Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін О.А.Абдулина, Ю.К.Бабанский, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, И.Ф.Харламов, Б.Г.Гершунский, М.Н.Сарыбеков, Ш. Т.Таубаева және т.б. ғалымдар зерттеді.
53-суретте нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіндегі құзыреттілік ұғымының мәні ашылды.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі оның кәсіби және даралық қасиеттерімен сипатталады:
іргелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейі;
көзделінген іскерлік, дағды, қабілетті меңгеруі;
педагогикалық іс-әрекетке жаңаша көзқарас;
инновациялық технологияны меңгеруі;
педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік іскерлігі;
шығармашылық шеберлігі;
ізденушілік іс-әрекеті.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігін, іскерлігін – құзыреттілігін қажет етеді. Біліктілік, жалпы алғанда, маманның жеке мүмкіндіктері, оның білімі мен тәжірибесі, соның арқасында ол өзінің көздеген мақсатына қол жеткізеді. Ал, құзыреттілік – тәжірибеде көрінетін біліктілік, мұғалімнің барлық ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін толық пайдаланып, табысты нәтижеге қол жеткізе алатын қабілеті, іскерлігі.
Кәсіби құзыреттіліктің құрылымы қабылданған педагогикалық білік арқылы түсіндіріледі, ал ол білік теориялық білімге негізделген және педагогикалық міндетті шешуге бағытталған іс-қимыл арқылы шешіледі.
Ғалымдар кәсіби тұлғаны, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін кәсіби біліктілік, ұстаздық шеберлік ұғымдарымен бірлікте қарастырады:
тұлғалық - адамгершілік бағдар;
педагогикалық шындықты жүйелі түрде қабылдай білу және онда жүйелі іс-әрекет жасау;
заманауи технологияны меңгеру.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін жоғары нәтижеге қол жеткізетін оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігі.
Психологиялық-педагогикалық және арнайы (белгілі бір пән бойынша)
білім мұғалімнің біліктілігі үшін жеткіліксіз шарт, өйткені көптеген теориялық- практикалық және әдістемелік білім интеллектуалдық және практикалық білік пен дағдының алғы шарты ғана болады.
Қазіргі заманғы білім беру жағдайында кәсіби біліктіліктің, құзыреттіліктің бұл құрылымдық компоненті тағы 3 компонентпен толықтырылады:
Достарыңызбен бөлісу: |