Қазақстан республикасы білім және ғылым



жүктеу 0,61 Mb.
Pdf просмотр
бет9/10
Дата15.01.2020
өлшемі0,61 Mb.
#26818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 

18 



Білім беру грантының иегері болған білім алушы қайта оқу курсына қалдырылған болса, білім 

беру грантынан айырылады. Одан әрі оқуын ақылы негізде жалғастырады. 

Ӛту баллын жинаған және келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешектері бар білім беру 

грантының  иегер  білім  алушылары  үшінбілім  беру  гранты  сақталады.  Ал  тапсырылмаған 

пәндерін ақылы түрде қайта оқуға және академиялық берешегін жоюға міндетті. 

 

Білім алушылардың академиялық демалыс алу тәртібі 

      Академиялық  демалыс  –  білім  беру  ұйымдарында  білім  алушылар  (студенттер, 

магистранттар, адьюнкттер, курсанттар, тыңдаушылар, докторанттар, интерндер, резиденттер) 

медициналық айғақтар бойынша және ӛзге де ерекше жағдайларда ӛз оқуын уақытша тоқтата 

тұратын кезең. 

Білім алушыға академиялық демалыс мынадай: 

     1)  сырқатына  бойынша  ұзақтығы  6  айдан  12  айға  дейін  амбулаториялық-емханалық  ұйым 

жанындағы  дәрігерлік-консультациялық  комиссияның  (бұдан  әрі  -  ДКК)  қорытындысы; 

     2)  ұзақтығы  36  айдан  аспайтын  туберкулезбен  ауырған  жағдайда  туберкулезге  қарсы 

медициналық  ұйымның  Орталықтандырылған  дәрігерлік-консультациялық  комиссияның 

(бұдан әрі - ОДКК) қорытындысы; 

      3) әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде; 

      4)  босанғанда,  ұл  немесе  қыз  бала  асырап  алғанда  3  жасқа  толғанға  дейін  беріледі. 

       Білім  беру  ұйымының  басшысы  үш  жұмыс  күні  ішінде  ұсынылған  құжаттардың  негізінде 

білім  алушыға  басталу  және  аяқталу  мерзімін  кӛрсете  отырып,  академиялық  демалыс  беру 

туралы бұйрық шығарады. 

Білім  алушы  академиялық  демалыстан  шыққан  соң  білім  беру  ұйымы  басшысының  атына 

ӛтініш  береді  және  ауруына  байланысты  академиялық  демалыста  жүрген  білім  алушы  осы 

мамандық  бойынша  білімін  жалғастыру  мүмкіндігі  туралы  қорытындымен  қоса  науқасты 

қараған  денсаулық  сақтау  ұйымынан  денсаулық  жағдайы  туралы  ДКК  (ОДКК)  анықтамасын 

тапсырады. 

     Ұсынылған  құжаттардың  негізінде  білім  беру  ұйымының  басшысы  үш  жұмыс  күнінің 

ішінде  мамандығын,  курсын  және  тобын  кӛрсете  отырып,  білім  алушының  академиялық 

демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады. 

     Білім  беру  ұйымының  басшысы  ұсынылған  құжаттардың  негізінде  оқу  жұмыс 

жоспарларындағы  пәндердің  айырмашылығын,  оқу  курсын  анықтайды  және  офис 

регистратормен  (білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерінің  барлық  тарихын  тіркеумен 

айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісін 

есептеуді  ұйымдастыруды  қамтамасыз  ететін  академиялық  қызмет)  келісе  отырып,  білім 

алушының жеке оқу жоспарын бекітеді. 

     Академиялық  демалыстан  келген  соң  білім  алушы  оқуын  аталған  демалысты  ресімдеген 

курстан (және академиялық кезеңнен) бастап жалғастырады. 

     Егер  академиялық  демалыстан  келу  немесе  академиялық  демалысқа  шығу  уақыты 

академиялық кезеңнің басталуына немесе аяқталуына сәйкес келмесе, білім алушы жеке кесте 

бойынша барлық оқу тапсырмаларын орындап, рейтингке рұқсат алу үшін қажетті балдарды 

жинайды  немесе  жазғы  семестрде  айырмашылықтар  пайда  болған  пәндерге  жазылады. 

     Білім алушы айырмашылықтарды жою үшін ағымдағы оқу жұмысымен қатар академиялық 

кезеңде  барлық  сабақ  түрлеріне  қатысады,  сол  пән  бойынша  оқу  жұмыс  жоспарында 

қарастырылған  ағымдағы  және  кезеңдік бақылаудың барлық  түрлерін  тапсырады,  рұқсат 

алады  және  академиялық  күнтізбеге  сәйкес  білім  алушыларды  аралық  аттестаттау  кезеңінде 

қорытынды бақылауды тапсырады. 

 

Студентті оқудан шығару 

Студент  академиялық  қарыздары  үшін  жоғары  оқу  орнынан  шығарылмайды.  Егер  студент 

курстан курсқа кӛшіру балын жинай алмаса, ол осы курста екінші жылға қалады. Бұл жағдайда 

студент бұрынғы жеке оқу жоспарын толық аяқтайды немесе белгіленген тәртіп бойынша жаңа 

оқу жоспарын қалыптастырады.  

Студенттер оқудан тӛмендегідей себептермен шығарылуы мүмкін: 




 

 

19 



- университет ректоры атына жазылған ӛтінішпен студенттің ӛз қалауы бойынша; 

- келісім-шарт бойынша студенттің оқу тӛлемақысын уақытында тӛлемегені үшін; 

- студенттің басқа жоғарғы оқу орнына ауысуы себебінен

- оқу ережелерін ӛрескел бұзғаны үшін (сабаққа қатыспау); 

-  жоғарғы  оқу  орнының  Жарғысын  ӛрескел  бұзуғаны  себебінен  (тәртіпті  немесе  студенттің 

моральдік кодексін бұзуы). 

Студентті оқудан шығару университет ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады. 

Оқудан шығарылған студентке белгіленген тәртіппен академиялық анықтама беріледі.  



 

Студент білімін бағалау 

   Студенттің  білімін,  іс-әрекетін,  дағдыларын  тексеру  мен  бағалау  оқу  үдерісінің  маңызды 

құрылымдық бірлігі болып саналады да, оқытудағы жүйелілік, тізбектілік, беріктік қағидаттары 

негізінде  бүкіл  оқу  жылы  ішінде  жүзеге  асырылады.  Онымен  білімді  тексеру  мен  бағалаудың 

бірнеше түрі  жүргізіледі. Олардың күнделікті сабақ барысында жүргізілетін ағымдағы тексеру 

мен  білімді  бағалау;  әр  семестр  соңында  жүргізілетін  семестрлік  тексеру  мен  білімді  бағалау; 

жылдық  білім  бағасы,  яғни  студенттердің  жылдық  үлгерім  бағасы;  келесі  жылға  кӛшіру  және 

қорытынды емтихандар т.б. негізгі түрлері бар. 

      Университетте  білім  алушылардың  үлгерімін  бақылау  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым Министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 «Жоғары оқу орындарында білім  

алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау ӛткізудің Үлгі 

ережесіне»  негізделе  отырып,  білімді  бағалаудың  балдық-рейтингтік  әріптік  жүйесі  бойынша 

бағаланады.  

Университетте студент рейтингісін анықтаудың 100 балдық шкаласы қолданылады. Рейтингтік 

бақылау нәтижелері емтихан сессиясы барысында пәндер бойынша емтихан тапсырғанда есепке 

алынады. 

Білім  алушының  оқудағы  жетістіктері  (білімі,  білігі,  икем,  дағдылары)  әріптік  жүйемен 

бағаланады  (жақсы  бағалар  А  мен  D–дейін,  қанағаттанарлықсыз  -  F)  бұлар  сандық  сәйкесті 

баламаға сәйкес 4 балдық жүйемен мына сызба бойынша бағаланады. 

 

Бағаның пайыздық ӛлшемі 



Бағаның 

әріптік 

белгіленуі 

Бағаның 

сандық 

баламасы 

Дәстүрлі 

жүйе 

бойынша баға 

95-100 


А 

4,0 


 

Ӛте жақсы 

90-94 


А- 

3,67 


85-89 

В+ 


3,33 

 

Жақсы 

80-84 


В 

3,0 


75-79 

В- 


2,67 

70-74 


С+ 

2,33 


 

Қанағаттанарлық 

65-69 


С 

2,0 


60-64 

С- 


1,67 

55-59 


D+ 

1.33 


50-54 

1.0 



0-49 



Қанағаттанарлықсыз 

 

      Университетте  аралық  бақылау  семестрдің  7-8,  14-15  апталарында  бекітілген  академиялық 



күнтізбеге  сәйкес  жүргізіледі.  Аралық  бақылау  формалары  ретінде  жазбаша  тапсырмалар, 

тестілеу, реферат жазу т.б. түрлері қолданылады. 

      Емтихан  кестелері  сессия  басталардан  2  апта  бұрын  бекітіліп,  оқытушылар  мен  студенттер 

назарына  ұсынылады.  Оқу  жылындағы  емтихан  сессиясының  ұзақтығы  3  апта  болып 

белгіленеді.  Білім  алушылар  емтиханды  оқу  жоспарына  сәйкес  тапсырады.  Студенттерді 

емтихан тапсыруға жіберу олардың  екі аралық бақылау қорытындысында жинаған баллдарына 

сәйкес жүргізіледі.  

      Әр  пән  бойынша  тапсырылатын  емтиханның  бақылау  түрі  мен  оны  ӛткізу  тәртібі  оқу 

жылының басында Ғылыми Кеңес шешімімен бекітіледі.  

      Тест  сұрақтары  емтихан  басталардан  1  апта  бұрын  тест  орталығына  ӛткізіледі.  Әр  пән 

бойынша 1 кредитке 100-150 сұрақтан жасалады. 



жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау