Баспасөз хабарламасы



жүктеу 342,93 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.01.2020
өлшемі342,93 Kb.
#26545


 



АЛМАТЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ: 



МҮМКІНДІКТЕР МЕН  БАТЫЛ  ЖОСПАРЛАР ҚАЛАСЫ 

 

Қайырлы күн,қадірлі достар! 



Сәлем, ҚазҰУ! 

  

Білім 



мен 

ілім 


шамшырағы 

болған 


өзімнің 

университетімнің    аудиториясында  сөз  сөйлеу  мен  үшін 

ерекше мәртебе. 

Мен  осы  университет  қабырғасында  білім  алдым,  осы 

жерде тағдырлық достарымды кездестірдім.  

Университет  тек  білім  беріп  қана  қойған  жоқ.  Бұл  жерде 

менің  өмірлік  қағидаттарым  мен  сенімдерім  қалыптасты. 

Университет менің кәсіби мансабыма жол ашты.  

Университеттегі 

жаңалықтарды 

үнемі 

қадағалап 



отырамын,  Сіздердің  табыстарыңыз  мен  үшін  де  үлкен 

қуаныш.  

Сіздермен  кездесер  алдында  ғана  жоғарғы  оқу  орнының 

жұмысымен мұқият танысып шықтым.  

Ұлттық  классикалық  білім  ордасын  әлемдік  дәрежедегі 

зерттеу  университетіне  айналдыру  жолындағы  жүйелі  жұмыс 

қарқыны көңіл қуантады. 

Бұл істе  стратегиялық тәсіл маңызды. 

 

ҚазҰУ  стратегиясы – білім,  ғылым  мен  инновациялар 



интеграциясы, 4.0. Университет моделін қалыптастыру. 

 

Университет болашағына сенімді.  



Демек, болашаққа бағдар болар бағыт дұрыс.  

  

*** 



Алматы өршіл, батыл  жастардың  қаласы.  

Бізде 700 мыңдай жас азаматтар тұрады. 

Егер  қаламызда  барлығы  1  млн.800  мың  тұрғын  бар  деп 

есептесек,  солардың  әрбір  үшіншісі  –  жас  азамат  деп 

тұжырымдауға болады.  

Олардың 170 мыңдайы – ЖОО студенттері.  

50 мың жастар – колледждер студенттері. 



 

Олардың  барлығы  39  жоғарғы  оқу  орындары  мен    81 



колледждерде  дәріс  алуда.  Алматы  –  еліміздің  ең  ірі  жастар 

қаласы  деп айтсақ та болады.  

Сіздер – мегаполистің болашағысыздар.  

Сіздер  әлі  жассыздар,  жігерлісіздер,  қандай  да  бір  қиғаш 

мінезден  адасыздар,  өмірді  жаңаша  қабылдайсыздар, 

өзгеріске толы өркениеттің ырғағын сезіне білесіздер. 

 

Сіздердің  күш-жігерлеріңіз  бен  қажыр-қайраттарыңыз, 



дарындарыңыз  бен  батылдықтарыңыз  қала  үшін  ауадай  

қажет.  Әсіресе,  біздің  қаламыздың  дамуының  жаңа  кезеңі 

бастау алған қазіргі кезең үшін Сіздердің қолдауларыңыз аса 

маңызды. 

Біз  Тұңғыш  Президентіміз  –  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтың  тапсырмасы  бойынша  Алматы  қаласының 



ұзақ  мерзімді  дамуының  стратегиясын  әзірледік.Бұл 

құжатты біз «Алматы – 2050» деп атадық.  

Енді  Сіздермен  қаламыздың  даму  бағдары  жөніндегі 

тұжырымдарыммен бөліскім келеді.  

Сіздер  бұл  бағдарға  тікелей  қатысып,  қолдау  білдіреді 

деген сенімдемін.  

Бүгіндекүн  сайын,  апта  сайын  қалалық  өмірдің  барлық 

салаларын  жүйелі  жаңғырту:  инфрақұрылым,  қоғамдық 

қауіпсіздік,  экономика,  экология,  медицина,  білім  және  басқа 

да  маңызды  мәселелер  бойынша  нақты  шешімдер 

қабылдануда. 

Қазір  қабылданып  жатқан  стратегиялық  шешімдер  қала 

үшін  де,  барлығымыз  үшін  де  даму  трендін  қалыптастырып  

келеді. 


Алматының 

болашағы 

– 

бұл 


кәсіпқойлардың, 

ғалымдардың,  басқарушылардың,  бизнесмендердің  және 

тағы  басқалардың  жаңа  буыны  қалыптасқан    Алматы.  Осы 

орайда  дәл  бүгінгі  студенттер  –  Сіздер  қаланың  баға  жетпес 

адами капиталысыздар.  

Сіздер  Алматының  жасыл  желегін  сақтап,  табиғи  және 

қалалық  жүйелердің  интеграциясын  дамытып,  ең  бастысы, 

өздеріңіздің  болашақ  табыстарыңызбен  Алматыны  тең 

мүмкіндіктер  қаласына,  «шетсіз  қалаға»  айналдыруға 

көмектесе аласыздар. 




 

 



(1) 

Біздің  бірінші  стратегиялық  басымдығымыз   –



Жаһандық «ақылды» қалаға болу.  

 

      


Яғни  – жан-жақты ойлай білу, басқалардан бұрын озық іс-

қимылға дайын болу, өткір де өзекті мәселелерді  шешу үшін 

үздік  «смарт»  тәжірибелерді  қолдану,  нақты  халықаралық-

интеграцияланған мегаполис  болып қалыптасу. 

Бұл  өте  маңызды,  себебі,  қала  мен  қала  маңының 

тұрғындарының  саны  жылдам  көбейіп  келеді.  Егер  Үлкен 



Алматының,  яғни,жан-жағындағы  елді-мекендерін  қоса 

алғандағы  қаланың    агломерациясын    зерделесек,қазірдің 

өзінде    мұнда  3  миллиондай  адам  тұрады  екен,  ал  2030 



жылға қарай бұл сан 5 миллионға жуықтамақ. 

Халықтың  өсуіне  байланысты  инфрақұрылымға 

түсетін  жүктеме  әлемдік  қалалар  үшін    басты  жаһандық 

сынақ  болып  табылады.  Біз  де  бұдан  шет  қала  алмаймыз, 

өзге  әлемдік  мегаполистер  сияқты  урбанизация  дағдарысы  

бізге де  қауіп төндіруде. 

Көші-қон  арқылы  халықтың  жыл  сайынғы  өсімінің  60%-ы   

қалыптасады. 

Бұл 

қаланың 

барлық 

әлеуметтік, 

инженерлік,  көлік  инфрақұрылымының  шамадан  тыс 

жүктелуіне алып келеді. 

 

Урбанизация  дағдарысын  болдырмау  үшін  Үлкен  Алматы 



агломерациясының  барлық  аумағында  белсенді  жоспарлау 

мен жобалау, смарт  тәсілдер мен шешімдер талап етіледі. 

Біздің 

қаламыз 


үшін 

оңтайлы 


тұрғындар 

саныагломерацияны  есептемегенде  –  3-3,5  млн.адам.  Бұл 

көрсеткішті 2035 жылдан кейін осы деңгейде ұстап тұру  үшін, 

қазірден  бастап  қала  маңын  дамыту  қажет  –  онда  жұмыс 



орындарын,  әлеуметтік  инфрақұрылымды  құру,  жаппай 

қоғамдық  көліктерді  -  БРТ,  ЛРТ,  электричкаларды  тарту 

керек. 

Алматы қаласы үшін ұзақ мерзімді мақсат – өмір сапасы 



бойынша әлемнің үздік 100 қаласы тізіміне ену. Бұл нақты 

мақсат.  Айта  кетерлік  жәйт,  2019  жылы  жүргізілген  Mercer's-

тің    «Quality  of  living  survey»  рейтингісі  бойынша  Алматы  177 

орында тұр. 




 

Ең  үздік  әлемдік  мегаполистердің  рейтингіне  кіру 



біржақты  мақсат  емес.  Бұл  қадам  бізге  Алматыны 

таланттар,  қаржы  мен  тауарлар,  кәсіби  қызметтер  мен 

ақпараттар  ағындарына  қызмет  көрсететін  жаһандық 

толыққанды халықаралық хабқа айналдыру үшін қажет. 

Қала Орталық Азия кеңістігіндегі іскерлік пен оқиғалы 

туризмнің  маңызды  орталығына  және  халықаралық 

коммуникациялар хабына айналуы тиіс. 

Халықаралық  интеграцияланған  үздік  қалалардың 

қатарына  барар  жол  айқын.  Әлемдік  рейтингтердің 

критерийлері мен индикаторлары барлығына белгілі. 

Біз  алдымызға  өршіл  міндет  қойып  отырмыз.  Ол  – 

Халықаралық  деңгейде  танылған  рейтингтерде  өлшенетін 

жаһандық  қалалардың  әлемдік  жүйесінде  Алматының 

позициясын  нығайту.  Қала  «альфа»  тобына  кіріп,  өзінің 

аймақтық бәсекелестерінен оза дамуы тиіс. 

  

(2) 



Екінші   стратегиялық  басымдық –  Алматы  шетсіз 

қалаға айналуы тиіс.  

 

Мегаполис  әр  ауданының  бірегей  сипаттамасы  бар  және 



адамдарды  тартатын  көрікті  орындары  бар  көпорталықты 

қала болуы керек.  

Бізге 

қаланың 


барлық 

аудандарында 

түгелімен 

алматылықтардың  өмір  сүруінің  жоғары  стандарттары  қажет. 

Бұл  қағидатты  түрде  маңызды,  өйткені  бүгінгі  күні  қала 

орталығы  мен  шеттеріндегі  өмір  сүру  деңгейінде 

алшақтық байқалады. 

Шағын 


аудандардың 

көптеген 

шеткі 

аумақтары  



орталықтандырылған 

сумен 


жабдықталмаған 

және 


орталықтандырылған  кәріз  жүйесі  де  жоқ,  жол  желісі 

дамымаған, көшелер жарықтандырылмаған. 

Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, қоғамдық кеңістік 

нысандарының  басым  көпшілігі  Райымбек  даңғылынан 

оңтүстікке қарай, «жоғарғы»  аудандарда орналасқан. 

Медеу ауданындағы орташа жалақы Наурызбай ауданына 

қарағанда 2 есе жоғары.  



 

Маятниктік  көші-қон  мен  жолдардағы  кептелістің  негізгі 



себебі  –  мегаполис  орталығы  мен  шеттерінің  даму 

деңгейіндегі алшақтық болып табылады. 

Осы  мәселелерді  шешу  үшін  біз  «жаңа  Алматы» 

жоспарын әзірледік. Оның басты мақсаты – алдағы 5 жылда 

қаланың  барлық  аудандарын  сумен  қамтамасыз  ету, 

жарықтандыру,  аулаларды  абаттандыру,  олардағы  қоғамдық 

көлік,  тұрғын  үй,  балабақшалар,  мектептер,  жолдар  салу 

мәселелерін шешу. 

 

Дәйектеме: Шеттерді дамыту үшін 800 млрд. теңгеге 



жуық  бюджеттік  және  жеке  инвестициялар  қажет 

болады.  

Мысалы,  2021  жылдың  соңына  дейін  қала  шетінде  23 

шағын  ауданды  сумен  және  кәрізбен,  100%  көшелер  мен 

аулаларды  жарықтандырумен  толық  қамтамасыз  етуді 

жоспарлап отырмыз. 

Жол үлесін негізінен Алатау, Медеу, Түркісіб, Наурызбай 

аудандарының  шеткі  шағын  аудандарында  көше  салу 

есебінен  75%-ға  дейін  жақсы  және  қанағаттанарлық 

жағдайға жеткізу жоспарланған. 

Ескі  үйлерді  сүру  бағдарламасы  кезең-кезеңмен 

әзірленді,  бұл  бағдар  бойынша    Алматы  қаласындағы 

барлық 948 ескі үйлерді сүру көзделген.  

Бірте-бірте  біз  даму  бағдарын  және  негізгі  қалалық 

белсенділікті  тарихи  орталықтан  мегаполистің  6  жаңа  өсу 

аймағына,  негізінен  «төменгі»  аудандарға  және  шеткі 

аумақтарға бұрғымыз келеді. 

Бұдан  басқа,  қаланың  әуежай  маңындағы  «Шығыс 



қақпасын»,  Қапшағай  бағытындағы  «Солтүстік  қақпасын», 

ЖЭО-2  және  индустриялық  аймақаумағындағы  «Батыс 



қақпасын»  және  Қаскелең  жағындағы  «Оңтүстік  қақпасын» 

дамытатын боламыз. 



«Инновациялық 

технологиялар 

паркі» 

арнайы 

экономикалық аймағы жаңаша дамитын болады.  

Осы 


аймақтардың 

бәрінде 


біз 

халықтың 

өсімін 

қамтамасыз 



етіп, 

жұмыс 


орындарының 

көп 


бөлігін 

шоғырландыра аламыз. 




 

Жаңа  Алматыда  біз  рекреациялық  аймақты  дамытатын 



боламыз  –  қала  тұрғындары  үшін  жаңа  скверлер,  саябақтар 

мен демалыс аймақтарын құратын боламыз. 

Сонымен  қатар,  қаланың  көп  орталықтық  қағидаты 

бойынша  дамуы  Алматының  ескі  тарихи  және  мәдени 

орталығының  келбетін  сақтау  жөніндегі  жұмыспен  қатар 

жүргізілетін болады. 

Біз  қазір  тарих  және  сәулет  ескерткіштері  болып 

табылатын  ескі  ғимараттардың  аудитін  бастадық.  Тарихи 



орталық  –  Алматының  жүрегі,  біз  бәріміз  оны  білуге 

тиіспіз әрі  мақтан тұтуымыз керек. 

 

 

(3) 



Үшінші стратегиялық басымдық – Алматы адами  

орталық 

болып 

қалыптасуы 

тиіс. 

Яғни, 


адамдардың барлығы үшін, әркім үшін арналған 

қала, бастамалар  қаласы болуы керек. 

 

Бұл  өте  маңызды,  өйткені  әлеуметтік  алшақтықты  



осылайша жеңуге болады. 

Үлкен  қала  көп  мүмкіндіктер  береді,  бірақ  қиын  өмірлік 

жағдайға тап болғандар үшін ол өте қатал болмақ. 

  

Жастар  жұмысқа  орналаса  алмайды,  көп  балалы 



отбасыларға  тұрғын  үй  алуға  қаражат  жетіспейді,  мүмкіндігі 

шектеулі  адамдарға  қала  ішінде  еркін  қозғалу  қиын,олар 

басқалармен тең дәрежеде оқи да, жұмыс істей де алмайды.  

Көптеген  қала  тұрғындары  қаланы  басқару  процесінен 

шет  қалып  жатады,  олардың  пікірлері  шешім  қабылдау 

орталықтарына жете бермейді. 

Сондықтан,  Алматы  кез  келген  азамат  үшін  бірдей 

мүмкіндік жасалатын инклюзивті адами орталық болуы тиіс. 

Барлық  қала  тұрғындары  қаланы  басқаруға  белсенді 

қатысып,  өз  бастамаларын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  алуы 

тиіс. 

Біздің  басым  міндетіміз  –  әлеуметтік  қолдауға  мұқтаж 



азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру. 

Жалпы,  қала  бюджетінің  жартысы  әлеуметтік  салаға 

жұмсалады.  Бұл  көлемі  490  млрд.  теңгені  құрайтын 



 



қаланың  нақты  қолда  бар  барлық  бюджетінен  шамамен 



204 млрд. теңге деген сөз.  

Қала  бюджеті  қалалықтардың,  соның  ішінде  сіздердің  де 

қоғамдық 

көлік 


пен 

коммуналдық 

қызметтер 

шығындарыңыздың едәуір бөлігін субсидиялайды. 

Қала  тұрғындарының  10-нан  астам  санаттағы  бөлігін 

субсидиялауға шамамен 68 млрд. теңге бағытталды.  

Олар:  I,  II,  III  топтағы  мүгедектер,  оқушылар,  студенттер, 

зейнеткерлер,  көп  балалы  және  аз  қамтылған  отбасылар, 

ҰОС  ардагерлері,  ауғандықтар  және  басқа  да  әлеуметтік 

топтар. 


Көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында  «Бақытты 

отбасы»  қалалық  бағдарламасы  табысты  іске  асырылуда, 

оған  жергілікті  бюджеттен  7,4  млрд.теңгедей  бөлінді.  

Бастапқы  жарнаға  (345  млн.  теңге)  және  жеңілдік 

шарттарымен жылдық 2%-дық несие алуға  (2,5 млрд. теңге) 

–қайтарымсыз сертификаттар берілді. 

Ағымдағы  жылдың  соңына  дейін  «Нұрлы  жер» 

мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  жұмыс  істейтін  жастарға 

1  020  пәтер  беріледі  (7,2  млрд.теңге  бөлінді).  2020  жылдан 

бастап  «Алматы  жастары»  қалалық  бағдарламасын  іске 

асыруды  жалғастырамыз  және  пәтер  бөлу  санын  жылына 

1000  пәтерге дейін жеткіземіз. 

Тағы  бір  маңызды  ұзақ  мерзімді  мақсат  –  «кедергісіз» 



ортаны  құру.  Мақсат  –  мүмкіндігі  шектеулі  адамда  үшін 

қалалық инфрақұрылымның 100% қолжетімділігін қамтамасыз 

ету. 

Қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету – бұл 



өте қиын да  маңызды міндет.  

Мен  сіздерді  волонтерлік  қозғалыстарға  белсене 

қатысуға,  қаламызды  мейірімді,  қайырымды  және 

прогрессивті  мегаполиске    айналдыруда  басқаларға  үлгі 

көрсетуге шақырамын. 

Менің  ұстанымым:  қаланы  басқаруда  –  қалалықтармен 

кері байланыс қамтамасыз етілуі тиіс. 

 

Мегаполис көлемінде  біз «Еститін мемлекет» қағидатын  



барынша  іске  асыруға  тиіспіз.  Бұл  бағытта  жаңа  ақпараттық-


 

коммуникациялық  технологиялар  ресурстарын  толыққанды  



пайдаланатын боламыз.   

Алматы  еліміз  өңірлерінің  арасында  бірінші  болып  

қоғамдық  интернет-қабылдау  орталығын  ашқаны  белгілі.  Екі 

жыл  ішінде  «Open  Almaty»-ға  189  мыңнан  астам  өтініштер 

түссе,  олардың  70  пайызы  бірден  шешімін  тапқан. 

Алматылықтарды  толғандырған    өзекті  мәселелерді  шешу 

үшін  барлық өтінімдер талданып, мұқият зерделенеді, себеп-

салдары  анықталады,  тиісті  ұйымдастыру  жұмыстары 

жүргізіліп,  сараланады,  әрбір  өтініш  бойынша  нақты 

шешімдер қабылданады. 

Биылғы  жылдың  қыркүйегінен  бастап  біз    «Бюджетке 

қатысу» жобасын іске асыруды қолға алдық. 2020  жылдан әр 

ауданға  500  миллион  теңгеге  дейін  қаржы  аудару 

жоспарланып  отыр.Мұның  өзі    қаражатты    мақсатты  жұмсау 

бағдарын    тұрғындардың  өздері    анықтап,шешетін 



болады. Бұл тәжірибе алдағы уақытта да жалғасады.  

(4) Төртінші стартегиялық басымдық – бұл  қылмыс деңгейі 

мен техногендік қатері төмен, қауіпсіз қала. 

   

Бүгінде  Алматыда  ел  халқының  10  тұрғанымен  20  пайыз  



қылмыс  осында  жасалды.    Қазақстандағы  ЖКО  (Жол-көлік 

оқиғасының)  30  пайызы,  соның  салдарынан  жарақат 

алатындардың  төртен  бірі  біздің  қаламызда  болып  тұрады. 

Бұл  өте  алаңдайтындай  көрсеткіш,  мұның  шұғыл  алдын  алу, 

болмайтындай  ету керек-ақ. 

    


Осындай  шаруа  үшін  ақылды  қала  технологиясын  енгізіп, 

камералар  мен  датчиктер,  Big  Data  талдауын,  жасанды 

интеллектті  енгізбекпіз,  олар  қауіпсіздік  әрекетін  айқындауға, 

жедел шара қолдануға мүмкіндік береді. 

     

Қазіргі  кезде  құқықбұзушылықтың  алдын  алу  және 



қылмыспен  күресу  мақсатында  «Халық  көп  жиналатын 

орындардың  видеомониторгін  жасайтын  жүйе»  жобасын 

жүзеге асырып жатырмыз. 

     


2020  жылдың  аяғына  дейін  тұрғындар  көп  жиналатын 

орындарда бет-бейнені интеллектуалдық түрде айқындайтын 

және 

видеоталдау 



жасайтын 

1000 


камера 

орнату 


жоспарланған.  

    


Біз  жол  қозғалысы  ұйымдастыру  мен  инфрақұрылымды 

сауатты түрде жобалап, жүзеге асыру ісін жалғастыра беретін 




 

боламыз.  



Енді  ТЖ  (Төтенше  жағдай)  кезіндегі  қауіпсіздік  туралы.  Біз 

мұздақты  көлдер  мен  өзендердегі  дамбылардың  жай-

күйін,селдің  қауіп-қатерін    тәулік  бойын  бақылап  отыруға 

мүмкіндік  беретін  цифрліқ  мониторинг  жүйесін  енгізудеміз. 

2020  жылға  қарай  осы  жоба  арқылы  31  тасқын  қаупі  бар 

нысан қамтылады. 

   

Отандық  экологиялық  габиондарды  қолдану  арқылы 



өзендердің жағаларын нығайту жұмысын жалғастыра түсеміз. 

Қорғаныс  қабырғаларын  да  сала  береміз.  Қазір  Ақсай    мен 

Аюсай  аңғарларында  селден  қорғау  құрылысының  жобасы 

жасалуда. 

     

Жер  сілкісі  қаупінен  сақтану  мақсатында  келесі  жылы 



тұрғындар 

мен 


құтқарушыларды 

оқытып-дайындайтын  

арнаулы 

симуляциялық 

оқу-әдістемелік 

орталық 


ашпақшымыз. 

(5)  Бесінші  стратегиялық  басымдығымыз  –  Алматы  

жоғары  экологиялық  өлшемге  сай,  табиғатпен  үйлесімді   

ұштасқан  жасыл желекті қала болуы тиіс.  

     


Ауаның 

ластануы 

– 

қала 


тұрғындарын 

мазасыздандыратын басты мәселенің бірі. 

Қала  ауасы  ластануының  65  пайызы  көліктерден  болады. 

Өйткені  қалада  500  мың  көлік  жүретін  болса,  бақылау 

камералары  тіркеп,  көрсетіп  отырғандай  200  мың  көлік 

сырттан келеді. 27 пайыз (жылына 34 мың т.) түтін көмір отын 

жағып,  қаланың  25  пайызын  жылумен  қамтамасыз  ететін   

ЖЭС-2 –ден  шығады. 

Қазіргі  уақытта    ЖЭС-2  бойынша  зерттеу  жүргізілуде, 

нәтижесі  көктемде  әзір  болады.  Мамандардың  сараптамасы 

мен  тұжырымына  қарай  ЖЭС-2-ні  газ  отынына  көшіру  

мүмкіндігін қарастырамыз. 

     

Алдағы  жылдары  Jasyl  Almaty  бағдарламасы  бойынша  



негізінен сыртқы аймақтарға 1 млн. ағаш отырғызып, қаланың 

жасыл келбетін түбегейлі жаңартамыз. 

      

Өткен сенбіде 50 мың шыбық отырғызып, Мохнатка тауын 



жасылдандыруды бастадық. Мұндай экологиялық акция алда 

да жалғасын табады. Таяуда 12 қазанда Көктөбеде өткізіледі. 

Бәріңізді соған белсене қатысуға шақырамын. 

Біздің  түпкі  мақсатымыз  –  қалдықтардың  қоршаған  ортаға 




 

10 


зияндылығын  азайту,  таза  технологияны  қолдану  арқылы 

қалдықтарды 80 пайызға дейін қайта өңдеп, кәдеге жарату. 

 

(6)  Алтыншы  стратегиялық  басымдық  –  Алматыны 

еліміздің  іскерлік  орталығы,  Жаңа  Жібек  жолы  бойындағы 

экономикалық 

тұрғыдан 

белсенді 

инновциялық 

қала 

ретіндегірөлін нығайту. 



   

Өткен  жылы  қаламыздың  экономикасы  небәрі  2,8  пайызға 

өсті – бұл тұрғын халықтың өсімінен аз. Мұның басты себебі – 

жұмыспен қамтудың төмендігінде жатыр.   

     

Жастардың  NEET  (бекер  жүруі)  категориясының    елеулі 



түрде артуы алаңдатады. Олар бүгінде 6,7 пайызға жетті. 

     


Сұрау салу бойынша білгеніміз оқу бітіргендердің 3/2-сі өз 

мамандықтарымен жұмыс істемейді. 19 пайызы жұмыс таппай 

сенделіп жүр.  

      


Тұрғындар  санына  шаққанда  ВРП  (Аймақтық  жиынтық 

өнім)  жөнінен  Варшава,  Саппоро,  Ванкувер  т.б.  қалалардан 

әлдеқайда қалықпыз. 

      


Аталған  қалалардың  деңгейіне  жету  үшін  экономиканың 

шынайы өсуін жедел түрде , яғни жылына 5 пайызға өсіруіміз 

керек.  

      


Біз  алдымызға  2050  жылға  қарай  ВРП-ны  жан  басына  

шаққанда 2,5 есеге арттыру міндетін қойып отырмыз.  

      

Ол үшін біздің өнімдеріміз және қызмет көрсету деңгейіміз 



әлемдік  рынокта  бәсекеге  қабылетті  және  сұранысқа  ие 

болатындай  болуы  тиіс.  Бізге  жоғары  кваликациямен  жұмыс 

істейтін  экономиканың  өндіргіш  секторын  көбірек  дамыту 

қажет.  Бұл  дегеніңіз    кәсіптік  және  ғылыми-техникалық 

қызметтер,  ИКТ,  қаржы    мен  сақтандыру,  білім  және 

денсаулық сақтау ісі.  

     

Өткен сенбіде Алматыда бірінші рет Хакатон өткіздік. Келіп 



түскен 

30 


жұмыстың 

ішінен 


мегаполистің 

барлық 


саласындағы  мәселелерді  тиімді  шешудің  жолын  көрсеткен 

жас жігіттердің үш тобының жобалары үзік деп танылды.  

    

Өздеріңізбен  кездескенге  дейін  мен  университеттеріңіздің 



ИТ  технопаркін  аралап  көрдім.  Сіздерде  инновациямен 

байланысты  жақсы  идеялар,  жобалар  бар.  Сондықтан 

сіздердің  хакатонға,  қаланы  цифрландыруға  белсене 

қатынасып,  идеяларыңызды  қалалықтардың  игілігі  үшін    іске 




 

11 


асыруларыңыз ләзім. 

   


Көптеген  елдердің  күш  салуымен  жасылып  отырған 

трансеуроазиялық 

сауда-көліктік 

Шығыс-Батыс 

дәлізі 

Алматыға  зор  мүмкіндіктер  береді.  Жаңа  Жібек  жолының  қақ 



ортасында  отырып  біз  геоэкономикалық  ресурсты  толықтай 

падаланып, 

Орталық 

Азиядағы 

әлемдік 

сауда 


мен 

халықаралық коммуникацияның хабына айналуға тиіспіз.  

     

Менің  қағидатты  ұстанымым:  көкейтесті  алшышартым  



Алматыны  алдыңғы  қатарлы  қуатты  экономикалық  хабқа 

айналдыру    -  адами  капиталды  дамыту,  кәсіпкерлеріміздің 

инновациялық әлеуетін пайдалану болып табылады. 

      


Жігіттер  сіздер,  өздеріңіздің  жақсы  білімдеріңізбен 

Алматының  келешегін  ескере  отырып,  қазірден  жаңа  өмірілік 

мүмкіндіктерді іздестірулеріңіз керек.  

 

Талантты  да  ілкімді  жастарға  жол  ашу  үшін  біз  жас 



кәсіпкерлердің 

экожүйесін, 

инновациялық 

дисткриттер, 

стартап  алаңдар,  бизнес-инкубаторлар,  ковокингтер  жасап 

береміз.  Қазірдің  өзінде  Алматыда    5G-ның  алғашқы  жобасы 

енгізілуде. 

(7)  жетінші  стратегиялық  басымдық  –  Алматы  заманауи, 

озық  өмір  салты  бар,  сән  мен  стандарттар  беретін,  жоғары 

білім,  тұрмыстық  және  бұқаралық  мәдениет  деңгейі  бар 

мәдени креативті қалаға айналуға тиіс.  

Алматы  бүкіл  Орталық  Азия  өңірінің  креативті  астанасы 

болуы тиіс. Ол үшін біз қаланың мәдени саясатын күшейтеміз. 

2020 жылға ірі мәдени-ойын-сауық, бұқаралық спорттық және 

басқа да іс-шаралар қатары құрылады.Біз сандық мәдениетті 

креативті  экономиканың  маңызды  бөлігі  ретінде  дамытатын 

боламыз.  

Мен  болашақ  –  интеллектуалдық  қызметке  негізделген 

шығармашылық  мамандықтар  мен  білім  экономикасы  үшін 

екеніне сенімдімін. 

Бүгінде  біздің  қала  Қазақстанның  креативті  индустриясының 

орталығы  болып  табылады,  онда  еліміздің  барлық  креативті 

кәсіпорындарының  45%  -  ы  шоғырланған.  Бұл  жарнамалық 

агенттіктер, сәулет және жобалау бюролары, бағдарламалық 

қамтамасыз  етуді  әзірлеушілер,  баспалар,  кино,  бейне  және 

телеөнімдерді  өндірушілер,  театрлар,  цирктер,  Концерт 

залдары, сән үйлері, дыбыс жазу студиялары және т.б. 




 

12 


Алайда, 

Алматыдағы 

креативті 

индустриялар 

кәсіпорындарының  үлесі  тіркелген  кәсіпорындардың  жалпы 

санының  6,3%  -  ын  ғана  құрайды.  Біздің  ұзақ  мерзімді 

мақсатымыз  –  бұл  көрсеткішті  кем  дегенде  2  есеге  ұлғайту. 

Бизнес  пен  шығармашылық  үшін  қанша  жаңа  мүмкіндіктер 

ашылады.  

Ол  үшін  әлемдік  мәдени  трендтерді  ескере  отырып,  мәдени 

кеңістіктерді  қайта  жүктеу  қажет.  Біз  креативті  өнімдерімізді 

экспортқа шығаруымыз керек. 

*** 

Көріп 


отырғанымыздай, 

Орталық 


Азия 

аймағындағы 

Алматының бірегейлігін нақты түсінеміз, оларға жауап беретін 

маңызды шақыру 

 

мен  өршіл  міндет  және  жоспар  бар.  Қала  стратегиясы  –  іс-



қимыл жоспары және нақты есеп. 

Біз  ең  үздік  қала  –    білім  алатын,  жұмыс  істейтін  және 

еліміздің  ең  үздік  таланттарының  үлкен  өмірлік  жоспарын 

жасайтын қала екенін түсінеміз. 

Құрметті достар! 

"Алматы-2050"Стратегиясы  жобасында  баяндалған  қаланың 

ұзақ мерзімді дамуының басты бағыттары осындай.  

Мен  сіздерге  осы  "Алматы  арманы"  туралы  қысқаша  айтып 

беруге тырыстым. 

Сіздер  үшін,  барлық  жас  алматылықтар  үшін  қала 

стратегиясы – дерексіз құжат емес.  

Сіз  өмірлік  стратегияларыңызды  қала  жоспарларымен 

байланыстыруыңыз керек.  

Алматы  2050  Стратегиясы  сіздерге  өсу  нүктелерін,  серпіліс 

бағытын, Сіздің жеке жетістігіңіздің жолын көрсетеді. 

Алматы  өршіл  қала,  батыл  жоспарлар  қаласы.  Өзіңіздің 

кәсіби 

жолыңызды 



сауатты 

жоспарлаңыз, 

Алматы 

стратегиясы сізге кеңес береді.    



Біз  құжат  жобасын  арнайы  сайт  пен  қалалық  БАҚ  арқылы 

қоғамдық талқылауға шығарамыз.  

Мен  сіздерді  және  барлық  қалалықтарды  оған  белсенді 

қатысуға шақырамын. 

Алматы болашағы маңызды болуы керек.   

Барлық  конструктивтік  ескертулер  мен  ұсыныстарды  біз 

желтоқсан  айында  өтетін  қалалық  урбанистік  форумда  мен 



 

13 


ұсынуды  жоспарлап  отырған  құжаттың  соңғы  нұсқасында 

ескеруге тырысамыз. 

*** 

Бүгін  сіз,  Мен  сияқты,  үлкен  өмір  жолының  табалдырығында 



тұрсыз. Бір университеттік диплом табыс үшін жеткіліксіз.  

Өзіңізбен  үнемі  жұмыс  істеу,  тілдерді  үйрету,  жаңа дағдылар 

алу, коммуникабельді және белсенді болу қажет. 

Тағдырды  өз  қолыңызға  алып,  көшбасшы  болыңыз,  өз 

алдыңызға батыл мақсаттар қойып, оларға қол жеткізіңіз.  

Алматының  болашағы  –  сіз,  Алматы  сіздер  үшін  және  сізбен 

бірге! 

Назарларыңызға рақмет! 



Сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге мен дайынмын!  

 

 



 

жүктеу 342,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау