Қазақстан республикасы білім және ғылым



жүктеу 0,61 Mb.
Pdf просмотр
бет8/10
Дата15.01.2020
өлшемі0,61 Mb.
#26818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 

16 



 

 

 



2.3 Тіркеу офисі. Оқу пәндеріне жазылу тәртібі 

Тіркеу офисі студенттердің білім алудағы барлық жетістіктерінің тарихын, білім алудың барлық 

түрлері  бойынша  білімді  бақылауды  ұйымдастыру  және  студенттердің  академиялық  рейтингін 

есептеумен айналысады.  

Студенттің оқу үдерісі Тіркеу офисінде оның оқу пәндерін тіркеуден басталады.  

Тіркеу  офисі  оқудың  барлық  нысандары  үшін  емтихандар  кестесін  тиісті  факультеттің 

деканатымен бірлесе отырып жасайды,  оқу ісі жӛніндегі проректор бекітеді және ол студенттер 

мен оқытушылардың назарына  емтихан басталмастан екі апта бұрын жеткізілуі тиіс. 

Эдвайзердің  кӛмегімен  студент  ӛз  бетінше  ӛзінің  білім  беру  траекториясын  құрып, 

мамандықтың типтік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы аясында жеке оқу жоспарын 

(ЖОЖ)  қалыптастырады.  Жеке  оқу  жоспарын  (СЖОЖ)  студенттер  бір  оқу  жылына,  эдвайзер 

кӛмегімен жасап, оны факультет деканы бекітеді. 

Кафедраның жұмыс берушілермен бірге жасайтын элективті пәндер каталогтары (ЭПК) типтік 

оқу бағдарламаларына қосымша болып  табылады. Олар факультеттің әдістемелік бірлестігінде 

талқыланып,  университеттің  ғылыми-әдістемелік  кеңесінде  бекітіледі.  Аталған  элективтік 

пәндер каталогы таңдау  компонентіне жататын барлық  пәндердің жүйеленіп, аннотацияланған 

тізбесі болып табылады. 

      Типтік  оқу  жоспарлары  мен  элективті пәндер  каталогтарына  сәйкес  мамандықтар  бойынша 

білім  беру  бағдарламалары  жасалады.  Білім  беру  бағдарламалары  мен  қосымша  білім  беру 

бағдарламаларының  мазмұны  жұмыс  берушілер  мен  білім  алушылардың  талап-тілектеріне, 

еңбек нарығындағы сұранысқа қарай анықталып, жаңартылып отырады. 

      Білім  беру  бағдарламаларының  траекториясын  айқындау  мақсатында  сауалнамалар 

жүргізіледі.

 Жұмыс берушілердің талап-тілектері университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінде 

талқыланады. 

      Элективті пәндердің каталогында барлық оқу циклдары (ЖББ, БП және КП), олардың кодтау 

туралы бірыңғай тәртібін сақтай отырып, кӛрсетіледі. 

Білім беру бағдарламаларының бағытына сәйкес модульдер каталогы жасалады.  

      Онда  модульдің  атауы  мен  коды,  түрі,  дәрежесі,  аптадағы  сағат  пен  кредит  саны,  оқудың 

түрі,  жауапты  оқытушының  аты-жӛні,  семестр,  пререквизиттер  мен  постреквизиттер,  білім 

алушылар  саны,  қорытынды  бақылаудың  түрі,  модульдың  мазмұны  мен  ұзақтығы, 

құзіреттіліктері, қолданылған әдебиет тізімі, жаңартылған уақыты туралы ақпараттар бар. 

Студенттің жеке оқу жоспары декан тарапынан бекітіледі және ол үш дана етіп жасалады: бір 

деканатта,  оқытушылардың  оқу  жұмысының  кӛлемін  анықтау  мен  студенттер  тарапынан  оқу 

жоспарының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін сақталады, екіншісі – Тіркеу 

офисіне 


қорытынды 

бақылау 


мен 

аттестацияны                                                                                                                                                                        

ұйымдастыру үшін, ал үшіншісі – студентке беріледі. 

Студенттердің пәндерге жазылу процесін Тіркеу офисі деканаттар мен эдвайзерлерді қатыстыра 

отырып жүргізеді. 

Жалпы  пәндерге  жазылу  барысы  2  кезеңнен  тұрады.  1-кезеңде  студенттер  эдвайзерлер 

кӛмегімен келесі оқу жылында оқытылатын пәндердің тізімін жасайды. 2-кезеңде, сабақ кестесі 

бекітілгеннен  соң,  ӛздерінің  жеке  оқу  жоспарларына,  ӛздерінің  бос  уақыттары  мен 

оқытушыларға байланысты, тиісті түзетулер енгізеді.  

      1 курс студенттері  ӛздерінің жеке оқу жоспарларын  ағымдағы жылдың  25 тамызына дейін 

құрастырады.  Әдетте,  1-курс  студенттерінің  оқу  жоспарларына  тек  қана  міндетті  пәндер 

топтамасы ғана енгізіледі.  

Оқу жылының барысында оқу жоспарларына ӛзгерістер енгізуге болмайды. 

Студенттер келесі  оқу  жылына арналған жеке оқу жоспарларын  арнайы кесте бойынша, 15-25 

наурыз аралығында жасақтайды 

Ӛткен оқу жылына академиялық қарыздары бар студенттер емтихан сессиясы аяқталғаннан соң, 

1-шілдеге дейін, ӛздерінің оқу жоспарларына түзетулер енгізеді. 



 

 

17 



Әрбір  пән  бойынша  студенттердің  топтардағы  ең  аз  саны  белгіленеді,  ал  оқытушылар  үшін  – 

академиялық ағындағы немесе топтағы студенттердің ең кӛп саны белгіленеді.  

