Дыбыстық ақпараттарды ұсыну. Дыбысты ұсыну тақырыбы негізгі курс бойынша оқулықтардың мазмұнына енді. Бұл тақырып мультимедиа технологияның теориялық негiздерiне жатады. Дыбыстық ақпараттың аналогтық түрде сақталуына винилды күйтабақ (дыбыстық жолақ өз формасын үздіксіз өзгертіп отыра- ды), ал дискреттік түрде сақталуына – аудиокомпакт-диск (оның дыбыстық жолағы түрлі бейнелеу мүмкіндігі бар бөліктерден тұрады) мысал бола алады.
Қазіргі заманғы компьютерлер дыбысты ойнатып (сөйлеуді, му- зыканы т.б.) жəне сақтай «алады». Дыбыс кез келген басқа ақпараттар сияқты екілік код түрінде ЭЕМ жадында ұсынылады.
Дыбысты кодтаудың негiзгi принципі кескінді кодтаған сияқты «дискреттеу» сөзімен айқындалады. Дискреттеу – бей- не мен дыбыстың үздіксіз сигналдарын, олардың əрқайсысына оның кодының мəні меншіктелетін, дискреттік мəндер жиынына түрлендіру болып табылады [3].
Дыбыстың физикалық түп негізі – бұл нақты жиiлiктер ауқымында дыбыс толқынымен ауа арқылы (немесе басқа серпiмдi ортаны) берiлетiн тербелiстер. Компьютердiң жадында дыбыс толқындарын екiлiк кодқа түрлендіру үдерісі:
дыбыс толқыны МИКРОФОН айнымалы электр тогы
АУДИОАДАПТЕР екілік код ЭЕМ ЖАДЫ.
ЭЕМ жадында сақталған дыбыстық ақпараттарды жаңғырту үрдісі:
ЭЕМ ЖАДЫ екілік код АУДИОАДАПТЕР
электрлік сигнал ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕ дыбыс толқыны.
Аудиоадаптер – дыбыстық жиіліктің электр тербелістерін ды- бысты енгізуде сандық екілік кодқа түрлендіру үшін жəне дыбысты
жаңғыртуда кері түрлендіру (сандық кодтан электр тербелістеріне) үшін арналған компьютерге қосылған арнайы құрылғы.
Аудиоадаптер дыбысты жазу үдерісінде белгілі бір уақытта электр тогының амплитудасын өлшейді жəне алған шаманы екілік код тізіміне енгізеді. Содан кейін тізімнен алынған код компьютердің оперативті жадына жазылады. Компьютерлік дыбыстың сапа- сы аудиоадаптердің сипаттамалары дискреттеу жиілігімен жəне разрядтылығымен анықталады.
Дискреттеу жиілігі – бұл 1 секундта кіретін сигналдың өлшеу саны. Жиiлiк герцпен (Гц ) өлшенеді. 1 секундта бiр рет өлшеу 1 Гц жиiлiкке сəйкес келедi. 1 секундке 1000 рет өлшеу – 1 килогерцті (кГц) береді. Аудиоадаптерге тəн дискреттеу жиiлiктерi: 11 кГц, 22 кГц, 44,1 кГц жəне т.б.
Тізімнің (регистр) разрядтылығы (дəрежелiгі) – аудиоадаптер тізіміндегі бит саны. Разрядтылық кiретiн сигналдың өлшеу дəлдiгiн анықтайды. Разрядтылық артқан сайын электрлiк сигналдың шама- сын санға жəне кері, санды электрлік сигналдың шамасына əрбiр жеке түрлендіруде қателiк азаяды. Егер разрядтылық 8(16 )-ға тең болса, онда кіретін сигналды өлшеу кезінде əр түрлi мəндер 2s =
256 (216 = 65536) алынуы мүмкін. Əлбетте 16-разрядты аудиоа- даптер 8-разрятыққа қарағанда дыбысты дəлірек кодтайды жəне жаңғыртады.
Дыбыстық файл – дыбыстық ақпараттарды сандық екілік түрінде сақтайтын файл. Əдеттегiдей, дыбыстық файлдардағы ақпарат қысылуға ұшырайды.
Мысалы. Дыбыс шығару ұзақтығы 10 секунд, дискреттеу жиiлiгi 22,05 кГц жəне 8 бит мүмкіндігін құрайтын цифрлық аудиофайлдың көлемін (байтпен) анықтау. Файл қысылуға ұшыраған емес.
Жауабы. Цифрлық аудиофайлдың көлемін (байтпен) есептеу үшiн берілген формула: (монофониялық дыбыс шығару): (дискрети- зация жиiлiгi, Гц)×(жазба уақыты, с)×(рұқсат, бит)/8.
Қорыта айтқанда, файлдың көлемі осылай есептелінеді: 2205010´8/8 = 220500 байт.
Достарыңызбен бөлісу: |