331
ұлттық және жаһандық пікір алуандығының шынайылығын ұғына отырып,
ӛзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға кӛмектесуі керек»[1; 3].
Жоғарыда келтірілген тұжырым білім беру саласына ӛзгерістің қажет
екенін анық кӛрсетеді. Технология, коммуникация мен ғылым салалардағы
мұндай елеулі ӛзгерістер әлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып,
ХХІ ғасырда табысты болу үшін әрбір адамға қажетті білім мен дағдыларды
алға тартады.
Ал, бұл дағдыларды қалыптастыру үшін «Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2015 жылғы «25» сәуіріндегі №327 қаулысына қосымша, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен
бекітілген бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартыда»
бастауыш білім берудің мақсатын тӛмендегі кең ауқымды дағдылар негіздерін
меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына
қолайлы білім беру кеңістігін жасау кӛрсетілген:
1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу;
2) сын тұрғысынан ойлау;
3) зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды
меңгеру;
6) топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары.
Кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының
үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасаудың
бірден-бір жолы оқу бағдарламаларын ӛзгерту.
Орта білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыруға негізделген оқу
бағдарламаларын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы,
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және жалпы орта білім
беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған оқу бағдарламалары
осы дағдыларды дамытуға негізделген.
Сонымен қатар бастауыш білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыруда
жаңа пәннің, яғни жаратылыстану пәнінің енгізілуі білім беру саласындағы
әлемдік тенденцияларды жүзеге асырудың бастауы.
1983-жылы ЮНЕСКО бүкіл әлем бойынша ғылыми білім беруді жақсарту
жұмысын бастады.
Ғылымды бастауыш мектепте меңгеруге келесілер негіз болды:
• Ғылыми негіздерді білу балаларға күнделікті оқиғалар мен құбылыстар
туралы қисынды ойлауға кӛмектеседі.
• Пәнді оқыту балалардың зияткерлік дамуына септігін тигізеді.
• Балалар ғылымның адамдардың ӛмірін жақсартатын әлеуметтік пайдалы
әрекет екенін білулері керек.
• Әлемнің одан әрі ғылымға және технологияға бағытталғандығына орай,
оқушылар дайын болуы және ӛздерін сәтті жүзеге асырулары маңызды.
• Ғылымды бастауыш мектепте меңгеру қызықты және оқушылар ӛздерін
«кішкене ғалым» сезіне алады.
332
Халықаралық тәжірибеде Сингапур, АҚШ, Германия, Финляндия, Англия
және басқа да мемлекеттерде бастауыш мектепте «Ғылым» пәні
оқытылатындығын кӛрсетеді.
Жаратылыстану-матемтикалық бағыт оқушылардың жаратылыстану
ғылыми сауаттылығын қалыптастырады. Жаратылыстану ғылыми сауаттылық
келесі
компоненттерден
тұрады:
жаратылыстану
ғылыми
білімдер
қолданылатын
жаратылыстану
ғылыми
ұғымдар
мен
жағдайлар,
жаратылыстану ғылыми пәндер аясында қалыптасатын «жалпыпәндік» (жалпы
оқулық) біліктер. Жаратылыстану ғылыми сауаттылық, ғылыми және
инновациялық қызметтің қолдауына қабілеттілігін енгізе отырып, қоғамның
мәдениет деңгейін кӛрсетеді. ҚР технологиялық модернизациясын іске асыру
үшін елге жаратылыстану ғылыми сауаттылығына сәйкес білімділер де қажет -
ғалымдар, конструкторлар, инженерлер. Ӛкінішке орай, TIMSS халықаралық
зерттеулерінің нәтижелері кӛрсеткендей, оқушылар жаратылыстануғылыми
сауаттылығының қалыптасуымен біздің білім беру жүйесі қанағаттанарсыз
екендігі кӛрсетілгін.
TIMSS - 2011 Қазақстандық 4-сынып оқушылары жаратылыстану
ғылымдары бойынша - 50 ел арасында 32-орынға сай келеді.
Зерттеу нәтижелері кӛрсеткендей оқу бағдарламарында физика, химия,
биология, физ. география пәндерінен берілетін тапсырмалардың кездеспейтінгі
байқалды. Яғни, жаңа пәннің ӛзектіліг осы олқылықтардың орнын толтыру.
«
Жаратылыстану» пәні бойынша негізгі мектептегі «Биология»,
«География», «Химия», «Физика» пәндерін зерделеу негізін қалауға, алған
білімдерін күнделікті ӛмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін
табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін
қолдану білігін дамытуға бағытталған. «Жаратылыстану» пәнінің мазмұны оқу
бӛлімдері осы пәндер бойынша ұйымдастырылған. Оқу бӛлімдері әрі қарай
жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын
кӛздейтін бӛлімшелерден тұрады. Әр бӛлімше ішінде дәйектілікпен
ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге ӛз жұмысын жоспарлауға және
оқушылар жетістігін бағалауға, сондай-ақ, оларды оқудың келесі кезеңдері
жӛнінде ақпараттандыруға мүмкіндік береді.
№ Бӛлімдер
Бӛлімшелер
1
Мен - зерттеушімін
1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рӛлі
1.2 Табиғатты тану әдістері
2
Тірі табиғат
2.1 Ӛсімдіктер
2.2 Жануарлар
2.3 Адам
3
Заттар және олардың
қасиеттері
3.1 Заттардың типтері
3.2 Ауа
3.3 Су
3.4 Табиғат ресурстары
4
Жер және Ғарыш
4.1 Жер
4.2 Ғарыш
333
4.3 Кеңістік және уақыт
5
Табиғат физикасы
5.1 Күштер және қозғалыс
5.2 Жарық
5.3 Дыбыс
5.4 Жылу
5.5 Электрлік
5.6 Магниттілік
Пән бағдарламасы келесі мақсаттарға қол жеткізуді кӛздейді:
- әлемнің
қазіргі
заманғы
жаратылыстану
ғылымы
тұрғысынан
қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім
негіздерін қалыптастыру; жаратылыстанудың техника мен технология дамуына
елеулі ықпал еткен маңызды идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру;
- қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру, БАҚ, интернет ресурстары,
арнайы және ғылыми-кӛпшілік әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы
тұрғысынан және ӛмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау
біліктіліктеріне ие болу;
- зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау
қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану
ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
- табиғат
заңдарын
тану
және
жаратылыстану
ғылымдарының
жетістіктерін ӛркениеттің дамуы мен ӛмір сапасын жақсарту үшін пайдалану
мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;
- күнделікті ӛмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи
технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау
үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.
Жаратылыстану бағыты бойынша білім беру бағдарламасында ғылыми
зерттеу жүргізу дағдылары мен біз ӛмір сүретін әлем туралы білімге ерекше
назар аударылады. Бастауыш сыныпта жаратылыстануды зерделеу оқушыларға
мынадай дағдыларды қалыптастырып дамытуға кӛмектеседі: зерттелетін
тақырыпты таңдау; сұрақ қойып, оған жауап беру тәсілдерін табу; зерттеу
жүргізу жоспарын құру; болжам жасау; сұраққа жауап беру үшін зерттеу
жүргізу, зерттеу нәтижесінде алынған түрлі деректерді жинау, ӛңдеу және
түсіндіру. Бастауыш сынып оқушыларына арналған жаратылыстану пәні
бойынша білім беру бағдарламасы оларды жоғары сыныптарда және жоғары
оқу орындарында биология, химия және физика саласында одан әрі оқуға
дайындайды.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ
тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін
арттыру бағдарламасы. - Астана:«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015. - 40 б.
2. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
[Электрондық ресурс] Қолжетімділік коды http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P15
00000327
Достарыңызбен бөлісу: |