Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет64/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

7

3













6














































  1. нұсқа.

Көлденеңінен:

  1. Ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы.

  2. Ақпаратты қағазға басуға арналған құрылғы.

  3. Ақпаратты енгізуге арналған негізгі құрылғы. Тігінен:

  4. Ақпаратты экранға шығаруға арналған құрылғы.

  5. Ақпаратты сақтауға арналған сыртқы жады.

  6. Меңзерді басқаруға арналған арнайы құрылғы, манипулятор.

  7. Ақпаратты сақтауға арналған құрылғыларды осылайша атай- ды.




  1. нұсқа.

Көлденеңінен:

  1. Ең басты микросхема, компьютердің миы.

  2. Оның түрлі түсті жəне ақ-қара түрлері бар.

  3. Ол 101-ден бастап 104-ке дейінгі пернеден тұрады. Тігінен:

  4. Теледидарға ұқсас құрылғы.

  5. Жадының бір түрі.

  6. Құйрығы бар сұр аңға ұқсас.

  7. Ол сыртқы жəне ішкі болып бөлінеді.

Жауабы: Көлденеңінен: 1. процессор; 2. принтер; 3. пернетақта.
Тігінен: 4. монитор; 5. дискет; 6. тышқан; 7. жады.
Мұғалім оқушыларға алдымен торларды толтырып алуды, сосын кроссвордты басқа топпен ауыстырып олардың жауаптарын тексе- руге нұсқау береді. Оқушылар осы тапсырманы орындап болғаннан кейін мұғалім оқушылардан бұл екі нұсқадағы сөздерде қандай ұқсастық пен айырмашылық бар екендігін сұрайды. Оқушылар кроссовордтағы бір құрылғы əр түрлі етіп шифрланған айтулары ке- рек. Мысалы, пернетақта, ақпаратты енгізетін негізгі құрылғы жəне ол 101-ден 104-ке дейін пернелерден тұратындығы жайлы ақпарат. Бірінші жағдайда біз құрылғының қызметі, ал екінші жағдайда сыртқы түрі жайлы айтатынымызды оқушылар өздері айтулары қажет.
Мұғалім оқушылардан толтырылған кроссвордтың торларын- да қандай ерекшелік бар екендігін сұрайды (түрлі-түсті торлар, оқушылар осы торлардан «кілттік сөз» құрастыру керек екендігін біледі). Мұғалім кроссвордтың түрлі-түсті торларына жазылған əріптерден сөз құрастыру керек екендігін түсіндіреді. Ол үшін кроссвордтың қызыл, сары, жасыл, сұр, қара, қызыл, көгілдір ұяшықтарын басшылыққа алу қажет. Оқушылар осы ұяшықтардағы əріптерден «Ақпарат» сөзін алады.
Сонымен қатар оқушылардың білімін бақылау барысында кроссвордтың бір түрі «Венгерлік» кроссвордты қолдануға болады.

  1. мысал. «WordPad-мəтіндік редакторы» тарауы бойынша оқушылардың білімін бақылау үшін «Венгерлік» кроссвордты қолдану мысалын қарастырайық. «Венгерлік» кроссвордты толтыру ережесі мынадай: тордан мəтіндік редакторға қатысты терминдерді табу керек, əріптер көрші ұяшықтарда тігінен немесе көлденеңінен орналасуы мүмкін. Кроссвордтағы сөздердегі əріптер қайталанбауы керек. Əр əріп сөзде тек бір-ақ рет кездеседі. Кроссвордтағы барлық əріптер қолданылуы керек. Белгіленген «МЕҢЗЕР» сөзін мысал етіп алуға болады.




Ф

П

П

Н

Т

Е

Р

К

А

Е

Р

И

Р

І

Ш

Ө

Й

Р

Н

Е

У

Т

І

С

Л

Б

А

Т

М

І

З

А

Й

Р

А

А

С

А

Т

Қ

Қ

К

Е

Қ

Ы

М

А

Т

Ү

Т

И

Т

Л

Д

А

А

Т

Е

Ж

А

У

Ү

З

У

І

М

М

Е

Ң

Ж

І

Н

Р

Е

Ы

Н

З

О

Л

Д

Н

А

Ш

Т

Е

І

Т

І

Қ

Ұ

Ж

А

Р

Н

Ə

М



Жауабы: Меңзер, құжат, нышан, жиектеме, үтір, байрақ, файл, перне, принтер, пернетақта, көшіру, тізім, тасымалдау, жол, мəтін, сақтау, үзінді.
Мысалы. Информатика пəні бойынша оқушылардың білімін бақылау үшін ақпараттық диктант жазғызуға болады. Ол үшін компьютердің құрылғыларының аттары қағазға жазылып қара жəшікке салынып қойылады. Оқушылар диктант жазып болғаннан кейін қара жəшікті ашып, бірін-бірі тексеріп, бақылау парағына сəйкесінше бағаларын қояды.
Ақпараттық диктанттың нұсқасы:

  1. нұсқа:

  1. Графикалық жəне мəтіндік ақпаратты бейнелеуге арналған компьютердің құрылғысы (монитор).

  2. Ақпаратты енгізуге арналған оптикалық құрылғы (сканер).

  3. Цифрлық форматта бейнесуреттерді алуға мүмкіндік беретін ақпаратты енгізу құрылғысы (цифрлық камера).

  4. Ойын манипуляторы (джойстик)

  5. Ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғы (прин-

тер). 2-нұсқа.

  1. Сандық жəне мəтіндік ақпаратты енгізуге арналған құрылғы

(пернетақта).

  1. Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (микрофон).

  2. Күрделі графикалық объектілерді шығаруға арналған құрылғы

(плоттер).

  1. Телефон желісі арқылы компьютерді басқа компьютерлермен байланыстыру үшін қолданылатын құрылғы (модем).

  2. Ақпаратты магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы

(стример).
Мысалы. «Ең көп кім?» ойыны белгілі бір уақыт шеңберінде сұрақ қою арқылы оқушылардан тақырыпта қолданылатын терминдерді көбірек атау талап етіледі. Ойын материалдың меңгерілген көлеміне байланысты 3 немесе 4, өте сирек жағдайда 5 деген баға қойылады, себебі теориялық білімінің болуы оқушылардың оны практикада пайдалана алатынын білдірмейді.
Оқушының үйінде жасаған ең жақсы сөзжұмбаққа жарыс ұйымдастырылады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар арнайы əдебиеттермен жұмыс істей отырып, терминдерді үйренеді. Сөзжұмбақтарды бағалауда мұғалім оқушылардың сөзжұмбақ құрастыруда торын əдемі жəне симметриялы жасағанын, сөзжұмбақтағы сөздердің екі немесе одан да көп əріпте қиылысуы сияқты нəрселер ескеруі қажет.
Қорытындылау сабағында оқушының өткен тақырып шегіндегі қалыптасқан түсінік аппараты, дағдысы мен біліктілігі тексеріледі. Ол үшін сынып кездейсоқ таңдау қағидасы бойынша ұсақ топтарға бөлінеді, ол топтарға теориялық жəне тəжірибелік тапсырмалар беріледі. Ұсақ топтар алдымен «мəтінді толықтыр...» сияқты тап- сырмаларды орындайды, содан кейін олар мұғалім қоятын сұрақтар турниріне қатысады. Тапсырманың тəжірибелік бөлігін ұсақ топтардың бірнеше мүшелері бірігіп орындайтын тəжірибелік тап- сырмалар құрайды. Мұғалім тапсырмаларды орындау нəтижелерін кезеңмен бағалайды.

    1. Сонымен қатар, информатика бойынша емтихандар алу үшін емтихандық реферат түріндегі тапсырмалар ұсынылады. Реферат тақырыбы мұғаліммен келісіледі жəне ақпараттық технология мен компьютерлік техниканың қазіргі жетістіктері ашылып көрсетілуі керек. Реферат мазмұнын бағалау критерийі тақырыпты ашудың қиындығы мен толықтығы, оқушының материалды дұрыс, ойланып топтауы болып табылады.

    2. Жоғарғы сыныптарда информатикадан білім бақылауды жоба- ны қорғау түрінде өткізуге болады. Жобаның тақырыбын мұғалім береді немесе оқушының өздері ұсынған тақырыптардан алынады. Жоба келесі бөлімдерден тұрады: есептің қойылымынан; ортаны таңдаудан; жоба сызбасынан (есептің алгоритмінен); жоба туралы қысқаша есептен (қатты көшірмеден). Жобаны қорғауды бағалауда жоғары бөлімдердің қамтылуы есепке алынады.

Білімді бақылаудың қазіргі құралдарының біріне бағалаудың рейтингтік жүйесі мен портфолио жатады, олар жинақтаушы жүйеге мысал бола алады: немесе балдар, немесе белгілі бір пəн саласында жетістікке жетуді растау.
Оқушылардың білімін бақылау бағалаумен тығыз байланыс- ты. Сонымен қатар, бұл оқушының білімін бақылаудың қажетті элементі болып табылады. Бағаның дұрыс, əділ қойылуы оқушының болашақта сабаққа дайындалуына, оның алатын білімінің сапасына да əсер етеді.
Білімді бағалау барысында оқушының оқу материалдарын білуінің сапалық сипаттамасын, атап өтсек, оқушының нақты білімі мен біліктілігінің болуын, оның толықтығын, беріктігін, əртүрлі жағдайдағы тəжірибеде пайдалана алуын, терминологияны жəне өзіндік əдісін көрсету мен жазуын білуін ескеру қажет.
Бағалаудың нəтижесі ауызша жауап беру немесе жазбаша жұмыс кезінде қатені қаншалықты жібергеніне байланысты болады. Ағаттықтардың ішінен жіберген қателерді, кемшіліктерді жəне ұсақ қателерді бөліп көрсетуге болады.
Егер ағаттық оқушының негізгі білімі мен біліктілігін жəне оны өзінің іс-əрекетінде пайдалана алмағанын көрсетсе, онда ол қате бо- лып саналады.
Оқушының негізгі білім мен біліктілікті берік түсінбегендігін не- месе бағдарламаға байланысты негізгі болып есептелмейтін білімінің жоқтығын көрсететін ағаттық кемшілікке жатады. Сонымен қатар,
қате болып саналатын, бірақ тек бір ғана жағдайда жіберілген жəне екінші ұқсас жағдайда жіберілмеген қателік кемшілік болып сана- лады. Кемшілікке зейінсіздікпен немесе жауапкершілік аз түсіндіру, ұқыпсыз жазу жатады.
Ұсақ қателерге ауызша жəне жазбаша жауап беру барысында берілген мағынасыз жауап немесе нəтиже, кездойсоқ жаңылыс жа- зулар жəне т.с.с. жатады.
Ағаттықтағы қателік, кемшілік жəне ұсақ қателерге байланыс- ты сұрақтарды мұғалім оқытудың қазіргі кезеңіндегі мəліметті түсінуіне қойылатын талаптарға байланысты шешеді.
Қателерге, мысалы: алгоритмдік тілдің қызметтік сөздерін дұрыс пайдаланбау; аргументтерді жəне нəтижені қате көрсету; бір мағыналы типтің ұзындығын екінші типке дұрыс қоспау; алгоритмді орындау барысында командалардың орындалу ретін бұзу т.с.с. жа- тады.
Кемшіліктерге мысалы: алгоритмдік тілдің қызметші сөздерін тастап кету немесе дұрыс жазбау; аралық ұзындықтарды толық си- паттамау; құрамдас командалардың шартын тексеру барысында кет- кен кездейсоқ есептеуіш қателер; алгоритм жазбаларының ұқыпсыз орналасуы жəне т.с.с. жатады.
Егер бір қате (кемшілік) бірнеше рет кездессе, онда ол бір қате
(бір кемшілік) ретінде қарастырылады.
Сызып тастау жəне қатені түзетуді қате деп санаудың қажеті жоқ. Егер жауаптың мазмұны сұрақпен сəйкес келсе, берілген жауап оқушыда қажетті теориялық білім мен практикалық біліктіліктің бар екенін көрсеткен жағдайда, соңғы нақты жауап дұрыс шешу бары- сында берілсе жəне ұқыпты жазылса тапсырма толық, өте жақсы
орындалды деп есептеледі.
Егер оқушы тапсырманы орындауға кіріспесе жəне тапсыр- маны орындау барысында қателіктер жіберсе, онда тапсырма орындалмаған болып есептеледі.
Оқушының тақырыпты түсінгендігіне баға барлық алынған белгі негізінде қойылады. Негізгі баға оқушының қорытынды бақылау жұмысында алған бағасына жəне оқушының барлық тақырып бо- йынша жүргізілген қорытынды сабақта берген жауабына байланыс- ты қойылады.
Тақырыптық баға қою барысында алдын қойылған бағаны оқушы тақырыптық бақылау жұмысының нəтижесінде алған
бағасымен растамаса мұғалім ол бағаларды ескермеуге болады (мысалы, білім мен біліктілікте жіберген қателіктеріне байланысты алған қанағаттанарлықсыз баға).
Жылдық баға оқушының жылдың соңында алған білімінің нақты деңгейін көрсету керек.
Білім беру үдерісінде мұғалім қойылған бағаны мемлекеттік білім беру стандартында қалыптасқан критерийлер негізінде түсіндіруі қажет.
Қазақстанның мектептерінде білімді бағалаудың бес баллдық жүйесі қалыптасқан.
Төменде көрсетілген бағаның келесі қағидаларын пайдалануға болады.
Жаратымды бағалар («3», «4», «5») оқушы бағдарламаның негізгі материалын білетіндігін көрсеткен жағдайда қойылады. «5» бағасы 1-2 ұсақ қате кеткен жағдайда немесе сұраққа өте жақсы жа- уап берген жағдайда қойылады, ал «4» – оқушы жауап бергенде 1-2 кемшілік жіберген жағдайда қойылады. Қанағаттанарлықсыз баға оқушы бағдарламаның негізгі материалын түсінбегендігін көрсеткен жағдайда қойылады.
Бекітілген баға қоюдың критерийлерін нақтылауды келесі жол- мен жүзеге асыруға болады:
«5» деген баға оқушыға:

  • мағлұматты ауызша жəне жазбаша қатесіз баяндағанда;

  • бағдарламаға байланысты білім, біліктілік жəне тəжірибелік дағдының барлық көлемін түсінуді айқындағанда;

  • мағлұматты ауызша жəне жазбаша түсінікті баяндаса, мəтіндегі негізгі жағдайды ерекшелей білсе, кенеттен қойылған сұрақтарға жеңіл жауап берген жағдайда;

  • мағлұматты тура жеткізе білсе, жазбаша жұмыстарда қате жібермесе;

  • алған білімін практикада еркін пайдалана білген жағдайда қойылады.

«4» деген баға оқушыға:

  • бағдарламалық мағлұматты айқындаса;

  • мағлұматты түсінікті баяндаса, бірақ оның маңызды жақтарын барлық уақытта ажырата бермейді;

  • алған білімін тəжірибеде пайдалану қабілеті жоғары, бірақ то- сыннан қойылған сұрақтарға жауап беру барысында қиналып қалса;

  • ауызша жəне жазбаша жауаптарда нақты жауап бермесе жəне мұғалімнің байқаған кемшіліктеріне жеңіл қараса қойылады.

«3» деген баға оқушыға:

  • бағдарламалық мағлұматты айқындап, бірақ оны өздігінен жүзеге асыру барысында қиналса жəне мұғалімнің қосымша нақтылайтын сұрағын талап етсе;

  • тосыннан қойылған сұраққа жауап беретін кезде қиналаса;

  • ауызша жəне жазбаша жауаптарда қате жіберсе қойылады.

«2» деген баға оқушыға:

  • мағлұмат туралы жеке көзқарасы болмаса;

  • ауызша жəне жазбаша жауап беру кезінде дөрекі қате жіберсе қойылады.


жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау