Тақырыпты оқытуға əдістемелік нұсқаулар
Қарастырылатын сұрақтар:
Логикалық шамалар, амалдар, өрнектер.
Деректер қорындағы математикалық логика.
Электрондық кестелердегi математикалық логика.
Программалаудағы математикалық логика.
Математикалық логиканың негізгі ұғымдары. Математика- лық логиканың негізгі ұғымдарына келесілер жатады.
Пікір (ой-пікір) – ақиқат немесе жалған екенін тұжырымдауға болатын, мағынасы бойынша аяқталған сөйлем. Пікірлер ақиқат немесе жалған болуы мүмкін.
Логикалық шамалар – АҚИҚАТ, ЖАЛҒАН (true, false) сөздерін білдіретін ұғымдар.
Логикалық өрнектер – күрделі немесе қарапайым пікірлер. Күрделі пікірлерге логикалық амалдар қолданылады. Формальданған түрде жазылған (жақшаларды, операция белгілерін, айнымалыларды, тұрақтыларды қолданып) логикалық өрнектерді логикалық формулалар деп атайды.
Логикалық амалдар – математикалық логикада бес негізгі логикалық операциялары анықталған: конъюнкция (логикалық көбейту), дизъюнкция (логикалық қосу), логикалық терiске шығару (инверсия), импликация, эквиваленттілік. Бұлардың алғашқы үшеуi амалдардың толық жүйесiн құрайды, қалған амалдар солардың салдары арқылы бейнелене (жүйелене) алады. Əдетте информатикада осы үш амал қолданылады.
Оқушылар логикалық амалдарды орындау ережелерін, логикалық өрнектердің ақиқаттық кестесін құруды білуі керек.
Мəліметтер қорындағы математикалық логика. Оқушылар информатиканың негiзгi курсын оқуда «Мəліметтер қоры» тақырыбында математикалық логиканың элементтерiмен бірінші рет кездеседi. Реляциялық МҚ-да логикалық шамалар логикалық типтегі өрiстер болып табылады. Логикалық типтегі өрістер басқа типтегі өрiстермен қатар қолданылады жəне оқушылар оларды ажырата білуді үйренуi керек.
мысал. ФАКУЛЬТАТИВТЕР реляциялық мəліметтер қорында геология, гүл өсіруші, би факультативтері бойынша оқушылардың қатысуы туралы мəліметтер бар. Оның құрылымы реляциялық тілде былай көрсетіледі:
ФАКУЛЬТАТИВТЕР (ОҚУШЫ, ГЕОЛОГИЯ, ГҮЛ ӨСІРУШІ, БИ).
ГЕОЛОГИЯ, ГҮЛ ӨСІРУШІ жəне БИ өрістері логикалық типте болады. Əрбiр өрiс үшiн АҚИҚАТ белгісі оқушылардың осы факультативтерге қатысқанын білдірсе, ал ЖАЛҒАН белгісі қатыспағанын білдіреді.
Логикалық өрнектер мəліметтер қорының сұраныстарында ақпаратты іздеу шарты ретінде қолданылады. Мəліметтер қорында қолданылатын логикалық өрнектердің анықтамасын былай
басқаша айтуымызға болады: логикалық өрнектер – бұл мəліметтер қорындағы өрістердің маңызы туралы пікір, бұл əр түрлі жазбаларға қатысты жалған немесе ақиқат болатын пікір.
Негізгі мəселе – оқушыларды іздеу шарттарын логикалық өрнектер түрінде формальды ұсынуға үйрету. Мысалы, «бесінші сөреден жоғары жатқан барлық кітапты табу» сөйлемінен СӨРЕ>5 логикалық өрнегіне өту керек немесе «физика бойынша барлық үлгермей қалғандарды таңдау» шартын ФИЗИКА<3 түрінде көрсету немесе «жаңбыр жауған барлық күнді таңдау» сөйлемін ЖАУЫН- ШАШЫН=жаңбыр түрінде ұсыну.
Күрделі шарттарды іріктеулерде логикалық амалдар қолданылады. Шарттардың дұрыс жазылуы үшін амалдардың үлкендігін ескеріп, жақшаларды дұрыс қойып шығу керек.
мысал. КІТАПХАНА мəліметтер қорында жеке кітапханадағы кітаптар туралы мəліметтер қаралады. Оның құрылымы келесідей болады:
КІТАПХАНА (НӨМІР, АВТОР, АТАУ, ЖЫЛ, СӨРЕ)
2-ші сөреден 5-шi сөреге дейін орналасқан М. Əуезов пен М. Мағауиннің барлық кiтаптарын таңдау керек. Логикалық өрнек осы- лай жазылады:
(АВТОР = «М.Əуезов» немесе АВТОР = «М.Мағауин») жəне
СӨРЕ>=2 жəне СӨРЕ<=5.
3>
Достарыңызбен бөлісу: |