«Түлек 2022 –Жаңа Қазақстанның ертеңі»
11-сынып түлектер кеші!
(Орта мектеп бітіргендігі туралы атестат
алу салтанатты жиынының сценариі)
Мақсаты: Адамгершілік құндылықтары берік негізі бар нәтижеге бағдарланған жан-жақты тұлға қалыптасуына бағыт-бағдар беру; туған жеріне, мектебіне, ұстаздарына, ата-аналарына деген сүйіспеншілік, ризашылық сезімін дамыту; Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, елжандылыққа тәрбиелеу.
1. Өтетін орны:
2. Өтетін уақыты: 17.06.2022 ж. сағат 11.00-де
3. Қатысатын сыныптар: 11 «А , 11 «Б»
4. Безендірілуі: Тақырыпқа байланысты баннер, дауыс күшейткіш қондырғы, микрофон, музыкалық аспаптар, түрлі-түсті шарлар, гүлдер т.б.
5. Жүргізушілер:
6. Музыкалық безендірілуі: Мемлекеттік гимн; ұстаз, мектеп туралы әндер,би.
Барысы:
1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар,ардақты ата-аналар!
Бүгінгі «Түлек 2022 –Жаңа Қазақстанның ертеңі»атты АТЕСТАТ тапсыру кешіне қош келдіңіздер!
Кешімізді бастамас бұрын бүгінгі мерекеге арқау болып отырған 11 –сынып жетекшілері мен оқушыларын ортаға шақырамыз.
Әр сөзі мейіріммен басталатын,
Қатайтқан шәкіртінің жас қанатын.
Білімнің нәрін сепкен ұстаздардың,
Қалайша атамасқа асқақ атын!
2-жүргізуші:
Даламдай кең түсінігі, ұғымы
Қазаққа тән мінезі мен қылығы
Мектебімнің сом алтындай ұл-қызы
Алдарыңызда 11 «А» сыныбы .
Сынып жетекшісі: Әсел Бауыржанқызы
1-жүргізуші:
Қандай тұнық мөлдір тау бұлақтары,
Жағасында жайқалған құрақтары.
Қарсы алайық 11«Б» сыныбын,
Шаттықпенен гүлге толар құшақтары.
Сынып жетекшісі: Арай Тілеуғалиқызы
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар, мектеп түлектері бүгін еліміздің түкпір – түкпірінде жыл бойы білім нәрімен сусындаған түлектеріне ақ жол тілеп атестат тапсыру рәсімі жүріп жатыр.
Ендеше бүгінгі атестат тапсыру мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші:
Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.
Мектептен басталады бәрі – бәрі
Бүгінгі салтанатты кешімізде
Шырқалсын Қазақстан әнұраны.
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалады.)
2-жүргізуші:
Салтанатты іс-шараның алғашқы құттықтау сөзін мектеп-гимназия директоры Қамытбаев Қайрат Ғазизүлына береміз.
Фанфар ойналады
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________(Қонақтарға сөз береміз)
1-жүргізуші:
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз кезегі 11«Б» сынып жетекшісі Арай Тілеуғалиқызына беріледі.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй
«Marry you» әнімен ортада Құрманғожина Дарина мен Қапан Аруана
2-жүргізуші:
Ата-ана тәрбиелепбалапаның,
Әлдилеп, аялаған алақаның,
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлаумененалдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата-аналары атынан Гүлмира Тілеуғалиқызына беріледі.
1-жүргізуші :
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!-дей келе келесі сөз кезегін
мектеп бітіруші түлегіміз Қайырбосынқызы Айгерімге береміз.
ФЛЭШМОБ
2-жүргізуші :
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Куәлік алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Куәлік деген – азаматтық куәсі,
Куәлік деген - өмірге берген жолдама,-дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі келгендей атестат тапсыру рәсімін жасауға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлзира Тілеуғалиқызын шақырамыз.
1-жүргізуші:
Кір шалмасын жаңа ашылған көңілдерің
Ақтаңдар мектеп ұстаз сенімдерін
11 жыл білім алған, сусындаған
Мектебіңмен қош айтысар келді кезің,-дей келе сөз мектеп бітіруші түлектерге беріледі.
ХОР «Енді қоңырау соғылмайды бізге»
2-жүргізуші:
Құрметті түлектер! Аңсаған армандарыңа жетуде қанаттарың талмасын.
1-жүргізуші:
Жолдарың әрқашан ашық болсын!
Бүгінгі түлектеріміздің аттестат алу салтанатты рәсімін жабық деп жариялаймыз! Қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |