Сөйлеу үдерісінде монологтік тілдесімге үйрету сабағы



жүктеу 16,34 Kb.
Дата09.04.2023
өлшемі16,34 Kb.
#42081
түріСабақ
Монолог


2.4 Сөйлеу үдерісінде монологтік тілдесімге үйрету сабағы
Оқытудың функционалды-коммуникативті түрі тұлғалық-бағытталған монологті ұсынады. ӨКөптеген жылдар бойы монологтік тілдесім деп «ешқайда» бағытталмаған, «ешкімге» арналмаған мәтінді санады. Талқыланып отырған сабақтың түрін өзіндік мінездемесі бар түрлерге бөлеміз:
а) Микромонолог құрастыруды үйрету сабағы. Негізгі мақсаты – толық мәнді монологті үздіксіз, дәйекті түрде, қисынды тудыруды үйрету. Берілген сабақтың бұл түрінің қосымша мақсаттары - пікірталас кезінде өз пікірін дәлелдеу икемін және тілдік этикет икемін дамыту. Бұл кезеңде өндірілетін икемдер:
1) аяқталған бір ойды, бір шешімді бір айтылым (сөйлем көлемі) деңгейінде жеткізу;
2) сөйлемдердіқысқашамәтінкөлеміндеқисындыбайланыстыру;
3) бірнеше сөйлеу интенцияларын (ниеттерді) байланыстыру, оларды 2-3 не одан да көп сөйлемдермен жүзеге асыру.
Оның үстіне әр сөйлеу ниеті бойынша бұл үш кезеңді ұдайы қайталауды қамтып отыруы қажет. Ұнамды нәтижеге жету үшін жаттығуларды келесідей қатынаста орындайды: шартты тілдік жаттығулар – 40 %, тілдік – 40 %, коммуникативті -20%. Білім стандартының мазмұнына сай сабақтың бұл түрі берілген жағдаятқа сәйкес 2-3 не одан да көп сөйлемдер тудыру дағдысын қалыптастырады. Айтылып отырған сабақтың бұл түрі монологті үйрету кезеңінде сабақтың бір ғана бөлігі болуы мүмкін, сондықтан бұл сөздік икемдерді бақылау қажет.
б) Продуктивтік монолог тіліне үйрету сабағы.
Бұл сабақтың негізгі мақсаты – мәтін деңгейінде жазбаша не ауызша түрде монологтік сөйлеу икемін дамыту. Қосымша мақсаттары болып графикалық және пунктуациялық (сызбалық және тыныс белгілік) сауаттылық, айту, оқу, түсіну, жазу дағдыларын жетілдіру есептеледі. Сабақ /не сабақтың кезеңі монологті қалыптастыру ия жетілдіру бойынша келесідей кезеңдерді ұйғарады:
а) мәтіндіқабылдаукезеңі(түсіну); б) мәтінніңқұрамынанықтау;
в) мәтіндіқабылдау;
г) ойдымонологтүріндежеткізу.
Әртүрлі жаттығулардың қатынасы келесідей орындалады: 10%- тілдік жаттығулар, шартты – тілдік жаттығулар – 10 %, сөйлесімдік – 40 %, коммуникативтік – 40 %.
Білім стандартының мазмұны бойынша төмендегідей айтылым дағдылары қалыптастырылады:
􏰀 оқыған не естіген мәтінді қабылдау;
􏰀 берілген тілдік тақырып бойынша мәлімет жасау;
􏰀 теледидар, радиодан естіген мәлімет мазмұнын жеткізу;
􏰀 көрген фильм мазмұнын жеткізу;
􏰀 монолог - пайымдау, монолог – сипаттау түрінде өз ойын қалау; 􏰀 тақырып бойынша өз ойын жазбаша рәсімдеу.
Сабақтың бұл түрі қызметтік маңызы бар әр түрлі жағдайды, әр түрлі қабылдаушыны, әр түрлі айтушының әр түрлі ұстанымын, әр түрлі талқылау тақырыбын ескере отырып, әлеуметтік-бағдарлы мәтінді құрастыруға үйретеді. Сабақтың «жарықшақты» нұсқалары беріліп, жұмыс сипаты мінезделіп, әр түрлі сабақта оқу нәтижесін бақылау бойынша әр деңгейлі тапсырмалар анықталған.
Демек, ФКОТ (функционалдық-коммуникативтік оқыту технологиясы) жағдайында жүйелілік ұстанымы білімді меңгеру және сөйлеу/сөйлесу дағдыларын қалыптастыруды білдіреді:
а) тілдікдағдыменикем;
б) орфографиялықжәнепунктуациялықсауаттылық;
в) сөйлеудағдылары–тыңдалым,айтылым,оқылым,жазылым;
г) стилистикалықдағдыменикем;
д) сөйлесімніңәлеуеттітақырыбыныңжүйелікөрінісі.
Сыныптар бойынша бөлінген және тақырыптық сөздік негізінде терілген
сөйлесімнің әлеуеттік тақырыптары шынайы жағдайды бейнелейтін белгілі когнитивті жүйені білдіреді.
ФКОТ тәртібінде функционалдық ұстанымды жүзеге асыруды көрсетейік. Әр деңгейлі құралдардың өзінен жоғары бірліктерді жасау қызметін ашу- бастапқы функционалдық саты болып саналады. Айтылымның лексикалық дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру сабақтарында тақырыптық өріс аясында кілт сөздер қызметі, олардың үйлесімдік мүмкіндіктері, фразеологизмдердің қолданылуы және нақты ой жеткізу ниетін жүзеге асыруда басқа да бірліктер қамтылып игертіледі. Тілдің грамматикалық дұрыстығын қалыптастыруда ерекше назар аударылады, грамматикалық формаларды игеруге бейімделген белгілі бір синтаксемалар мағынасына бөлінеді, оларға синонимдік қатар құрылады, белгілі жағдайда сөйлем маңыздылығы талданады.
Жеке тілдік құралдарды оқыту бойынша дәстүрлі тапсырмалармен бірге әр түрлі синтаксемалармен топталып оқушылардың мағына жүйесіне бағытталған тапсырмаларды күшейту маңызды. Бұл жағдайда келесідей тапсырмалар түрлерін ұсынуға болады:
1. Кестеде берілген сөздерді меңгеру. Бос бағандарды керекті сөздермен мәтіннен (мәтіндерден) теріп толықтыру.
2. Шақтық мағынаны білдіретін зат есімдерді қолдана отырып, бір ойды бейнелеу (таң, кеш, түс және т.т.с.).
3. Берілген сөйлемдерде бір заттың екінші бір затқа әсер етуі мәлімденеді. Осы ойды басқаша қалай жеткізуге болады?
Жел терезені ашты - Желмен терезе ашылды.
Жаңалық барлығымызды аңыртты- Барлығы жаңалыққа аңырды Тапқырлығымен ол баршаны таңдандырды. - Оның тапқырлығы баршаны
таңдандырды.
Оны өз еліне деген мақтаныш баурады. - Ол өз еліне деген мақтанышқа
бауралды.
Сөйлемдерге синонимдер тере отырып, оқушылар мәтінді құру кезінде синонимдік қатардан нақ жағдайға керектісін таңдап алады. Мұндай жұмысты монологтік тілдесімді дамыту сабақтарында мәтін құрастыруға үйрету алдындағы дайындық деп санауға болады.
Сабақта монологтік тілдесімді дамытуда функционалдық ұстаным автордың негізгі ойы мен қолдану жағдайына байланысты мәтіннің құралдарын қалыптастыруды талқылаумен жүзеге асырылады. Осыған орай оқушылар «мәтін – бұл жай ғана сөйлемдер жүйесі емес» деген мәліметті ұғынуы қажет. Автордың ниеті болып грамматикалық формаларды қалыптастыру не белгілі бір сөйлем түрлерінің лексикалық құралын қалыптастыру болып саналады. Одан басқа, бір түбірлі сөздер, шылаулар, шылау сөздер, есімдікпен және синониммен, антониммен ауыстыру, түр – мезгіл, бір тақырып өрісіндегі сөздер т.б. сияқты мәтіндегі байланыс құралына оқушылардың көңіл бөлу керек.
Әртүрлі мәтіндердегі тілдік құралдарды қалыптастыруды талдау негізінде оқушылар осы бірліктердің таңбалануын анықтайды, өз мәтінін шығару кезінде оларды саналы тереді.
Стилистикалық дағдылар мен икемдерді қалыптастыру сабағы оқу үдерісінің шектелуіне байланысты 5-9-сыныптарда жеке түрде өте сирек кездеседі. Негізінде, стилистикалық жұмыс әрқашан оқушылардың сөздік қорын молайту, тілдің грамматикалық дұрыстығын қалыптастыру, диалогтік сөйлесу дағдысы мен тұлғалық-бағдарлы монологты дамытумен ілесе жүреді. Тілдік құралдарды стилистикалық қолдануға үйрету - оларды қалыптастыруды үйрету үдерісімен парапар.
жүктеу 16,34 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау