95
шамаларымен; уытты əсер ету зонасы – ӨД
50
-ның шекті дозаға
(бұл зона нашар болған сайын жедел улану қауіптілігі жоғары)
қатынасымен; зақымдалмаған тері қабығына кіру қабілетімен жəне
улы əсер көрсетуімен; кумулятивті қасиеттердің айқын білінуімен
анықталады.
Барлық зиянды заттар:
- I – аса қауіпті (РЕШК-сы 0,1 мг/м
3
-тан
кем);
- II – қауіптілігі жоғары (РЕШК-сы 0,1-ден 1,0 мг/м
3
-ке дейін);
- III – қауіптілігі орташа (РЕШК-сы 1,1-ден 10,0 мг/м
3
-ке дейін);
- IV – қауіптілігі аз (РЕШК-сы 10,0 мг/м
3
-тен көп
) қауіптіліктің
төрт класына бөлінеді.
Пестицидтер үшін РЕШК-ны анықтау үшін үйлесімді əрекеттің
негізгі қағидасы сақталады. Ауа, су жəне жекелеген тағам
өнімдерімен бірге тəулік бойы ағзаға зиянсыз, максималды рұқсат
етілетін тəуліктік дозадан аспайтын, күн сайын адам ағзасына жəне
келешек ұрпаққа зиянды өзгерістер тудырмайтын заттар келіп түсуі
тиіс.
Балалар тағамында пестицидтерді нормалау жұмысына ерек-
ше назар аударылуда. Санитарлық нормалар балаларға арналған
тағамдар құрамында өнімге ғаламдық ластағыштар ретінде түсетін
хлорораникалық пестицидтерден басқа пестицидтердің қалдықты
мөлшерінің болуына рұқсат етпейді. «Рұқсат етілмейді» – термині
қолданылатын анықтау əдісінің сезімталдық шегінде пестицидтердің
жоқ болуын түсіндіреді.
Қазіргі уақытта қоршаған орта объектілеріндегі пестицидтер
мөлшерін қадағалау жəне бақылауды ұйымдастыру саласындағы
нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының
2009 жылғы 18 қыркүйектегi N:193-IV «Халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» заңы, Қазақстан Рес-
публикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N:515- Қаулысы
бойынша бекітілген «Пестицидтердің (улы химикаттардың)
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті жəне
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық ережелер жəне
гигиеналық нормативтермен ұсынған басқа да құжаттардан тұрады.
Тағам өнімдеріндегі пестицидтер мөлшерін регламенттейтін
негізгі құжатқа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010
жылғы 6 тамызындағы № 611-бұйрығымен бекітілген «Тағам
өнімдеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережелері жатады. Осы құжатқа сəйкес өсімдік текті
96
азық-түлік шикізаты үшін ауылшаруашылық дақылдарын өсіру ба-
рысында қолданылатын пестицидтер туралы, оларды сақтайтын
қойманы жəне ыдысты фумигациялау, сонымен қатар пестицидтер-
мен өңделген соңғы мерзімі туралы ақпарат міндетті түрде қажет.
Жануар текті азық түлік шикізаты үшін эктопаразиттер немесе
жануар жəне құстардың ауруларымен күресуге (немесе олардың
жоқтығы) сонымен қатар малшаруашылығы жəне құсшаруашылығы
орындарын, балық өндіретін тоған шаруашылығы жəне суаттарды
өңдеуге арналған пестицидтер туралы, пестицид атауы жəне соңғы
рет қолданылған мерзімі көрсетілген ақпараттар міндетті түрде
қажет. Қолданылған пестицидтер туралы ақпараты жоқ өсімдік текті
жəне жануар текті азық-түлік шикізатын сырттан əкелуге, қолдануға
жəне айналымға түсуіне тыйым салынады.
Пестицидтер азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінің
барлық түрлерінде бақыланады: ГХЦГ (альфа-, бета-, гамма-изо-
мерлер), ДДТ жəне оның метаболиттері. Дəн жəне дəннен өңделген
өнімдерде сынапорганикалық пестицидтер, 2,4-Д қышқылы,
оның тұздары жəне эфирлері бақыланады. Балық жəне балықтан
өңделген өнімдерде 2,4-Д қышқылы, оның тұздары жəне эфирлері
бақыланады.
Азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінің құрамындағы
қалдықты пестицидтер мөлшерін, соның ішінде фумиганттарды
бақылау жұмысы – өндіру барысында қолданылған пестицидтер
жəне агрохимикаттар жəне оларды сақтау туралы өнімді өндіруші
(жеткізуші) ұсынған ақпаратқа негізделеді.
Құрамында пестицидтері бар азық-түлік шикізаты жəне тағам
өнімдерін санитарлы-эпидемиологиялық сараптау жұмысы қоршаған
орта объектілеріндегі пестицидтер мөлшерінің қолданыстағы
гигиеналық нормативтеріне сəйкес жүргізіледі.
Тағам шикізатындағы пестицидтердің қалдықты мөлшерін
төмендету үшін ауылшаруашылық өнімдерінің технологиялық жəне
кулинарлық əдіспен өңделуін ұқыпты түрде жүргізу қажет.
3.3.2. Тағам шикізаты жəне тағам өнімдеріндегі пестицидтер-
дің қалдықты мөлшерін төмендетудің технологиялық əдістері
Пестицидтердің қалдықты мөлшерін төмендетудің тиімділігіне
олардың өсімдіктердің түрлі бөліктеріне таралу мінезі əсер етеді.
Белгілі болғандай, ФОП жəне ХОП-дің негізгі мөлшері жеміс жəне
97
көкөністердің қабығында немесе оның бетінде шоғырланып, жеміс
ішіне кірмейтіні белгілі. Кезегінше, жеміс, көкөніс жəне жидектерді
өнеркəсіптік жəне кулинарлық əдіспен өңдеудің бастапқы кезеңіне
оларды жуу процесін жатқызады. Оларды су, сілті ерітінділері,
беттік-белсенді заттармен жүзеге асырады. Бірақ тағам шикізатының
құрамында липофильді қасиеттерге ие жəне кутикуланың балауы-
зымен берік байланысқан препараттар немесе заттардың қалдықты
мөлшері болса, оларды жуудың тиімділігі төмен. Карбамин жəне
тиокарбамин қышқылдарының туындылары, қалайы органикалық
қосылыстар сумен жақсы жуылады.
Жуу тиімділігі майлық жəне май жəне балауызды жоятын (де-
тергенттер, күйдіргіш сода, спирттер) түрлі жуу құралдарын пай-
далану барысында едəуір жоғарылайды. Өнім көлемі жəне жуу
сұйықтығының арасындағы арақатынас 1:5-тен кем болмауы тиіс.
Тағам өнімдеріндегі пестицидтердің қалдықты мөлшерін
төмендетудің ең тиімді əдісі өсімдіктің сыртқы бөліктерінен тазарту
болып табылады. Мысалы, цитрус дақылдары, алма, алмұрт, банан,
шабдалы жəне т.б. жемістердің қабығын алғанда 90-100 %-ға дейін
пестицидтердің максималды мөлшері жойылады, бірақ ливинфос,
монокротофос, ортен, дравин, темик, кропетон сияқты пестицидтер
50-70 %-дан көп жойылмайды.
Картоп, қияр жəне қызанақтарды тазалау, қырыққабат жəне
жапырақты көкөністердің сыртқы жапырақтарын алып тастау ба-
рысында пестицидтердің қалдықты концентрациялары айтарлықтай
жоғары деңгейде төмендейді.
Қуыру, пісіру, консервілеу, тосап, джем, мармелад дайын-
дау сияқты жəне т.б. өнімдерді дəстүрлі технологиямен жəне
кулинарлық əдіспен өңдеу барысында пестицидтер тағам
өнімдерінен шығып кетеді.
Кептіру процесінде шикізат мінездемесі, түрі жəне қасиетіне
байланысты пестицидтер қалдықты мөлшерінің концентрациясы
ұлғаяды немесе жойылады. Дəнді дақылдарды өңдеу барысында пе-
стицидтер ұн тартудың түрлі фракцияларында біркелкі таралмайды.
Ластағыштардың ең көп мөлшері əдетте, кебекте, ең төмен мөлшері
ұсақ тартылған ұнда байқалады.
Пестицидтер деструкциясының жылдамдығы сақтау шарты, же-
келеп айтқанда температура параметрлері, орта ылғалдылығы, өнім
түрі оның тағайындалуы жəне басқа шарттарға байланысты бола-
ды. Төмен температурада (-18...-23 °С) пестицидтердің қалдықты
Достарыңызбен бөлісу: |