37
түзету жұмыстарының бағыты – бұл отбасының психологиялық ахуалын
сауықтыру, ата-аналармен түзету тапсырмаларын қабылдау, оқуға жалпы
қабілетін дамыту үшін тиімді жағдай жасау және тұлғаның жағымсыз
ерекшеліктерін түзету, эмоционалды тұрақтылығын қалыптастыру, өз
құрдастарымен қарым-қатынаста, ойында өз әрекетін тежеу қабілеті болып
табылады.
Церебралды-органикалық шығу тегіндегі психикалық дамуының
тежелуі эмоционалды-еріктік орта сияқты танымдық қызметте де үлкен
шыдамдылықты және бұзылысты көрсетеді.
Эмоционалды-ерік-жігері жетілмегендік органикалық инфантилизмді
білдіреді. Эмоция ширақтық пен ашықтықтың болмауымен, белгілі бір
әлжуаздықпен сипатталады. Балалар сыни қарамайды, өте сенгіш,талаптану
деңгейі төмен, бағаға қызығушылығы нашар болады. Танымдық әрекетінің
бұзылысына психикалық процестердің енжарлығы себепші болады.
Балаларда зейіннің тұрақсыздығы, фонематикалық есту қабілеті дамуының,
көру және тактилді қабылдаудың, көру-қозғау үйлесімінің, қысқа уақыттағы
және узақ уақыттағы есте сақтауының жеткіліксіздігі байқалады. Арнайы
педагогикалық қолдаудың мазмұны: іс әрекетті эмоционалды ынталандыру
(ойын арқылы); зейін, бақылау, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру; тілдік
бақылауды күшейту (дауыстап айту); кез келген әрекет үшін сыртқы
сүйенішті, мерзімі ұзартылған жауапты қолдану; тапсырма көлемін азайту,
тапсырманы көрсету мен оны тәжірибеде іске асыру қарқынын бәсеңдету; күн
тәртібінің дұрыс ұйымдастырылуы; психикалық тонусын ынталандыруға,
мидың қоректенуін жақсартуға және т.б. бағытталған емдеу болып табылады.
Психикалық дамуы тежелген жетіжасар балалардың жалпы сипатты белгілері
мынадай параметрлер:
- танымдық уәждеме және мектептік оқытуға қызығушылығы;
- іс-әрекеті мен тәртібінің жөнсіздігі;
- тілінің және ақыл-есі дамуының деңгейі;
- интегративті қызмет жағдайы (көру-қозғау үйлесімі, есту-көру
үйлесімі, кеңістіктік түсінігі және т.б.);
- қоршаған орта туралы түсінігінің даму деңгейі бойынша мектептік
оқытуға дайындығының жеткіліксіздігі болып табылады.
Осындай балаларда бастапқы ойындық уәждеме біршама ұзақ (жиі
бастауыш мектепте оқыған барлық жылдар бойы) қалады, оқуға
қызығушылығы қиындықпен және аз деңгейде қалыптасады. Нашар дамағын
ерікті өріс (жинақтала білу, көңіл аудару, ынталылық, тапсырманың мақсатын
есінде сақтай білу, үлгі бойынша жұмыс істеу) кіші жастағы мектеп
оқушыларына қиын оқу әрекетін толығымен іске асыруға мүмкіндік
бермейді: ол тез шаршайды, әлсірейді. Жас ерекшелігіне байланысты
оқушылардың өз бетімен салыстыру, жалпылау, абстракциялау, жүйелей
білуге, мектеп бағдарламасының мазмұндық минимумын меңгеруге арнайы
педагогикалық көмексіз шамасы келмейді, ол үнемі үлгермеушілер қатарына
қосылады. Оқушының оқуындағы қиындықтар, әдетте, мінез-құлқындағы
38
ауытқушылыққа байланысты. Нерв жүйесінің функционалды жетілмеуіне
байланысты тежелу және қозу процестері аз үйлеседі. Бала өте еліккіш,
қызба, агрессивті, ашуланшақ, үнемі балалармен жанжалдасатын, немесе
керісінше еріксіз, тежелген, қорқақ, нәтижесінде балалар тарапынан күлкіге
қалатын болады. Үнемі болатын икемсіздік ретінде сипатталатын ортамен
осындай өзара қарым-қатынастан оқушы психологиялық-педагогикалық
көмексіз өз бетімен шыға алмайды.
Псхикалық дамуы тежелген балаларды оқытудың арнайы жағдайы
Псхикалық дамуы тежелген балаларды оқытудың негізгі міндеті оларды
негізгі орта білім алуға қабілетті арнайы жағдаймен қамтамасыз ету болып
табылады.
Псхикалық дамуының тежелу деңгейіне және жеке ерекшеліктеріне
байланысты осы балаларды мектепте оқыту түрліше ұйымдастырылуы
мүмкін. Конституционалды, психогенді, соматогенді шығу тегіндегі
псхикалық дамуы тежелген балалар оларға осы санаттағы балаларды
оқытудың әдісімен және психикалық даму ерекшеліктерімен таныс бастауыш
сынып мұғалімдерінің жеке тәсілдері және мамандардың (логопед, психолог,
арнайы педагог, дәрігер) психологиялық-педагогикалық қолдауы жағдайында
жалпы білім беретін мектептің жай сыныптарында оқуы мүмкін болады.
Псхикалық даму тежелісі көрсетілген (церебралды-органикалық шығу
тегіндегі) балалар (арнайы сыныпта) саралап оқыту жағдайына мұқтаж
болады. Мінез-құлқында күрделі бұзылысы және психопатиялық реакциясы
бар балалар үшін үйде оқыту ұйымдастырылуы мүмкін.
Арнайы сынып жағдайындағы псхикалық дамуы тежелген балаларға
мектептік білім беру ұзақтығы:
-бастауыш білім беру деңгейі– 0 (дайындық), 1-4- сыныптар;
-негізгі орта білім беру деңгейі– 5-10-сыныптар.
Псхикалық дамуы тежелген білім алушылар үшін арнайы сыныптың
оқу күн тәртібі балалардың шаршағыштығының жоғарылығы ескеріле
отырып: бірінші аусымда оқыту ұзартылған күн режімінде жасалады.
Оқыту мерзімінің артуы балалардың психикалық даму қарқынының
бәсеңдігіне, оқу әрекетін қалыптастырудағы және оқу бағдарламасы
мазмұнын меңгерудегі қиыншылықтарға, түзету-дамытушылық іс шаралар
жүргізудің қажеттілігіне байланысты.
Оқытудың бастауыш деңгейінде – 0, 1-сыныптар және ерекшелік
ретінде 2-сыныптарда арнайы сыныптар ашудың мәні бар. Оқушыларды
оқытуда қиыншылықтардың пайда болу себептерін дер кезінде анықтау және
оларды оқыту мен тәрбиелеудің барабар жағдайымен қамтамасыз ету
маңызды. Мектептік оқытудың кері тәжірибесі, псхикалық дамуы тежелген
оқушылардың мектептік сәтсіз жағдайларда ұзақ уақыт болуы оны мектепке
бейімсізденуге алып келеді, тіпті эмоционалды ортаның қалыптасуына кері
әсерін тигізеді, тұрақты үлгермеушілік пен мінез-құлқының бұзылуын
өршітеді. Оқу әрекетін қалыптандыруда және оқытудағы қиыншылықтарды
Достарыңызбен бөлісу: |