98
мөлшері аз ғана, сақтау мерзімі екі жылдан асқан жағдайда да аз
ғана төмендейді.
Пестицидтердің ет жəне сүт өнімдеріндегі қалдықты мөлшерін
жылумен, өңдеу жолымен төмендетуге болады. Бұл жағдайда етті
суға қайнату өте тиімді. Бұл жағдайда пестицидтердің қалдықты
мөлшерлерінің сорпаға өтуін, сонымен қатар пестицидтердің өте
уытты қосылыстар түзіп, өзгеруін ескеру қажет.
Осылайша адамды пестицидтердің зиянды əсерлерінен қорғауды
гигиеналық нормативтер жəне регламенттер қамтамасыз етеді,
оларды орындамаған жағдайда жедел жəне созылмалы уланулар,
денсаулықтың басқа да бұзылыстары пайда болады.
3.3.3. Тағам өнімдері жəне азық-түлік шикізатындағы пес-
тицидтердің қалдықты мөлшерін анықтау əдістері
Тағам өнімдерінің құрамындағы пестицидтердің қалдықты
мөлшерін зерттеудің негізгі зертханалық əдістеріне газдық
жəне жұқа қабатты хроматография жатады. Хромато-энзимдік,
полярографиялық, фотометрлік əдістердің үлесі жыл сайын
төмендеп, қазіргі зерттеулердің 1%-дан төмен санын құрайды. Бұл
əдістердің сезімталдығы жəне селективтілігі төмен болуымен сипат-
талады.
Зертханалардың материалдық-техникалық базасының жақсаруы
жəне аспап парктерінің жаңаруы пестицидтерді сандық анықтау үшін
өте күрделі хроматографиялық əдістерді (капиллярлы газсұйықтық,
жоғары эффектті сұйықты, хромато-массспектрометрия) қолдануға
мүмкіндік береді, алайда, бағасының өте жоғары болуы жəне
аспапқа өте қымбат бағада қызмет көрсету, олардың біздің мемлекет-
те кеңінен қолданылуына мүмкіндік бермейді. Көптеген аймақтарда,
соның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін аймақтарда
жұқақабатты хроматография – бақылаудың негізгі əдісі болып са-
налады, ол сезімталдығы, сандық анықтаудың объективтілігі жəне
дəлдігі бойынша инструментальды хроматографиялық талдау
əдісінен кем түседі.
Қазіргі уақытта тағам өнімдері жəне шикізатта нормаланатын
хлорорганикалық пестицидтерді анықтаудың арбитражды əдісі
ретінде капиллярлы газсұйықтық хроматографияны қолданады.
Хлорорганикалық пестицидтерді анықтаудың арбитражды əдісі
өнім үлгісіндегі пестицидтерді этилацетатпен бөліп алуға (экс-
99
тракциялау), экстрактты күкірт қышқылы немесе силикагельмен
тазартуға, тазартылған сығындыны қойылтуға (концентрлеу), со-
дан кейін электронұстағыш детекторы бар газ хроматографында
талдауға негізделген (
10-сурет).
Жеңіл қайнайтын еріткіштегі (гександағы) талданатын пес-
тицидтердің ерітіндісі микрошприцпен енгізіліп, буландырғышта
буланады, газтаратушының (азот) ағынына ұсталып, капилляр-
лы хроматографиялық колонкаға түседі, мұнда анықталатын
пестицидтердің қоспалары жекелеген компоненттерге бөлінеді.
Бөлінген заттар хроматографиялық колонкадағы газтаратушының
ағынымен элюирленеді, содан кейін детекторда тіркеліп, пик
түрінде хроматограммада белгіленеді. Алынған хроматограмма зат-
тар қоспасын сапалық жəне сандық талдауға негіз болады.
Хроматограммадағы пиктерді идентификациялау үшін
заттардың стандартты қоспасына, яғни берілген хроматография-
лау жағдайында белгілі концентрациялары бар, белгілі тəртіппен
шығатын арнайы құрылған жəне аттестациядан өткен қоспасына
талдау жүргізеді.
10-сурет. Газдық хроматографтың сызбасы
Хлорорганикалық пестицидтерді талдаудың ерекшелігі
электронұстағыш детекторды қолдану болып табылады. Бұл
детектордың жұмыс істеу принципі: радиоактивті көздермен
сəулеленетін жылдам электрондар газтаратушының (азот) моле-
кулаларын иондайды. Бұл жағдайда оң зарядталған катод арқылы
жиналатын жəне детектор арқылы тұрақты бедерсіз бір түсті
токтың болуын қамтамасыз ететін баяу электрондар пайда бола-
ɋɵɧɚɦɚ
ȽɚɡɬɚɪɚɬΙɵɲ
ɋɕɇȺɆȺɇɕ
ȿɇȽȱɁɍ
ԔԜɊɕɅԐɕɋɕ
(ɂɇɀȿɄɌɈɊ)
ȻɍɅȺɇȾɕɊԐɕɒ
ɄɈɅɈɇɄȺ
ȾȿɌȿɄɌɈɊ
ɌȱɊɄȿɃɌȱɇ
ԔԜɊɕɅԐɕ
100
ды. Аз қозғалатын теріс иондарды түзіп, электрондарды белсенді
түрде байланыстыруға қабілеті бар электронға өте ұқсас заттар
детектордағы электронды токты дереу төмендетеді жəне ол электро-
метрде тіркеледі. Бұл заттарға галоген атомы бар қосылыстар жа-
тады. Сондықтан электронұстағыш детекторлар хлорорганикалық
пестицидтерге жоғары сезімталдық жəне селективтілік көрсетуімен
ерекшеленеді.
3.3.4. Азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінің пестицид-
термен ластану құрылымын талдау
Жүргізілген мониторинг нəтижелері бойынша азық-түлік
шикізаты жəне тағам өнімдерінің барлық топтарында пестицидтер
мөлшерінің болатындығы анықталған.
Ғаламдық контаминанттардың (ГХЦГ жəне оның изомерлері;
ДДТ жəне оның метаболиттері; 2,4-Д қышқылы, оның тұздары
жəне эфирлері) қалдықты мөлшерін зерттейтін зертханалық
нəтижелер халықтың денсаулығына зиянды əсері болуы мүмкін ең
жоғарғы шекті межеде болатын өнім түрлерін анықтауға мүмкіндік
берді, себебі ол өнімдерде осы пестицид топтарының РЕШК-ның
жоғарылауы байқалады.
ДДТ тобы пестицидтерінің қалдықты мөлшері алма, сүт, майлы
сүзбе, анар, сары май, майлылығы-3,2% ашыған сүт сусындары,
майлылығы 20%-дық қаймақ, сырлар, сарымсақ, теңіз өнімдері,
тұзды ірімшіктер (брынза), ірімшік өнімдері, майлылығы 10%-дық
кілегей өнімдерінде РЕШК-дан жоғарылағаны анықталған.
ГХЦГ препаратына негізделген пестицидтердің қалдықты
мөлшерінің жоғары концентрациясы ысталған балық, күнбағыс
майы, сары май, майлылығы-3,2% ашыған сүт өнімдері, қаймақ,
майлылығы 9%-дық сүзбе, сырлар, майлы сүзбе, теңіз өнімдері жəне
кілегей өнімдерінде анықталған.
2,4-Д тобы пестицидтерінің қалдықты мөлшері ысталған балық,
ашыған сүт сусындары, алма, майлы сүзбе өнімдерінде РЕШК-дан
жоғарылағаны анықталған.
Адам ағзасында ХОП-дің жинақталу көрсеткішін талдайтын
зерттеу нəтижелері – бұл көрсеткіштердің ауылдық жерде тұратын
тұрғындарда (жасы өскен сайын ұлғаяды), сонымен қатар əйелдерде
(май тінінің мөлшері көп болғандықтан) жоғары жəне тағам сипа-
тына тəуелді болатынын көрсетеді. Ет жемейтін адамдарда ХОП аз
Достарыңызбен бөлісу: |