14
үлгілік оқу жоспары (
бұдан әрі - ҮОЖ) – білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының оқу
пәндерінің тізбесі мен кӛлемін, оларды оқытудың тәртібін және бақылау нысандарын реттейтін
құжат;
жалпы бiлiм беретiн пәндер (general education disciplines) – гуманитарлық және жаратылыстану
пәндерi.
элективтік пәндер – белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін таңдау
бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын кӛрсететін әлеуметтiк-экономикалық
дамытудың ерекшеліктерін және нақты ӛңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда
болатын қажеттiліктерін есепке алатын компонентке кiретiн оқу пәндерi.
мiндеттi компонент (
Core Subjects) – студенттер тарапынан мiндеттi түрде оқылатын
пәндер.
күндiзгi оқу түрi (
Full Time Education)- оқу жоспарында қарастырылған сабақтарға оқу кестесi
бойынша, бiлiм алушының қатысуы тиiстi оқу формасы.
жеке оқу жоспары (бұдан әрі - ЖОЖ) - білім алушымен ҮОЖ және элективті пәндердің
каталогы негізінде эдвайзердің кӛмегімен әрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу жоспары;
бiлiм алушының жетiстiгi - әр-бiр бiлiм алушының бiлiм деңгейiн, бiлiктiлiгiн, оқу
материалын игеру қабiлетiн кӛрсету.
дуальді оқыту элементтерін енгізе отыры оқыту – білім беру қызметін жоспарлау мен
ұйымдастыруды теориялық оқыту мен ӛндірістегі практикалық дайындықты үйлестіру
негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте пәннің оқу материалының 40 %-ына дейіні тікелей
ӛндірісте (технологиялық процесс, шығармашылық қызмет процесі, қаржы-экономикалық
процестер, психологиялық-педагогикалық процесс және т.б.) меңгерілуі тиіс екені кӛзделген.
кафедра – жоғары оқу орнының негiзгi құрылымдық бiрлiгi, анықталған бағыттар бойынша оқу,
ғылыми-әдiстемелiк және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру.
мамандар даярлайтын кафедра – жоғары оқу орындағы нақты мамандықтар бойынша
бiтiрушiлерге жауапты кафедра. Оқу барысында туындаған негiзгi сұрақтар оыс мамандар
даярлайтын кафедраның меңгерушiлерiмен шешiледi.
лаборатория – оқытушының басқаруымен лабораториялық жұмыстарды жүргiзу үшiн арнайы
құралдармен жабдықталған оқу бӛлмесi.
лекция – тақырып бойынша оқу материалдарының мазмұнымен таныстыру (теориялық
оқыту формасы).
дайындық бағыты – кәсiптiк бiлiм беру бағдарламасы. Дайындық бағыты бойынша оқу
бакалавр дәрежесiн берумен аяқталады.
кәсіби практика жоғары білімнің міндетті кешендік оқу бағдарламасы болып табылады.
Олар оқу, педагогикалық, ӛндірістік және диплом алдындағы болып бӛлінеді.
практикалық сабақтар – аудиториялық оқу жұмысының түрi, бұл жерде бағдарламада
кӛрсетiлген пән бойынша бiлiмi мен тәжiрибесiн игеру, практикалық сабақ кезiнде ағымдағы
бақылау бiлiмiн жүргiзу мүмкiндiгi бар.
эдвайзер (Аdvisor)– тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің
қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және
оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
тьютор – студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рӛлін атқаратын
оқытушы;
куратор – жоғары оқу орнының қызметкерi, оған студенттердi тәрбиелеу мiндеттелген.
ассистент, доцент, профессор (
assistant, associate professor, professor) – жоғары оқу
орындарында сабақ берушi қызметкерлердiң аталуы.
бакалавр, магистр, доктор (
bachelor, master, doctor) - белгiлi бекiтiлген мамандандырылған
бағдарламаны орындаған жағдайда, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру
бағдарламасын орындаған жағдайда берiлетiн атақтар.
профессор – жоғары аттестациялық комиссия беретiн ғылыми атақ, нақты жоғары оқу орнының
профессор лауазымымен шатарстырмау керек. Бұл ғылыми атақ ереже бойынша докторы
ғылыми дәрежесi бар тұлғаларға берiледi.
доцент – жоғарғы аттестациялық комиссияның шешiмiмен берiлетiн ғылыми атақ. Бұл
ғылыми атақ ереже бойынша, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi бар тұлғаларға берiледi.
15
ректор – жоғары оқу орны (ғылыми) кеңесiнiң шешiмiн орындайтын жоғары оқу орнының
басшысы, ӛзіне берілген құқықтар шегінде қаржы, экономикалық, ӛндірістік-шаруашылық
қызмет мәселелерін шешеді.
проректор – қызметтiң нақты бағыттары бойынша ректордың орынбасары, жоғары оқу
орындарының кӛпшiлiгiнде бұл оқу жұмысы бойынша проректор, ғылыми жұмыс бойынша
проректор, әкiмшiлiк-шаруашылық жұмыс бойынша проректор, сонымен бiрге жоғары оқу
орнының жарлығында кӛрсетiлген басқа да түрлерi бойынша тағайындалады.
декан – факультет басқарушысы, оның қызметiне оқуға қабылдау, оқудан шығару,
ауыстыру, студенттiң академиялық демалысына және т.б. байланысты барлық мәселелердi
шешу мiндеттерi жатады.
деканның орынбасары – оқу процесiн қамтамасыз етуге байланысты қызметтiң әр түрi
бойынша тағайындалады.
2.2 Оқу үдерісін ұйымдастыру
Жеке оқу жоспарының негізінде жаңа оқу жылының басында әр студент тӛмендегі
материалдармен қамтамасыз етіледі:
- оқу-әдістемелік кешен, онда оқу бағдарламасы (Syllabus), белсенді қолданатын үлестірмелі
материалдар, лекциялар тезистері, тәжірибелік (семинар) сабақтардың жоспарлары, СӚЖ және
СОӚЖ жоспарлары, тестік тапсырмалар, семестрлік тапсырмалар, емтихан сұрақтары т.б.
- анықтамалық кӛрсеткіш; мұнда студенттің орташа балын есептеу кӛрсеткіші (GPA); оқу
үрдісін ұйымдастырудың негізгі ережелері; студенттің құқықтары мен міндеттері кӛрсетіледі.
Оқу жылы және академиялық кезең
Оқу үдерісі университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес ұйымдастырылады.
Оқу жылы – академиялық кезеңдерден тұрады (2 семестр), олар ағымдық аттестациялау,
қорытынды бақылау, тәжірибеден ӛту және демалыс кезеңдерінен тұрады.
Академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын ӛз білім беру ұйымының
еркімен белгіленетін теориялық кезең: семестр, триместр, тоқсан.
«Болашақ» университетінде әрбір оқу жылы ұзақтығы 15 аптадан тұратын екі семестрден
құралады.
Емтихан сессиясына бӛлінетін уақыт ұзақтығы екі аптадан кем болмауы тиіс.
Бакалаврларды даярлау бойынша білім беру үдерісін аяқтаудың негізгі критерийы
студенттің теориялық оқытудың кемінде 129 кредитін игеруі, сондай-ақ практиканың кемінде 6
кредитін, диплом жұмысын дайындауға, жазуға және қорғауға кемінде 2 кредитті (жоба) және
мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 кредитті игеруі
болып табылады.
Оқыту үдерісінің барлық оқу, бақылау шаралары, тәжірибенің ұзақтығы, демалыс және мереке
күндері академиялық күнтізбеде алдын-ала кӛрсетіледі.
Оқу шаралары теориялық оқытудың барлық кезеңіндегі жұмыстарды, соның ішінде
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын, практикалық және зертханалық жұмыстарды,
курстық жұмыстар мен жобаларды түгел қамтиды.
Студенттердің басқа оқу орнынан немесе университет ішінде бір мамандықтан екінші
мамандыққа
ауысуы
барысында
пайда
болатын
оқу
бағдарламаларындағы
пән
айырмашылықтарын, студенттердің академиялық қарыздарын және олардың қосымша оқуға
деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатымен ұзақтығы 8 аптаға дейінгі жазғы семестр
енгізіледі.
Сабақ таңертеңгі сағат 8.30-да басталады. Сабақтың тӛмендегідей түрлері болады:
- ереже бойынша лекциялар бірнеше топтарды біріктіріп ӛткізіледі;
- зертханалық жұмыстар, академиялық топтар (шағын топтар) үшін ӛткізіледі;
- практикалық сабақтар академиялық топтар үшін ӛткізіледі.
Студенттердің білім сапасын бақылау үшін Тіркеу Кеңсесі жұмыс істейді, яғни ол студенттердің
білімін ағымдағы және қорытынды бақылауды ӛткізеді.