12
2.1 Жалпы түсініктер
Ұлттық білім берудің оқу бағдарламаларын халықаралық тану, білім беру ұйымдарының білім
алушылары мен оқытушыларының ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын
арттыру және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін білім
беру ұйымдарында бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы іске асырылады.
Кредиттік технология бойынша оқытуды ұйымдастыру кезінде келесі терминдер мен
анықтамалар қолданылады.
кредит(Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы кӛлемін ӛлшейтін
сәйкестендірілген бірлігі;
академиялық күнтiзбе (
Academic Calendar)– оқу жылындағы оқу барысын бақылау
апталығы, сынақ емтихан, практика және демалыс күндерi кӛрсетiлген жалпы жоспары.
академиялық кезең (
Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын ӛз білім беру ұйымының еркімен
белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан;
академиялық мобильдік – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір
академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына ӛзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе
шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра
отырып ӛз ЖОО-сында немесе ӛзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін
ауыстыру;
академиялық еркіндік – білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды таңдау бойынша жиынтық
пәндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім
алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық
технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін
ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің ӛкілеттіктер жиынтығы;
білім алушының академиялық рейтингі (Rating) – аралық аттестаттау нәтижелері бойынша
жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық кӛрсеткіші;
академиялық деңгей (
Degree)– қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша, тиісті оқу
бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже;
академиялық сағат – кесте бойынша оқу сабақтардың (аудиториялық жұмыс) барлық түрлерi
немесе жеке бекiтiлген график бойынша білім алушылардың оқытушымен байланыс
жұмысының уақыты;
белсенді үлестірмелі материалдар (КҮМ) (Hand-оuts) – білім алушының тақырыпты
шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын кӛрнекі безендірілген
материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, ӛз бетінше жұмыс
істеуге арналған тапсырмалар);
білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Eхamination)– мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе
кӛлемін анықтау мақсатында ӛткізілетін рәсім;
білім алушыларды аралық аттестаттау– білім алушының емтихан сессиясы кезеңінде бір
пәннің толық кӛлемін немесе бір бӛлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру
сапасын бағалау мақсатында ӛткізілетін рәсім;
білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - БӨЖ)– ӛз бетінше оқуға берілген, оқу-
әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары,
коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын
тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; БӚЖ-дің барлық кӛлемі білім
алушылардан күнсайын ӛзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады;
2. ОҚУ ПРОЦЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ
13
білім алушылардың оқудағы жетістігі– білім алушылардың оқу үдерісінде алатын және жеке
тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін кӛрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті;
білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау– жоғары оқу орындары дербес
анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі нысандары арқылы (ағымдық, межелік,
қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін тексеру;
білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, оқытушымен
ӛткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін
оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;
екі дипломдық білім – екі тең бағалы диплом (Double Major) немесе бір негізгі және
екінші қосымша диплом (Major Minor) алу мақсатында екі оқу жоспары (білім беру
бағдарламалары) бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі;
кредиттік оқыту технологиясы– білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы кӛлемінің
біріздендірілген ӛлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді
таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту;
қорытынды бақылау – емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген оқу пәні
бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын игеру, білім алушылардың оқудағы жетістігін
бақылау; егер бірнеше академиялық кезеңдер барысында пәндер оқытылатын болса, онда
оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәндерге бӛлімдер бойынша, қорытынды бақылау
жүргізіледі;
межелік бақылау – бір оқу пәнінің ірі бӛлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу
жетістіктерін бақылау;
оқу пәнiне жазылу (
Enrollment) – білім алушылардың оқу пәніне белгілі бір тәртіппен алдын ала
жазу рәсімі;
оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі– халықаралық
тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім
алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің
деңгейін бағалау жүйесі;
Тіркеу офисі – білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен
айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне
есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;
оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі -
ОБӨЖ) – бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының
аудиториядан тыс жұмысы;
оқу үлгерімінің орташа балы (
Grade Point Average - GРА) – (ағымдық оқу кезеңі бойынша
кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық
эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама
бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;
оқу жұмыс жоспары (
бұдан әрі - ОЖЖ)– мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу
жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат;
пәннің сипаттамасы (
Cоurse Description) – пәннің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін,
қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сӛйлемнен тұрады);
пререквизиттер (
Рrereguisite) – оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен
дағдыларды қамтитын пәндер;
постреквизиттер (
Роstreguisite) – аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін
меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;
пәндер бағдарламасы (
Syllаbus) – оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін,
оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, ӛзіндік жұмыс
тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы
талаптарын, бағалау ӛлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімі;
транскрипт (
Тrаnsсrірt) – білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша
кредиттері мен бағалары кӛрсетілген тиісті кезеңде ӛтілген пәндердің тізбесі бар құжат;білім
алушының кез-келген оқу кезеңінде сұрауы бойынша беріледі.