Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


Информатиканы оқытудың ақпараттық пəндік ортасы



жүктеу 5,38 Mb.
бет60/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Информатиканы оқытудың ақпараттық пəндік ортасы




Көптеген мектептерде оқыту үдерісіне жəне оқудан тыс іс-əрекет кезінде ақпараттық жəне программалық ресурстар мен қызмет көрсететін медиатекалар бар.
Информатиканы оқыту үдерісінде заманауи орталары маңызды рөл атқарады, оқыту үдерісіне жəне мектеп информатикасына толықтай сыртқы қатынастар əсер етеді, оның ішінде интернет жəне жалпы ақпарат құралдары (масс-медиа).
Интернет ауқымдық желісі заманауи білім берудегі кеңінен қолданылатын интегралды құрал болып табылады.
Қазіргі кездегі тəжірибе интернет құралдарын оқытуда пайдаланудың кейбір болашақтарын анықтады [22].
Мұғалімдерге арналған интернет:

    • мұғалімді даярлау жəне қайта даярлау жүйелері (қашықтықтан өткізетін семинарлар, педагогикалық қорларының жиыны, əр түрлі əдістемелердің мəліметтер қоры, мұғалімдерді қашықтықтан атте- стациялау);

    • ғылыми шығармашылықты шыңдау (жаңа ақпараттарды ғылыми журналдардың электрондық түрінен алу, ғылыми мəселелер жөніндегі конференцияларға қатысу, жаңа қорытындыларды электрондық журналдарда жариялау, əртүрлі елдердің ғылыми кітапханаларына қолжетімділігі);

    • оқыту іс-əрекетінің жетілдірілуі (басқа оқу орындарындаға оқыту əдістемелері мен оқыту технологиялары туралы мəлімет алу, оқыту үдерісін жетілдіруге бағытталған түрлі іс-шаралар туралы мəлімет алу, сабақта қолданылуға болатын түрлі дайын материалдар алу, оқыту үдерісінде қолданылатын оқулықтар мен кітаптар туралы мəліметтер алу, оқытудың техникалық құралдарын пайдалану тура- лы мəлімет алу);

    • тəжірибелік жұмыста мектеп веб-сайтын пайдалану (əрқашан толтырылып отыратын, оқу жоспарына кіретін материалдар, бағдарламалар, сабақтың конспектілері мен сабаққа дайындалуға қажетті материалдар, өзінің оқу материалдарын жариялау жəне т.б.);

    • телеконференция арқылы оқыту іс-əрекетін жетілдірудегі өзінің тəжірибесімен бөлісу;

    • оқыту үдерісінің сапасы мен оқушыларды ынталандыру жай- лы басқа мұғалімдермен əдіс-тəсілдермен алмасу;

    • жеке байланыстар орнату;

    • оқытушы жəне ғылыми іс-əрекеттер туралы басқа мұғалімдердің ой-пікірін білу мақсатында жəне өзінің пікірлерін жариялау үшін жеке Web-құжаттары мен сайттар құру.

Оқушыларға арналған интернет:

    • оқып жатқан пəн бойынша оқыту материалдарын қолдану: оқулықтар, педагогикалық программалық құралдар, зертханалық практикум модельдері жəне т.б.;

    • басқа мектептердегі оқушылардың оқытушы-зерттеушілік жəне жобалық жұмыстарымен танысу (өз жұмыстарының қорытындыларын жариялау, ақпарат алмасу, ортақ ойлы əріптестерімен достық қатынас орнату);

    • жеке дайындық кезінде жəне өзін-өзі оқыту кезінде, сынып- та орындалған немесе жеке орындалған жұмыстардың журналдарда жəне электрондық басылымдарына қолжетімділігі;

    • алыстағы оқыту-ғылыми орталықтарынан қашықтықтан білім алу мүмкіндігі (қашықтықта оқытылатын курстар: қосымша, базалық, ЖОО-ға дайындалу, виртуалдық сыныптар жəне кешенді қашықтықтан оқыту, қабылдау емтихандарын қашықтықтан тапсы- ру мүмкіндігі).

Оқушылар мен мұғалімдерге арналған интернет:

    • жаңа ақпараттық жағдай жасайтын ақпарат алу көздерінің жектелмеуі;

    • мектеп аралық жобаларда ақпарат алмасудағы оқушылар мен мұғалімдердің коммуникациясы;

    • оқушылар мен мұғалімдердің жобалары (конкурстар мен олимпиадалар, мектеп шығармашылық жобалар, оқытушы семинар- лар жəне т.б.).

Ата-аналарға арналған интернет:

    • өзінің баласының оқу үлгерімі, жетістіктері жайлы мұғалімдер мен мектеп психологынан ақпарат алу;

    • оқу орындары туралы ақпарат, сонымен қатар жарнамалық түрде берілетінбалаларға қосымша білім беру қызметтерінкөрсететін ұйымдар туралы, ата-аналардың шағымдары мен келісімшарттары туралы, басқа да көптеген қажетті ақпарат алу мүмкіндігі;

    • мектеп əкімшілігімен, мұғалімдермен хабарласу мүмкіндігі. Əйтседе интернет дəстүрлі оқыту үдерісін жоққа шығара ал-

майды, оның мүмкіндіктері тек қана оқыту үдерісінің түрлері жəне əдістемелерін өзгертеді.
Интернетті білім беру үдерісінде қолдану заманауи оқушылар- дың ойлау қабілеттіліктеріне жаңа бағыт береді. Оқушы барлық ақпараттық үдерістерді жүзеге асыра жəне өзінің алдына мақсат қоя отырып, оларға жету жолындағы мəселелерді шеше алатын педагогикалық үдерістің белсенді субьектісі болып табылады.
Бұл үдерістің жағымсыз жақтары да жеткілікті. Əлемдік торлардың ішінде əрине оқушылар мен жасөспірімдер көрмесе екен деген ақпараттар өте көп. Бұл сол ақпаратқа қатаң тиым салу проблемасын тудырады. Екінші жағынан, интернетте жарияланған ақпараттық ресурстардың ғылыми растылығының жоқтығы жəне онда ақпараттарды жариялаудың оңайлығы.
Телекоммуникация оқыту үдерісіне жəне оқушыларды тəрбиелеуге жаңа қатынас орнатады [22]:

    • ортақ жобалары бар оқушылар арасындағы шектеуді жойып, олардың өзара ақпарат алмасып, ой бөлісіп, сын-пікір алма- сып жақындасуына көмектеседі;

    • өзінің зерттеу əдістерінің нақты негізінде (ғылыми жəне шығармашылық зертхана), оқушылардың табиғатты тану, техни- ка, технология, əлеуметтік құбылыстарды, түрлі шығармашылық жұмыстарының маңыздылығын тану мүмкіндігі;

    • басқа елдердің мəдениетінен, басқа адамдардың тəжірибесінен ақпарат алу мүмкіндігінің кеңдігі;

    • гуманитарлық білім берудің дамуын арттырады, адам өміріндегі іс-əрекетті əдеп-ғұрыптық өмір аспектілеріне бағыттайды, табиғатты қорғауға жəне қалыпты күйіне көңіл бөлуге бағыттайды;

    • өз ана тілінің үйреніп дамытуына, еларалық жобалар жасау кезінде шет тілдерді де меңгеруіне əсер етеді;

    • алдағы өмірде қажет болып қалатын біліктілік пен дағдыны тек ғана оқушыларға ғана емес, сонымен қатар мұғалімдерге де меңгеруге септігін тигізеді, соның ішінде компьютерлік техниканы жəне технологияларды қолдану дағдылары;

    • оқушыларда керекті білім деңгейін қалыптастыруға көмектеседі, қабылданған ақпаратты салыстыру, толықтыру, өңдеу, қойылған сұрақтармен байланыстыру дағдысын қалыптастырады, яғни оқушының ақпараттық мəдениетін қалыптастырады.

Оқу орнының интернет желісіндегі білімдік веб-сайты – жаңа ақпаратты-əдістемелік құрал. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы нəтижесінде білім сайттарының мектеп арасында
маңызы артып отыр. Сайттың мазмұны, ұйымдастыру құрылымынан мектептің қоршаған ортамен байланысы ғана емес, сонымен қатар оқу орнының ішінде болып жатқан білім беру үдерістерінің қатынастарымен байланысты.
Сайт (немесе веб-сайт) – ұйымның серверінде немесе жеке адамның серверінде жарияланған өзара байланысқан веб-беттер жиыны. Олар əдетте белгілі бір бағытталған жəне жеке адресті болады. Мысалы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің интернеттегі адресі – www.kaznpu.kz, ал информа- тикадан əдістемелік нұсқаулардың, көмекші құралдардың сайты www.metod-kopilka.ru, жалпы білім беру əдістемелері туралы сайт www.pedsovet.ru, информатикадан ашық сабақтар сайты – www.ustaz. kz, информатикадан білімділер сайты www.bilimdiler.kz, ұстаздарға арналған сабақ жоспарлары сайты – www.sabaktar.kz, ұстаздарға арналған танымдық əдістемелік сайты www.sabaq.kz жəне т.б.
Веб-бет – Интернет желісіндегі жеке құжат. Веб-сайттардың бірегейлігі білім беруі үдерісінің көптеген мəселелерін шешу- де көмектесетін əмбебап құрал болып табылады: оқушыларға, мұғалімдерге жəне мектептерге, басқада əртүрлі əдістемелер мен танысқысы келетіндерге ақпаратты беру, кейбір кітапханаларда қолдану жəне оларды өзінің əдіс-тəсілдерімен, тəжірибелерімен толықтыру мүмкіндігі, коммуникацияның интерактивті формалары

  • чаттар, веб-форумдар, телеконференциялар.

Білім сайтының негізгі жасағы оқу орнының бірізді педагогикалық тұжырымдамасы болып табылады [127]. Мектеп сайты мəселелердің бір бөлігін шешіп қана қоймай, мектеп іс-əрекетінің тиімділігін барлық жағынан арттыру қажет. Мектептің педагогикалық тұжырымдамасы жəне оның құрылымының элементтері сайттың базалық негізін құрайды жəне мұқаба бетте орын алады.
А. В. Хуторский жасалып жатқан мектеп сайтының екі аспектісін қарастырады: сыртқы жəне ішкі. Біріншіден, сайт сырттан келген қонақтарға қызықты болуы тиіс. Екіншіден, сайт оқу орнының ішінде болып жатқан мəселерді шешуде сапалы жəне тиімді құрал болуы мүмкін: сабақ өткізу, қашықтықтан өткізілетін педагогикалық кеңес жəне ата-аналар жиналысын, конкурстар, оқытудың ақпараттық қамтамасын ұйымдастыру.
Білім сайтын жасаудағы негізгі принциптер – адрестігі, интерактивтігі жəне сайтқа кірушілердің көптігі, үдерістерді
ұйымдастыратын мұғалімдер мен оқушылардың (қатысушылардың)
болуы.
Веб-квест – басқа беттердегі нақты тақырыпқа байланысты гиперсілтемелері бар интернет желісіндегі беттер.
Білім веб-квестер деп білім сайттарында жарияланған, басқа сайттардан сілтемелері бар веб-беттері құрайды. Əйтсе де веб-бет өзінің мазмұны, мақсаты, мəселелері, бақылау қызметтерін жүзеге асыратын білімдік болып жасақталады.
Интернет ресурстары қазіргі таңда білімдік веб-квесттарды жа- сау үшін жақсы дамыған. Білім веб-квесттері кез келген оқу пəні бойынша, соның ішінде гуманитарлық бағытта да, жаратылыстану бағытында да, жасалуы мүмкін.
Медиа білім беру – оқушылардың жалпы коммуникация құралдарының заңдылықтарын оқытуға бағытталған: теледидар, пресса, радио, кино, бейне жəне т.б. медиа білім беру құралы ретінде ақпараттық ортаның төмендегідей элементтері пайдаланылады: оқулық, жалпы ақпарат ортасы (теледидар, басылымдар, радио), бейне, компьютерлік оқытушы программалар жəне ойындар, интер- нет ақпараттық желісі.
Медиа білім беру мен базалық білім беру сабақтастырыла оты- рып мынадай құрамалар береді (Л. С. Зазнобина):

    • жаппай ақпараттандыру құралдары арқылы берілетін ақпаратты қабылдау жəне өңдеу;

    • критикалық ойлау, беріліп жатқан ақпараттың дұрыстарын қабылдап, жалған ақпараттардың бойға сіңдірмеу дағдыларын да- мыту;

    • ортақ базалық білім беруге, жеке білім саласы бойынша білім мен дағдының бүкіл мектептік ақпараттарды қосу;

    • түрлі техникалық құралдарды пайдалана отырып (компьютер, факс, модем, мультимедиа жəне т.б.) қажетті ақпаратты іздеу, дайын- дау, жіберу, қабылдау біліктіліктерін қалыптастыру.

Мектеп оқушыларының медиа білім беру үдерісін пайдалану келесідей дағдыларды дамытады (А. В. Хуторский):

    • əртүрлі ақпарат көздерінен керекті ақпаратты табу;

    • əртүрлі ақпараттық мəліметтердің арасындағы байланысты орнату;

    • ақпараттардан керекті мəліметтерді алып, оны жүйелі түрде реттеп, негізгілерін анықтау;

    • коммуникация мақсаттарын, ақпараттық ағынның бағытын түсіну;

    • қабылдап жатқан ақпараттың қателерін, жалғандығын табу;

    • бір ақпарат көзінен алынған ақпаратты бірнеше түрлі көзқараспен көру;

    • алған мəлімет бойынша өзіндік аргументтелген пікір беру, сын-пікір жазу;

    • бір типтегі ақпаратты екінші типке ауыстыру (вербальдіні визуалдыға) жəне кері қарай;

    • тыңдаушыларға байланысты ақпаратты түрлендіру;

    • мазмұны бойынша сəйкес ақпаратты беру түрлерін анықтау;

    • ақпаратты алу, өңдеу жəне жіберудің ең аз деген инструменттерімен қамтамасыз етілуі.

Мультимедиа, компьютерлік технологиялардың жаңа түрлендірілуі бола тұрып, соңғы кезде мектепте білім беру үдерісіне қарқынды еніп келе жатыр. Көптеген зерттеушілер мультимедиалық визуализацияны «қосымша» құрал ретінде қабылдап жəне ол білім беру үдерісіне тек қажеттілігіне сəйкес пайдалану керек деп ойлай- ды.
Ал психологтар болса бейнелі ақпарат беріліп жатқан ақпаратты тестілеу түрінен гөрі оқушы санасында тез сақталып, ұмытпауына кепілдік береді дейді. Сонымен қатар, мультимедиалық программа- лық құралдардың оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, ынталандырушы жəне пəндік-тəжірибелік дағдыларының дамуына əсер етеді.

    1. жүктеу 5,38 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау