Тәжірибемен ұштастыру білігі, яғни өз іс-әрекетін әлемдік педагогиканың деңгейіне сәйкестендіру қабілеті, әріптестерінің тәжірибесімен алмасу, инновациялық тәжірибемен алмасу, өзінің тәжірибесін қорытып, басқаларға бере алу білігі.
Тәжірибенің үнемі толығып отыруы жағдайында педагогтың қажетті сапасы ретінде оның кәсібіндегі жаңа ізденушілік ахуалды туғызу білігі.
Кәсіби білікті мұғалім педагогикалық рефлексияға (өз ісіне талдау жасай алу), яғни сындарлы ойлаудың ерекше тәсіліне қабілеті.
Мектептегі әдістемелік жұмыс – педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты. Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды жене дербес педагогикалық тәжірбиесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық орында белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжымның қолданысына ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультеттерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Біліктілік көтеру немесе педагогикалық ЖОО базасында мұғалімдердің алған арнайы білімдерін практикалық тұрғыдан саралап, мектепте сынақтан өткізуі қажет. Бұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткісіз көмек бола алады.
Әдістемелік жұмыстар дербес және жеке ерекшеліктер ескерілген жағдайда мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіруге деген сұранысына жауап бере алады.
Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және ұйымдық негіздерін директор, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де анық әрі нақты ұғына алғанда барынша тиімді болады.
Ал мектептегі әдістемелік жұмыстардың жалпы міндеттері:
Мектептің педагогикалық ұжымының педагогикалық іс-тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату, педагогика ғалымының жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру.
Мұғалімдердің теориялық (пәндік) және психологиялық- педагогикалық дайындық деңгейін көтеру.
Жаңа оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру; оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясы, түрлері мен әдістерін байыту.
Жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау-әдістемелік материалдармен танысуды ұйымдастыру.
Ғылыми-әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеліктерді ескеріп ұйымдастыру.
Мұғалімдердің өздігінен педагогикалық білім көтеруіне кеңес беру.
Жалпы кәсіптік-педагогикалық мәдениет деңгейін көтеру.
Мұғалімнің әдістемелік жұмыстарының мазмұнын кәсіптік- педагогикалық мәдениетінің құрамды бөліктерін ескере отырып айқындаған дұрыс. Олар – мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы: әдістемелік, тәрбиешілік, зерттеушілік, кәсіптік-адамгершілік, басқара білу мәдениеті. Әдістемелік жұмыстың мазмұны кәсіптік-педагогикалық мәдениеттің әрбір бағыты бойынша нақтыланып, бірнеше ұзақ мерзімдік зерттеудің нысанына айналуы мүмкін.
Педагогикалық әдебиеттерде мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті төмендегідей аспектілерде қарастырылады:
ғылыми-педагогикалық қабілеттілік (М.Н.Скаткин және т.б.);
зерттеушілік білім, білік, дағды (Л.Горбунова және т.б.);
кәсіби іс-әрекет (А.Е.Абылкасымов, З.А.Исаева, М.С.Молдабекова);
педагогикалық шығармашылық іс-әрекет (В.И. Скляной);
зерттеушілік іс-әрекет (Н.В.Кухарев, А.И.Кочетов, Ш.Т.Таубаева, т.б.)
педагогикалық мәдениет (А.А.Молдажанова);
ғылыми шығармашылық іс-әрекет (Я.А.Пономарев және т.б.);
мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті (В.А.Сластенин, В.Э.Тамарин, т.б.);
педагогикалық ойлау іс-әрекеті (Ю.Н.Кулюткин, Г.С.Сухобская);
кәсіби-зерттеу мәдениеті (З.А.Исаева және т.б.);
зерттеу жұмысының құралы (П.Т.Приходько);
кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі (А.К.Маркова);
кәсіби мәдениет (В.А.Сластенин және т.б.);
әдіснамалық ойлау көрінісі (О.С.Анисимов);
педагогикалық іс-әрекетті жетілдіру (К.М.Варшавский, Т.И.Саломатова);
оқыту процесіндегі зерттеушілік іс-әрекет (Т.И.Шамова және т.б.);
инновациялық іс-әрекет (Ш.Т.Таубаева, Л.С.Подымова, И.И. Цыркун, К.Д. Бузаубакова және т.б.);
технологиялық іс-әрекет (Г.К.Селевко);
рухани мәдениеттің құрамды бөлігі (М.М.Мұхамбетова және т.б.)
Әдістемелік жұмыс оқу-тәрбие жұмысын басқарудың маңызды құралдарының бірі ретінде қаралатындықтан, ол да мектепті басқару
жұмысының белді саласы болып табылады. Оны қысқаша айтсақ – жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық, үйлестіру және бақылау.
Әдістемелік жұмысқа қойылатын ең маңызды талап – ол әдістемелік жұмысты үнемі жетілдіру, оның ғылым негізін оқытудың сапасын, оқушылар білімінің деңгейін көтеру мақсатында оқудың барысына дәл бағытталады:
Достарыңызбен бөлісу: |