      Ағымдағы жылдың 10-маусымына дейін белгілі  бір пәнге белгіленген саннан аз студенттер 

жазылса, онда пән ашылмайды және ол пән кафедраның оқу жүктемесіне енгізілмейді.  

Студенттерді пәндерге жазу процесі келесі кезеңдерден тұрады: 

   ●  мамандықтардың  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламаларымен  таныстыру,  эдвайзерлерді 

таңдау; 

   ● таңдау пәндерінің, кафедралар тарапынан ӛткізілетін, таныстырылымына қатысу; 

   ● эдвайзерлермен кездесу және жеке оқу жоспарын, таңдау пәндерін талқылау; 

   ● тіркеушілер кеңсесі тарапынан берілетін, тіркеу ӛтініштерін толтыру; 

   ● таңдалған пәннен бас тарту тәртібімен танысу; 

   ● пәндерге тіркеуге келісім беруді растау. 

1  курс  студенттерін  таңдау  пәндеріне  тіркеу  процедурасы  студенттерге  кредиттік 

технологияның  принциптерін,  кадрларды  дайындау  жүйесін  түсіндіруден,  университетпен 

танысудан  және  пәндерге  жазылудан  тұрады.  Пәндерге    тіркеуге  берілетін  рұқсат  алдыңғы 

семестрдегі  міндетті  пәндерді  оқып  бітірген  студенттерге  беріледі.  Соңғы  курстардың 

студенттеріне  пәндерге  тіркелуге,  тек  қана  алдыңғы  семестрлердегі  пәндерді  нәтижелі  түрде 

ӛтіп, тиісті кредиттерді жинаған және  университет тарапынан белгіленген ӛту деңгейінің балы 

(GPA) барларына рұқсат беріледі.  

Ӛзінің білім алу траекториясын жоспарлау барысында студенттер басқа академиялық топтар 

мен  ағындардағы,  мамандықтардағы  студенттермен  бірге  қосымша  1-2  пәндерді  немесе  басқа 

оқу  орнындағы  1-2  пәндерді  ақылы  түрде  оқуға  деген  ӛтініштерін  бере  алады.  Бұл  ретте 

студенттер  «Болашақ»  университеті  ректорының  атына  ӛтініш  жазып,  оған  басқа  оқу 

орнынының  студентін  пәндерге  қосымша  жазуға  келісімін  берген  анықтамасын  қоса  тігеді. 

Анықтамаға  таңдалған  оқу  орнының  ректоры  тарапынан  қол  қойылып  мӛр  басылады.  Курс 

аяқталғаннан кейін студент факультетіне оқыған оқу орнының мӛрі басылған, сабақтың бағасы 

мен кредиттер саны кӛрсетілген емтихан кестесін ӛткізеді. 

 

2.4  Ауысу, курсқа қайта келу, оқудан шығару туралы Ережелер. 



GPA кӛшіру балдарын есептеу тәртібі 

      Студенттің  білімін  бақылау  жүйесі  мен  оқудағы  жетістіктерін  бағалау  (қорытынды 

бақылауды ӛткізу тәртібі, (ағымдық аттестация, қорытынды аттестация, GPA есептеу әдістемесі) 

аралық  бақылау  мерзімдерін  қамтып,  ағымдық  аттестация  (сынақ  -  емтихан  сессиясы),  екінші 

курстан  соң  аралық  мемлекеттік  бақылау  және  қорытынды  мемлекеттік  аттестациялаудан 

тұрады.  

      Білім  алушыларды  курстан  курсқа  кӛшіру  нормативті  құжаттамаларға  сәйкес  жүзеге 

асырылады.    Университеттің  Ғылыми  Кеңесі  шешімімен  білім  алушыны  келесі  курсқа  кӛшіру 

балы  мынадай  кестеге  сәйкес  іске  асырылады:    бірінші  курстан  екінші  курсқа  кӛшіру  –  1,33; 

екінші курстан үшінші курсқа кӛшіру – 1,67; үшінші курстан тӛртінші курсқа кӛшіру  – 2,0 балл.   

Курстан курсқа кӛшіру балы GPA тӛмендегі формула бойынша есептелінеді: 

             (кредит1 х балл 1)+(кредит 2 х балл 2)+(кредит n х балл n)   

GPA =    кредит1 + кредит2 + кредитn ................ 

Оқу жылы аяқталған соң Тіркеу кеңсесі әр студенттің кӛшіру балдарын GPA есептеп  

тіркейді  және  оны  келесі  курсқа  кӛшіру  туралы  бұйрық  шығарады.  Студенттер  үшін  кӛшіру 

балы GPA университеттің Ғылыми Кеңесінде бекітіледі.  

Белгіленген GPA кӛшіру балдарын жинай алмаған студенттерге осы оқу жылында және жазғы 

семестрде қосымша курс алу ұсынылады.  

Белгіленген  ӛту  баллын  жинаған  білім  алушылар  ЖОО  басшысының  бұйрығымен  келесі 

курсқа кӛшіріледі. 

Белгіленген  ӛту  балын  ала  алмаған  білім  алушы  қайта  оқу  курсына  қалдырылады.  Қайта  оқу 

курсына  қалдырылған  студент,  бұрын  қабылданған  жеке  оқу  жоспарын  аяқтауға  немесе 

белгіленген тәртіпке сай жасалған жаңа жеке оқу жоспарын құруға құқығы бар. 

Ӛту баллын жинаған және келесі курсқа кӛшірілген білім алушы, академиялық берешегі болған 

жағдайда тиісті пәндерін ақылы түрде қайта оқуға және академиялық берешегін жоюға міндетті. 




жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау