Демонстрация. Мұғалiм демонстрациялық экранды, интерактивті тақтаны қолдана отырып курс мазмұнының əртүрлi оқу элементтерiн (графикалық, фото-, бейнематериалдар) пре- зентация түрінде көрсетедi. Компьютердiң көмегiмен демонстра- ция жасаудың дидактикалық мүмкiндiктерi мен рөлiнің өсуiн визуализациялаудың техникалық құралдары мен оқу мақсатындағы компьютерлік программалардың (мультимедиялық дəріс-сабақтары, демонстрациялық жəне ақпараттық-анықтама программала- ры) əр талдауларымен түсіндіріледі. Демонстрацияның негiзгi дидактикалық қызметi – жаңа ұғымдар мен іс-əрекет тəсілдерін қалыптастыру.
Зертханалық жұмыс. Барлық оқушылар өз жұмыс орындарында программалық құралдармен жұмыс жасайды, дидактикалық қызметi əртүрлi болуы мүмкiн: жаңа материалды меңгеру (компьютерлік
оқыту ортасы, модельдеу программалары, оқу мақсатындағы сарап- тама жүйелері, ақпараттық-іздеу жүйелері), жаңа материалды бекiту (жаттықтырушы-программалар, үйретуші-программалар), алынған бiлiмдi меңгеруін немесе операциялық дағдыны тексеру (бақылау жəне тестілеу программалары, компьютерлік оқу ойындары). Зертханалық жұмыс уақытында мұғалiмнiң рөлi – оқушылардың жұмысын бақылау (жергiлiктi желi арқылы), сонымен қатар оларға жедел көмек көрсету (кеңес беру) болып табылады. Осындай сабақтар білім, біліктілік пен дағдыны жетілдіру мақсатында, олар- ды қалыптастыру, жалпылау, жүйелеу жəне мақсатқа сай қолдануда, сонымен қатар, оқушылардың оқу үлгерімдерін ағымдық бақылауда қолданады.
Практикум (немесе оқу-зерттеу практикасы). Оқушылар мұғалiмнен өзіндiк жұмысы (бiр-екi немесе одан да көп сабақ көлемiне тапсырмалардың жартысын сабақтан тыс уақытта, үйде орындауға) үшiн жеке тапсырмалар алады. Ереже бойынша, прак- тикумдар практикалық жəне оқу дағдылары мен біліктіліктерін түпкілікті бекіту үшін, сонымен қатар курстың толық тарауының (тақырыбының) теориялық материалдарын меңгеру дəрежесін тек- серу үшiн қолданылады [7]. Осы мақсатта əр түрлі модельдеуші программалар, соның ішінде нысанның қасиеттерін зерттеудің креативті жағдайын құрушы интерактивті конструкторлар, генера- циялаушы жəне есептеуіш программалар, оқу мақсатындағы сарап- тама жүйелері қолданылады.
Соңғы жылдары жоғарғы сыныптарда дəрістік-семинарлық жүйе элементтерін енгізу басталды. Өткізу түрлеріне қарай ақпараттық дəрістер – материалды мультимедиалық презентациялардың, анимацияланған графикалық нысандардың, суреттердің, кестелердің, сызбалардың жəне т.б. көмегімен баяндау; визуальді дəрістер – материалды көбінесе техникалық құралдардың: бей- не- жəне дыбыстық бейнебаяндар, қысқа түсініктеме беру арқылы сараптаманы мультимедиялық демонстрациялау; дəріс-кеңес беру – тақырыпты оқытуда айқын сөйлеу практикалық бағыттылығының тиімділігі. Техникалық қолдау ретінде мультимедиалық презен- тациялардан басқа электрондық оқулықтардың, мультимедиалық энциклопедиялардың үзінділерін, білім беру мақсатындағы интер- нет-ресурстарын қолдануға болады.
Семинар-сабақ сыныптың барлық ұжымын оқу материалының
мазмұнын өңдеудің белсенді дербес іс-əрекетіне қосуға мүмкіндік береді, оқу материалымен алғашқы танысу дəрісте өткізіледі [7]. Жұмыс мұғалімнің жетекшілік етуімен іске асырылады, оқушыларға жауаптары оқулықта жоқ, олардан білім, біліктілік пен дағдыны меңгерудің репродуктивтіктен шығармашылыққа дейінгі белгілі бір деңгейін талап ететін, əртүрлі деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) топтамасы ұсынылады. Оқушылар топтарға бөлінеді, əр топқа кеңесші-үйлестіруші бөлінеді жəне жеребе тарту нəтижесі бойынша тапсырмалар жиынтығын алады, оны орындауға белгілі бір уақыт (15- 25 мин) бөлінеді. Материалды беру түрі алдын ала анықталуы тиіс. Семинардың сұрақтарына жауап беру үшін оқушылар дəрістердің конспектісін, əртүрлі ақпараттық-іздеу жүйелерін, электрондық эн- циклопедиялар мен анықтамаларды қолдануларына, мұғалімнен кеңес алуларына болады. Сосын əр топ өздерінің хабарламала- рын айтып шығады, артынан семинардың барлық қатысушылары талқылауға қатысады.
Өзіндік мақсаты материалды жалпылау жəне курстың қандай да бір тарауының (бірнеше туыстас тақырыптардың) ең маңызды проб- лемасы бойынша білімді тереңдетіп оқытуды ұйымдастырудың ұтымды түрі оқу конференциясы болып табылады [3,8]. Бұл семинар сабақтың бір түрі. Ол ақпараттың əртүрлі көздерімен жұмыс істеу біліктіліктерімен байланысты, қойылған сұраққа жауап іздеу, өзіндік көзқарас туғызу, ойын ықшамды жəне ашық баяндау үшін өзінің баяндамасын мультимедиалық сүйемелдеуде мəтінді, графиканы, дыбысты өңдеу технологияларын меңгеруі сияқты үлкен дайындық жұмыстарын талап етеді. Оқу конференцияларының тақырыбы оқу бағдарламасының шеңберінен шығып кетуі мүмкін. Конференция- ның білім беру мəні оларға дайындық кезінде оқушылар электрондық білім ресурстарымен өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады, нақты есепті шешу үшін алған теориялық жəне технологиялық білімдерін қолдана алады.
Курстың үлкен тақырыбымен (тарауымен) жұмыс жасау- ды аяқтауда, немесе бұл тараудың материалы бұрын оқытылған жағдайда сынақ сабақ өткізіледі. Ол екі бөлімнен тұруы мүмкін: оқытушы бөлімінде (15 минутқа дейін), оқушылардан өтілген материалдың негізгі сұрақтары бойынша, олардың типтік есептерді шешудегі өзіндік жұмыстарын үйлестіре отырып əрқайсысымен жеке сұрау-əңгімелесу өткізіледі жəне бақылаушы бөлімінде (30
минутқа дейін) жазба жұмыстарын орындау тапсырылады. Бұл сабақта оқушылардан алған білімдерін жалпылау жəне жүйелеу та- лап етіледі [7].
Жеке тұлғаны оқыту, тəрбилеу жəне дамытуды ұйымдастырудың бір түрі сабақ уақытында жəне сабақтан тыс уақыттарда қолдануға болатын дидактикалық ойындар [1] болып табылады. Ойынның негізгі түрі – компьютерлік оқыту ойындары. Ол оқушылардың оқу іс-əрекетінің мотивтеріне ынталандыру, оқыту үдерісін белсендендіру мен күшейту жəне оқушыларды жаңа материалды қабылдауға дайындау үшін үшін жаңа тақырыпты өтудің алдында; жаңа тақырыпты түсіндіріп болғаннан кейін, алынған білімді бекіту үшін; тарауды оқып біткеннен кейін алған білімді жалпылау, жүйелеу жəне бақылау мақсатында өткізілуі мүмкін. Компьютерлік оқыту ойындары оперативтік, тактикалық жəне стратегиялық деңгейді көрсететін белгілі бір логикалық құрылымнан тұрады. Жоғарғы мектепте оқытудың практикалық бағытын күшейту, алынған білімді шығармашылықпен қолдану мен бекіту мақсатында іскерлік ойын- дар қолданылады [1].
Оқушылардың сыныптық-сабақтық іс-əрекеттерін толықтырушы жəне дамытушы оқу жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне өзіндік үй жұмыстары жатады [2]. Үй тапсырмаларының мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады: жаңа тақырыпты оқыту кезінде жаңа ма- териалды қабылдауға бағытталған тапсырмалар; білім, біліктілік пен дағдыны бекітуге бағытталған тапсырмалар; алған білімді прак- тикада қолдана білуге бағытталған тапсырмалар; шығармашылық сипаттағы тапсырмалар [7].
Жақсы педагогикалық программалық құралдармен жабдық- талған компьютер мұғалімге жұмыс стилін жетілдіруге, өзінің мойнына ескішілдікке негізделген қызметтерді ала отырып жəне мұғалімдерге оқыту, тəрбиелеу мен дамытудың ақиқат адами неғұрлым шығармашылық есептерін қалдыра отырып көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |