Қалдан Гүлшара,
№117 «Алтынтөбе» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: Торы құлын
Сабақтың мақсаты: Жырды түсініп оқи отырып, талдау жасау.Танымдық тапсырмалар арқылы өз ойларын тұжырымдап жеке, топта айта білуге, бір-бірін тыңдай білуге дағдылану.
Төрт түлік малды қадірлей білуге, еңбексүйгіштікке үйрену.
Оқу нәтижесі: 1. Жырдың мазмұнымен танысады.
2. Жырға жүйелік құрылымдық талдау жасайды.
3. Мәтіндегі сөздерді пайдалана отырып, торы құлынды сипаттайды.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Тәсілі: жеке, топпен, жұппен
Әдісі: «Топтастыру», Ой қозғау
Сабақтың көрнекіліктері: көңілді смайликтер, деңгейлік тапсырмалар, стикерлер, маркерлер, суреттер, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Көңіл-күйін анықтау. Тақтаға «Көңіл-күйді» білдіретін смайликтерді іліп, оқушыларға өз көңіл-күйлерін білдіру тапсырылады.
2. Смайликтердің суреттері таратылып топқа бөлінеді, топ ережесін сақтауын қадағалау.
І – топ: «Қошақан»
ІІ – топ: «Ботақан»
ІІІ - топ – «Бұзауқан»
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
І – топ: 1. Қой жырын жатқа айту
ІІ – топ: Қойдың пайдасын сызбаға түсіру.
Жүннен жасалатын заттар
|
Терісінен жасалатын заттар
|
Сүтінен әзірленетін заттар
|
...
...
...
|
...
...
...
|
...
...
...
|
ІІІ – топ: Төрт- түлік туралы мақал-мәтел мен жұмбақтар айту, шешу.
Сергіту сәті. «Төлдер» әні
ІІІ Жаңа сабақ
Ой қозғау. Сөзжұмбақ шешу
1.Үштен кейінгі сан.
2. Түйенің төлі
3. Бал беретін жәндік
4. Бұзаудың енесі
5. Жылқының төлі
6. Жіп иіретін зат
7. Ешкінің төлі
8. Қойдың төлі
9. Ас атасы - ... .
Оқулықпен жұмыс Топтық жұмыс
І – топтағы оқушылар мақал-мәтелдерді түсініп оқып, жылқы малына қатысты сөздерді санамалап айту.
ІІ – топ оқушылары жырды тізбектей оқу
ІІІ –топ оқушылары: Суретпен жұмыс
Мәтіндегі сөздерді пайдаланып, торы құлынды сипаттау
«Жеке ой қозғау » әдісі. Дәптермен жұмыс
Мақсаты: Жеке жұмыс жасай отырып білімдерін жинақтайды, өз ойларын дәлелдеуге ықпал ету.
Жылқы малының пайдасы туралы өз бетінше сызба құрастыру.
Топтық жұмыс Постермен жұмыс
І –топ: Жылқыға байланысты қандай спорт ойындарын білесіңдер? «бәйге, аударыспақ, теңге алу, көкпар, қызқуу)
ІІ-топ: Жылқы жасына қарай қалай аталады? ( құлын, жабағы, тай, құнан, бесті)
ІІІ-топ: Жүйрік аттарды қалай атайды? (пырақ, сәйгүлік, саңлақ, тұлпар, арғымақ)
ІV Қорытындылау
Ой толғаныс Әр топқа тапсырма беру.
І-топ: Жылқы туралы мақал-мәтел айту
ІІ-топ: Жұмбақтар айту
ІІІ-топ: Төрт түлікке байланысты тыйым сөздер
Бағалау Рефлексия
Екі жұлдыз, бір тілек ( Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазады )
Үйге тапсырма
Жырды жаттау. «Менің сүйкімді құлыншағым» тақырыбында сурет салу
Достарыңызбен бөлісу: |