Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


Логика тілі жəне оның негізгі курстағы орны



жүктеу 5,38 Mb.
бет95/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Логика тілі жəне оның негізгі курстағы орны




Оқу əдебиеттеріндегі тақырыпты ашу тəсілдері


Логика – басқа пікірлердің негізінде бір пікірдің ақиқат не- месе жалғандығын анықтау əдістерін оқытатын ғылым. Логика ғылымының негізін б.з.б. IV ғасырда ежелгі грек ғалымы Аристо- тель қалады. Аристотельдің қорытынды пікірлерінің ақиқаттық ережелері (силлогизмдер) XIX ғасырдың 2-ші жартысына дейін Дж. Бульдің, О.Де Морганның жəне басқа да ғалымдардың еңбектерінде математикалық логика пайда болып жатқан кезде де логика ғылымының негізгі құралы болып қала берді. Логиканың барлық бұрынғы табыстары осы жаңа ғылымның құралдарымен нақты математикалық тілге аударылды. Логика алгебрасы (Буль алгебрасы), пікірлерді есептеу, предикаттарды есептеу аппараттары даму үстінде. Математикалық логиканың дамуы барлық математикалық ғылымдар үшін оның қатаңдығы мен дəлдігінің деңгейін жоғарылатуда өте маңызды болды.


Логика информатиканың математикалық маңызын құрайтын пəндердің біріне жатады. Информатиканы оқыту курсында оқушыларды математикалық логиканың элементтерімен таныстыру келесі:

  • процедура-алгоритмдік;

  • логикалық программалауда;

  • схемотехникалық аспектілерде жүргізіледі.

Бірінші аспектіге процедура түріндегі программалау тілінде, сонымен қатар электрондық кестелермен, мəліметтер қорымен жұмыс жасауда логикалық шамалар мен логикалық өрнектерді қолдану жатады. Тармақты алгоритмдік құрылымды іске асыратын шартты операторларда, шартты функцияларда логикалық өрнектер қолданылады. Сонымен қатар мəліметтер қорында ақпараттарды іздеу сұраныстарында да логикалық өрнектер қолданылады. Про- граммаларда логикалық шамаларды қолдану күрделі логикалық есептерді, «жұмбақтарды (бас қатырғыларды)» тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Мектеп информатикасында алғаш рет логикалық программалаудың, Пролог тілінің элементтері оқулықтарға енгізілді [17]. Автордың тұжырымдамасы бойынша мектеп
информатикасының басты міндеттерінің бірі оқушылардың жеке пайымдай алуын, дəлелдей алуын, айғақтар мен дəлелдерді дұрыс пайдаланып, берілген шешімдерді негіздей алуын, логикалық ойлауын дамыту болып табылады. Өзімізге белгілі логикалық программалаудың парадигмасы процедуралық парадигманың баламасы болып табылады. Прологтың қорытынды механизмінде предикатты есептейтін аппарат қолданылады. Білім беру стандарты мен информатиканың бағдарлама жобасында логикалық программалау жəне білімді модельдеу тақырыптары мүлдем айтылмайды.
Схемотехникалық аспектісіне екілік ақпараттарды сақтау мен өңдеу үшін арналған компьютер элементтерінің логикалық схемалары: вентилдер, сумматорлар, триггерлер жатады. Осы тақырыпты оқытуда оқушылардың назарын компьютердің ішкі тілінің негізі буль алгебрасы, логика тілі болып табылатын жағдайға аудару керек. Бұл екі жағдаймен байланысты: біріншіден, компьютердің ішкі тілі жəне логиканың тілі екілік алфавитті (0 жəне 1) пайдаланады; екіншіден, процессор тілінің барлық командалары ЖƏНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС деген үш логикалық амалдар арқылы жүзеге асады.
8-сынып информатикасында логика негізі жəне компьютердің логикалық негізі сұрақтары қарастырылған [4]. Атап айтқанда, логиканың негізгі түсініктері жəне логикалық амалдар туралы теориялық мағлұматтар беріліп, сəйкесінше тəжірибелік жұмыстар ұсынылған.



жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау