133
УДК 37.035
ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ
ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЙЫНДАУ
Сапарова Л.Е.
(«Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану» мамандығының 4 курс студенті)
Черниязова А.Ж.
( «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының аға оқытушысы)
Егеменді ел болып, біртіндеп әлемдік дәрежеге ие бола бастаған осынау алғашқы
қадамымызда ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен
өнегесін, адал тілегін бүгінгі әрбір азаматқа үйрету, санасын ояту тәрбиеші –
мұғалімдердің, ата – аналардың ең үлкен парызы болмақ. Соңғы жылдары жастарды
отбасында тәрбиелеу өте күрделеніп кетті.Оған көптеген қоғамдық, әлеуметтік –
экономикалық, экологиялық, рухани жағдайлар себеп болуда. Ең бастысы, ұзақ жылдар
бойына біздің елімізде жалпы қоғамдық өмір саласында әміршілдік – әкімшілдік
принциптердің ықпалына адамдардың әлеуметтік тұрғыдан қорғансыздыққа ұшырауы,
жалаң ұраншылдықтың салдарынан қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағдайының
тығырыққа тірелуі, тәрбие мәселесінде халықтардың өз тарихына, мәдениетіне, рухани
байлығына, тіліне, дәстүріне мән берілмеуі орын алды. Сондықтан, ұлттық тәрбие
мектеп табалдырығынан аттаған әрбір бүгінгі жасөспірімнің бітімінен, мінез –
құлқынан, қасиет – сапасынан бастау алу керек. Жасөспірімдер – болашақтың адамы,
жаңадан қалыптасып келе жатқан ел азаматы.
Жастарға патриоттық тәрбие берудің
бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030 " атты еңбегінің
«Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «…біздің балаларымыз бен
немерелеріміз… бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық
экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам
өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» — деп,
үлкен үміт артты [1].
Болашақ жастардың қолында деген ұрандарды жиі айтып,
елімізде осы мақсаттарда қолға алынып жатқан жобалар аз емес.
Тек оны өз керегіне
қарай пайдалану әрбір жастың құзырындағы жұмыс. Мемлекет тарапынан жасылынып
жатқан бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға әрбір жастың өз ұмтылысы болуы тиіс.
Егеменді ел болып жаңа заманға бет бұрған кезімізде, біздің сол жаңа заманның тірегі
мен үміті жаңа қоғамды құрушы болашақ өсіп келе жатқан жастар екенін айту керек.
Сол жастарды дұрыс жолға түсіріп тәрбиелеуді біздің ата – аналарымызға ғана салып
қоймай, бүкіл қоғам болып осы проблемалардың шиеленіскен жағдайларын шешуге
атсалысу қажет. Жастарды бүгінгі мен ертеңі туралы ойланту, олардың өмірге деген
дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, болашақ отау иелері екеніне сезім ұялату,
олардың өзін – өзі күтуі, қазіргі уақытқа сай білім алуы- бүгінгі күннің талабы.
Болашақ ұрпаққа ұмыт бола жаздаған салт – дәстүр, әдет – ғұрыптарды тереңінен қоса
түсіндіріп, осы заманға сай білімді, мәдениетті үйрете отырып, ата – бабамыз салған
сара жолға жүгіну дұрыс
[2].
Осы орайдағы ел басының көрегендігін айтпасқа болмас
«Рухани жаңғыру» мақаласының шығу мақсаты да тектен-тек емес, қоғам ішіндегі
субмәдениетті реттеу. Демография санының арттыруын ғана емес саналы ұрпақтар
сабақтастығын арттыруын жүктейтін
идеология
. Мектепте, жоғарғы оқу орындарында
және мектептен тыс мәдени мекемелер үйірмелерінде жастардың өзіндік
педагогикалық сипатта болуын қадағалау, инабатты, ибалы, сыпайы, адамгершілігі
мол, эстетикалық талғамы бар, жаны да тәні де бірдей таза, барлық жағынан өнерлі де,
іскерлі етіп жан – жақты рухани дамыту керек. Менің мақала тақырыбым мен
134
дипломнық жұмысымның тақырыбым бір. Мақаламның маңыздылығы да сонда,
мардымды ойлар мен көзқарастарды іліп алып маңыздылығына тоқталу және дәлелдеу.
Заман талабына сай өсіп – өркендеп келе жатқан ұрпаққа болашақ отбасы өмірінің өте
күрделі де нәзік және жалпы халықтық іс болып саналатындығын ерекше еске салу, әрі
бағыт – бағдар беруге бағытталады. Тәуелсіз еліміздегі білім беру мен тәрбиелеудің
жаңа тұжырымдамалары мен реформасына сай жасөспірімдерді отбасылық өмірге
дайындау бойынша теориялық және әдістемелік жұмыстар аз, сол үшін отбасылық
өмірге дайындау туралы әдістеменің теориялық – дидактикалық мәселелеріне көңіл
бөлу керек. Біздің келешектегі мақсатымыз бұл бағыттағы жұмыстардың
жақсартылуына ат салысу, болашақ қызметте барлық пәндермен тығыз байланыста
болып, бұл жұмыстардың тиісті дәрежеде жүргізілуін іске асыру және бұл бағыттағы
ұйымдастырушылық, әдістемелік іс – әрекеттерді онан арман қарай шыңдай түсіру
болып табылады.
Нарықтық экономикаға байланысты жастардың отбасылық өмір құруға
дайынсыздығы ашық көрсетіліп, оларды мектеп қабырғасынан бастап жеке отау құруға
тәрбиелеу мәселесіне аса көп көңіл бөліп, педагогикалық тәрбиелеудің бірнеше
ұйымдастыру түрлерін қолдану қажет. Мектептегі жоғарғы сынып оқушыларына
отбасы құрылымы мен міндеттері, отбасы өміріндегі жағдайлар, жас отбасын құру
мәселесіне теориялық тұрғыдан анықтама беру және өзіндік ерекшеліктері туралы айту
керек. Жасөспірімдерді болашақ отау иелері ретінде, болашақ ата – ана ретінде
қалыптастыратын салт – дәстүрлер, әдет – ғұрыптардың педагогикалық негіздерінің
маңызын анықтау қажет. Біз мектепте сабақтарда және сабақтан тыс кезде
ұйымдастырылатын жұмыстың түрлерінің, солардың ішінде ашық сабақтар, сайыстар,
конференция, семинарлар, пікірталастар, байқаулар т.б. іс – шараларды ұйымдастыру
әдістемесін ұсындық
[3].
Әдістемелік және теориялық тұрғыдан жастарды отбасылық өмірге дайындауды
келесі жағдайлар арқылы жүргізуді ұсынамыз:
1.
Неке отбасы қатынастарының саласындағы мемлекеттік саясатты ашатын жалпы
әлеуметтік аспект.
2.
Сыпайылық, адамгершілік, инабаттылық сияқты қасиеттерді тәрбиелеудегі
этикалық аспект.
3.
Неке мен отбасы туралы негізгі заңдармен таныстыратын құқықтық аспект.
4.
Жеке тұлға, индивидтің даму деңгейі туралы түсінік қалыптастыратын неке мен
отбасы өмірінің психологиялық негіздерін үйрететін психологиялық аспект.
5.
Еркек пен әйелдің ағзасының физологиялық ерекшеліктері, жеке гигиена туралы
білімдері кіретін физологиялық – гигиеналық аспект.
6.
Отбасы мен бала тәрбиелеудегі ата- ана рөлін қалыптастыратын педагогикалық
аспект.
7.
Отбасылық өмірге қатынасын эстетикалық құндылық ретінде қарастыратын
эстетикалық аспект
[4].
Біз келесі проблемаларды анықтадық:
Жас отбасының әлеуметтік қорғансыздығы;
Неке – ажырасу отбасының үлкен пайыздық саны;
Психологиялық
консультацияларының
жетіспеушілігі
(әсіресе,
ауыл
аймақтарында).
Мектепте жастарды отбасылық өмірге дайындауға қажетті мөлшерде көңіл
аудармауы.
Сонымен,біз мынандай талаптарды орындауымыз керек :
Достарыңызбен бөлісу: |