Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті. Педагогикалық менеджмент субьектілерінің өзара әрекеттесуінің өктемшіл, демократиялық және либералдық стильдері, олардың сипаттамалары (формальды және мазмұнды жақтары). Менеджменттегі вербальді емес коммуникацияның ерекше түрі. Жалпы мәдениет – адамдардың іс- әрекетінің моральдық, сапалық жиынтығы. Педагогикалық мәдениет – жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі, онда рухани және материалдық құндылықтар, адамзаттың шығармашылық педагогикалық әрекетінің тәсілдері сақталған.
Педагогикалық мәдениеттің басты құндылықтары: бала тұлғасы; жеке тұлғаның дамуы; бала тәрбиесі; баланың әлеуметтік қорғалуы; баланың құқығы мен абыройын қолдау (67-сурет).
Педагогикалық мәдениеттің компоненттері: ізгілікті педагогикалық көзқарас; педагогтың тұлғалық қасиеттері; мұғалімнің теориялық білімі мен шығармашылық ойлауы; кәсіби іс-әрекет мәдениеті; шығармашылық әрекет тәжірибесі.
Басқаруды ұйымдастыру формалары әрқилы құрылым және бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-әдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру және т.б. Сонымен, мектепті басқаруды ұйымдастырудағы маңызды жағдай – педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, әрекетшілдік жағдайында болуы және оны іске асыру жолдарын әрбір басшының жіті білуі.
Басшының мәдениеті өзіне олар атқаратын күрделі және алуан түрлі қызметтер жиынтығын бейнелейтін әртүрлі сипаттамалардың бүтін бір спектрін енгізеді. Жалпы орта білім беретін мектептерде, колледждерде немесе жоғары оқу орындарында гуманистік мақсаттар мен оларға сәйкес келетін міндеттердің жариялануы, азаматтық қасиеттерді және жоғары адамгершілік идеалдарды қалыптастыруға бағытталған жұмыс жоспарлары жасалуы мүмкін. Алайда басқаларды сыйламау, олардың жеке ар-намысын менсінбеушілік, дөрекілік, өзімшілдік (оның ішінде топтық) және т.б. сияқты педагогикалық ұжымдарда байқалатын жағдайлар, өкінішке орай, тек көптеген оқушылардың арасында ғана емес, сол сияқты қызметкерлердің өздерінде де жиі қалыпты жағдай ретінде қабылданады.
Осының салдарынан, басшының адамгершілік қасиеттері, ол басқару қызметтерін жүргізе отырып басшылыққа алатын моралдық нормалары мен ережелері өзіндік әкімшілік құзыреттілікке ие болуға қарағанда, аз рөлді емес, анағұрлым үлкен рөлді атқарады.
68-суретте мұғалімнің кәсіби мәдениетінің мәні ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |