Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


Информатиканы өнімді оқыту əдістері



жүктеу 5,38 Mb.
бет56/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Информатиканы өнімді оқыту əдістері


Оқыту əдістері – білім беру мақсатына жетуге бағытталған, мұғалім мен оқушының бірлескен іс-əрекеттерінің тəсілдері. Педагогика ғылымында оқытудың əртүрлі жіктемелері жасалған


[9,10,11,3,4]. Оқыту əдістерін таңдап алу: оқу пəнінің мақсатына, пəннің ерекшелігіне, оқушылардың мүмкіндіктеріне, оқыту құралдарына жəне т.б. байланысты анықталады. Тұлғаға-бағыттап оқыту жағдайында информатиканы оқыту əдістерін таңдаудың негізгі факторы оқушылардың өнімді іс-əрекеттерін ұйымдастыру мəселесі болып табылады. Оқушылардың өз бетінше (самостоятельность) жəне ойлау белсенділіктерінің көрсеткіштері бойынша оқыту əдісінің екі: өнімсіз жəне өнімді топтарын бөліп көрсетуге болады.
Оқыту əдістері жеке элементтерден – əр түрлі əдістерде қолданылтын əдістемелік тəсілдерден жинақталады. «Мен сияқты жаса!» қағидасы (оның негізіне өнімсіз əдіс жатады) алгоритмдеу негіздері мен программалауды оқытуда, программалық құралдарды функционалдық толықтыруда табысты іске асырылады. Жергілікті желінің мүмкіндіктері, интерактивтік тақтаның болуы іс-əрекет тəсілдерін көшіру идеясын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, бірақ бұл жағдайда білім беру үдерісінің соңғы түпкі ойы «Мен сияқты жаса!» қағидасынан «Өзің жаса!» нұсқауына өту екендігін ұмытпау қажет.
Өнімсіз əдіс – оқушы мұғалімнің үлгісі бойынша жұмыс істейді. Оған əңгіме, түсіндіру, дəріс, демонстрация, оқулықпен, компьютермен жұмыс жəне т.б. жатады. Бұл əдіс информатика сабағында программалық-жаттықтырушы (пернетақталық жаттықтырушы), оқыту, бақылау программаларымен жұмыс жасағанда, кіріспе жаттығулар программалық құралмен алғаш танысқан кезде, яғни мұғалімнің жетекшілігімен жаттығу орындаған кезде қолданылады.
Мысалы, графикалық редактормен жұмыс істеуді түсіндіріп, демонстарция жасағаннан кейін оқушылар сызық, қисық сызық, шеңбер жəне т.б. сəйкес шартбелгілердің көмегімен салып көреді.
Мысалы, оқушылар мəтіндік редакторды жүктегеннен кейін жəне өз файлдарын шақырғаннан кейін меңзерді экранның нүктесіне қойып, пернелерге немесе пернелер комбинациясына баса отырып, экранның қалпын бақылайды да, өздерінше қорытынды жасап, оны дəптерлеріне жазады.
Өнімді оқыту əдістерінің тобына: проблемалық мазмұндау, жартылай-іздену (эвристикалық), зерттеушілік, қателер əдісі, жо- балар əдісі т.б. жатады. Өнімді əдістердің ерекшеліктері іздеу есебі сияқты бар оқу проблемасы болып табылады, оны шешу үшін жаңа білім өнімін (креативтік нəтиже) алуда оқушыларға жаңа білім қажет.
Танымдық есеп түрінде мұғалім қойған проблеманы шешу үшін оқушылар белсенді түрде жұмыс істейді. Немесе мұғалім оқушының алдына проблема қояды жəне оны шешу жолдарын көрсетеді, оқушылар проблеманы шешу үшін əрекет жасайды.
Мысалы. Оқушыларға электрондық кестемен жұмыс жасағанда мынадай проблема қояйық. Мектеп жəрмеңкесінде өздерінің жасаған заттарын сату керек болсын. Сатқанда Х теңге алынуы керек болсын. Оқушылар осы ақшаны жасаған затын сату барысында қалай өндіріп ала алады?
Ол үшін мыналарды анықтап алу керек:

  1. əр тауарға қандай баға қою керек;

  2. тауардың қанша түрін қандай бағамен сату керек?

Алдымен оқушылар электрондық кестені толтырып алады: тақырыбын көркемдеп жазады, қажетті бағаналарды мəліметтермен толтырады (тауардың саны мен олардың бағасын енгізеді). Со- сын проблеманы шешуге кіріседі. Талап етілген нəтижені алу үшін енгізілген мəліметтерді бірнеше рет өзгертеді, аралық қосынды мен соңғы нəтижені талдайды.
Информатика сабақтарында проблемалық мазмұндауды қолдану көбінесе қоршаған болмысты тануға бағдарланған оқушылардың ақпарат, ақпараттық үдерістер, жүйелер, технологиялар мен модельдер жайлы ғылыми түсініктерінің негізін құраушы білім жүйелерін меңгеруге бағытталған. Бұл əдіс бастауыш мектепте информатиканы оқыту кезеңінде бірін-бірі толықтырушы екі əдістемелік тəсілді: көңiл ортақтығы (эмпатия) (ойлау қабілетін жəне құбылысты əртүрлі көзқарас тұрғысынан түсінуді дамытады) жəне
«мағыналық көріну» (нысанның мəнін түсінуге мүмкіндік береді) қолданғанда іске асырылуы мүмкін. Мысалы, компьютер үшін мəтін

  • символдар тізбегі екені жайлы нақты түсінік қалыптастыру талап етілгенде [12, б. 173].

Жартылай-іздену əдісі оқушылар қиын проблеманы өз беттерімен басынан аяғына дейін емес, тек жартылай ғана шешуді ұсынады. Мұғалім оқушыларды іздеудің жеке кезеңдерін орындауға қатыстырады [13]. Оқушыларды болжам жасауға, танымдық есепті шешу үшін бақылау, эксперимент жасауға, жоспар құруға немесе ал- горитм құруға қызықтыру болып табылады.
Эвристикалық сұрақтарды қабылдау оқушылардың танымдық іс-əрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мынандай жеті кілттік сұрақ қойылады: кім? не? неге? қайда? немен? қалай? қашан? Сұрақтарды жұптап үйлестіре қолдануға да болады. Мысалы, компьютерді кім ойлап тапты? компьютердің көмегімен не істеуге болады? монитор (принтер, тышқан жəне т.б.) неге керек? компьютердің «миы» қайда орналасқан сияқты сұрақтар топтарын талқылау нəтижесінде оқушылар компьютердің аппараттық қамтамасыз ету құрылғыларымен танысады.
Формальдау жəне модельдеу қабілеттерін қалыптастыру мен дамыту үшін, нысан мен оның символдарының арасындағы байланысты құру, құрылған символдарды түсіндіруден тұратын символдық көру əдісін қолдану ұсынылады [14]. Оқушылардың программалық құралдардың интерфейсін саналы түрде меңгерулерін ұйымдастыру үшін бейнелік көру əдісін қолдануға болады, ол нысан мен оның графикалық (немесе ауызша түрде) белгіленуін оқытуды ұсынады, мысалы, монитор экранындағы «шартбелгілер» [12].
Бастауыш мектептің информатика сабақтарында оқушылардың қиялын жəне оймен көз алдына елестетуін дамыту орынды, осы мақсатта, белгілі бір ойлау əрекеттерінің нəтижесінде оқушыларға бұрын таныс емес өнімді жасау – ойлап табу əдісін қолдануға болады [4]. Мысалы, шығармашылық тапсырма: қане, балалар, əдеттегіден өзгеше ақпаратты тасушыларды қиялмен жасап, ойланып көрейік [12].
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту қателерге дəті шыдамайтын жағымсыз қатынасты болдырмау – қателер əдісі арқылы мүмкін, ол алгоритмдеу мен программалау негіздеріне оқытуда тиімді қолданылады.
Зерттеушілік əдіс оқушылардың білімді шығармашылықпен меңгеруін қарастырады: мұғалім оқушылармен бірге проблеманы тұжырымдайды жəне оларға қиындық туған кезде көмектеседі, ал оқушылар проблеманы өз беттерінше шешеді [13]. Мұғалім бұл жағдайда оқушылардың өзіндік іздеу іс-əрекетін ұйымдастырушысы болып табылады. Оқушыларға адамның қызметінің əр түрлі салаларында қолданбалы есептерді шешу үшін қазіргі заманғы АКТ құралдарын қолдану мүмкіндігі берілген кезде, бұл əдіс ерекше мəнге ие болады.
Жобалар əдісі – арнайы ұйымдастырылған мақсатқа бағытталған оқушылардың бірлескен іс-əрекеттері, ол информатиканы оқытудың барлық кезеңдерінде табысты қолданылуы мүмкін [15,
16, 17]. Телекоммуникациялық жобалардың негізінде əр елдің, əр қаланың, əр мектептің оқушыларының ынтымақтастықта бірлескен жобаларын ұйымдастырудың неғұрлым тиімді екендігін практика көрсетіп отыр, олар əрқашанда пəнаралық жəне мұнда жалпы проблеманы жергілікті шешумен алмасу үшін, бірлескен бақылаулар жүргізу үшін, бірлескен жарияланымдар дайындау үшін, үдерістер мен құбылыстарды модельдеу үшін жəне т.б. қолданылады [18, 19, 20, 16, 21].
Оқу жобасын жасағанда оқушы ақпаратты өз бетімен іздеп- тауып жəне түсініп қана қоймай, өзі жаңа идеялар туғыза алуы қажет. Бұл оқытудың (дəлірек айтсақ компьютерлік технологияға) іс-əрекеттік əдісінің мысалы болып табылады. Бұл оқытудың жаңа түрі. Жоба белгілі бір тақырыпты оқытатын компьютерлік курс, логикалық ойын, компьютерде модельденген зертханалық құралдың макеті, электрондық поштамен тақырыптық қатынас жəне т.б. бо- луы мүмкін. Жобалар əдiсiн қолданғанда нақты тəжiрибе негiзiнде алынған бiрқатар шарттарды ескеру керектiгiн көрсетемiз:

  1. Оқушыларға нақты таңдау мүмкiндiктерiн iске асыру үшiн жеткiлiктi үлкен жобалар жиынын көрсетуi керек. Жоспарлау өзiндiк немесе ұжымдық болуы мүмкiн екендiгiн айта кету керек. Соңғысы, басқаларға қарағанда оқушыларды ұжымдық жұмыс əдiсiн меңгертуге машықтандырады.

  2. Оқушы жұмысты жоспарлау əдiсiн бiлмегендiктен, ол жобамен жұмыс iстеу ережесiмен қамтамасыз етiлуi керек. Мұндай жағдайда əрбiр оқушының өзiндiк қабiлетiн ескеру маңызды (бiреулерi – мəтiндi оқи отырып, екiншiлерi – түсiндiргендi тыңдай отырып, ал үшiншiлерi – тəжірибелік жұмыс барысында қателескенiн шешiмiн таба отырып материалды жақсы меңгередi).

  3. Бала үшiн алған нəтижесiнiң тəжірибелік мəндiлiгi мен айналасындағылардың берген бағасы маңызды. Сондықтан ОЖ орындаушыға iстелген жұмыстарының ойын немесе имитациялық түрде жинақтылығы мен аяқталғандығын болжауы керек. Бiткен жобаның көрсетiлуi жəне үлкендер мен құрдастарының назарында болуы өте маңызды.

  4. Практика көрсеткендей, оқушылардың бiр-бiрiнiң жетiстiктерi мен сəтсiздiктерiн өзара талдау үшiн оларға жағдай жасау керек. Бұл жағдайда өзара оқыту үдерісі жүредi, ол оқушыға да, мұғалімге да пайдалы.

  5. Жобалау əдiсi компьютермен (АКТ) жұмыс жасауды меңгеруге бағытталады.

Өнімді оқыту оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытудың негізгі қызметтерімен қатар, əлеуметтік белсенділікті та- ныту түрі ретінде информатика аумағында оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыруға байланысты неғұрлым күрделі мəселені шешеді.

      1. жүктеу 5,38 Mb.

        Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау