Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


АКТ қолданудағы білім алушылардың өзіндік танымдық қызметі



жүктеу 5,38 Mb.
бет51/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

АКТ қолданудағы білім алушылардың өзіндік танымдық қызметі


Информатика саласында ақпараттық-біліктілік моделін үйрету сабақта ғана емес, қатысушылардың біліктілігін өзіндік таныту ұйымымен қарастыруға болады. Ол жоспарлық, телекоммуникациялық немесе ойындық ұйымдастырылуы мүмкін.


Білім алушылардың жобалық қызметі – ортақ мақсаттары бар жəне сол мақсатқа жету үшін келісілген амалдар жиынтығынан тұратын оқу-танымдық қызмет. Жобалық қызметтің міндетті шарттарының бірі – жобаның соңғы өнімі жайлы алдын-ала қалыптасқан көзқарастың болуы.
Жобалық қызмет компьютерлік қолдаудың арқасында біршама əсерлі болады. Мысал ретінде «Ғаламдық торлардың адамзат үшін мəні» жобасын алуға болады. Бұл жоба «Интернет – ғаламдық компьютерлік тор» тақырыбын оқығанда қолданылады. Білім алушылардың жобалық қызметі үш кезеңде өтеді, бұл кезеңдерде интернетте іздеу жолдарын үйрету мен ғаламдық торлар тарихын жəне қазіргі кездегі интернет құралдарымен танысу өтеді.
Білім алушылар бірінші кезеңде келесі тапсырмаларды орындай-
ды:

  1. Интернеттің негізгі ақпараттық-анықтамалық жүйелерімен та-

нысады (отандық жəне шетелдік)

  1. Ақпараттық-анықтамалық жүйелерді іздеуге арналған, каталогтарға арналған, мета жəне аралас іздеуге арналған жүйелерге жіктеуді үйренеді.

  2. Мультимедиа файлдарын, суреттерді, əртүрлі саладағы ақпараттарды іздеуге арналған арнайы мамандандырылған іздеу жүйелерімен танысады.

  3. Екі-үш жүйелердің сұраныс тілдерімен оқып танысады. Сұраныс тілдерінің көмегімен қажет емес нəтижелерді алып тастау- ды үйренеді.

  4. Үстел үстіндегі баспалық жүйеде «Интернеттегі нəтижелі іздеу» тақырыбында жариялауды жүзеге асырады. Жариялау құрамында ақпараттық-анықтамалық жүйелердің жіктемесі, негізгі ақпараттық жүйелерге мысалдар, іздеу нəтижесін арттыруға арналған кеңестерді қамтиды.

Білім алушылар екінші кезеңде келесі тапсырмаларды орындай-
ды:

  1. Іздеу жүйелерінің көмегімен интернеттен жаһандық торлар

жайлы ақпаратты іздейді.

  1. Тақырыпқа байланысты мысалдар іздеу (іздеу үшін арнайы мамандандырылған іздеу жүйелерін қолдану).

  2. «Интернет тарихы. Күнтізбелік күн, адамдар» тақырыбында веб-сайт ашады.

Білім алушылар үшінші кезеңде келесі тапсырмаларды орындай-
ды:

  1. Іздеу жүйелерін пайдалана отырып, интернет құрылғылары

жайлы ақпаратпен танысады.

  1. TCP/IP хаттамалары жайлы мəліметтер іздейді.

  2. Интернет ресурстарына ат беру жүйелерін зерттейді.

  3. Ғаламдық тор сервистерінің негіздерімен жəне олардың жұмыс істеу принциптерімен танысады.

  4. Алынған ақпарат негізінде «Интернеттің негізгі қызметтері» тақырыбында презентация құрастырады.

Жобалық қызметтің ісінің түрі телекоммуникациялық бола ала- ды. Мұндай қызмет педагогикалық жағынан нəтижелі, егер:

    • қойылған мəселені шешу үшін мəліметтерді əртүрлі аумақтардан жинақтауды қажет ететін көптеген жүйелі зерттеулер қарастырылады;

    • əр түрлі аумақтарда пайда болған немесе бар фактілерді, зерттеулерді, салыстырмалы зерделеулерді анықтауда, шешуде, құрастыруда қолданылатын ұсыныстар қарастырылады;

    • мəселені шешудің əр түрлі немесе бір ғана түрін салыстырма- лы бақылау арқасында нəтижелілігі жоғарысын анықтау;

    • ортақ шығармашылық жұмыстарды ашу ұсынылады (журнал,

газет, пьеса, кітап, музыкалық туындылар);

    • телекоммуникациялық мысал ретінде Летописи.ру желілік жо- басын келтіруге болады («Үйге қайту уақыты»). Ол гипертексттік энциклопедия ашуға бағытталған жəне қызыққан білім алушыларға http://Letopisi.ru адресінде ашық жəне қолжетімді. Intel корпорациясының жəне ТрансТелеКом компаниясының бастамасы- мен ВикиВики технологиясы негізінде жасалып жатқан жобаның Википедия бүкіл дүниежүзілік энциклопедиясының арқасында атағы шықты.

Летописи.ру жобасы білім алушыларға өздерін орыс ауылдары- ның, кіші жəне үлкен қалаларының жылнамашысы ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Жоба ВикиВики-дің мүмкіндіктерін зерттеудегі масштабты тəжірибе болып табылады. Əр түрлі облыстардағы мектептердің білім алушыларының ортақ қызметінің нəтижесінде ұжымдық гипермəтін пайда болады. Ол өзіндік бір электрондық тақта болып табылады жəне оған оның барлық қатысушылар жаза алады. Ұжымдық гипермəтін бір қызметтегі адамдар тобының ортақ ресурстарды қолдануы, ортақ кеңістік ретінде мысал бола алады. Қатысушылар мəтіндері бірін-бірі толықтырады, кеңейтеді жəне байытады.
Білім алушыларға өзіндік танымдық жұмысты желілік байла- ныспен ұйымдастырғанда телеконференциялар қолдануы мүмкін. Интернет ортасының базасымен байланыс телеконференциялық оқытудың маңызды психологиялық-педагогикалық шарты бо- лып табылады. Мұндай орта қатысушылар мен оқу үдерісін ұйымдастырушылар арасындағы интерактивті сұхбатпен сипаттала- ды.
Оқытуға тағайындалған телеконференция – компьютерлік жүйеде ұйымдастырылған тақырыптық ақпарат алмасу арқылы шешілетін оқыту тапсырмаларының мəні. Компьтерлік телеконфе- ренция технологиясының ұйымдасуының əрекеттесуі оның типіне байланысты болады. Интернеттегі барлық телеконференцияларды олардың ұйымдасу белгілеріне байланысты жіктеуге болады.

  1. Ақпаратқа рұқсат деңгейіне байланысты:

  1. Басқарылуына байланысты:

    • модерирмді;

    • постмодерирмді;

    • немодерирмді.

Модерирмді оқу телеконференциялары жүргізуші модератордың болуымен ерекшеленеді, ол телеконференцияның жүргізілуі мен ұйымдасуына жауап береді. Постмодерирмді конференциялар- да хабарламалар бірінші телеконференцияда жарияланады, содан кейін барып оны модератор өңдейді. Бұған қоса модератор қажет болған жағдайда хабарламаны өшіруге немесе өзінің түсінігін жа- зып қалдыра алады. Немодерирмді оқыту телеконференциялары жүргізушінің болмауымен негізделеді жəне қатысушылар өздері ха- барлама алмасу барысында пікірталастың даму бағытын таңдайды.
Ақпарат алмасу тəсілімен:

    • мерзімі ұзартылған режимде;

    • нақты уақыт режимінде.

Оқытуға арналған телеконференцияға мысал ретінде информа- тикадан өткен үздіксіз қашықтан ұйымдастырылған олимпиаданы айтуға болады, ол оқушылардың пəн бойынша білімін тереңдетуге жəне оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын оятуға арналған. Олимпиаданың негізгі міндеттері мен тапсырмалары бо- лып:

    • оқушылардың мектептегі информатика курсын оқудағы білімін тереңдету;

    • оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттыру;

    • оқушылардың пəнге байланысты шығармашылық мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын анықтау жəне дамыту;

    • оқушылардың интелектуалдық дамуына қажет жағдайларды жасау;

    • арнайы курстардың, үйірмелердің, ғылыми қауымдастықтар- дың жұмыстарын жандандыру жəне оқушылармен жүргізілетін басқа да жұмыс түрлерін дамыту, оқушылар арасында ғылыми білімді насихаттау.

Ойын түрінде оқыту – танымдық қызмет білім алушылардың дидактикалық компьютерлік ойындарды қолдануда негізделген. Мұндай ойындар бірнеше рет қайта қаралып оқылатын оқу материалдарының негізінде жасалады, олар программаға ойындық жағдай ретінде ұсынылады.
Информатиканы оқытуда қолданатын көптеген ойын программа- лары оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыруға негізделген. Осындай дидактикалық ойындарға мысал ретінде «Роботландия»
программалық-əдістемелік жүйесінің кейбір программаларын айтуға болады. Бұл жүйе кіші мектеп жасындағы балаларға инфор- матиканы оқыту үшін құрастырылған. Логикалық конструкциялар- мен құрастырылған əр түрлі ойындық жағдайларды шешу арқылы оқушы тапсырманың оңтайлы алгоритмді шешу жолын табуды үйренеді.
Дидактикалық компьютерлік ойындарға қосалқы дидактикалық əсер беретін мультимедиа. Мультимедиалық ойындар – ойыншы мен компьютер құрастырған виртуалдық ортаның əрекеттестігі арқылы құралады. Виртуалдық ортаның жағдайы ойыншыға əр түрлі ақпарат түрінде беріледі. Мысал ретінде «Информатикус» компьютерлік ойын көрсетуге болады. Ойын барысында ойынға қатысушы ежелгі храмдар мен монастырлер, ескі қалалар мен ша- тасып кеткен лабиринттар, ұлы ежелгі жұмбақтар мен қазіргі кездің арпаласуынан тұратын ғажайып бір ойындық əлемге тап болады. Со- нымен қоса информатика курсынан тақырыптар зерттеледі: есептеп шығару жүйелері, графтар, криптографиялар жəне т.б. Оқушылар роботтарды программалауды, Морзе əліппесін қолдануды үйренеді, ақпараттың қалай тасымалданатыны жəне сақталатыны жайлы біліп танысады.

    1. жүктеу 5,38 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау