Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет41/81
Дата07.02.2020
өлшемі1,24 Mb.
#28563
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   81

128
гексэстрол жəне т.б.). Бірақ табиғи аналогтарымен салыстырғанда 
көптеген синтетикалық гормональды препараттар өте тұрақты бо-
лып шықты, олар нашар метаболизденеді жəне жануар ағзасында 
көп мөлшерде жинақталып, тағам тізбегі бойынша тағам өнімдеріне 
көшеді.
Өсірудің жасанды стимуляторларын АҚШ, Канада, Австралия, 
Жаңа Зеландия, Аргентина жəне Оңтүстік Америка, Азия жəне 
Африканың кейбір елдері шектелген түрде қолданады. Кейбір гор-
мональды препараттарды жануар ағзасына аз мөлшерде енгізу оның 
бұлшықет тінінің қарқынды түрде өсуін тудырады. Əңгіме бірқатар 
шет мемлекеттерінде құс, ірі қара мал жəне шошқаны өсіруге 
арналған «гормональды технологиялар» жайында болып отыр. 10-
100 мг/кг мөлшерінде диэтилстильбэстролды жануарға салғанда 
оның салмағы 5-25%-ға дейін ұлғаяды, бұл өндірушілер үшін өте 
қолайлы болып саналады.
Қолданылған гормональды препараттардың қалдықтары мал 
сойылғаннан кейін шикі етте қалып, ет өнімдері арқылы адам 
ағзасына жетуі мүмкін. Синтетикалық гормональды препараттар 
тағам дайындағанда тұрақты болады, адам ағзасының зат алмасуы 
барысында жəне физиологиялық функцияларында жағымсыз дис-
баланс тудыруы мүмкін. Гормональды препараттар жəне басқа био-
катализаторларды қолдану олардың ағза жасушасы жəне тіндерінде 
жинақталуына жəне токсикологиясына байланысты тиянақты 
гигиеналық зерттеулер жүргізуді талап етеді. 
Адам ағзасында гормондардың артық болуына байланысты заң 
бақылау тəртібін бекітіп, олардың қолданылуын шектейді. Мысалы, 
біздің елдің малшаруашы лығында стильбендерді қолдануға рұқсат 
етілмейді. Сондықтан көтерме саудада сатылатын ет өнімдерінің 
құрамында диэтилстиль бэстрол болмауы тиіс. Эстрадиол жəне те-
стостерон мөлшері өнімде 0,0005 жəне 0,015 мг/кг-нан аспауы тиіс. 
Шикізат түріне байланысты өсім стимуляторлары, стероидтар жəне 
бета-блокаторлардың максималды мөлшері келесі мəндерден аспауы 
тиіс(мг/кг):
зеранол  
0,002-0,010 дексаметазон 
0,0005-0,0025
тренболон  
0,002-0,010 
коразолол 
0,005-0,025
карбадокс  
0,005-0,030
1981 жылы ААҰ/БДСҰ комитеті малшаруашылығындағы 
гормондар жəне гормональды белсенді заттарды қарастырып, 
қолданылатын заттарды:


129
 
1) еті адам тағамына қолданылатын, жануарларда кездесетін 
гормондарға ұқсас гормондар жəне олардың эфирлері;
2) гормон туындылары, гормональды белсенді қосылыстар 
сияқты ксенобиотикалық қосылыстар, адамның эндогенді гормо-
нына ұқсамайтын гормональды белсенді табиғи заттар жəне осы 
қосылыстардың туындылары сияқты екі категорияға бөлді.
ААҰ/БДСҰ Комитетінің отырысында, еті тағамға қолданылатын 
малды азықтандыру үшін ксенобиотикалық анаболикалық заттар-
ды тұтыну тиімділігін бағалау барысы көп жағдайда пестицидтерді 
бағалауға ұқсас деген пікір айтылды, себебі бұл үшін: 
1) айтарлықтай толық, қажетті токсикологиялық мəліметтер;
2) алдыңғы қатарлы малшаруашылық тəжірибесіне сəйкес 
көрсетілген заттарды қолдану барысында қалдықтардың сипаты 
жəне деңгейі жөнінде жеткілікті мəліметтер сияқты екі элемент 
қажет.
Алдыңғы қатарлы малшаруашылығы тəжірибесіне қелсек, 
ксе 
нобио-тикалық анаболикалық заттардың тиімділігі туралы 
мəліметтер, тиімді нəтижеге жету үшін қолданылатын мөлшері
сынау барысында алынған қалдықтар деңгейі туралы мəліметтер, 
сонымен қатар бақылау үшін немесе мониторинг мақсатында 
қолданылуы мүмкін қалдық деңгейін талдау əдістері туралы 
мəліметтер алу қажет. Токсикологиялық мəліметтер тұтынушыларда 
эндокринологиялық жəне токсикологиялық зардап тудыратын 
малшаруашылық өнімдерінде болатын қалдықтар жəне метаболит-
тер, осы қосылыстардың потенциалды канцерогенді белсенділігін 
ескере отырып ұсынылуы тиіс.
Көптеген елдерде, соның ішінде Еуроодақта жəне Қазақстанда 
көптеген гормональды препараттарды қолдануға тыйым 
салынған. Химиялық стимуляторларды қолданудың экономикалық 
тартымдылығы тағам өнімдері құрамындағы гормондардың 
қалдықты мөлшеріне қатаң бақылау орнатуды талап етеді. Еуропалық 
қауымдастықтың қолданыстағы директивасының негізінде ет жəне 
ет өнімдеріндегі (мал жəне құс еті) гормональды препараттардың 
қалдықты мөлшеріне заттар қатары бойынша жүйелік бақылау 
орнатылған (
3.2 кесте).


130
3.2-кесте. 
ЕО елдерінде нормаланатын гормональды препараттар
мөлшерінің деңгейі
Атауы
Бақылау 
объектісі
Мөлшерінің 
рұқсат етілетін 
деңгейі, мг/кг
Бақылау əдісі
Тестостерон
Қан сарысуы
0,5
ГХ-МС, РИА, 
ЭЖСХ, ИФА
Эстрадиол 17β
Қан сарысуы
0,04
ГХ-МС, РИА, 
ЭЖСХ, ИФА
Метилтестостерон
Қан сарысуы, 
ет
2,0
0
РИА, ИФА,
Этинилэстрадиол
Ет
0
ГХ-МС, ЭЖСХ, 
ИФА
Тренболон
Ет
0
ГХ-МС, РИА, 
ЭЖСХ, ИФА
Диэтилстиль-
бэстрол
Ет, бауыр
0
ГХ-МС, РИА, 
ЭЖСХ, ИФА
Зеранол
Ет
0
ГХ-МС, ЭЖСХ, 
ИФА
Кленбутерол
Қан сарысуы, ет, 
бауыр
0
ГХ-МС, ЭЖСХ, 
ИФА
Дексаметазон
Ет, бауыр,
қан сарысуы
0,5
2,0
ГХ-МС, ЭЖСХ, 
ИФА
19-Нортестостерон
Ет
1,0
РИА, ИФА
Гестагендер
Май
0
РИА, ЭЖСХ, 
ИФА
Тиреостатиктер
Қан сарысуы
100 – ден көп 
емес
ГХ-МС, ЖҚХ,
ЭЖСХ
Еуропалық қауымдастық елдерінде тұтынушылар денсаулыққа 
қауіпсіз концентрацияда болса да «гормональды» технология-
мен алынған, гормональды препараттар қалдығы бар ет жəне ет 
өнімдерін алудан бас тартады. Еуропалық нарықта өз орнын табу 
үшін көптеген малшаруашылығы кəсіпорындары мал өсіру бары-
сында гормондарды қолданудан бас тартуға мəжбүр болуда.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта Қазақстанда гормональды пре-
параттарды бақылаудың міндетті тəртібі емес тек ұсынымы 
қарастырылған. Жекелеп алғанда, 2003 жыл, 11 маусымдағы 


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау