20
Аралық бақылауды ұйымдастыру мен ӛткізу жауапкершілігі Тіркеу офисіне жүктелген.
Мемлекеттік қорытынды аттестация студенттердің оқу деңгейін қорытындылау болып табылып,
бітірушілердің кәсіптік біліктілігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Қорытынды аттестацияның нәтижесі бойынша бітірушілер жоғары білім туралы диплом және
оқу кезеңіндегі академиялық кӛрсеткіш транскриптін қосымша алады.
Транскриптегі мәлімет әр семестр сайын жазылады. Мәліметтер компьютерге енгізіліп, әр
студентке компьютерлік файл ұсынылады.
Мемлекеттік білім гранты бойынша оқитын студенттерге аралық аттестацияның нәтижесі
бойынша барлық емтихандарын «А», «А-», «В+», «В», «В-» деген бағаларға тапсырған
жағдайда студенттік шәкіртақы тӛленеді.
Бітірушінің білім деңгейін ұйымдастыру барысында оқу кезеңіндегі барлық емтихандарын «А»,
«А-», «В+», «В», «В-» бағаларына тапсырған және нәтижесінде орташа балы 3,5-тен тӛмен емес
(оның ішінде 75% «А», «А-» бағасы болу керек), сонымен қатар дипломдық
жобасын «А», «А-» бағасына қорғаған бітірушіге үздік белгімен диплом беріледі.
Академиялық қарыз
Академиялық қарыз студент сессияға келмегенде, емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алғанда
немесе пән бойынша рейтинг нәтижесі тӛмен жағдайда туындайды.
Оқытушы емтиханға бір күн қалғанда, пән бойынша студентке қосымша балл қойғанда
(сессияны әртүрлі себептермен ұзарту кезінде), факультет деканының қолымен тіркеу кеңсесіне
«Рейтинг парағын» ұсынуға міндетті.
Студенттің рейтингтісін және оның оқу нәтижесін анықтауда мына келесі жағдайлар бойынша
мәртебесі анықталады:
- студент GPA балы жеткілікті болған жағдайда келесі курсқа кӛшіріледі;
- студенттің академиялық қарызы жоқ болып, бірақ та GPA балы жеткіліксіз болса, онда ол
қайта оқу курсына қалдырылады;
- студенттің GPA балы жеткілікті болғанымен, оның академиялық қарыздары болса, онда ол
келесі курсқа шартты түрде кӛшіріледі, бірақ академиялық қарызын жабуы керек.
- студент курсты қайта оқуға қалдырылады.
Егер мемлекеттік білім грантының иегері келесі курсқа ӛту балын жинаса, бірақ оның
академиялық қарызы болса да, ол келесі курсқа шартты түрде кӛшіріледі, ал академиялық
қарызын жабу үшін, аталған пән ақылы негізде қайтадан оқытылады.
Академиялық айырмашылықтарды жою
Академиялық айырмашылықтар тӛмендегідей жағдайларда туындайды:
- студенттің басқа оқу орнынан ауысып келуіне байланысты;
- студенттің басқа мамандыққа ауысуына байланысты;
- студенттің академиялық демалыста болуына байланысты;
- студенттің курсқа қайта қабылдануына байланысты.
Академиялық айырмашылықтарды жою оқу жылының жазғы семестрінде жүзеге асады.
Жазғы семестрде студент:
- кӛрсетілген курсты меңгеру мақсатымен сабаққа қатысуға;
- балды - рейтінгілік жүйе бойынша барлық тапсырмаларды орындауға;
- жоспарланған кредит мӛлшерін алу мақсатында қарастырылған бақылау түрлерін
тапсыруға міндетті.
Тіркеу офисі студенттің ӛтініші бойынша тӛмендегідей жағдайларды:
- академиялық айырмашылықтарды құрайтын пәндер тізімін;
- академиялық айырмашылықтарды жоюға қатысатын оқытушыларды анықтайды.
Студент оқитын курсына академиялық айырмашылықтарын жою үшін жазғы семестрге оқу
ақысын толық тӛлегеннен кейін жіберіледі.
Жазғы семестрді ұйымдастыру
Жазғы семестр академиялық қарыздар мен айырмашылықтарды жою үшін студенттердің
бастамасымен ақылы түрде ұйымдастырылады.
21
Жазғы семестрде оқуға тӛмендегі студенттер жіберіледі:
- семестрлік рейтинг қорытындысы бойынша емтиханға жіберілмегендер;
- басқа оқу орнынан ауысып немесе академиялық демалыстан қайта келгенде, академиялық
айырмашылықтары анықталған, бірақ оларды белгіленген мерзімде тапсырмағандар;
- емтиханда «қанағаттанарлықсыз» деген баға алғандар.
Жазғы семестрді рәсімдеу тӛменгі тәртіп бойынша жүзеге асады:
- студент жазғы семестр басталмай тұрып, Тіркеу офисіне жазғы семестрге қатысу
туралы негізделген ӛтініш береді;
- Тіркеу офисі топтың құрамын анықтайды;
- Тіркеу офисі мәселе оң шешілгенде және студент жазғы семестрдің ақысын тӛлегеннен
кейін жазғы семестрдің кестесін жасайды, оны оқу ісі жӛніндегі проректор бекітеді.
Жазғы семестр кезінде студент 12 кредитке дейінгі мӛлшердегі пәндерге жазыла алады.
Жазғы семестр баллды - рейтингілік жүйе бойынша ӛтеді.
22
3.1 Негізгі анықтамалар мен түсініктер
Студент – жоғары оқу орнының білім алушысы.
Намыс – жеке азаматтың адалдық, турашылдық, әділдік, шыншылдық сияқты жеке қасиеттерін
бағалаумен байланысты кешендің моралдық-этикалық және әлеуметтік түсінік.
Интеллектуал – интелекті жоғары дамыған тұлға.
Миссия – жауапты тапсырма, рӛл, жүктеме.
3.2 Негізгі ережелер
Білім алу үшін ӛзіміз таңдаған жоғары оқу орынының, атап айтқанда «Болашақ» университетін
құрметтей отырып, оқу орнының Жарғысының негізгі ережелерін бұлжытпай орындауға
міндеттенеміз. Жоғары оқу орны студенттерінің отанымыз Қазақстан Республикасының
интеллектуалды потенциалы екендігін және ата - бабаларымыздың жасап кеткен істерін ары
қарай жалғастыруымыздың, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев тарапынан
кӛрсетілген және белгіленген ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыруымыздың керек
екендігін түсіне отырып, біз ӛзімізге келесі міндеттемелерді қабылдаймыз:
● оқуға - біздің негізгі міндетімізге - жауапкершілікпен қарау;
● сапалы білім алуға ұмтылу, ӛзіміз таңдаған мамандық бойынша қажетті білімдер мен
дағдыларды, қасиеттерді меңгеру;
● ата-бабамыздың рухани және мәдени мұраларын меңгеру, себебі, ӛткенді білмей болашаққа
бару мүмкін емес;
● ӛз отанымыз Қазақстан Республикасын сүюді үйрену, оның саналы азаматы болуға ұмтылу
және отанымыздың бізге деген нық сенімін тудыру;
● ӛз денсаулығымызды сақтау мен оны нығайту, себебі, біздің әрқайсымыздың физикалық және
рухани жағдайымыздың келешек ұрпақтың денсаулығына, Отанымыздың қуаты мен байлығына,
ӛсіп ӛркендеуіне, аға ұрпақтың дұрыс қаматамасыз етілуіне әсер ететіндігін дұрыс түсінеміз.
Жоғарыда атап ӛтілгендерді ескере отырып, біз осы Кодекс аясында ЖОО студенттеріне
жүктелген міндеттемелер мен құқықтарымен толық келісеміз:
1. Мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес жоғары білім алу;
2. Келісім шарттар бойынша қосымша білім беру қызметтерін алу;
3.Ӛзінің адамгершілік қасиеттерін сақтауға, ар намыс еркіндігіне, ӛзінің жеке пікірлері мен
түсініктерін еркін баяндауға;
4.ЖОО-ның барлық мәселелері бойынша талқылауға, соның ішінде қоғамдық студенттік
ұйымдар мен ЖОО басқару органдары арқылы, қатысуға;
5. ЖОО кітапханалары мен ақпараттық орталықтарының, электрондық ресурстар
орталықтарының қызметтерін, емдеу мекемелерінің қызметтерін және басқа да қызметтерді
тегін пайдалануға;
6. Барлық түрдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференциялар мен симпозиумдарға,
мәжілістер мен конкурстарға қатысу мүмкіндігін пайдалануға;
7. Оқытушылардың сабақ ӛту сапасы мен тәсілдері туралы ӛз пікірлерін, сонымен қатар оларды
жетілдіру бойынша ұсыныстарын ашық айтуға;
8. Студенттік ӛзін ӛзі басқару органдарын және студенттік қоғамдық ұйымдарды құруға;
9. Тиісті факультеттер мен кафедралар бойынша таңдау (аталған мамандық бойынша міндетті
емес) және элективті (міндетті түрде таңдалатын) курстарын оқуға;
10. ЖОО қабырғасында, тәрбие жұмыстары мен студенттердің демалысын ұйымдастыру
шеңберіндегі шараларға еркін қатысуға;
11. Оқу жоспарларында, оқу процесінің кестесінде қарастырылған барлық міндетті
тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауға және тапсыруға;
12. Ӛздерінің мәдени және рухани деңгейлерін кӛтеруге, ӛздері оқитын ЖОО-ның мәртебесін
арттыруға;
3. СТУДЕНТТІҢ АР – НАМЫС
КОДЕКСІ
23
13. Жеке азаматтардың ар-намыстарын құрметтеуге, ЖОО оқытушылары мен студенттердің
жеке пікірлерімен санасуға;
14. ЖОО-ның мүлкін қорғауға, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, жатахқаналарда тұру
ережелерін сақтауға;
15. Студенттердің ӛз қылықтары мен қимылдарына ӛздерінің жауап бере алатындықтарын
ескере отырып, ӛздерінің қимыл әрекеттерінен бӛтендерге зәбір кӛрсету, оларға күш кӛрсету,
ӛзгені құрметтемеу, сыйламау, басқалардың мүлкі мен заттарын ұрлау сияқты іс-әрекеттерді
(соның ішінде дӛрекі сӛйлеу мен қимылдау, айқайлау, түкіру және т.с.с.) болдырмау;
16. Студенттердің академиялық ар намысы мен абыройын сақтау, тӛмендегілерге жол бермеу:
● академиялық жұмыстарды орындау мен аралық немесе қорытынды бақылау барысында ӛзіне
кӛмектесу мен басқа біреуге кӛмектесу мақсатында мәліметтер алудың кӛшіру, заңсыз
материалдарды пайдалану сияқты заңсыз әрекеттеріне бармау;
● бӛгде біреулердің идеялары мен ойларын ұрлау немесе оларды ӛзінің жұмыстарының
нәтижелері ретінде кӛрсету немесе пайдалану;
● тәртіп бұзудың басқа да заңсыз әрекеттеріне бармау: құжаттар мен мәліметтерді қолдан жасау,
жалған сӛйлеу, кӛшіру, мәліметтерді (соның ішінде компьютерлік) рұқсатсыз, ӛзгерту немесе
пайдалану;
● ӛздеріне жүктелген міндеттерді орындай отырып, ӛздеріне берілген құқықтар шеңберінде
студенттер марапатталуы мүмкін. Ол үшін университетте марапаттаудың әртүрлі формалары
мен түрлері, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысы тағайындалуы
мүмкін;
● ӛздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін студенттерге әртүрлі шаралар да
қолданылуы мүмкін: ескерту, сӛгіс, қатаң сӛгіс, ЖОО Жарғысын орындамағаны үшін
университеттен шығару
3.3 Студенттердің міндеттері мен құқықтары
Студенттің міндеті:
1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының толық кӛлемінде кәсіптік білім
алуға, біліктілік пен практикалық дағдыларды игеруге, оқу жоспары мен сабақ кестесіне сай
жүйелі түрде сабаққа қатысуға;
2. Дәлелді себептермен сабаққа қатыса алмаған жағдайда, университетті ӛзі немесе туысқандары
арқылы хабардар етуге;
3. Науқастануға байланысты сабақтарға қатыспаған жағдайда университетке дәлелді себептерді
растайтын анықтама құжаттарын тапсыруға;
4. Кӛрсетілген уақытта және мӛлшерде (инфляцияға байланысты ӛзгерістер енуі мүмкін) шартқа
және 1 қосымшаға сәйкес оқу ақысын тӛлеуге. Қажет болса білім беруге жұмсалған қосымша
шығындарды қоса тӛлеуге;
5. Ішкі тәртіп ережесіне сәйкес ішкі оқу тәртібі мен міндет талаптарын сақтай отырып («Білім
туралы» Заңының 47-бап, 14 тармағы, 2007 жылғы 27 шілде №319-III-ҚРЗ ) оқу ісін реттеу
тәртіптері мен тазалық. Техникалық. ӛртті сӛндіру қауіпсіздігіне қатысты Қазақстан
Республикасының Заңнамасында тікелей немесе жанама түрде кӛрсетілген талаптарды
орындауға;
6. Университеттің іскерлігін және беделін құрметтеуге, университет туралы жағымсыз ақпарат
таратпауға;
7. Кітапханадан алған әдебиеттерді уақытылы қайтаруға, егер уақытында қайтармаса,
университеттің ішкі тәртіптік құжаттарына сәйкес ӛсім ақы тӛлеуге;
8. Бір оқудан басқа оқуға ауысқысы немесе қайтадан оқуға қабылданғысы келсе, оқуға
қабылданғандығы туралы бұйрық шыққан күннен жеті күн ішінде пән айырмашылықтарын
ӛтеуге байланысты шығынды тӛлеуге;
9. Университеттің қоғамдық ӛміріне, ғылыми жұмыстарға белсене қатысуға, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Заңнамасында университеттің ішкі құжаттарына кӛрсетілген
талаптарды орындауға;
10. Университеттің мүліктерін ұқыпты сақтауға, оны тиімді пайдалануға, оқуға қолайлы жағдай
жасауға белсенділік танытуға;
24
11. Университет мүлігіне толық немесе ішінара залал келтірсе мүліктің толық құнын тӛлеуге,
оған қоса үстеме 10% айып ақысын тӛлеуге;
12. Университеттің оқытушылары мен қызметкерлеріне құрметпен қарауға;
13. Әскери есепке тұру ережелерін сақтауға;
14. Отбасылық жағдайы, тұрған жері, телефоны ӛзгерсе, үш күн мерзім ішінде ӛзгерістер туралы
хабардар етуге;
15. Университеттің ӛкімдері мен бұйрықтарын, Жарғысымен ішкі тәртіп ережелерін, осы
шарттың талаптарын орындауға.
Студенттің құқықтары:
1. Оқудың бір түрінен екіншісіне, бір оқу орнынан басқа оқу орнына ауысуға, сонымен қатар
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіп бойынша ақылы оқу түрінен мемлекеттік
білім беру тапсырысы жолымен оқуға ауысуға;
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен басқада тиісті мемлекеттік
ұйымдар белгілеген тәртіп бойынша денсаулығына байланысты академиялық демалыс алуға;
3. Қазақстан Республикасының Заңнамаларында қаралса, әскер қатарына шақырылуын кейінге
қалдыруға;
4. Оқу ақысын бүкіл оқу кезеңіне бір мезгілде толық тӛлесе онда тӛлем сомасы оқу мерзімі
аяқталғанға дейін ӛзгермейтін болады;
5. Оқуға тӛлемді кезең-кезеңмен тӛлеуге. Онда тӛлем сомасы жалақының ұлғаю жағдайында
және инфляция индексіне сай жылына бір реттен жиі емес ӛзгертілуі мүмкін;
6. Қосымша ақы тӛлеу арқылы мемлекеттік стандарттық білім беру қызметінен басқа қосымша
білім алуына;
7. Университеттің шешімімен жеке оқу жоспарымен немесе жеделдетілген бағдарламамен
шартқа қосымша тіркемемен белгіленіп қосымша білім алуға;
8. Кітапхана қорындағы және оқу залындағы ғылыми, оқу-әдістемелік және кӛркем
әдебиеттерді, техникалық құралдарды еркін пайдалануға;
9. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен академиялық демалыстан кейін
университетке кайта қабылдануға;
10. Студенттердің ӛзін-ӛзі басқару ұйымына қатысуға.
Ақылы білім берудің тәртібі мен мӛлшері
1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының кӛлемінде ақылы негізде оқу үшін
тӛлем ақы теңгемен тӛленеді;
2. Тӛлемақы жалақының ӛсуіне, инфляциялық жағдайға байланысты әр жыл сайын бекітіліп
отыруға;
3. Тӛлемақыны бүкіл оқу кезеңіне бір мезгілде немесе кезең-кезеңмен тӛлеуге болады;
4. Тӛлемақыны бүкіл оқу кезеңіне бір мезгілде толық тӛлесе, тӛлем сомасы оқу мерзімі
аяқталғанға дейін ӛзгермейді (ҚР білім беру туралы Заңы 63-бап,6-тармақ);
5. Тӛлемақы кезең-кезеңмен тӛленсе, тӛлем жалақының ұлғаю жағдайында және инфляция
индексі ескеріле отырып жылына бір реттен жиі емес ӛзгертілуі мүмкін (ҚР білім беру туралы
Заңы 63-бап,6-тармақ);
6. Мемлекеттік ӛкілетті ұйымының Университетті қаржылық жағдайына кері әсер ететін
актілерінің шығуына орай немесе инфляцияға байланысты баға күрт ӛссе, басқа да күтпеген
жағдайлар қаржылық жағдайына кері әсер ететін болса, тығырықтан шығу үшін университет
тӛлемақыны оқу жылының ішінде бір жақты ӛзгертуі мүмкін;
7. Тӛлемақы ӛзгерген жағдайда осы шартқа қосымша жасалынады. Оқу ақысының ӛсу мӛлшері
жалақы мен инфляция индексінің ӛсуінен асуына тиіс;
8. Тӛлемақы университеттің есеп шотына аудару арқылы тӛленеді;
9. Басқа оқу орнынан ауысып келген студент оқу ақысын ректордың сабаққа қатысуына рұқсат
бергені туралы бұйрығы шыққаннан кейін тӛлейді;
10. Кезекті тӛлемақы уақытында тӛленбесе, студент аралық, қорытынды бақылауға
жіберілмейді, одан кейін оқудан шығарылады. Бұл жағдайда ол оқыған кезеңдерінде жиналып
қалған оқу ақысының шығыны мен қосымша шығындарды тӛлеуге міндетті;
25
11. Студент басқа жоғары оқу орнынан ауысқан немесе қайта қабылданған жағдайда пән
айырмашылығын тапсыру кезіндегі шығындарды қосымша тӛлеуге міндетті;
12. Студент тӛлемақыны тӛлемегені үшін немесе толық тӛлемегені үшін оқудан шығарылған
болса, оқу ақысын толық мӛлшерде тӛлеген жағдайда, оқу орнына кайта қабылдануға құқығы
бар;
13. Студент сабақтан қанағаттанарлықсыз баға алса, себепсіз курс жұмысын қорғауға
уақытында қатыса алмаса, аралық бақылауды, сынақ емтихандарды қайта тапсырса осыған
кеткен қосымша шығындарды тӛлеуге міндетті;
14. Студент оқу үшін тӛлемақысын тӛлемесе, сессияға жіберілмейді, кейін оқудан шығарылады,
тӛлемақыны тӛлемеген жағдайда жиналған қарызы қолданыстағы Қазақстан Республикасы
заңдарына сәйкес ӛндіріліп алынады;
15. Осы шартты орындамаса, не толық орындамаса жақтар Қазақстан Республикасының
Заңнамалары талаптарына сай жауапкершілікке тартылады;
16. Тӛлемақыны тӛлеу туралы шарттың күші студенттің оқудан шығуы туралы бұйрық шыққан
күнге дейін сақталады;
17. Студенттер ӛз міндеттерін бұзған жағдайда арнайы шаралар қолданылады.
3.4 Студенттердің университеттегі тәртіп ережелері
Университетте студенттердің тәртіп ережелері университеттің ішкі тәртіп ережелері аясында
жасалынған.
Университетте сабаққа кешігу және келмеу Ережені дӛрекі бұзу болып табылады. Белгілі
себептермен сабаққа келмеу, қоғамдық іс-шараларға қатыспау құжатты түрде расталуы керек.
Студенттер сабаққа қоңырау соғылғанға 1,5-2 минут қалғанға дейін оқу дәрісханасынан орын
алып, оқу сабағына дайын болу керек. Әрбір студент берілген 50 минут оқу сабағын тиімді
пайдалануы тиіс.
Топ старостасы әр күнге кезекшілер тағайындайды. Студенттерден кейін дәрісхана келесі
сабаққа таза күйінде қалу керек.
Студенттер оқытушы дәрісханаға кіргенде, орындарынан тұрып амандасады, оның рұқсатымен
ғана ӛз орындарына отырады. Студенттер университеттің ішкі тәртіп ережесін сақтауға, темекі
тартпауға, қатты сӛйлемеуге, ішімдік ішпеуге, оқытушыларға, курстастарына жылы сӛйлеуге,
сабақ уақытында ұялы телефондарын ажыратып қоюға міндетті.
Студент асхана мен буфеттерде арнайы бекітілген тәртіп бойынша қызмет кӛрсетуші
құрамдармен сыпайы болуға, жеке гигиенаны сақтауға және оның нормаларымен жүруге,
тамақтану мәдениетінің талаптарын ұстануға міндетті.
Университеттің ішкі тәртіп ережелерін бұзған студенттерді оқудан шығаруға факультет деканы
университет ректорына ұсыныс жасайды.
26
Басуға 31.08.2016 жылы қол қойылды.Пішімі 84/108 Кӛлемі 1,6 б.т.
Офсетті қағаз. Сандық басылым.Тапсырыс №201
Таралымы 1000 дана.
Қызылорда «Болашақ» университетінің баспаханасы
120000, Қызылорда қаласы,
Абай даңғылы 31 А
«Болашақ» университеті баспаханасында басылды.
© «Болашақ» университетінің баспаханасы, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 31
© Типография университета «Болашак», г. Кызылорда, пр. Абая, 31
Document Outline - SUB300
- z557
- z13
- z16
- z19
- z20
Достарыңызбен бөлісу: |