Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Қозыбаев атындағы



жүктеу 2,05 Mb.
Pdf просмотр
бет66/80
Дата26.12.2019
өлшемі2,05 Mb.
#24967
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80

135 
 
1. 
ҚР  “Білім беру” Заңы бойынша мұғалім  –  тәрбиеші  сабақта және сабақтан тыс 
тәрбие  жұмыстары  негізінде  оқушыларға  тәрбие  берудің  қосымша  дамыту 
бағдарламаларын  жүзеге  асыруы  тиіс.  (мысалы:  отбасылық  спорттық  ойындар, 
отбасылық психологиялық коллаждар, отбасылық мерекелік сайыстар т.б.) 
2. 
Мектепте  және  мектептен  тыс  тәрбиенің  ұйымдастыру  мазмұнын  бүгінгі 
нарықтық қатынастардың талаптарына сәйкес келтіру. 
3. 
Жасөспірім тұлғасының рухани мүмкіндігінің өсуі  мен баюын қамтамасыз ету, 
ұлттық  рухани  мәдениетті  біздің  еліміздегі  басқа  халықтардың  тарихынан, 
мәдениетінің кірігуі өзара байланысы негізінде іске асырылуы. 
4. 
Үздіксіз  білім  беру  және  білім  жетілдіру  институттарында  мұғалімдерге 
сыныпта  және  сыныптан  тыс  жастарды  отбасылық  өмірге  дайындау  тәрбие 
жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде арнайы курстарды өткізу керек. 
5. 
Мұғалімдер,  ғалымдар  бірлесе  отырып  жастарды  отбасылық  өмір  құруға 
дайындау жөнінде оқу – әдістемелік құралдарды жасау керек. 
6. 
Телеарналар  мен  бұқаралық  ақпараттар  құралдарынан  отбасын  құру,  жастар, 
жасөспірімдер 
қарым 
– 
қатынасы 
туралы 
жаңа 
хабарлар, 
мерзімдік 
басылымдардажастарға  арналған  мақалалардыкөптеп  ұйымдастыру  –  бүгінгі  күннің 
талабы 
[5].
 
         Әлеуметтік  сәтсіз  отбасы  —  мұнда  ата-ананың  балаларға  әлеуметтік  қарым-
қатынасы нашар, мұндай отбасында мәдени деңгей төмен, материалдық жетіспеушілік 
көп. Балалар мұндай отбасында нашар отбасы іс-әрекеттерін бойына сіңіреді және оны 
өзінің болашақ отбасына алып барады 
[6].
 
        «Балапан  ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны  іледі»  Бұл  жоғарыдағы  айтып  өткен 
мәселелердің  ішіндігі  бесінші  пунктіне  қатысты  тілге  тиек  еткім  келетін  бірден-бір 
теңеу. Бұл бүгінгі қоғамдағы сіз бен біз көріп, куә болып жүрген айқын, дәлелдеусіз-ақ 
дүние.  Сонымен,  орта  мектептің  жоғарғы  сынып  оқушыларын  отбасылық  өмірге 
дайындау 
тақырыбында 
сабақтарда 
және 
сабақтан 
тыс 
өткізілетін 
оқу 
конференцияларын,  семинарлар,  байқаулар,  пікірталастар  өткізу,  әр  бір  іс-шараның 
негізін  отбасылық  құндылықтарды  дәріптейтіндей  етіп  алсақ,  оның  өмірлік  заңдылық 
екенін  балаға,  жастарға  түсіндіре  білсек,  үгіттесек  болашақ  отбасылық  өмірге 
дайындаудың  негіздерін  танып  білуге  көмектесетініне  мен  бек  сенімдімін.  Мұндағы, 
менің  айтпақ  ойым,  болашақ  маман  болып,  осындай  қым-қуыт  тірлікте  жүріп, 
мемлекетіміздің ертеңі үшін болашақ жастарды отбасылық өмірге дайындауға бірлесе 
үлес  қосуға  шақырамын.  Үндеймін!  Менің  болашаққа  алға  қойған  мақсатым  да  осы, 
жастардың өз өмірін кинодағы бейнемен шатасуын қаламаймын, керісінше өз өмірі өз 
қолында яғни өз өмірінің сюжетін өзі жазатындығын ұғындыру.   
 
                                                     
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
 
6.  https://e-history.kz/kz/contents/view/el_erteni__bilimdi_zhastar__2057  
7.  Ұзақбаева  С.А.  Тамыры  терең  тәрбие.—  Алматы:  Білім, / 1995.— 232 б.  
8.  https://vk.com/away.php  
9.  Егемен Қазақстан 2012 ж. 10–12 б, б. 
10.  https://kitap.kz/books/leumettik-pedagogika-negizderi 
11.  Әлеуметтік педагогикалық сөздік 47-48 б. 
 
 
 


136 
 
ӘОЖ 165.24 
ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН 
ОТБАСЫЛАРДАН ШЫҚҚАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘДЕТТЕН ТЫС МІНЕЗ-
ҚҰЛЫҚТАРЫН ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛДЫН АЛУ 
Сейткәрімова Ш.А. 
            («Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4 курс студенті) 
Черниязова А.Ж. 
( «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының аға оқытушысы) 
 
Білім  беру  жүйесіндегі  әлеуметтік  педагогтің  көптеген  қызметінің  бір  саласы-
отбасымен жұмыс болып табылады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогтің іс-
әрекеті отбасындағы немесе тәлім-тәрбие мекемелеріндегі көмекке мұқтаж адамдармен 
жұмыс  істеуге  бағытталған.Әлеуметтік  педагог  отбасымен  жұмыс  барысында  «жеке 
тұлға-отбасы-қоғам»  жүйесіндегі  өзара  қарым-қатынастарды  реттеп  отырады.Осы 
қағидалар  отбасы  мен  балаларға  көмек  көрсетуді  қамтамасыз  етеді.  Әр  баланың 
әлеуметтік  тұрмыстық  жағдайын  терең  зерттеу  олардың  келешегін  қорғап, 
қамқорлыққа алуға септігін тигізеді. 
«Елбасының  «100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспары  аясында  белгіленген 
тапсырмаларға  сәйкес  2018  жылдың  1-қаңтарынан  бастап,  жаңа  форматтағы  атаулы 
әлеуметтік  көмек  жүйесі  енгізілгелі  отыр.  Жаңа  форматтағы  жүйе  атаулы  әлеуметтік 
көмектің  атаулылығын  күшейту,  берілетін  жәрдемақыларды  біріктіре  отырып, 
азаматтар  үшін  оңтайландыру  және  олардың  мөлшерін  көбейту  мәселелерін  шешетін 
болады»  [1].  Қазіргі  уақытта  көптеген  отбасылар  бала  тәрбиесінде  қоғам  талап  ететін 
міндеттерді  толық  орындау  үшін  көмек  пен  қолдауды  қажет  етеді.  Мұндай  көмекті 
әсіресе  толық  емес,  көпбалалы,  аз  қамтылған  отбасылар  қажет  етеді.  Бұл  жерде 
Әлеуметтік  педагог  қызметінің  маңыздылығы  бала  мен  отбасындағы  әлеуметтік 
проблемалардың  шешімін  тауып,үйлестіру.  Проблемалық  қауіпті  өмір  жағдайындағы 
балаларды  дер  кезінде  анықтауы,  баланың  әлеуметтік  тұрақтануы  үшін  кедергі-
қиындықтарды  жеңу  және  оған  қолайлы  жағдай  жасауы  өз  жұмысын  ұйымдастыруда 
нәтиже  береді.  Әлеуметтік  педагог  өз  қызметін  балалар  мен  отбасының  мүшелеріне 
жүргізілетін  психодиагностикалық  әдістерге  негіздеп  сараптайды.  Социумдағы 
әлеуметтік  жағдайды  зерттеп,  оған  болжам  жасау  арқылы  отбасы  мен  балаларға 
әлеуметтік-педагогикалық  нақты  көмек  түрлерін  ұсынады.  Мектептерде  көпбалалы 
отбасылар  экономикалық  жағынан  сәтсіз  келеді.  Ең  қиыны:  жанұядағы  ата-ананың 
біреуі жұмыссыз,еңбекке жарамсыз, төмен айлық табыс, ата-ананың біреуі не болмаса 
отбасы  мүшесінің  бірі  созылмалы  ауруға  шалдыққан.  Емдеуге  көп  қаржы  қажет  көп 
жағдайда бұл отбасылардың материалдық-тұрмыстық жағдайы өте төмен болып келеді. 
Бұдан келіп отбасында әлеуметтік-психологиялық сәтсіздіктер етек алады [2]. 
Оның белгілері: 
-ата-ананың біреуінің ішімдікке салынуы 
- тазалық мәдениеттілігінің төмендігі 
-отбасындағы еңсені басатын ауыр ахуал 
- отбасы мүшелерінің арасындағы түсінбеушілік, дау-жанжал т.б 
Бұндай  отбасылар  өздерінің  ең  басты  ата-аналық  міндеттерін  атқара  алмайды. 
Сондықтан олармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру өз алдына үлкен нәтиже күтетін 
іс-әрекет. 


жүктеу 2,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау