334
3. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (2-4
сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан
ӛткізу үшін байқау нұсқасы). - Астана, 2015.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ РЕФЛЕКСИЯ - МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ
ДАМУЫНЫҢ ҚҰРАЛЫ
Шаштыгарина С. М.,
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтӛбе бойынша ПҚБАИ,
жаңа технологиялар және жаратылыстану
(гуманитарлық) ғылыми пәндер кафедрасының
аға оқытушысы, магистр
Бойымбетова А.,
Ақтӛбе облысы, Хромтау ауданы, Нұрлыкӛш ОМ,
3-деңгейлі сертификатталған, орыс тілі пәні мұғалімі
Білім саласындағы ӛзгерістердің маңызын саралау,білім жүйесінің түрлі
тарауларын бағалау күн сайын ӛзгеріп жатқан әлемде қазіргі мұғалімге кәсіби
дамуында заман ағымына сай шыңдала беруді талап етеді.
Қазіргі мұғалім пәндік және сынып шеңберінде ғана шешілетін
мәселелелер шекарасынан шығу қажеттілігі туындауда. Табиғи апаттар,
лаңкестік, ұлтаралық шиеленістер-бүгінгі күннің ӛзекті мәселелері тікелей
мектепке пен мұғалімге қатысты педагогты тек қана биолог, физик немесе тілші
маманы ғана емес, ӛмір мектебінің ұстазы, тәлімгері, ӛмірлік дағдыларды
қалыптастырушы, ӛзінің тәрбиеленушілерін ӛмірдегі түрлі жағдаяттарды жеңе
білуге кӛмектесетін маман.
С. Л. Фоменко кәсіби даму біліктілігін арттыруымен байланыстырып, оны
педагогтың жеке тұлғалық сапаларын ӛзектендіру деп қарастырады:
«Педагогтық кәсіби дамуы-кәсіби біліктілігін үнемі арттыру, инновациялық
қызметке
қабілеттілігі,
табанды
ұйымдастырушылық,
кәсіби
даму
мүмкіндіктерін жүзеге асыру жолдарын іздеу, жауапкершілік пен дербестігін
дамыту»- деп түсіндіреді.
Э. Ф. Зеер «Кәсіби қызметтің әлеуметтік әсерінен тұлғалық ӛзгерістің даму
үрдісі мен жеке белсенділік, ӛзіндік жетілу мен ӛзіндік кемелденуге
бағытталады» деп тұжырымдаған. Зерттеушілер педагогтың белсенділігі оның
дербестігі мен ӛзіндік дамуы маңыздылығын жоғарыдағы анықтамаларында
тоқталған. «Кәсіби қызметтің жаңа тәсілі» сӛзсіз инновацияны меңгеруде.
Қазіргі әлемнің ӛзгермелі жағдайында кәсіби біліктілікті арттыру
жүйесінің мақсаты заман мен әлеуметті-экономикалық жағдаяттық талабына
сай, түрлі іс-әрекетке қабілеттілік пен ӛзіндік даму қажеттілігіне байланысты
мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мәселесімен ӛлшенеді.
Әлеуметтік, тұрмыстық мәселелер саналуандығы, кәсіби психологиялық-
педагогикалық,
әдістемелік-педагогикалық
мәселелердің
(оқытудың
335
инновациялық технологиялар түрлері, заманауи педагогикалық жағдаяттар,
инновациялық кезеңдердің ағымында болу, кәсіби құзіреттілігінің дағдарысын
болдырмау қорқынышы, заманауи терминологиялық кеңістікті меңгеру)
мұғалімге шешім қабылдау, таңдау қажеттілігін ұғындырады.
Талдау, сараптау,бағалау, таңдау, танымдық ойлау қабілеті тұлғалық даму
жағдайында ӛте құнды. Психологиялық, философиялық, социологиялық
еңбектерде адамға ішкі қорғану, кӛмек, даму механизмдерін іске қосуды жүзеге
асыру қажеттіліктеріне басым тоқталады. Әлемнің ӛзгеру жағдайында адамның
ішкі мүмкіндіктерінің тұрақты даму факторлары мен ӛзін-ӛзі тану, ӛзін ӛзі
бағалау,ӛзін ӛзі ӛзектендіру сияқты мәнге ие болады. Қазіргі дереккӛздерінде
«рефлексия» ұғымына баса назар аударылуда. Инновацияларды меңгеру
кезеңінде педагогикалық рефлексия оқытудың инновациялық технологияларын
игеру құралы, мұғалімнің кәсіби даму тәсілі мен ӛз білімін жетілдіру үрдісінде
маңызды сипатқа ие болады.Қазіргі педагогтың ӛз қызметіне сараптама мен
баға бере алуы педагогикалық мәдениетттілігінің маңызды аспектісі. Ӛзінің
тәжірибесін сарапатап талдағанда мұғалім тәжірибесі ғана емес, одан шыққан
түйінді ойлар нәтижесін қолданады (К.Д.Ушинский). Зерттеушілер кәсіби
шеберлікті дамыту кілті рефлексия мен кәсіби тәжірибенің тоғысуы деп
есептейді.
Рефлексия дегеніміз не?
Әр адам ӛзінің ӛмір сүру қағидаттары, жеке тұлғалық қасиеттерін, мінезін
туралы ойланатын кездері болады, және бұл ӛзге адамдарға қалай әсер
ететіндігіне есеп береді.
Ненің ақиқат, ненің жалған екендігіне ой толғап, ӛзінің ӛзгеге деген ойы
мен әрекетін ақтайтын немесе құптамайтын пікірлер іздейді. Бұл ізденіс үрдісі
адамда ішкі диалог түрінде болып жатады.
Ӛз-ӛзімен сұхбаттасу адамға ӛзіне деген қарым-қатынасында зерттеуші
ұстанымын ұстауға мүмкіндік береді.Ӛз-ӛзімен-ішкі сұхбат құру-рефлексия
болып табылады.Тура мағынада рефлексия (латын тілінде reflexio) дегеніміз-
бұл кескін, сұлба. Ішкі жағдайды жеткізу үшін метафораны қолдансақ, айна
ұғымын қолдану орынды. «Айна алдындағы» позициясы ӛзіңді іштей
бақылаушы тұрғысынан сырттан қарауға кӛмектеседі. Рефлексия жасау
қабілеттілік ӛзара қарым-қатынаста баға жетпес қабілет. Рефлексияның ерекше
тұсы-ойлау туралы ойлану кезеңі. Педагогтың кәсіби қызметінде рефлексия
ерекше рольге ие. Бүгінгі таңда педагогикалық құзыреттіліктің ішінде негізгісі
рефлексивті-талдау құзыреттілігі, яғни іс-әрекетке талдау жасай білу екендігі
анықталды. Ал А.В.Хуторский «сараптау»- «ӛзіндік талдау»-«рефлексия»
ұғымдарын ажырата білуді ұсынады.
Кесте 1
Салыстыру
ӛлшемдері
Сараптау
Ӛзіндік талдау
Рефлексия
Мәні
Сабақтың
әдістемелік,
дидактикалық
ерекшеліктерін,оқыту
үрдісінің педагогикалық
Мұғалімдер
мен
оқушылардың сабақ
барысындағы
әрекеттеріне талдауы
Оқу мәселелері және
оны шешу жолдарын
іздеу
Достарыңызбен бөлісу: |