29
басымдылығының орнын толтыру мақсатында жекелеген және топтық). Әр
оқушыға арналған түзету жұмыстарының жоспарын ЕДШ әдіскері мен
дәрігер бірлесе отырып оқу жылына құрастырады. ЕДШ нұсқаушысы әр
оқушыға арналған есеп карточкасын жүргізеді, оның ішіне баланың қимыл-
қозғалысы туралы мәліметтер, жұмыстың жалпы жоспары, кезеңді жаттығу
кешендері, әр сабақтың өткізілуі және оның нәтижелері жазылады. Әр
тоқсанның аяғында түзету жұмысының қорытындысы шығарылады және қол
жеткен нәтижелерді ескере отырып жоспарға толықтырулар енгізіледі.
Сабақтар ЕДШ бөлмесінде немесе арнайы жабдықталған гимнастика залында
өткізіледі. Алынған нәтижелер дене шынықтыру, технология және сабақтан
тыс жалпы дене шынықтыру шараларында бекітіледі;
2) сөйлеу кемістігі бар балалар үшін ұйымдастырылатын логопедиялық
сабақтар, ең күрделі бұзылулар барысында компьютерлік бағдарламаларды
қолдану арқылы жүргізіледі. Логопед баланың мектепте оқыған барлық
кезеңінде оның тілінің дамуын бақылап отырады. Ол оқушының
мұғалімдерімен
және
ата-аналарымен
тығыз
байланыста
болады.
Логопедиялық сабақтарды өткізу уақытына арналып логопед және
психоневролог дәрігердің бірлесіп әзірлеген ортопедиялық тәртіпті қатаң
сақтау, логопедтік жұмыстың ерекшелігі болып табылады. Логопед баланың
партада дұрыс отыруына, оның аяқ-қолдары жағдайының дұрыс болуна үнемі
назар аударуы тиіс. Қажет емес потологиялық қимыл-қозғалыс
реакцияларының пайда болуы барысында логопед селқос-белсенді араласу
арқылы оларды жеңіп шығуға жағдай жасайды. Түзету логопедиялық
сабақтарын өткізу барысында барлық талдама жүйесіне (есту, көру,
кинестетикалық) кең тірек қажет. Логопедиялық сабақтарды және ЕДШ
сабақтарын күннін бірінші де, екінші жартысында да өткізуге болады;
3) сабақтарда оқу бағдарламасын меңгеруде ауырлық көретін
оқушылардың психикалық функцияларының бұзылуын түзетуге арналған
жеке және топтық сабақтар. Бұл сабақтар жалпы дамытушылық, сонымен
бірге пәнге бағытталған сипатқа ие. Сабақтардың мақсаты – оқушылардың
жалпы даму деңгейін көтеру; бұрынғы дамыту мен оқытудағы кемшіліктердің
орнын толтыру; жеткіліксіз меңгерілген оқу біліктері мен дағдыларын
қалыптастыру бойынша жеке жұмыстар жүргізу; танымдық қабілетінің
дамуындағы ауытқуларды түзету; жаңа оқу материалын қабылдауға арналған
мақсатты-бағытталған дайындық.
Оқушының осы немесе басқа топта болуының ұзақтығы айрықша
қиыншылықты түзету және тапсырманы сыныппен бірге орындауға дайын
болу деңгейімен анықталады. Сондықтан да топтардың құрамы жылжымалы
болуы тиіс: бір балаларды сыныппен жұмыс істеу үшін шығару, ал
басқаларын жұмыстарды түзетуге арналған топтардың құрамына қосу қажет.
Осылайша, оқу жылы барысында бір оқушы түрлі топтардың құрамына кіре
алады.
30
Өмірлік іс-әрекеттің арнайы ортасы
Мектепке кіру баспалдақтан басталады, бұл тірек-қозалысаппараты
бұзылған, бір жерден келесі жерге бару үшін арнайы арба, балдақ, таяқ және
басқа да құралдарды қолданатын балалар үшін қатаң немесе алынбайтын
кедергі болып табылады. Пандус неғұрлым жазық және жайпақ болуы тиіс,
яғни оқушы арбамен өз бетінше көтеріле және түсе алуы тиіс. Пандустың ені
– 90 см. кем емес, пандустың ең қажетті ерекшелігі оның екі жағынан
орнатылатын қоршағыш бүйірі және тұтқалары болып табылады.
Есіктер пандусқа қарама-қарсы жаққа қарай ашылуы немесе кіре беріс
қоңыраумен жабдықталуы тиіс. Есік ойығының ені 80 – 85 см. кем болмауы
тиіс. Арбамен келген оқушы жоғары қабаттарға көтеріле алуы үшін, лифт
қарастырылуы немесе баспалдақтарда арнайы көтергіш құрылғылар
орнатылуы қажет.
Киім шешетін бөлмеде өтетін орындардан шеткері жерде арнайы орын
бөліп, оны тұтқалармен, орындықтармен, сөмкелерді және киімдерді ілуге
немесе қоюға арналған сөрелермен және ілгіштермен жабдықтау немесе
арнайы бөлме бөлу қажет.
Мүгедектер, сонымен бірге арбалы-мүгедектер үшін арнайы дәретхана
кабинкасын қарастырған жөн, есіктің ені 900 мм. кем болмауы тиіс, кабинада
унитаздың бір жағында арбаны орналастыруға және арбадан унитазға ауысып
отыруға болатын бос аудан қарастырылуы тиіс. Кабина тұтқалармен,
штангалармен және т.б. арнайы құралдармен жабдықталуы тиіс.
Сынып бөлмесіне кіретін есік табалдырықсыз болуы тиіс. Арбадағы
бала үшін оқушы орнының ең кем мөлшері (мүгедек арбасының бұрылу
есебімен) – 1500 – 1500 мм. Мүгедек арбасын, балдағын, таяғын және т.б.
сақтау үшін (егер оқушы арбадан орындыққа ауысып отыратын болса)
партаның жанында қосымша кеңістіктің болуын қарастыру қажет. Тақтаның
алдында оқушы арбамен немесе балдақпен еркін қозғала алуы үшін, тақтаның
жанындағы өту орны бос болғаны дұрыс. Сынып тақтасы төменірек ілінуі
тиіс.
2.4
Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытуды
ұйымдастыру
Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктері
«Сөйлеу тілінің күрделі бұзылысы» (СТКБ) ұғымы сөйлеу функциясы
бұзылуының әртүрлі түрлерін біріктіреді. Қарастырылып отырған санатқа
жататын балалардың басым бөлігін сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар
балалар құрайды. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы (СТЖД) балаларда сөйлеу
жүйесінің
барлық:
фонетикалық,
фонематикалық
және
лексика-
грамматикалық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуымен сипатталады.
СТЖД балаларда сөйлеу тілі дамуының потологиясы байқалады.
Мектепке дейінгі жаста сөйлеу тілі дамуының кеш басталауы, сөйлеу тілі
Достарыңызбен бөлісу: |