Интерактивті технологиялармен оқыту аудио, бейне жəне компьютерлік оқу құралдарына негізделген жəне оқу ақпаратын та- рату, білімді қадағалау, оқыту жəне өзіндік оқыту сияқты құралдарға жіктеледі. Егер оқу құралдары əр түрлі мақсаттағы функцияларды бірге қиыстырса, онда олар үйлесімді болады.
Аудиовизуалдық оқу құралдарына жататындар:
оқытушылық, құжаттық, көркемдік жəне музыкалық аудио- жазбалар;
оқытушылық, құжаттық, көркемдік, ғылыми-көпшілік бейне- материалдар;
мультимедиялық оқу презентациялары.
Қатысушылардың жазылған жауаптарына визуалды құралдың ойнатылуы, сабақтың əуенмен өткізілуі арқылы аудиожазбаларды диктанттар өткізуде қолдануға болады.
Оқытуға арналған бейнематериалдар басқа аудиовизуалды құралдар ішіндегі ең ыңғайлысы болып табылады. Бейнежазбаның дидактикалық мүмкіндіктері дидактикалық мүмкіндіктері бар те- левидение жəне оқыту фильмдері арасындағы сəтті байланысты көрсетеді. Теледидар сияқты бейнежазба аналитика-синтетикалық мүмкіндіктерге ие. Олар қабылдау (түсіну) үдерісін басқаруға жол береді. Хабарламаның дара (жеке кадрлар арқылы) құралуы бұл тек объектіні алмастыру ғана емес, сонымен қатар қабылдау фо- нын, мазмұндаманың тезисі, оқыту материалдарының логикалық жəне образдық бөлшектелуін қамтиды. Бейне жазбаның өзіне тəн ерекшелігі – қатысушылардың эмоциалдық аймағына əсер етуі.
Презентацияларды келесі түрде жіктеуге болады:
иллюстрациялық жəне проблемалық (күрделі);
фрагменттік (көріністік) жəне бүтін бөлікті;
жаңа материалдарды орнатуға жəне қайталауға, практикалық жұмыстар өткізуге;
Компьютерлік құралдарға мыналар жатады:
педагогикалық программалық құрал-жабдықтар;
электрондық кітаптар мен энциклопедиялар.
Педогагикалық программалық құрал-жабдықтардың өзіндік тұрпаттамасы бар. Ол оқыту үдерісінде құралдың қолданудағы əдістемелік мақсатын көрсетеді.
Көрсету (демонстрациялық) программалық құралдар. Əдістемелік мақсаты – оқыту құжаттардың көрнекті ұсынысы (представление). Осы тəріздес құралдардың үлкен коллекциясы 1C компаниясымен құрастырылып «Мир компьютера» атымен белгілі:
«TeachPro Macromedia Studio 8», «TeachPro Mathcad 13», «TeachPro Ms Internet Explorer 5. Базалық курс» жəне т.б. Бұл оқу құралындағы оқыту құжаттары интерактивті бейнедəрістер түрінде беріледі. Оқушы дəрісті оқып отырған мұғалімнің дауысын ести отырып, экраннан сол мұғалімнің не жасап жатқанын көреді.
Программалық құралдар – жаттықтырғыштар. Əдістемелік мақсаты –дағдыны өңдеу, өз-өзін дайындауды іске асыру. Мыса- лы: «Кирил и Мефоди» компаниясының жаттықтыру жүйесі «Опе- рационная система – Практический курс Windows XP», «Редактор текстов – Практический курс Word XP», «Верстка текста – Практи- ческий курс Abode Page Maker 6.5» жəне т.б. əйгілі программалық құралдармен жұмыс істеуге бейімдейді.
Бақылаушы программалық құралдар. Əдістемелік мақсаты – оқу- құрал материалдарын бақылау немесе өзін-өзі басқару деңгейінің бақылауы бойынша түсіну. Мысалға «Репетитор по информатике Кирилла и Мефодия» кітабы. Бұл оқулықта 24 тақырыпқа бөлінген 1160 мəтіндік жаттығулар бар.
Үйрету программалық құралдары. Əдістемелік мақсаты – білім хабарламасы, оқу құралын қажетті деңгейде толығымен меңгеруді қамтамасыз ету. Мысалы: «1С: Школа. Вычислительная математи- ка и программирование, 10-11 кл.». Бұл оқулық Visual Basic.NET, Turbo Pascal, Borland Delphi программаларында қолданылатын, кездесетін есептеу математикасы мен алгоритм сабақтарынан тұрады. Бұл сабақтардың əрқайсысында педагогикалық програм- малау құралдарымен мəтіндік жаттығулар бар жəне алгоритм мен программалауға байланысты практикум жұмыстары қарастырылған. Электрондық кітаптар мен энциклопедиялар – бұл кітаптың немесе энциклопедияның электрондық (цифрлық) нұсқасы. Бұл оқулықтарда толық мультимедиялық функциялар соның ішінде бей- не, интерактивті карта, дыбыс пен фотолар, интерактивті барлау жүйесі бар. Мысалы, «Энциклопедия персонального компьютера и Интернета Кирилла и Мефодия» – мультимедиа-энциклопедия, ком-
пьютерлерге жəне жаңа технологияларға арналған.
Аудио, бейне жəне компьютерлік құралдар оқулықтарды құру жəне жобалауда дидактикалық принципке сəйкес келуі керек.
Ғылыми принциптің болжауы бойынша оқулықтың мазмұнында ғылыми-анықталған мəліметтерді қолдану қажет. Модельдеу мүмкіншілігі, зерттелінетін объектілердің, құбылыстардың имита- циясы экспериментті-зерттеулердің əрекетіне шарт қояды.
Қолайлық принципі оқулық əрекеттілігіне жəне оның əдістеріне байланысты оқушылардың дайындығы мен жас мөлшеріне байла- нысты болуы қажет.
Көрнекілік принципі қазіргі заманға сай визуалдық нысандар оқуды болжайды (компьютерлік графика мен анимация, мультиме- диа).
Электрондық оқу құралдары – бұл құралдар, оқу ақпараттарына негізделген мультимедиалық технологиялар көмегімен қолданылып, қолданушымен интерактивтік байланыспен жүзеге асырылады. Электрондық оқыту құралдарын қолдануда компаниялар мен басқа да оқу орындары орын алады.
Электрондық оқу құралдарын бағалаудың бірнеше əдістері бар:
өлшемдік бағалаудың əдістемелік жарамдылығы, яғни құралдың колданылуы кезіндегі өлшемдік бағалаудың сапасы.
эксперименталдық тексеру, кандай да бір уақытта оқу жүйесінде қолданылуы.
эксперттік сапасының бағалануы, яғни берілген құрылғыларды білетін олармен жұмыс жасай алатын ғылыми-практикалық көзқарасы бар эксперттердің бағалауы.
Электрондық оқу құралдары жұмыс құралы ретінде, мұғалімге сабақтың мақсатын жүзеге асыруға көмектеседі. Сонымен қатар, олардың қолданылуы басқа электрондық əдістемелер жасауда кол- данылады.
Техникалық-технологиялық өлшем – оқу құралдарының, компьютерлердің техникалық деңгейіне сəйкес келуі.
Оның құрамына:
оқу-құралдарының орнату-жоюына байланысты қойылатын талаптар (инсталлятор программасының болуы, автожүктеу мүмкіндігі жəне т.б);
оқу-құралдарының қызметттеріне қойылатын талаптар (операциялық жүйемен келіспеушіліктің болмауы, тышқан мен пернетақта көмегімен басқару, басқару элементтерінің болуы жəне т.б.).
Эргономиялық өлшем – электрондық құралдардың эргономия- лық талаптарға сəйкес келуі.
Оның құрамына:
сұхбатты ұйымдастырудың талаптары (ақпарат алудың жеңілдігі, интерактивті сұхбаттың болуы, көмек пен түсініктеменің болуы жəне т.б.);
визуалдық ортаға қойылатын талаптар (дизайн сапасы);
мəтін жəне белгілер параметріне қойылатын талаптар
(мəтіннің оқылуы);
мультимедиаға қойылатын талаптар (сурет пен бейнефрагменттердің, компьютерлік графиканың, дыбыстық сүйемелдеу, дыбыстық сатысының өзгеруінің мүмкіндігі);
Педагогикалық өлшем – электрондық оқулықтың педагогикалық талаптарға сай болуы. Оның құрамына:
педагогикалық мақсатты-жинақылық (нормативті құжаттардың, дидактикалық талаптардың сəйкестігі);
білімнің вариативті мүмкіндігі (бірнеше қиын кезеңдердің, сызықтық емес материалдардың, сұхбат құралдарының əртүрлі бо- луы);
психология-педагогикалық есептелуіне қойылатын талап- тар (дамушы компоненттердің, құралдардың белсенділігінің болуы жəне т.б.);
əдістемелік қолдау (əдістемелік материалдардың, электрондық журналдың болуы, оқу сапасының мүмкіншілік бағасы жəне т.б.).
Қазіргі кезде тұтынушыларға ұсынылатын электрондық оқулықтардың көбі əртүрлі шарттарда сынақтан өтеді. Бірақ көбінесе оны жасаушылардың өздері программалық тауардың сапа- сын бағалайды, оның қолдануымен педагогикалық эксперименттерді ұйымдастырады жəне өткізеді. Соңында нəтижелердің маңызды қателіктері мен ауытқуларын жіберіледі. Оқу бағытындағы электрондық құралдардын сапасын нақты бағалау үшін оқу бағытындағы аппарат-программалық жəне ақпараттық кешендерінің еркін сертификациялау жүйесін қолдануға болады. Ол жерде та- уарды өз еркімен сертификаттан өткізеді жəне ұйымдастырады, педагогикалық-эргономикалық стандарттар мен техникалық шарт- тар еркін квалификациялаған бағалаумен қамтамасыз етіледі жəне сəйкесінше талаптарға сай болады.
АПИКОН жүйесі тауарлардың сертификациялау келесілерді қарастырылады:
оқу бағытындағы электрондық құралдар;
қолданбалы программалық құралдар жəне білім беру үдерісінде автоматтандырудың ақпараттық-əдістемелік жүйелерінің қамтамасыз етілуі жəне білім беру мекемесімен басқарылу;
оқуға арналған электрондық құралдарды қамтитын оқу- əдістемелік кешендер;
оқу мекемелерінің ақпараттық желілері;
жергілікті жəне ғаламдық желілердің оқуға арналған таратылған ақпараттық ресурстары;
оқу есептеу техникасының жиынтықтары;
жеке компьютерлермен байланысқан оқу зертханалық жабдықтар;
қолданушының (оқу мекемесі қызметкері) автоматтандырыл- ған жұмыс орны;
оқу есептеуіш техникасының жиынтықтарына арналған бей- немониторлар.
Сынақтан табысты өткен өнімді ұсынған өкілдерге сертификат пен сəйкестік белгісін қолдану рұқсаттамасы беріледі.
Сертификат – өнімнің сапалы жəне тұтынушының жұмыс істеуге тиімді екенін көрсететін дəлелдемелердің бірі. Сертификаттың бар болуы өнімнің нарықта бəсекеге түсуін жоғарылатады жəне оның оқу орындарында тиімді қолдану мүмкіндігін растайды. Сəйкестік белгісі – тұтынушыларға берілген талаптарға сəйкес келетінін мəлім ететіні белгі.
Достарыңызбен бөлісу: |