Электрондық кестелердегі математикалық логика. Оқу- шылар математикалық логикамен информатиканың негізгі курсында электрондық кестелерді (ЭК) оқытуда кездеседі. Электрондық кестелердің тілін берілген есептерді шешуге арналған программалаудың өзіндік бір кестелік тілі ретінде түсіндіруімізге болады. ЭК-де жүзеге асатын есептеуіш алгоритмдер сызықтық құрылымға ғана емес, сонымен қатар тармақталған тіпті циклдік (итерациялық циклдер) құрылымдарға да ие бола алады. ЭК- де тармақталған құрылым шартты функция арқылы жүзеге асады. Шартты функцияның жазба формасы көбінесе кестелік процессордың типіне тəуелді болады. Егер торға шартты функция енгізілсе, онда оның есептелінген нəтижесі берілген логикалық
өрнектің шартына қарамастан экранға шығарылады. Əдетте шартты функция мынандай құрылымда болады:
IF(шарт, 1-əрекет, 2-əрекет).
Мұнда «шарт» – логикалық өрнек. Егер шарт ақиқат болса, онда
1-əрекет орындалады, əйтпесе 2-əрекет орындалады.
Қарапайым логикалық өрнек өзара байланысты ұсынады (бұл ұғым мəліметтер қорында қолданылады). Күрделі логикалық өрнек логикалық амалдардан тұрады. Электрондық кестелер үшін логикалық өрнектің ерекшелігі логикалық операциялар функция ретінде қолданылуында, алдымен логикалық амалдардың аты жа- зылады: ЖƏНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС (AND, OR, NOT), содан кейін дөңгелек жақшаның ішіне логикалық амалдар жіктеледі. Мысалы, AND (А1 > 0, А1 < 1) логикалық өрнегі 0 < А1 < 1 теңсіздігінің математикалық жүйесіне сəйкес келеді.
Логикалық формулалар ЭК ұяшықтарында шартты функцияның қолдануынсыз өзімен-өзі орналаса алады. Мұндай жағдайда осы ұяшықта АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН мəндері көрсетіледі. Мысалы, егер талапкердің қорытынды емтиханнан жинаған баллдарының қосындысы С6 ұяшығында сақталып, ал институтқа өту балы 14-ке тең болса, онда С6>=14 формуласын D6 ұяшығына орналастырып, біз осы ұяшықтан егер талапкер институтқа түскен болса АҚИҚАТ мəнін, ал түскен жоқ болса ЖАЛҒАН мəнін аламыз.
Программалаудағы математикалық логика. Қазіргі жоғары деңгейдегі процедуралық программалау тілдерінің көбісінде негізгі логикалық операциялар жүзеге асырған мəліметтердің логикалық типтері қолданылады. Бұл əдістерді қолдану күрделі логикалық есептерді ЭЕМ-да шешуге, жасанды интеллекттің программалау жүйесінде адамның ойлау логикасын модельдеуге мүмкіндік береді. Математикалық мағынадағы есептерді шешу программасын-
да логикалық өрнектер көбінесе теңсіздіктер жүйесін сипатта- уда қолданылады. Мұндай типтегі есептерді шешуде оқушылар ең алдымен математикалық білімін көрсету керек, содан кейін математикалық қатынастарды логика тіліне аударып жəне есептің шешімдерін программалау тілінде көрсете алуы тиіс. Есептеуіш программалардағы логикалық өрнектер тармақталған жəне циклдік операторлардың шартты бөлімінде қолданылады.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:
операциялар калай орындалатынын, логикалық өрнектерді есептеу жəне жазу ережелерін білуі керек;
пікірлердің (логикалық өрнектердің) ақиқаттығын анықтауды, ЖƏНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС негізгі логикалық амалдарды қолданып логикалық өрнектерді жазуды үйренуі керек;
логикалық ойлаудың дамуы үшін алынған білім жəне біліктіліктерін күнделікті өмірдегі тəжірибелік іс-əрекетінде пайдалана білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |