Газ қоспаларын талдау



жүктеу 28,38 Kb.
бет1/6
Дата09.11.2022
өлшемі28,38 Kb.
#40090
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6
лекция тех. анализ


Газ қоспаларын талдау
Химиялық зауыттарда газ құрамын бақылау үшін автоматты газоанализаторлармен қатар әр түрлі типтегі қолмен жұмыс істейтін газоанализаторлар қолданылады. Мысалы қарапайым газ қоспаларын талдау үшін Гемпель приборы қолданылады. Ол келесі негізгі элементтерден тұрады: газ көлемін өлшеу үшін өлшеуіш бюретка 1, сіңіруші ерітіндісі бар пипетка 3, және теңестіруші түтікше 2.
Бюретка 1 – бөлініс құны 0,2 мл болатын сыйымдылығы 100 мл градуирленген шыны түтікше. Оның жоғарғы жағы краны бар капилляр болып келеді. Егер капиллярда кран болмаса, онда оған Мор қысқышы бар резенке түтіктің қимасын орналастыру керек.
Сіңіру пипеткасы бір бірімен шыны түтік арқылы жалғанған А және Б екі шардан тұрады. А шарының жоғарғы жағынан капиллярлы түтік 4 шығып, ол пипетканы өлшеуіш бюреткамен жалғау үшін резинке түтікге 5 киіледі. Сіңіруші ерітінді пипеткаға 4 капилляр арқылы сорылып, А шарын толығымен және Б шарының бір бөлігін толтырады.
Жұмысты бастамас бұрын газ беретін жүйе толығымен зерттелетін газбен үрленеді. Егер жүйе сиреу астында болса, онда газ беруші жолды үрлеу суағынды насос немесе вакуум-насос көмегімен жүзеге асады. Газ беруші жүйені үрлеп болғаннан соң, ол резенке түтік 5 арқылы өлшеуіш бюреткаға 1 жалғанады. Бюретка 1 теңестіргіш түтікті 2 көтеру арқылы алдын ала бюретканың жоғарғы бөлігінде орналасқан капилляр белгісіне дейін сұйықтық толтырылады. Сонан соң теңестіргіш түтікті 2 төмен түсіру отырып бюреткаға 100 мл аса талданатын газды тартып алады. Газ беруші жолды ажыратып, теңестіру түтігін 2 қайтадан көтереді де, сұйықтық деңгейін абайлап бюретканың төменгі белгісіне дейін жеткізе отырып, артық газды атмосфераға тастайды.
Сұйықтық деңгейін бюретканың төменгі белгісіне туралағанда теңестіргіш түтіктегі сұйықтық та сол деңгейде болуын қадағалау керек. Бұл өлшеуіш бюреткадағы газ атмосфералық қысыммен екендігін көрсетеді. Өлшеуіш бюретка капиллярға 4 сіңіруші ерітіндімен толтырылған өткізуші капилляр арқылы жалғанады. Қысқышты 5 шешу арқылы бюретканы сіңіруші пипеткамен 3 қосып газды талдауға кіріседі.


Талдау барысы. Гемпель приборында газға талдау жасау өлшеуіш бюреткадан 1 газды сіңіруші пипеткаға теңестіруші түтікті 2 көтеріп, түсіру арқылы көп рет сығу жолы жүзеге асады.
Газдың сіңірілуін тездету үшін пипетканы 3 сілкуге де болады. 2-4 минуттан соң сіңірілмеген газ толығымен өлшеуіш бюреткаға айдалады да, пипеткадағы сіңіруші сұйықтық капилляр 4 пен өткізуші капиллярды қайтадан толық толтырған болуы керек. Қысқыш 5 жабылып, бюретка 1 мен түтіктегі сұйықтық деңгейі теңестіріліп, қалған газдың көлемі өлшенеді. Егер өлшеуіш бюретка төменнен жоғары қарайградуирленген болса, онда бюреткадағы сандар сіңірілген газ көлемін көлемдік пайызбен береді.


Сіңіруші ерітінділерді дайындау.
Күйдіргіш кали. СО2 сіңіру үшін 30-35% -дық КОН ерітіндісі қолданылады. Мұндай ерітінді дайындау үшін 1 салмақтық бөлік қатты КОН – қа 2 салмақтық бөлік су алады. Ерітіндіні 2-3 тәулік қойып қояды. КОН-тың бір көлемі 40 көлем СО2 сіңіре алады.
Сынап сульфаты мен калий бромиді қанықпаған көмірсутектерді сіңіру үшін қолданылады.
Пирогаллол, мыс (І) хлоридінің аммиакты ерітіндісі және натрий гидросульфиті оттекті сіңіру үшін қолданылады.
Мыс (І) сульфаты нафтолмен және мыс (І) хлоридінің тұз қышқылды ерітіндісі көміртек тотығын сіңіру үшін қолданылады.

жүктеу 28,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау