Қазақстан республикасы білім және ғылым



жүктеу 0,61 Mb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата15.01.2020
өлшемі0,61 Mb.
#26818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 



Оқытушы-профессорлар  құрамы  айналысатын  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  тақырыптары 

мен  бағыттарын  таңдау  ғылыми  кадрлар  әлеуетімен,  университеттің  материалды-техникалық 

базасымен,  сондай-ақ  аймақта  туындаған  ӛзекті  мәселелермен,  жоғары  білімнің  сапасын 

арттырумен және мемлекеттің жаңа саясатының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. 

      Ғылыми-зерттеу  жұмыстары  университеттің  перспективалық  және  жылдық  жоспарына 

сәйкес  жаратылыстану-техникалық,  экономикалық,  физика-математикалық,  қоғамдық-

гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша жүзеге асырылуда. 

      Мемлекеттік  және  бюджеттен  тыс  қаржы  кӛздері  есебінен  университетте  іргелі  және 

қолданбалы  ғылыми  зерттеулер  жүргізілуде.  2011-2016  жылдар  ішінде  35  жұмыс 

қаржыландырылуда.  Оның  ішінде  7  жұмыс  бюджеттік  қаржы  есебінен,  ал  28  жоба  бюджеттік 

емес қаржы кӛздерімен орындалуда. 

      Білімді  ғылыммен  ұштастыру  мақсатында  Қазақстандық,  алыс  және  жақын  шетелдердегі 

жоғары  оқу  орындарымен  ынтымақтастықты  кеңейту  қолға  алынған.  Университеттің 

халықаралық  қызметі әлемдік білім  кеңістігіне енуге, ғылыми ынтымақтастыққа қол жеткізуге 

және университеттің халықаралық деңгейдегі мәртебесін кӛтеруге бағытталған.

  

      Университеттің ғылыми жетекшісі, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-  мүшесі,  



экономика  ғылымдарының  докторы,  профессор  Б.С.  Досманбетов  2013  жылдың  16-19 

желтоқсан  аралығында  Европаның  байырғы  университі  және  ғылыми  орталығы  саналатын 

Ұлыбританияның  Оксфорд  университетінде  іс  сапармен  болып,  «Ғылым  мен  білім»  атты 

халықаралық  ғылымдағы  кӛшбасшылар  Саммитіне,  яғни  дүниенің  түкпір-түкпірінен 

инвесторлар, университет ректорлары жиналатын жыл сайын ӛтіп тұратын ғалымдар форумына 

қатысып қайтты.  

      Саммиттің  ұйымдастыру  комитеті,  яғни  Европаның  Ректорлар  Клубы,  Европалық  бизнес 

Ассамблея,  Халықаралық  лидерлер  Клубы  (Оксфорд,  Ұлыбритания),  Сократ  атындағы 

номинациялық комитет шешімімен Б.С. Досманбетов «Ғылымдағы есім» (The Name in Science) 

орденімен наградталып, оның есімі дүниежүізлік кӛрнекті ғалымдар реестріне енгізілді. 

2013 жылдың қорытындысы бойынша тәрбие ісі және халықаралық байланыстар жӛніндегі 

проректор,  саяси  ғылымдар  кандидаты,  «Болашақ»  университетінің  2003  жылғы  түлегі  М.Ӛ. 

Насимов  Қазақстан  Республикасы    Білім  және  ғылым  Министрлігінің  ғылым  мен  техниканы 

дамытудағы  жетістіктері  үшін  жас  ғалымдарға  тағайындаған  стипендиясының  (24  айлық 

кӛрсеткіш кӛлемінде) иегері атанды.  

      Университет  ғылым  мен  білім  шеңберіндегі  ынтымақтастықты  дамыту  мақсатында  11 

отандық  және  16  алыс,  жақын  шетелдік  жоғары  оқу  орындары  және  ғылыми  орталықтармен 

келісім шарт жасасқан.  

Бірнеше  ғылыми  мақалалар  рецензияланатын  Халықаралық  ғылыми  журналдарда  жарық 

кӛрді. Олардың арасында импакт-факторы жоғары журналдар да бар. 

      2014 жылдан бастап (Куәлік №14158 – Ж, 13.02.2014 ж.) университеттің ғылыми-білім беру 

журналы  «Болашақ»  университетінің  Хабаршысы»  шығарылуда.  Бұл  журналда  іргелі  және 

қолданбалы  ғылыми-зерттеу  нәтижелері,  оқу-әдістемелік  мақалалар,  ғылымның  басым 

бағыттары  бойынша  ұйымдастырылған  конференция  материалдары  жарық  кӛреді.  Журнал 

тоқсанына 1 рет шығарылады. 

Университеттің  профессор-оқытушыларының  жетекшілігімен  жүргізіліп  жатқан  студенттердің 

ғылыми-зерттеу  жұмыстары  да  мақала  түрінде  жарық  кӛріп  отырады.  Тәжірибелі 

оқытушылардың жетекшілігімен университетте студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. 

 

1.3. Ақпараттық білім  беру орталығы /кітапхана/ 

      Университеттің  интернет  ресурстары  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2012  жылғы  19 

қыркүйектегі  №426  бұйрығының  талаптарын  қанағаттандырады.  Барлық  динамикалық  және 

статистикалық ақпарат жаңартылып тұрады. ЖОО жетекшісінің блогы мен жаңалықтар лентасы 

университет сайтында орналасқан. Ақпараттар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі. 

   Университетте  372  компьютер,  18  компьютер  классы  бар.  Олардың  барлығы  Интернет 

желісіне қосылған. Интернетке қосылудың шығу каналы – 10 мб/сек, ал кіру каналы – 30 мб/сек. 

Корпоративтік жүйеге қосылу жылдамдығы 100 мб/сек-қа тең. 




 

 



      Университеттің  барлық  ғимараттары,  студенттер  жатақханасы  желісіз  интернетпен  (WI-FI) 

қамтамасыз етілген. 

2008  жылдан  бері  университетте  оқу  үдерісін  басқарудың  ақпараттық  жүйесі  енгізілілген. 

Ақпарат  алмасу  мақсатында  университеттің  http://www.bolashak-edu.kzweb-сайты  Internet 

желісінде  авторлық  құқығы  бар  білім  беру  порталы  ретінде  қызмет  етеді.  Онда  университет 

ӛмірінде  болып  жатқан  жаңалықтар,  конференциялар  мен  студенттік  олимпиадалардың 

нәтижелері,  конкурстар  мен  гранттар,  академиялық  мобильділік    т.б.  туралы  ақпараттар 

жарияланып отырады. 

      Оқу  үдерісіне  жаңа  компьютерлік  технологиялар  енгізілген.  Оның  ішінде    Интернет, 

«1С:Бухгалтерия» бағдарламасы,  спутниктік теледидар, «Параграф» ақпараттық жүйесі, шетел 

тілдерін  үйрететін  бағдарламалар,  AutoCad,  Corel  Draw,  Page  Maker,  PhotoShop  сияқты 

компьютерлік дизайн бағдарламалары, математикалық және экономикалық есептер шығаратын 

MatCAD т.б. бар. 

      Жоғары  білім  берудің білім беру бағдарламаларын  іске  асыру мақсатында университетте 

білім    алушылардың    электронды  кітапханаларда  орналастыратын  халықаралық  дереккӛздерді 

қоса алғанда, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік  және  ғылыми  

әдебиетке, оқу,  ғылыми,  ақпараттық  деректер  базасына еркін қол жеткізуі қамтамасыз етілген. 

      Қазіргі  таңда  университет  кітапханасы  заманауи  компьютерлік  техникамен,  жоғары 

жылдамдықты  желісіз  интернетпен  жасақталған,  тұтынушылардың  жас  ерекшеліктеріне 

қарамастан барлық санаттарына қызмет кӛрсететін  ақпараттық мәдени орынға айналып отыр. 

      Кітапханада  1  абонемент,  80  және  100  орындық  2  оқу  залы,  кітап  қорларын  сақтау  

бӛлмелері  орналасқан.  Оқу  залдарында  оқырмандарға  37  компьютер  қызмет  етеді.  Олардың 

барлығы  ғаламторға  қосылған.  Оған  қоса,  «Студенттер  үйінде»  55  орындық  оқу  залы  жұмыс 

істейді.  

      Кітапханадағы  іскерлік  кездесулер,  конференциялар,  семинарлар  және  басқа  да  шаралар 

конференц залда, лекция залында ұйымдастырылады. 

      Университет  кітапханасының  жалпы  кітап  қорында  оқулықтар,  оқу-әдістемелік  құралдар, 

ғылыми  басылымдар,  кӛркем  әдебиет,  электронды  оқулықтар,  оқулықтардың  электронды 

нұсқалары, авторефераттар мен мерзімдік басылымдар бар.  

Ретіне  қарай  анықтамалық  әдебиет  пен  мерзімді  басылымдар  ашық,  қолжетімді  түрде 

беріледі.  Кітапханада  жүйелі  және  әліпбилік  каталогтар  бар.  Осы  мақсатта  2010  жылдың 

қыркүйегінде  Республикалық  автоматтандырылған  кітапханалық-ақпараттық  жүйесінің 

(РАБИС)  4  модулі  сатылып  алынды  –  РАБИС  Каталогизатор,  РАБИС  Іздестіру,  Кӛру, 

Тапсырыс,  РАБИС  Оқырмандарды  тіркеу,  РАБИС  Келушілерді  тіркеу.  Электронды  каталог 

жасалып, оқу әдебиетін енгізу жұмысы жалғасын табуда. 

      Кітапхана  жаңа  және  дәстүрлі  технологияларды  жетілдіру  негізінде  білім  алушылардың, 

профессор-оқытушылардың, қызметкерлердің білім алуы мен ғылыми шығармашылықпен  

айналысуына, ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етілуіне жеткілікті деңгейде жағдай жасау және 

оған  қолдау  кӛрсету  мақсатында  жұмыс  істейді.  Жаңадан  келіп  түскен  әдебиетті  насихаттау 

үшін  кітапхана  ай  сайын  кӛрме  ұйымдастырады.  «Жаңадан  түскен  әдебиет  бюллетені» 

кітапхананың  «Электронды  кітапхана»  сайтына  шығарылып  отырады.  Кітапхана  университет 

ғалымдарының еңбектерін насихаттау жолында да айтарлықтай жұмыстар жүргізуде. 



 

 

1.4. Студенттік ӛмір 

Университеттегі  білім  беру  мен  тәрбие  жұмыстарының  ӛзара  байланысы  шеңберінде  тәрбие 

жұмысының  негізгі  бағыттарын  жүзеге  асыру  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 

дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы,  ұлттық  және 

жалпыадамзаттық  құндылықтар  негізіндегі  жоғары  кәсібилікті  қалыптастыруға  бағытталған 

Лиссабон Конвенциясы, Болон Декларациясы талаптарына сәйкес келеді. 

      «Болашақ»  университетіндегі  тәрбие  жұмысы  факультет  декандары,  топ  кураторлары 

басшылығымен жүзеге асырылады. Тәрбие жұмыстары құрылымының құрамына декандар мен 

олардың  орынбасарлары,  Жастар  ісі  жӛніндегі  комитет  тӛрағасы,  Факультет  Студенттік 

Кеңес тӛрағалары, факультеттердің аға тәлімгерлері, үйірмелер мен шығармашылық ұжымдар 




жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау