Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет54/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

ТАРАУ


МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ƏДІСТЕРІ ЖƏНЕ ҚҰРАЛДАРЫ


    1. Информатиканы оқыту түрлерi мен əдiстерi




Оқу-тəрбиелеу үдерісінің тиімділігі оны ұйымдастырудың (неме- се ұйымдастыру түрлері) алуан түрлерін қолдану өнеріне тəуелді бо- лады. «Оқытуды ұйымдастыру түрлері – бұл мұғалім мен оқушының өзара əрекетінің ерекшеліктері, басқару мен өзін-өзі басқарудың ара қатынасы, оқыту орны мен уақыт ерекшеліктері, оқушылардың саны, оқытудың мақсаты, мазмұны, əдісі, құралы мен нəтижелері көзқарасы тұрғысынан оқыту үдерісінің толыққанды жүйелік сипат- тамасы» [1, 307 б.]. Оқытуды ұйымдастыру түрлерінің жіктемесінің көптеген əдістері бар [1-5].
Атақты чех педагогы Я. А. Коменскийден (1592-1670) бас- тау алған оқу үдерісін ұйымдастырудың сыныптық сабақ жүйесi отандық мектептiң бүкiл тарихындағы сабақты ұйымдастырудың құрылымдық негiзi болып табылады. Мектептегi сабақ оқытудың сыныптық-сабақ жүйесiнiң негiзiн құрайды, оның ерекше белгiлерi: жастары жəне дайындық деңгейлері бірдей оқушылардың оқу топтарының тұрақты құрамы (сынып); əрбір сынып өздерінің жылдық жоспарларына сəйкес жұмыс істейді (оқытуды жоспар- лау); оқу үдерісі, бір бөлігі келесі бөлікпен жеке өзара байланысқан түрде іске асырылады (сабақ); əрбір сабақ тек бір ғана пəнге арнала- ды (монизм); сабақтардың үнемі кезектесіп отыруы (сабақ кестесі); оқу сабақтарының кестесiн анықтау; мұғалiмнiң жетекшi рөлi (педагогикалық басқару); оқушылардың танымдық іс-əрекеттерінің түрлері мен формалары қолданылады (іс-əрекеттің вариативтілігі) [2]. Əрбір сабақ үш бірлікті: оқыту, тəрбиелеу, дамыту мақсаттарына жетуге бағытталады. Өткізілетін барлық сабақтардың ішінде ара- лас сабақтардың үлесі 75-80%-ды құрайды. Практикада аралас сабақтар кеңiнен таралған, оның құрылымында мынадай элемент- тер (кезеңдер) ерекшеленеді: 1) оқытылған материалды қайталау (білімді өзектендіру); 2) жаңа білімді оқыту, жаңа біліктіліктерді қалыптастыру; 3) бекіту, жүйелеу, қолдану; 4) үйге тапсырма беру.
АКТ-ны қолдану мектептегі сабақтың сипатын елеулі түрде өзгерте алады, ол оқу-тəрбиелеу үдерісін ең жақсы түрде қамтамасыз ету үшін, оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрлерін іздестіруді өзекті етеді. Сабақтың инновациялық түрлері, дəстүрден тыс сабақ

  • «дəстүрден тыс құрылымнан тұратын тосын шығарылған оқу сабағы» пайда болады [2, 530-б.].

И. П. Подласый əртүрлі жіктемелерді талдау негізінде сабақтың негізгі типтерінің нақтыланған тізімін келтіреді: «1) аралас сабақ;
2) жаңа білімді меңгеру сабағы; 3) жаңа біліктілікті қалыптастыру сабағы; 4) өтілген материалдарды жалпылау жəне жүйелеу сабағы;

  1. бiлiм, біліктілікті бақылау жəне түзету сабағы; 6) білім мен біліктілікті практикада қолдану сабағы» [2, 526 б.].

Қазіргі заманғы сапалы сабақ жауап беретін жалпы талаптардың ішіндегі бастысы – ғылымның жаңа жетістіктерін қолдану. Компьютерлік техниканың үлкен мүмкіндіктері, дүниежүзілік желі интернеттен алынатын ақпараттың аса зор əр алуандығы, бүгінгі күнгі бар білім беру жүйесімен терең қарама-қайшылықта. «Жаңа ақпараттық мүмкіндіктерді дəстүрлі сабақ шеңберіне бейімдеу» [6, 136-б.] қажет жəне осы мағынада оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрі ретінде компьютерлік сабақ жайлы айту орынды.
Информатика пəнінің маңызды ерекшелігі – оқушылардың компьютердегі жүйелі жұмыс істеуі болып табылады, сондықтан сабақтарды көлемі мен компьютерді пайдалану сипаты бойынша: демонстрация, зертханалық жұмыс, практика деп жіктеуге болады.

жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау