Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру



жүктеу 5,38 Mb.
бет57/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру


Телекоммуникация, оқытудың аудиовизуальді жəне компьютер- лік құралдары саласындағы ілгерілеу оқытудың тиімділігін артты- ру үшін жаңа құралдарына жүгінуге мəжбүр етеді. Педагогикалық технология (грек тілінен аударғанда «технология» – өнер, шеберлік), оқушылардың өз бетінше дамуын, ұжымшылдығын, оқу-танымдық іс-əрекеттерін өзі-өзі басқаруды іске асыру біліктілігін қамтамасыз етуге қабілетті. «Педагогикалық технология, соның ішінде оқыту технологиясы – тəрбиелеу жəне оқытудың педагогикалық заңдылықтарына, мақсаттарына, мазмұнына, түрі мен əдістеріне сəйкес, оларды кейінгі жаңғырту мен таралымын көбейтуде неғұрлым жоғары тиімділік деңгейіне кепілдік беретін нақты технологияның жобалау мен практикалық қолдану жүйесі» [1, 250 б.]. Жаңғырту, таралымын көбейту, оқыту үдерісін сапасының жоғары кепілдік беру қасиеттері педагогикалық технологияны оқыту əдістемесінен ажыратады.


Модульдік оқыту технологиясы 1960 жылдардың ортасын- да АҚШ пен Батыс Еуропаның оқу мекемелерінде шығып, кең көлемде əйгілі бола бастады жəне педагогика теориясы мен практи- касында жинақталған барлық озық əдістерді сабақтастыра отырып, дəстүрлі оқыту баламасы ретінде пайда болды. Модульдік оқытудың негізіне «оқушылардың танымдық іс-əрекеттерінде болжамдық, орындаушылық жəне бақылаушы бөліктерін ерекшелеп көрсетуге болады» деген тұжырымға сай, ойлау іс-əрекеттерін кезеңмен қалыптастыру теориясы (П. Я. Гальперин) жатады.
Модульдік оқыту оқу ақпаратын, оқыту мазмұнын жəне оқушылардың толық, логикалық аяқталған оқу блоктарымен (мо-
дульдермен) жұмысын ұйымдастыруды қатаң құрылымдауды ұсынады. «Модуль» сөзі (латынша modulus – өлшем) математика, информатика, техника салаларында əртүрлі мағынаға ие. Оқу модулі

  • «мақсаттан жəне оқу есебінен, іс-əрекеттер негізіне бағытталған əдістемелік нұсқаудан жəне оқу іс-əрекетін табысты орындауды бақылау (өзін-өзі бақылау) құралдарынан тұратын оқу ақпаратының дербес блогы» [1, 272-б.]. Ол оқу пəнінің тақырыбымен сəйкес келеді, бірақ, модульде барлығы өлшенеді жəне барлығы бағаланады: тап- сырма, сабақтағы жұмыс, сабаққа қатысу, оқушылардың бастапқы, аралық жəне қорытынды деңгейлері. Модуль курстың мазмұнын үш: толық (базалық), қысқартылған жəне тереңдетілген деңгейде беруі мүмкін.

Модуль мынадай құрауыштардан (блоктардан) тұрады [22]:

    • нақты тұжырымдалған оқу мақсатынан (мақсаттық бағдарлама);

    • ақпараттар қорынан – оқытушы программа, мəтін түріндегі оқу материалынан;

    • материалды оқытудың əдістемелік нұқауынан (мақсатқа жету);

    • қажетті біліктіліктерді қалыптастыру бойынша тəжірибелік сабақтардан;

    • құрылғылар, материалдар кешендерінен;

    • модульдің мақсатына қатаң сəйкес келетін бақылау тапсырма- ларынан.

Модульдік оқытуда оқушылар əрқашанда негізгі ұғымдардың тізімін, əрбір нақты модуль бойынша қалыптасатын дағды мен біліктілікті, оқу материалын меңгеру сапасын бағалаудың сандық өлшемін білулері керек. Осы тізімнің негізінде модуль бойын- ша барлық жұмыс түрлерін қамтитын сұрақтар мен оқу есептері құрылады жəне модульді оқып біткеннен кейін бақылауға шығарылады. Оқу модульдері мен тестер компьютерлік оқыту ор- тасына жеңіл көшіріледі. Əрбір модульдің мазмұнын оңай өзгертуге жəне толықтыруға болады; əртүрлі модульдердің элементтерін айқындай отырып, жаңа модульдер құруға болады; модуль оның элементтерін оңай ауыстыруға болатындай құрылуы керек [23].
Модульді жасауда əрбір модуль білімнің толық анықталған өзіндік мөлшерін беретіндей, қажетті біліктілікті қалыптастыратындай етіп жасау ескеріледі. Əр модульді оқып болғаннан кейін оқушылар алды да жұмыс жасаулары үшін мұғалімнен нұсқау алады.
Модульдік оқытуда көбінесе оқушылардың білімі мен біліктіліктерін рейтингтік бағалау қолданылады: əр тапсыр- ма ұпаймен бағаланады, оның рейтингі мен орындау уақыты белгіленеді (тапсырманы өз уақытында орындау сəйкес балдар са- нымен бағаланады). Курс бойынша жалпы бағаны анықтау үшін мұғалім белгілеген сəйкесінше салмақтық коэффициентімен рей- тинг нəтижесі де кіреді.
Модульдік оқытуда арнайы жасалған іс-əрекеттердің мақсаттық жоспарынан, ақпараттар қорынан жəне дидактикалық мақсаттарды іске асырудың əдістемелік нұсқауынан тұратын оқу бағдарламасы қолданылады. Іс-əрекеттердің мақсаттық жоспары нəтижеге жетуді жоспарлауға мүмкіндік беретін, толық модульдік бағдарламаның ішінде жеке оқу элементтерін, модульдерді меңгеру кезегі деп түсініледі [24]. Модульдегі əртүрлі тарату құралдарымен берілген ақпараттар жиынтығы ақпараттар қоры деп аталады. Модульдік оқытудағы əдістемелік нұсқауы оқытудың түрлерін, əдістері мен тəсілдерін қолдану нұсқауынан, сонымен қатар оның тиімділігін тексеру үшін тесттерден тұратын оқу материалдарының меңгеру жолдарының нұсқалары түсініледі.
Модульдік оқыту оқушыларға оқу бағдарламасымен өздігімен жұмыс істеуге, өзінің мұқтаждықтарына сəйкес оны толық немесе жеке элементтерін қолдануға мүмкіндік береді.

    1. жүктеу 5,38 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау