отыр. Ал оқушылардан алынған сауалнаманың қорытындысы бойынша 90%-оқушы мұғалімнің бағалауы шынайы, 10%-оқушы мұғалімнің бағалауына мән бермейтіндіктерін білдірген. Сауалнама қорытындысымен танысқаннан кейін мұғалімдер шын мәнісінде оқушыларды қаншалықты шынайы бағалайтындықтарына төмендегі сұрақтарға жауап іздеді: «Оқушы үшін баға және білім қаншалықты маңызды?», «Оқушынының алған білімін объективті түрде қалай бағалау керек?», «Бағалау арқылы оқыту қорытындысына қалай әсер етуге болады?», «Күнделікті алған баға оқушылардың жалпы болмысына әсер ете ма?» деген сұрақтар төңірегінде өзара ой-пікірлерімен бөлісті. Сондықтан, алдағы уақыттағы коучинг сабақтарымда мұғалімдерге, бірлесе жұмыс атқару барысында шынында оқушы білімін қаншалықты шынайы бағалайтындықтарына көздерін жеткізгім келіп, екі коучинг сабағын өткізуді жоспарладым. Осы сұрақтардың негізінде бірінші коучинг сабағымның тақырыбын «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» деп алсам, екінші коучинг сабағымды «Бағалау – оқытудың нәтижесі» тақырыбымен жалғастыратын болдым. Коучингке қатысқан барлық мұғалімдерге түсінікті болуы үшін «Коучинг» деген сөздің мән-мағынасын түсіндіруден бастағанды жөн көрдім. Негізінен, «Коучинг» сөзі ағылшын тілінен аударылғанда тәлім ету, дайындау, жаттықтыру дегенді білдіреді. Бұл әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі (МАН, 37 бет). Коучингтің мұғалімдер үшін маңыздылығы - жаңа идеяларды іске асыру үшін тәжірибеге өзгеріс енгізуді және әріптестерімен жүргізілетін жұмысты ойластырып, оны жоспарлауға үлкен көмек берері белгілі. Сонан соң, «Тәлімгер» деген сөздің бұрын-соңды естілмеген жаңа мағынасын түсіндіремін деп ойлаймын: Тәлімгер деп отырған кім? Тәлімгер- бұл тәжірибелі, ақылшы ұстаз. Ол тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді деп (МАН, 37 бет) түсіндірілген. Әрине, қанша адамды үйретем десең де, оның көңіліне жақпаса, үйрену, үйрету сезімдерін ұялату қиынға түсетіні бізге белгілі. Дегенмен, мектеп мұғалімдері жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді үйреніп, өздері оларды іске асырып, жақсы нәтиже күтетіндерін білдірді. Алдағы уақытта мектеп өміріне өзгеріс енгізуде жүргізілетін жұмыстарым өз нәтижесін беру үшін өзімнің соңымнан кімдерді еріте аламын және кімдерге арқа сүйене аламын? Алдымен, мектепте желілік қоғамдастық құрып, басқа жақтағы педагогикалық қоғамдастықтармен байланыс жасауды ойластыру қажет. Әрине, кәсіби қоғамдастық арқылы басқа да әріптестеріммен үнемі байланыста болуымыз керектігі түсінікті. Атап айтар болсам, семинар, тренинг, кездесулер, конференцияларға тарту арқылы әріптестер арасында арнайы әңгімелесу нәтижесінде кәсіби бірлестік құрып, ынтымақтастықта жұмыс жасауды жалғастырамын.
Болашақта жасалынатын жұмыстарды, жоспарланған іс-әрекеттерді осы құрылған кәсіби қоғамдастықтың аясында, бірлескен ынтымақтастықпен ұйымдастырылған жұмыстардың арқасында іске асырамын және жақсы жетістіктерге қол жеткізетініміз айқын. Сондықтан, алдағы уақытта мен қызмет жасайтын мектептің жаңа заман талабына сәйкес өзгеріп, сапалы білім беретін, бәсекеге қабілетті ұрпақ даярлайтын, өзгермелі заман ағымына ілесе алатын жас жеткіншектерді тәрбиелейтін мектептердің санатына қосылу үшін ондағы білім мен тәрбие беріп жатқан әріптестерімнің жан-жақты дамыған, нағыз кәсіби шындалған, әлеуеті зор, құзырлы, білікті және білімді мұғалім болғанын қалаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012
Сауалнама диаграммасы.
Республикалық ғылыми- әдістемелік журнал.
Ағылшын тілі мектепте, № 6,2012
Қосымша
Мектепті дамыту жоспары
Мектептің даму жоспарының басымдықтары
|
Табыс критерийлері
|
Мектептегі оқыту мен оқу үдерісіне оқытудың жаңа тәсілдерін енгізу, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау стратегияларын тиімді қолдану
|
Оқушыларды бағалау жаңа стратегиялар арқылы жүргізіледі;
Оқушылар оқыту үшін бағалау арқылы оқу материалдарын игереді;
Бірлескен жұмыста бағалаудың тәсілдері пайдаланылады;
|
МДЖ- ның
басымдықтары
|
Нені жетілдіру қажет?
|
Қандай әрекеттер жасау керек?
|
Уақыт
|
Күтілетін нәтиже
|
Ресурстар
|
Мониторинг
|
Жауапты мұғалім
|
МДЖ-дағы оқыту мен оқу үдерісіне оқытудың жаңа тәсілдерін енгізу
|
Мұғалімдердің оқытудың жаңа тәсілдерін сабақ үдерісінде қолдану деңгейін анықтау.
|
Семинар, таныстырылым пікірталас, бейнежазба, сұрақ- жауап.
|
1-ші апта
|
Мұғалім оқытудың жаңа тәсілін не үшін және қалай пайдаланатындығы анықталады.
|
МАН, интернет, глоссарий, сауалнама
|
Талдау, сараптама.
|
I-II-III-ші деңгей мұғалімдері,
әкімшілік
|
Коучинг 1. Мектептегі оқыту мен оқу үдерісіне оқытудың жаңа тәсілдерін енгізу. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау әдістері арқылы оқушыларды оқуға ынталандыру»
|
Мұғалім сабақта бағалау әдісін қолдануды үйренеді.
|
бейнежазба, тапсырмалар арқылы өзін-өзі бағалау,өзара бағалау.
|
2-ші апта, 4-ші күні
|
Сабақта бағалау әдісін тиімді қолдануды біледі.
|
МАН, интернет, портал, ПШО
|
Кері байланыс арқылы анықтау
|
I-ші деңгей мұғалімі Садвакасова Ж.М.
|
Бағалау үдерісіне оқыту үшін бағалау мен оқу үшін бағалауды енгізу.
|
Мұғалім сабақта ашық және жабық сұрақтарды қою тәсілін үйренеді
|
Мұғалімдер ашық және жабық сұрақтар арқылы айырмашылық- тарын анықтау.
|
6-ші күні
|
Мұғалім ашық және жабық сұрақты қолдануды біледі.
|
МАН, интернет, танысты- рылым, постер, маркер.
|
Талдау, анализ
|
I-ші деңгей мұғалімі
Садвакасова Ж.М.
|
Коучинг 2. «Бағалау -оқытудың нәтижесі және оқушының қадамдап жеткен жетістігі ». Мұғалімнің сабақта бағалаудың қандай әдісін және қалай қолдануын анықтау.
|
Сабаққа қатысу арқылы мұғалімнің бағалау тәсілін қолдану деңгейін бақылау және анықтау.
|
Бақылау,бейнебақылау, суретке түсіру, жазба.
|
III-ші апта, 4-ші күні.
|
Мұғалімнің бағалау әдісін тиімді қолданатындығы анықталады.
|
Бейнежазба, сабақ жоспары, оқулық, көрнекілік,
таратпа материал
|
Талдау, кері байланыс.
|
I-ІІ-III-ші деңгей мұғалім- дері.
|
Оқушылардың топтық және жұптық жұмыста өзін- өзі бағалау дағдысын анықтау және бақылау.
|
Сабақта мұғалім бағалаудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану
|
«Екі жұлдыз бір тілек», критериалды бағалау,
суретке түсіру.
|
5-ші күні.
|
Оқушылар өзін-өзі бағалайды, өзара әділ, шынайы бағалайды.
|
Постер, маркер, суретке түсіру, бейнежаз- баға жазу.
|
Кері байланыс
|
I-ІІ-III-ші деңгей мұғалім- дері.
|
Тәлімгерлік.
Мұғалімнің кәсіби деңгейін жетілдіру.
|
Бағалау тәсілін үйрену үшін тәлімгерлік ұйымдастыру.
|
Сұхбат, пікірталас
|
6-ші күні.
|
|
Бейнежаз-баға жазу
|
Кері байланыс
|
Тәлімгер,
Тәлім алушы
|
«Lesson study» тәсілі бойынша сабақ жүргізу
|
А, В,С деңгейдегі оқушыларды зерттеу
|
Оқушыларды бақылау
|
ІV-ші апта
|
Талдау, бақылау
тақырыптың сабақ нәтижесіне сәйкестігі
|
Мұғалім мен оқушының «кері байланысы»
|
Бейнежазба, салыстырма-лы кесте
|
І- ІІ-ІІІ деңгей мұғалімдері, мектеп психологы
|
Коучинг 3. «Блум таксономиясы бойынша бағалаудың стратегияларын қалай қалыптастырамыз?»
|
Ойлау дағдыларының алты деңгейін үйрету
|
Постер қорғау, пікірлерін айту, өзін-өзі бағалау
|
ІV-ші апта
5-күн
|
Мұғалімдер Блум таксономиясы бойынша бағалаудың стратегияларын ұғынады
|
МАН, глоссарий, постер, бейнежазба
|
Кері байланыс
|
Ынталы топ мүшелері,
тәлім алушы
|
Желілік қоғамдастық құру
|
Бірлесіп ынтымақтастық-пен жұмыс жасау
|
Хабарласу, басқосу, байланыста болу
|
үнемі
|
Мұғалімдер пікірлерімен,тәжірибелерімен бөліседі
|
АКТ, телефон байланысы,портал
|
Рефлексия арқылы келесі қадамды жоспарлау
|
І-ІІ-ІІІ деңгей және ынталы топ мұғалім- дері, мектеп әкімшілігі
|
Мектептегі оқыту мен оқу үдерісіне енгізілген бағалаудағы өзгерісті айқындау.
|
Мұғалімдердің сабақ үдерісінде жаңа әдістерді қолдану деңгейін анықтау.
|
Таныстырылым семинар, бағалау түрлері.
|
V-ші апта
|
1-5 апта аралығында қаншалықты үйренгенін анықтау.
|
Диаграмма,әңгімелесу,сауалнама
|
Кері байланыс
|
І-ІІ-ІІІ деңгей мұғалімдері
|
Қорытынды.
Нәтижелерді саралау,
сараптау, анықтау.
|
Жүргізілген жұмыстарды қорытындылау.
|
Ата-ана,оқушы, мұғалімдерден қайтадан сауалнама алу.
Өзгерісті салыстыру.
|
VI- апта
|
Оң өзгерістер мен нәтижелерге бет бұру
|
портфолио
|
диаграмма
|
I-ші деңгей тыңдаушысыСадвакасова Ж.М.
|
Қосымша 1
Мектептегі іс-тәжірибе кезіндегі көшбасшылық жоспары.
ІІ кезең – 07.04.2014 – 16.05.2014ж (6 апта)
|
р/с
|
Атқарылатын жұмыс
|
Мерзімі
|
Ресурстар
|
Жауаптылар
|
І апта
|
1.
|
а) Ұйымдастыру жұмыстары;
б) Курста алған білімді жинақтау.
|
07.04.
|
сұрақ- жауап; әңгімелесу.
|
І- деңгей мұғалімдері.
|
2.
|
а) Мектеп оқу ісінің орынбасарларымен,деңгейлік оқып келген мұғалімдерімен кәсіби-әңгіме жүргізу;
б) Топ құру, хабарлама жазу (мектеп әкімшілігінен, ӘБ жетекшілері, шығармашылық топ, озат мұғалімдер және ынталы топ);
в) Рефлексивті есеп жазу.
|
09.04.
|
суретке түсіру, бейнежазбаға түсіру; (рұқсат болған жағдайда).
|
І- деңгей мұғалімдері.
|
3.
|
а) Әріптестерді I-ші деңгей бағдарламасының мазмұнымен таныстыру;
б) Мектеп мұғалімдерінен сауалнама алуға материалдар даярлау;
в) Рефлексивті есеп жазу.
|
10.04
|
суретке, бейнежазбаға түсіру,
сұрақ – жауап, сауалнама.
|
І- деңгей мұғалімдері,
топ мүшелері.
|
4.
|
а) Мектепішілік семинар өткізу;
б) Әріптестерден сауалнама алу;
в) Мектептің жағдайын анықтау үшін деректер жинау;
г) Рефлексивті есеп жазу .
|
11.04.
|
суретке,
бейнежазбаға түсіру, диаграмма.
|
І- деңгей мұғалімдері: Садвакасова Ж.М. Муликова А.Б. Ерімбетова К.С. Сайдалиева Э.Ө.
|
ІІ апта
|
1.
|
а) Мектеп оқушыларынан сауалнама алуға материалдар даярлау;
б) Коучинг және тәлімгерлікке дайындық жасау;
в) Желілік қоғамдастық байланыс жасау;
г) Рефлексивті есеп жазу.
|
14.04.
|
сұрақ – жауап, интернет, телефон байланысы.
|
І- деңгей мұғалімдері,
топ мүшелері, психолог,
сынып жетекші.
|
2.
|
а) Мектеп оқушыларынан сауалнама алу;
б) Ата-аналардан сауалнама алу үшін материалдар жинақтау;
в) Рефлексивті есеп жазу.
|
15.04.
|
ата-анадан рұхсатнама алу, суретке,
бейнежазбаға түсіру.
|
І- деңгей мұғалімдері,
психолог,
сынып жетекші.
|
3.
|
а) Ата-аналардан сауалнама алу;
б) Сауалнамалардың нәтижесімен мектеп әкімшілігін таныстыру;
в) Рефлексивті есеп жазу.
|
16.04.
|
суретке түсіру,
сұрақ-жауап, мониторинг жасау.
|
І -деңгей мұғалімдері, әкімшілік,
психолог.
|
4
|
а) I Коучинг «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау әдістері арқылы оқушыларды оқуға ынталандыру»;
б) Рефлексивті есеп жазу.
|
17.04.
|
суретке,
бейнежазбаға түсіру, слайдтар жасау.
|
І деңгей мұғалімі
Садвакасова Ж.М.
топ мүшелері.
|
5.
|
а) Әріптестермен бетпе-бет кездесу ұйымдастыру Тақырыбы: «Білім саласында өзгеріс не үшін қажет?»
б) Рефлексивті есеп жазу.
|
18.04.
|
слайдтар жасау, суретке, бейнежазбаға түсіру.
|
І деңгей мұғалімдері:
Садвакасова Ж.М. Муликова А.Б. Ерімбетова К.С. Сайдалиева Э.Ө.
|
6
|
а) Сауалнама қорытындысы бойынша құрылған топпен кәсіби-әңгіме жүргізу;
б) МДЖ жоспарын жасау, өзгеріс енгізу;
с) Рефлексивті есеп жазу.
|
19.04
|
жинақталған материалдармен жұмыс жасау.
|
І -деңгей мұғалімдері,
топ мүшелері, әкімшілік.
|
ІІІ апта
|
1.
|
а) Әріптестік желілік қоғамдастық құру;
б) Рефлексивті есеп жазу.
|
21.04.
|
суретке,
бейнежазбаға түсіру.
|
әр мектептің І деңгей мұғалімдері.
|
2.
|
а) Сабаққа дейінгі тәлімгерлік әңгіме жүргізу;
б) Рефлексивті есеп жазу.
|
22.04.
|
суретке,
бейнежазбаға түсіру, әңгімелесу.
|
І деңгей мұғалімі Садвакасова Ж.М.
III деңгей мұғалімі Бәйімбет М.Е.
|
3.
|
а)Тренермен байланыс жасау;
б) Рефлексивті есеп жазу.
|
23.04.
|
суретке түсіру, әңгімелесу.
|
I деңгей мұғалімі Садвакасова Ж.М
және тренер
Абдраманова Қ
|
4.
|
а) II Коучинг «Бағалау-оқытудың нәтижесі және оқушының қадамдап жеткен жетістігі»;
б) Рефлексивті есеп жазу.
|
24.04.
|
суретке,
бейнежазбаға түсіру, слайдтар жасау.
|
I деңгей мұғалімі
Садвакасова Ж.М. топ мүшелері.
|
5.
|
а) III деңгей мұғалімінің сабағына қатысу;
в) Рефлексивті есеп жазу
|
25.04.
|
бейнежазба, суретке түсіру, интерактивті тақта.
|
І деңгей мұғалімі Садвакасова Ж.М. III деңгей мұғалімі Бәйімбет М.Е.
|
6
|
а) Сабақтан кейінгі тәлімгерлік әңгіме жүргізу;
б) Рефлексивті есеп жазу.
|
26.04.
|
суретке,
бейнежазбаға түсіру, әңгімелесу.
|
І деңгей мұғалімі
Садвакасова Ж.М
III деңгей мұғалімі Бәйімбет М.Е.
|
ІҮ апта
|
1.
|
а) Әріптестік желілік қоғамдастық құру;
б) Рефлексивті есеп жазу.
|
28.04.
|
суретке,
бейнежазбаға түсіру, пікір алмасу.
|
әр мектептің І деңгей мұғалімдері.
|
2.
|
а) Тәлім алушылармен келісе отырып, жоспар құру;
б) Рефлексивті есеп жазу.
|
29.04.
|
әңгімелесу,
суретке түсіру.
|
І деңгей мұғалімі,
тәлім алушылар, психолог.
|
3.
|
а) LS әдісін сабаққа қалай енгізу туралы тәлім алушыларға түсіндіру;
б) Рефлексивті есеп жазу.
|
30.04.
|
суретке түсіру, түсіндірме жұмысы.
|
І деңгей мұғалімі,
тәлім алушылар, психолог.
|
4.
|
а) ІII Коучинг «Блум Таксономиясы бойынша бағалаудың стратегияларын қалай қалыптастырамыз?»
б)Рефлексивті есеп жазу.
|
02.05.
|
суретке,
бейнежазбаға түсіру, әңгімелесу.
|
І деңгей мұғалімі
Садвакасова Ж.М. және топ мүшелері
|
5.
|
а) Әріптестермен желілік қоғамдастық құру;
б) Тренермен байланыс жасау;
с) Рефлексивті есеп жазу.
|
03.05.
|
суретке,
бейнежазбаға түсіру,
ой бөлісу.
|
ауданаралық І деңгей мұғалімдері және
тренер Абдраманова Қ
|
Ү апта
|
1.
|
а) LS әдісімен 1-сабақты өткізу;
б) Тәлім алушылармен зерттеу әңгімесін жүргізу;
в) Кері байланыс жаздырту;
г) Рефлексивті есеп жазу.
|
05.05.
|
суретке,
бейнежазбаға түсіру,
постер, маркер, интерактив тақта.
|
І деңгей мұғалімі,
тәлім алушылар,
психолог.
|
2.
|
а) АКТ арқылы желілік қоғамдастықта болуды дамыту;
б) Рефлексивті есеп жазу.
|
06.05.
|
компьютер,
интернет.
|
І деңгей мұғалімдері.
|
3.
|
а) Ынталы топ мұғалімінің сабағына қатысу;
б). Рефлексивті есеп жазу.
|
08.05.
|
суретке, бейнежазбаға түсіру, интерактивті тақта, постер.
|
І деңгей мұғалімі және ынталы топ мүшесі Ибраимова А.И.
|
4.
|
а) LS әдісімен 2-сабақты өткізу;
б)Тәлім алушылармен зерттеу әңгімесін жүргізу;
в) Кері байланыс жаздырту;
г) Рефлексивті есеп жазу.
|
10.05.
|
бейнежазба, суретке түсіру, интерактивті тақта, постер, маркер.
|
І деңгей мұғалімі, тәлім алушылар,
психолог.
|
ҮІ апта
|
1.
|
а) Ынталы топ мұғалімінің сабағын III деңгей мұғалімімен бірге бағалау;
б) Рефлексивті есеп жазу.
|
12.05.
|
бейнежазбаға, суретке түсіру, әңгімелесу.
|
І деңгей мұғалімі,
III деңгей мұғалімі, ынталы топ мұғалімі.
|
2.
|
а) LS әдісімен 3-сабақты өткізу;
б)Тәлім алушылармен зерттеу әңгіме жүргізу;
в) Кері байланыс жаздырту;
г) Рефлексивті есеп жазу.
|
13.05.
|
суретке, бейнежазбаға түсіру, интерактивті тақта, постер, ресурс.
|
І деңгей мұғалімі,
тәлім алушылар, психолог.
|
3.
|
а) Желілік қоғамдастық құрған әріптестермен пікір алмасу;
б) Рефлексивті есеп жазу.
|
14.05.
|
компьютер, телефон,
интернет.
|
І деңгей мұғалімдері.
|
4.
|
а) Мектеп оқу ісі орынбасарларымен және оқып келген деңгей мұғалімдерімен қорытынды жұмыс бойынша кәсіби әңгіме жүргізу;
б) Рефлексивті есеп жазу.
|
15.05
|
суретке түсіру, әңгімелесу.
|
І деңгей мұғалімдері, мектеп әкімшілігі.
|
5.
|
а) Мектептегі іс-тәжірибені қорытындылау; б) Рефлексивті есеп жазу.
|
16.05.
|
cуретке түсіру, деректерді ретке келтіру.
|
І деңгей мұғалімі Садвакасова Ж.М.
|
Достарыңызбен бөлісу: |