Екінші тіл ретіндегі қазақ тілін оқытудың когнитивтік аспектілері



жүктеу 62,89 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.05.2018
өлшемі62,89 Kb.
#17614


KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



133 

 

 



 

 

ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІН 



ОҚЫТУДЫҢ КОГНИТИВТІК АСПЕКТІЛЕРІ 

 

İKİNCİ DİL KONUMUNDAKİ KAZAK DİLİ 

ÖĞRETİMİNİN KOGNİTİF MESELELERİ 

 

THE COGNITIVE ASPECTS OF LEARNING THE 

KAZAKH LANGUAGE AS A SECOND LANGUAGE  

 

КОГНИТИВНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБУЧЕНИЯ 

КАЗАХСКОМУ КАК ВТОРОМУ ЯЗЫКУ 

 

 

Banu Amanbaykızı OMAROVA

*

 

 

 

.Резюме 

В  статье  автор  рассказывает  о  когнитивных  аспектах  обучения 

казахскому языку в качестве второго языка.  



Ключевые  слова  и  словосочетания:  когнитивная  лингвистика,  знание, 

познавательная способность, методика, языковая компетентность.  



Кілт  сөздер  мен  сөз  тіркестері:  когнитивтік  лингвистика,  білім, 

танымдық қабілет, əдістеме, тілдік құзыреттілік 



 

Özet 

Bu yazıda ikinci dil konumundaki Kazak dili öğretiminin kognitif hususları in-

celenmektedir. 

Anahtar kelimeler: Kognitif dil bilimibilim, idrak yeteneği, metodoloji, dil 

nufuzi 


                                                 

*

 El-Farabi Adindaki Kazak Milli Universitesi Devlet Dil Bolumu Doc. Dr. / 



KAZAKHISTAN 

Əл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Мемлекеттік Тіл Кафедрасының 

Доценті, Ф.Ғ.К. 

 



KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



134 

 

Resume 

The author tells about the cognitive aspects of learning the Kazakh language as 

a second language. 

Key Words: Cognitive linguistics, science, perception ability, methodology, 

languange dominance  



 

 

 Жалпы  шет  тілін  немесе  екінші  тілді  үйрету  əдістемесі  ғылым  ретінде 

қалыптасып, дамығалы қашан. Негізгі əдістемелік категориялардың қатарына 

мақсат,  мазмұн,  əдіс-тəсілдер,  қағидаттар,  құралдар  мен  формалармен  қатар 

пəнаралық  байланыстар  да  кіретіні  белгілі.  Тілдерді  үйрету  əдістемесі  мен 

теориясы 

ғылым 

салаларының 



ішінде 

психологиямен 

жəне 

психолинвистикамен  тығыз  байланысты.  Жалпы  тіл  үйрену  саналы  əрекет 



болғандықтан,  бұл  үдеріске  адамның  ақыл-ойы,  сана-сезімі,  зердесі  сияқты 

танымдық қабілеттері түгел қатысатыны анық. Өзге тілді меңгеру арқылы тіл 

үйренуші өзінің танымдық деңгейін көтеріп, жаңа білім мен білік-дағдыларға 

ие  болады.  Мұндағы  таным  мəселесі  психологияның  негізгі  объектісі  болса, 

тіл  мен  танымның  сабақтасқан  бірлігі  когнитивтік  лингвистиканың  зерттеу 

саласына  жатады.  Оқытудың  саналы  (немесе  когнитивтік)  жолы  (ағылш. 

cognition – білім,  таным)  тілді  интуитивті  меңгеру  деген  мəселеден 

туындайды  жəне  үйренушінің  тілдік  бірліктерді  сезінуі  мен  түсінуін,  сол 

тілдік  бірліктерді  қарым-қатынас  жасау  барысында  таңдап,  қолдана  білу 

қабілетін  оятуды  көздейді.  Шет  тілді  оқытудың  когнитивтік  аспектісі 

студенттің  тілді  меңгерудің  рационалды  тəсілдерін  қолдану  арқылы  əртүрлі 

шеберліктер  мен  білік-дағдыларын  қалыптастыруын  білдіреді.  Америкалық 

психолог  Стивен  Крэшеннің  психолингвистикалық  моделі  бойынша,  тіл 

үйрену ережелерді саналы түрде меңгеру арқылы жүзеге асады, сондықтан да 

ол  дедуктивтік,  эксплициттік,  формальдық  жəне  когнитивтік  деген 

терминдермен  ассоциацияланады (1). Жалпы  шет  тілін  үйрету  əдістемесін 

когнитивтік  ғылым  тұрғысынан  қарастыру  шетелдік  жəне  ресейлік  зерттеу 

еңбектерінде  барынша  сөз  болады.  Əсіресе  ағылшын,  неміс  тілдерін 

оқытудың  əдістемесі  мен  теориясы  туралы  зерттеулер  баршылық.  Бірнеше 

ғасырлық  тарихы  бар  аталмыш  тілдерді  оқытудың  əдістемесі  мен  теориясы 

танымдық  ғылымда  өткен  ғасырдың  аяғында  көрініс  таба  бастады.  Осы 

орайда,  Л.В.  Щерба,  М.А.  Богатырёва,  Б.М.  Теплов,  Н.Д.  Гальскова,  И.И. 

Халеева,  А.  Ченки  жəне  т.б.  еңбектерін  атауға  болады.  Ал  еліміздің 

тəуелсіздік  алуымен  бірге  өмірге  келген  ана  тілімізді  оқытудың  əдістемесі 

танымдық ғылыммен қалай ұштасады? Бұл мақалада біз қазақ тілін екінші тіл 

ретінде  оқытудың  когнитивтік  аспектілері  қандай  болмақ  деген  мəселе 

төңірегінде ой қозғамақпыз.  



KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



135 

Толғауы  тоқсан  туған  тіліміздің  сан  қилы  тағдыры  қай  ғылым  саласы 

тұрғысынан  болмасын  ерекше  назар  аударуды  қажет  ететіні  сөзсіз.  Əсіресе 

оның  екінші  тіл  деңгейіндегі  когнитивтік  жағдайы  өзгеше.  Олай  дейтін 

себебіміз,  ұлтымыздың  бодандық  қамытынан  босанып,  еркіндікте  қанат 

қаққанына да көп болған жоқ. Ал отаршылдық саясат адам психологиясы мен 

сана-сезіміне кері əсерін тигізбей қоймады, оның негізгі нəтижесі – өзге ұлт 

психологиясын  бойына  əбден  сіңірген,  өз  ана  тілінде  ойлай  да,  сөйлей  де 

алмайтын  тұлға.  Ал  «когнитивтік  лингвистиканың  негізгі  ұстанымдары  мен 

заңдылықтары  оның  ұғымдық  бірліктерінің  өзара  қарым-қатынас  жасауы 

арқылы  əрі  бір-біріне  əсер  етуі  негізінде  айқындалатындықтан, ..., ең 

алдымен,  адамның  психофизиологиялық  қабілетіне  жəне  одан  туындайтын 

əрекетіне  қатысты  сұрыпталады» (Оразалиева, 2007: 25). Мұндағы  адамның 

өзге мəдениет элементтерімен сусындаған аталмыш қабілетінен туындайтын 

əрекеті – оның  өзге,  нақтырақ  айтсақ,  орыс  тілін  бірінші  тіл,  ана  тілі 

дəрежесінде  қолдануы.  Сондықтан  да  қазақ  тілінің  екінші  тіл  ретінде 

оқытылуы мен оның когнитивтік аспектілері мəселесі, тек өзге ұлт өкілдеріне 

ғана емес, ең алдымен, өз қандастарымызға қатысты да қарастырылуы қажет. 

Олай болса, қазақ тілін оқыту əдістемесі мен теориясы танымдық ғылыммен 

екі түрлі жағдайда сабақтасады: 

-  қазақ  тілінің  өзге  ұлт  өкілдеріне  екінші  тіл,  яғни  шет  тілі  дəрежесінде 

оқытылуы, тіл үйренуші қазақ тілін қатынас құралы ретінде меңгереді, мұнда 

практикалық қызмет басым тұрады; 

-  қазақ  тілінің  қазақ  ұлтының  өкілдеріне  ана  тілі  деңгейінде  екінші  тіл 

ретінде  оқытылуы,  тіл  үйренуші  сөйлеу  əрекетін  одан  əрі  жетілдіре  түседі, 

білімі мен шығармашылығын ұштастыра отырып, шыңдайды.  

Оқытудың  когнитивтік  теориясының  негізін  қалаған  Дж.  Брунер  тілді 

меңгеру  барысында  орын  алатын  үш  үдерісті  қарастырады: 1) білімін  жаңа 

ақпарат  алу  арқылы  толықтыру; 2) алған  білімін  пысықтау  жəне  кеңейту, 

оларды  жаңа  міндеттерді  шешу  барысында  қолдану; 3) жинақталған  білім, 

білік-дағды  жəне  шеберліктерді  қолданудың  адекваттығын  тексеру  (Брунер, 

1977: ). Ал енді  қазақ  тілін  оқытудың əдістемесі мен  теориясын осы модель 

тұрғысынан сипаттайтын болсақ, бірінші үдеріс мектеп қабырғасында жүзеге 

асады.  Оқушылар  қазақ  тілі  туралы  алғашқы  мəліметтер  алып,  əліпбимен 

танысады. Тіліміздің дыбыстық жүйесі, грамматикалық құрылысы, сөздердің 

лексикалық  мағынасы  туралы  жаңа білім  алады.  Коммуникативтік  əрекеттің 

негізі қаланады. Осы білімін кеңейтіп, оны одан əрі шыңдай түсу үшін, олар 

ЖОО-ларда екінші үдерісті жүзеге асырады. Кредиттік, модульдік, деңгейлеп 

оқыту  технологиялары  бойынша  қазақ  тілі  туралы  білімін  дамытып, 

əлеуметтік-тұрмыстық,  əлеуметтік-мəдени  жəне  оқу-кəсіби  бағыттарында 

жаңа  білік-дағдылар  мен  шеберліктерді  меңгереді.  Еңбек  жолына 

араласқаннан  кейін  күнделікті  тіршілікте  практикалық  əрекет  барысында 

жинақталған  білімін,  шеберліктерін  қолдана  отырып,  мемлекеттік  тілді 



KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



136 

меңгерудің қаншалықты нəтижелі болғандығын тексеріп, бақылайды. Сөйтіп, 

үшінші үдеріс өмір бойы үздіксіз жалғасып отырмақ.  

Лингводидактика  ғылымы  адамның  тілдік,  сөйлеу  қабілеттерін 

экзистенциялық  біліктілік  деп  танып,  оған  тұлғаның  жеке  психологиялық 

ерекшеліктерін  жатқызады.  Кез  келген  шет  тілін  меңгеруде  жақсы  дамыған 

механикалық  жады,  ойлау  қабілетінің  жоғары  деңгейі  жəне  ана  тілі 

материалдары негізінде қалыптасқан сөйлеу шеберліктерінің маңызы өте зор. 

Сондай-ақ  басқа  да  шет  тілдері  сияқты  қазақ  тілін  меңгеруде  айтарлықтай 

жетістіктерге  жету  үшін  тіл  үйренушілерден  əртүрлі  оқу  əрекеттерін 

ұйымдастыра  білу,  салыстыру,  талдау,  сараптау,  жоспар  құру,  сөздікпен 

жұмыс істеу, өзіндік ой-пікір білдіру сияқты білік-дағдылар мен шеберліктер 

талап етіледі. Əсіресе тілдік материалмен жұмыс істеуге бағытталған арнайы 

стратегияларды  меңгеру  үйренушілер  үшін  аса  қажет.  Бұл  стратегиялардың 

қатарында  сөз  мағынасын  контекст  арқылы  анықтау,  тірек  сөздер  мен  сөз 

тіркестерін теріп жазу, тіл заңдылықтарын іздеу, сөйлеу үлгілері мен көрнекі 

құралдарды пайдалану, қайталау жəне т.б. жұмыс түрлері бар.  

Зерттеушілердің  пікірінше,  когнитивтік  стиль  оқудың  белгілі  бір 

стратегияларын  тудырады.  Осы  стратегияларды  шет  тілін  оқытуға  қатысты 

саралай  отырып,  Рубин  мен  Стерн  тілді  жақсы  меңгеруге  қажетті  мынадай 

жеті түрлі сипаттаманы ұсынады: 

• 

аңғарымпаздық пен болжамның дəлдігі;  



• 

қарым-қатынас жасауға деген қатты қызығушылық;  

• 

еркіндік;  



• 

тілдік формаларға назар аударушылық;  

• 

қарым-қатынас жасайтын серік іздеу;  



• 

өз сөйлеу тілін бақылауға алу;  

• 

мағынаға көңіл бөлу. 



 Бұл  сипаттамалардың  кез  келген  тілді  меңгеруде  алғышарт  бола 

алатындығына  күмəн  келтіре  алмаспыз,  дегенмен  де,  қазақ  тілін  екінші  тіл 

ретінде  оқыту  мəселесіне  келсек,  бұл  сипаттамалардың  қажеттілік  болмаған 

жерде  еш  жүзеге  аспайтындығы  айдан  анық.  Мемлекеттік  мəртебеге  ие 

тіліміздің  қоғамда  толыққанды  өмір  сүруі  үшін  ол  тілге  деген  сұраныс  пен 

қажеттілік артуы тиіс. Қажеттілік пайда болса, қарым-қатынас жасауға деген 

қызығушылық  та,  тілге  назар  аударушылық  та,  өз  сөйлеу  тілін  бақылауға 

алып,  жетілдіру  де  тиісті  дəрежеде  болар  еді.  Сондықтан  да  жоғарыдағы 

сипаттамалар  тізбегін  тілдің  қоғамдағы  қажеттілігі  мəселесімен  толықтыру 

қажет  деп  есептейміз.  Кез  келген  үйренуші  шет  тілін  меңгеру  барысында 

зейін,  білім,  сана,  жады,  қабылдау  сияқты  танымдық  қабілеттерін 

пайдаланатыны  белгілі.  Тіл  үйренуде  осы  қабілеттердің  ішінде  əсіресе 

білімнің  алатын  орны  ерекше.  Мұнда  «белсенді  субъектінің  жетістігі  болып 

табылатын  жеке  білім  де,  психикалық  қызмет  заңдары  бойынша 

лингвомəдени  қауымда  қалыптасатын  жəне  қызмет  ететін  бірлескен 



KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



137 

ұжымдық білім де, адамдардың əр алуан қызметінің өнімінде тіркелген білім 

де»  маңызды  (Гальскова,  Гез, 2006: 82). Яғни,  адамның  тілдік  білімі  оның 

өмірлік  тəжірибесімен  тікелей  байланысты.  Когнитивтік  көзқарас  бойынша, 

əр адамның өмір бойы жинақтаған əр түрлі білімдері оның ішкі контексінде 

көрініс  табады,  сөйтіп,  оның  өзіндік  əлемді  тану  қабілеті  туындайды. 

Осындай қабілеттің қалыптасуы  барысында  тіл  үйренуші, біріншіден, өзінің 

төл  мəдениетінің  танымдық  құралдарына,  екіншіден,  өзге  мəдениет  туралы 

жаңа  білімге,  одан  кейін  өзге  мəдениетті  тану  барысында  пайда  болған  өз 

мəдениеті туралы жаңа білімге сүйенеді (Гальскова, Гез, 2006: 75). Кез келген 

адамның  тілдік  құзыреттілігі  оның  əлемді  тану  қабілетімен,  яғни,  əр  түрлі 

білімдері  мен  шеберліктерімен  тікелей  байланысты.  Сондықтан  басқа  да 

тілдермен қатар қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретуде «тіл үйренушілердің 

санасында  өзге  социомəдени  қауымның  тілі  мен  əлемін  қабылдап,  түсінуді 

қамтамасыз  ететін  базистік  когнитивтік  құрылымдарды  қалыптастырудың 

қажеттілігі мен маңызын» үнемі есте ұстаған жөн (Оразалиева Э., 2007: 56).  

Ал  когнитивтік  құрылымдар  үйренушінің  тіл  үйрену  барысында  алатын 

білімі оның əлем туралы білімімен сабақтасқанда ғана пайда болады. Жəне де 

оның  өзге  тілге  деген  қызығушылығы  өзінің  ана  тілі  мəдениетінің  əсерімен 

туындайды. Когнитивтік зерттеулер бойынша, өзге тіл мен мəдениетті тануға 

деген  талпыныс  сол  тілдің  елінің  мəдениеті  туралы  ақпаратқа  деген 

сұраныстан туындайды. Олай болса, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуда 

қазақ  елінің  мəдениетін,  оның  əлемдік  мəдени  кеңістіктегі  орны,  өзге 

мəдениеттермен  өзара  байланысы  жəне  онда  тұратын  халықтардың 

субмəдениетін  негізге  алу  керек.  Қазақ  халқының  рухани  мұрасы,  оның 

тұрмыс-салты, дүниетанымы тіл үйренушінің жеке өмірімен қалай қабысады 

деген  мəселеге  ерекше  көңіл  бөлген  жөн.  Сондай-ақ  қазақ  тілін  оқытудың 

когнитивтік  аспектісі  үйренушіде  ұлттық  мəдениеттердің  (төл  жəне  қазақ 

мəдениеттерінің)  жетістіктері,  оның  ана  тілі  мен  төл  мəдениетінің  осы 

жетістіктерге  жетудегі  рөлі  туралы  ұғым  қалыптастырумен  де  тығыз 

байланысты.  Қазақ  тілін  үйрене  отырып,  үйренуші  оны  өзінің  ана  тілімен 

салыстырады,  ойды  жеткізудің  өзге  де  тəсілдерін  тереңірек  таниды,  форма 

мен  мағынаның  өзге  де  байланыстарына  көз  жеткізеді.  Өзге  ұлт  өкілдері 

қазақ  тілінің  көмегімен  танымдық  қабілетін  арттырады,  жалпы  білімін 

дамытады.  

Ал  енді  өз  қандастарымызға  қазақ  тілін  үйретудің  өзіндік  когнитивтік 

аспектілері  бар.  Өйткені  мұнда  қазақ  тілі  өзге  тіл,  шет  тілі  ретінде  негізге 

алынбайды, ол ана тілі деңгейінде үйретіледі. Сондықтан да тіл үйренуші оқу 

үдерісінде өзге емес, өзінің төл мəдениетін таниды. Əрине бұл мəселе ол үшін 

таңсық  болмауы  мүмкін,  десек  те  ана  тілі  мен  төл  мəдениетіне  деген  жаңа 

көзқарас  қалыптастыру  когнитивтік  тұрғыдан  негізгі  міндеттердің  бірі  емес 

бірегейі  болып  табылады.  Л.  Щерба  айтқандай, «ана  тілінің  тұтқыны»  емес, 

өзге  тілдің  тұтқынына  айналған  оларды  бұл  тар  қапастан  алып  шығатын 

жалғыз  жол – өзінің  төл  мəдениеті  мен  тіліне  деген  құрмет  сезім  жəне  өзін 

өзі,  өз  ұлтын,  оның  мəдени  мұрасын,  салт-дəстүрін  тереңірек  тану  (Щерба, 



KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



138 

1947: 98 ). Ол  үшін  қазақ  мəдениетінің  əлем  мəдениеттері  ішінде  алатын 

ерекше  орны  бар  екендігін,  оның  басқа  мəдениеттерден  еш  кем  емес 

екендігін,  туған  тіліміздің  байлығы,  көркемдігі  жəне  əуезділігімен  қатар, 

тілдік  ортада  зор  мүмкіндіктері  бар  екендігін  барынша  сезіндіру  қажет. 

Ғасырдан ғасырға, атадан балаға мұра ретінде беріліп келе жатқан сөз мəйегі 

болып  табылатын  мақал-мəтелдер  мен  фразеологизмдерді  оқыту  арқылы 

қандастарымыздың  ұйқыда  жатқан  қазақи  санасын  оята  аламыз  деген 

сенімдемін.  

  

Пайдаланған əдебиеттер:  

1. http://englishmax.ru/  

2. Брунер Дж. Психология познания. Москва, 1977.  

3. Гальскова  Н.Д.,  Гез  Н.И.  Теория  обучения  иностранным  языкам. 

Лингводидактика и методика. 3-изд. Москва, 2006. 

4. Оразалиева  Э.  Когнитивтік  лингвистика:  қалыптасуы  мен  дамуы. 

Алматы, 2007.  

5. Щерба  Л.  В.  О  разных  стилях  произношения  и  об  идеальном  составе 

слов // Избранные работы по русскому языку. Москва, 1947.  



 

 

 



жүктеу 62,89 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау