Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет141/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   147

324 
 
 
12  жылдық  мектептегі  оқыту  үдерісін  тұлғалық,  бағдарлы  мазмұнда 
жүргізудің мұғалімдер үшін мынандай ерекшеліктері бар: 
- білім  беру  үдерісі  ізгіліктік  және  демократиялық  заңдылықтарға 
негізделеді; 
-  барлық  деңгейдегі  педагогикалық  әрекеттер  оқушылардың  шаршатуын 
болдырмауды кӛздейді; 
- педагогикалық  қызметтің  тиімділігі  қажетті  құрал  -  жабдықтарды 
жаңартудан  емес,  субьектаралық  қатынастардың  жаңаша  ұйымдастырылуынан 
кӛрінеді; 
- білім 
берудің  тұлғалық  бағдарлы  мазмұны  оқыту  үдерісіндегі 
тұлғалардың  -  оқушы,  мұғалім,  тәрбиеші,  ата-ана  ӛзіндік  дамуын  қамтамасыз 
ететін  жаңа  әдістемелер  арқылы  жүзеге  асырылады.  Дәстүрлі  оқыту 
формалары, білім беру мазмұны ӛзгеріп, білім алушыны тұлға деп қарасақ, оған 
білім  беретін  ұстаз  рухани  дамыған,  әлеуметтік  тұрғыдан  кӛзі  ашық 
шығармашыл  тұлға,  педагогикалық  құралдардың  барлығын  шебер  меңгерген 
білікті маман болуы хақ.  
 Болашақ  және  қазіргі  заман  мұғалімдері  қоғам  дамуының  деңгейінен 
қалыспай  отыратын,  оның  әлеуметтік  парызына  жауап  беруді  кӛздейтін, 
ғылымға  жаңалыққа  сергек,  ӛз  ісіне  гуманистік  сезіммен  қарайтын 
педагогикалық  күрделі  құбылыстардың  барысын  идеялық,  адамгершілік 
тұрғыдан шеше алатын, жаңаша ойлау дамуын ұйымдастыра алатын және ата-
аналармен,  ұжыммен  педагогикалық  ынтымақтастық  орнатуға  бейімділігі  бар 
шығармашылықпен  еңбек  ететін  маман болуы  -  12  жылдық білім  беруге  кӛшу 
жағдайында  біліктілікті  арттыру  жүйесінің  даму  болашағы  болса,  ІІІ  базалық 
деңгей бойынша ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін 
арттыру  курсының  бағдарламасында  осы  үлкен  мәселелерді  қарастырып  қана 
қоймайды, мұғалімдер оқып, ой елегінен ӛткізеді, бірлескен жұмыс жүргізіп, ӛз 
идеяларын  баяндап,  бірлесіп  жоспарлайды,  ӛздері  талқылайды,  пікірлеседі, 
тәжірибелерімен  алмасады,  зерттейді,  сараптайды,  практикада  қолданып, 
қателерді  түсініп,  рефлексия  жасауға  да  зор  мүмкіндік  қарастырылған. 
Тыңдаушылардың  осы  курс  бағдарламасы  туралы  жазған  ойларын  келтіруді 
жӛн кӛрдім. 
Р.О.:  «Мектептегі  тәжірибе  кезінде  нені  және  қалай  ӛзгерттім?»  деген 
сұраққа  жауап  іздей  отырып,  кӛп  ойландым.  Меніңше,  дәстүрлі  сабақтың 
қасында  жаңа  әдіс-тәсіл  бойынша  ӛтетін  сабақтың  алар  орнының  ерекшелігін, 
соңғысының  бала  үшін  тиімділігімен  алатын  әсерлерінің  жоғары  екендігін 
әріптестеріме айтып қана қоймай, іс жүзінде кӛрсете білдім деп ойлаймын. Бұл 
айырмашылықты  оқушылар  да  сезгендей,  әр  ӛткізер  келесі  сабағымнан  үлкен 


325 
 
үміт  күтетінін  кӛздерінен  байқағандай  болдым.  Мен  үшін  бұл  ӛз  тарапымнан 
енгізген кішкентай болса да бір ӛзгеріс деп ойлаймын». 
 
 
Қ.  Қ.:  «Әріптестер  тарапынан  сұрақтар  қойылып  жатты,  мен  барлығына 
жауап  беруге  тырыстым.  Кӛпшілігі  «сонша  үш  ай  оқитын  не  курс?»  деген 
сұрақтар  қойды.  «Бұл  үш  айлық  курстың  артында  болашақ  ұрпағымыздың 
тағдыры тұр. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер деп аталатын курстың 
мақсаты,  оқу  үдерісін  жақсарту  арқылы  еркін,  ӛзіндік  пікірлерін  нанымды 
жеткізе  алатын,  ынталы,  шығармашыл,  ізденімпаз,  сыни  кӛзқарасы  жүйелі 
дамыған,  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  ӛз  деңгейінде  меңгеруімен  қатар, 
сандық  технологияларда  құзырлық  танытатын  оқушы  ретінде  қалыптасуын 
қамтиды.  Осы  мақсатқа  жету  үшін  бағдарламаның  негізгі  мазмұны  болып 
табылатын  жеті  модуль  түрінде  берген.  Міне,  осы  жаңа  тәсілдерді  біз 
әрқайсысымыз  оқып,  ӛз  пәнімізге  енгізсек  болашақта  керемет  жетістіктерге 
жетеміз» деп жауап қайтардым.  
Жалпы  ӛзімнің  де  едәуір  ӛзгергенімді  байқадым.  Әр  нәрсеге  ойлана 
қарайтын  болдым.  Бұл  жобаның  дұрыс  бағытына,  әдістерінің  пайдасы  мол 
екендігіне  кӛзім  жетті.  Сондықтан  да  бұл  жобаны  әрмен  қарай  дамытуына  ӛз 
үлесімді қосып, болашақтың іргетасын қалауға еңбегімді аямаймын. Болашақта 
жоспарым,  оқушыларға  сыни  тұрыдан  ойлатуға  дағдыландыру,  зерттеу 
жұмыстарын  жандандыру,  күрделі  тапсырмалар  беру  арқылы  оқушыларды 
зерттеуге,  талдауға  үйрету.  Берілген  тапсырмаларды  АКТ-пен  байланыстыра 
отырып,  жеке  топпен  жұмыс  жасауға  дағдыландыру.  Бұл  жобаны  басқа 
пәндермен байланыстыра отырып, әріптестеріме тарату болып табылады». 
Қ.Н.: «Сабақтарымды  дәстүрлі  сабақтардағыдай  емес,  жаңа  әдіс- 
тәсілдерді  пайдалана  отырып  ӛткіздім.  Оқушылардың  бойынан  ӛздеріне  деген 
сенімділікті,  ынтаны,  сабаққа  деген  құлшынысты  байқадым.  Әр  күнді  асыға 
күткен  оқушыларым,  меннен,  бүгін  тағы  не  болар  екен?  деген  оймен  мені 
тосатынды  шығарды.  Ол  ойларын  балалардың  жанарынан  ұқтым.  Мектептегі 
тәжірибемнің соңына қарай, ӛзімнің бойымда да, оқушыларымның бойында да 
кӛптеген  ӛзгерістер  болғанын  байқадым.  Әріптестерімнің  маған  қызыға  да, 
қызғана  да  қараған  сәттері  болды.  Тәжірибесі  мол  әріптестерім  кӛмек  қолын 


326 
 
созды.  Жұмыстың  кӛптігінен  шаршаған  кезде,  шәкірттерімнің  бал-бұл  жанған 
кӛздеріне, атқарған істеріме қарап, ӛзіме риза болдым. Себебі, менің қолымнан 
бәрі келеді деп ойлаймын. Жаңа оқу жылында, жаңа әдістерді қолдана отырып 
жұмыс  жүргізсем  деген  ойым  бар.  Оқушылардың  да  жаңа  оқу  жылынан 
жаңалықтар күтері сӛзсіз». 
Осы  тыңдаушылардың  жазғандарынан-ақ  әдемі  сӛздер  емес,  шынайы 
айтылғанын байқауға болады. 
Тыңдаушы  Қ.Д.  «Жаңа  оқу  жылына  жаңа  жобалармен,  жаңа  кӛзқараспен 
келем  деген  ойдамын.  Әлі  де  алда  орындайтын  жұмыстар  мен  жаңа  идеялар 
күтіп тұр» деген сенімді сӛздерімен аяқтағым келіп отыр. 
Әдебиеттер: 
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 
2. ІІІ базалық деңгейлі мектеп мұғалімдерінің есебінен үзінділер 
3.
 
Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 
 
 
РАЗВИТИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ ПЕДАГОГОВ 
В СИСТЕМЕ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ 
 
Хасенова Г. О.,  
магистр педагогических наук старший 
преподаватель кафедры ДВиНО, 
ФАО «НЦПК «Ӛрлеу» ИПК ПР  
по Карагандинской области 
 
Развитие  профессиональной  компетентности  педагогов  в  системе 
повышения  квалификации  возможно  при  адекватном  отборе  содержания  и 
технологий  профессионального  образования,  основанных  на  осознании 
педагогами 
новой 
миссии 
педагога, 
создании 
образовательно-
профессиональной  среды  для  духовной  и  творческой  реализации  их 
индивидуальностей. 
Проблема  повышения  профессиональной  компетентности  педагога, 
деятельность которого направлена на воспитание и развитие личности ребенка, 
- это важная социально-педагогическая проблема. Она находится на стыке ряда 
наук-педагогики, 
психологии, 
акмеологии, 
андрагогики, 
психологии 
профессионализма,  т.к.  понятие  компетентности  включает  не  только 
когнитивную  и  операционально-технологическую  составляющие,  но  и 
мотивационную, этическую, социальную и поведенческую. 
Нурахметов  Н. Н.  называет  несколько  критериев  хорошего  педагога: 
«прежде всего, это человек, который любит детей; во-вторых, человек, хорошо 
знающий  науку,  на  основе  которой  построен  преподаваемый  им  предмет,  в-
третьих,  человек,  знающий  психологию  и  педагогику;  в-четвертых,  человек  в 
совершенстве  владеющий  умениями  в  той  или  иной  трудовой  деятельности, 


жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау