Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/53
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17190
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53

35 
танымдық  әрекеті  жөніндегі  эмоционалды-ерік  саласында  басымырақ 
көрінеді. 
Эмоционалды-ерік  саласының  жетілмеуі  оқуға  деген  уәждемесінің 
қалыптаспауына  алып  келеді.  Ондай  балалар  мектептегі  тәртіптің  жаңа 
талаптарын  қабылдамайды.  Сабаққа  қоңыраудан  кейін  кешігіп  келеді,  сабақ 
барысында тұрады, сынып ішінде рұқсатсыз жүреді, қатты сөйлейді.  
Кіші  мектеп  жасында  оқу  әрекетінің  тұлғалық  компоненттерінің 
жетілмегендік белгілері байқалады:
 
 
-  оқудағы  жетістіктері  мен  өзінің  мінез-құлқына  жауапкершіліктің 
болмауы; 
- оқуға немқұрайлы қарау; 
- сыни қарудың жеткіліксіздігі; 
- өзін-өзі жоғары бағалау; 
-  өзін-өзі  реттеудің  болмауы  (іс  әрекетінің  ішкі  жоспары,  мақсатты 
бағытталушылық, өзін-өзі бақылау). 
Конституционалды  шығу  тегіндегі  психикалық  дамуы  тежелген 
балаларда мынадай ерекшеліктері бар: 
- зейіннің тұрақсыздығы;  
- танымдық белсенділіктің және жұмысқа қабілеттіліктің төмендігі; 

абстрактілі-логикалықтан  көрнекілік-әрекеттік,  нақты-бейнелік 
ойлаудың басымдығы;  
- сөздік-мағыналық есте сақтаудың жеткіліксіздігі;  
- қажудың жоғары болуы және белсенді зейіннің әлсіздігі. 
Балалар ойында жалықпайды, бірақ зияткерлік әрекетте тез шаршайды. 
Зейіннің  алаңдауы,  шаршағыштық,  ерік  күшінің  әлсіздігінің  жоғарылығы 
байқалады. Эмоционалды-еріктік жетілмеушілік сонымен қатар, дербессіздік, 
сенгіштік,  ойынға  қызығушылығынан,  негізгі  уәждеме  ретінде  ойынға 
қанағаттануынан көрінеді. Қимыл-қозғалыс өрісінің жетілмеуі де орын алады. 
Ол  қарқынды  қимыл,  қозғалыс  үйлесімінің  жеткіліксіздігі,  артық 
қозғалыстардың  болуы,  қол  саусақтарының  нәзік  қозғалыстарының 
жеткіліксіздігі түрінде пайда болады. Дамуды болжау арнайы педагогикалық 
шаралардың басталу уақытына байланысты. Баланы мектепке беруді 1 жылға 
шегере  тұруға  және  оған  дамытушылық  сабақтарын  арнауға  болады.  Оның 
дербестігін, өзін-өзі реттеуін, ойын әрекетін, жауапкершілікті дамыту қажет.  
Самотогенді шығу тегіндегі психикалық дамуының тежелуі ұзақ уақыт 
самотикалық  жеткіліксіздіктен:  созылмалы  инфекциялар;  аллергиялық 
жағдайлар;  туа  біткен  және  кейін  пайда  болған  ішкі  органдардың  (жүрек, 
өкпе,  бүйрек,  бауыр  және  т.б.)  дамуының  кемістігі;  ауыр  самотикалық 
аурулар; өмірінің алғашқы жылдарындағы бас миының жарақатын көрсетеді. 
Ұзақ  уақыт  бойы  ауыр  өтетін  созылмалы  аурулар  балалардың  психикалық 
тонусын  тез  төмендетеді.  Күші  әлсіреген,  енжар  балалар  мектептік  сабақ 
процесінде тіпті өнімсіз болады. Мектепте осы санаттағы балалар ең алдымен 
жаңа жағдайға бейімделуде қиындықты сезінеді. Олар мектептік ұжымға ұзақ 
уақыт  үйрене  алмайды,  жиі  жылайды,  үйін  сағынады.  Селқостығымен, 


36 
жігерсіздігімен  ерекшеленеді.  Өздерін  қорғай  алмайды.  Үлкендерге  ізетті. 
Жағдайлармен  бірдей  санасады.  Басқарушылығы  ықпалсыз,  ұйымдаспаған, 
мақсатқа бағытталмаған, дәрменсіз болады.  
Балалар  оқыту  барысында  қиындықты  сезінеді.  Шаршаған  жағдайда 
баланың  жауабы  ойланбай  берілген,  кездейсоқ  болады,  жазбаша 
жұмыстардағы  қателері  көбейеді.  Балалардың  көңіл  күйлері  ерекше  көңіл 
бөлушілікке бейім болады. Балаларда өздерінде кездескен қиыншылықтарға, 
жетістікке қол жеткізе алмауына сыни қарауы байқалады, олар өздерін терең 
зақымдайтын  мектептегі  сәйтсіздіктерді  сезінеді  және  уайымдайды.  Балада 
невротикалық  реакциялар  оңай  пайда  болады.  Атап  айтсақ,  кіші  мектеп 
жасында – тартылулар, тұтығу, энурез. Жоғары мектеп жасында – қарсылық 
реакциясы  формасындағы  ауытқымалы  мінез-құлық  түрінде  (қызметтен, 
мектепке барудан бас тарту).  
Психикалық  дамуында  соматогенді  кідірісі  бар  оқушылардың  аталған 
ерекшеліктері  оларды  оқытуда  айтарлықтай  тосқауыл  болып  табылады. 
Ауыруы  бойынша  жиі  сабақтан  қалатын  балаларды  шаршағыштығының 
артуына  байланысты  оқу  процесінен  босату,  оларды  үлгермейтін  оқушылар 
қатарына  қосуға  әкеледі.  Тегі  самотогенді  психикалық  дамуы  тежелген 
балалар  аяушылық  педагогикалық  тәртіптегі  жүйелі,  емдік-педагогикалық 
көмекке,  мөлшерленген  оқу  жүктемесіне,  шаршағыштықтың  алдын  алуға, 
педагогтың  көмегін  ұйымдастыратын  оқу  материалының  өтілу  қарқынын 
төмендетуге  мұқтаж  болады.  Дамуды  болжау  самотикалық  аурудың 
ауырлығына,  күн  тәртібіне,  отбасындағы  эмоциялық  жайлылыққа,  бала 
денсаулығын сақтау туралы ата-аналардың қамқорлығына байланысты.  
Психогенді  шығу  тегіндегі  психикалық  дамуының  тежелуі  бала 
тұлғасының  дұрыс  қалыптасуына  кедергі  келтіретін  тәрбиенің  қолайсыз 
жағдайларынан туындайды. Ерте пайда болған, ұзақ әсер ететін және баланың 
психикасын жаралауға әсері тигізетін ортадағы қолайсыз жағдай, ең алдымен 
эмоционалды  дамуындағы  психикалық  бұзылыстарға  әкеледі.  Мұнда 
тұлғаның  патологиялық  дамуы  туралы  сөз  болып  отыр.
 
Психикалық 
тұрақсыздық түрі бойынша тұлғаны дамытудың нұсқасы күшті қамқорлыққа 
себепші  болады.  Осындай  балаларға:  аффективті  елгезектік,  ырықсыздық, 
жоғары  иланушылық,  мектеп  бағдарламасын  меңгеруге  қажетті  білімнің 
жеткіліксіз  деңгейі  тән.  «Отбасы  пірі»  түрі  бойынша  дамыту  нұсқасы  гипер 
қамқорлыққа  себепші  болады.  Осындай  балаларға:  ерік  күшіне  аз 
қабілеттілік,  өзімшілдік  және  дарашылдық,  еңбекке  теріс  қарым-қатынас, 
үнемі  көмек  пен  қамқорлық  жасау  тән.  Оқытудағы  қиыншылықтар 
еңбексүйгіштіктің  болмауына,  еркелікке,  жоғары  өзіндік  бағалауға 
байланысты.  Невротикалық  түрі  бойынша  дамыту  нұсқасы  дөрекілікке, 
қаталдыққа,  өктемдікке,  балаға,  отбасының  басқа  да  мүшелеріне  қатысты 
агрессияға  себепші  болады
.
  Осындай  балаларға:  қорғаныштық-енжар  мінез-
құлық  қасиеті  (қорқақтық,  ынжықтық,  жылауықтық,  тұйықтық)  немесе, 
қорғаныштық-агресивті  қасиет  (қатыгездік,  қыңырлық,  мойындамаушылық, 
дөрекілік)  тән.  Психогенді  шығу  тегіндегі  психикалық  дамуының  тежелуін 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау