39
жеңуде оқушыларды ПМПК қорытындысы бойынша оқытудың кез келген
кезеңінде жаппай түрдегі жалпы білім беретін сыныптарға кіріктіру
қарастырылады. Сонымен қатар, психикалық даму тежеліс түрі көрсетілген
жағдайда негізгі орта білім беру деңгейінде арнайы сынып жағдайында білім
беруді жалғастыру мүмкіндігі бар. Неігізгі мектептердің арнайы сынып
түлектері ТжКБ мекемелерінде оқуын жалғастыра алады.
Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Псхикалық дамуы тежелген оқушыларды дамыту ерекшеліктері,
олардың мектептік оқуға дайындығының төмендігі оқу жоспарларын,
бағдарламаларды түрлендіруді, оқу материалын қайта бөлуді және оны өту
қарқынын өзгертуді қажет етеді. Псхикалық дамуы тежелген оқушыларды
оқыту арнайы Үлгілік оқу жоспарларына, бастауыш білім беру деңгейіне
арналған арнайы бағдарламаларға, түзету пәндері бағдарламаларына сәйкес,
арнайы сынып жағдайында іске асады. Негізгі мектепте оқыту мерзімінің 1
жылға артуына байланысты жалпы білім беретін бағдарламалар мазмұны
оқушылардың ерекшелігі ескеріле отырып, қайта бөлінеді және бейімделеді.
Оқу процесінде жалпы білім беру оқулықтары, сонымен қатар, арнайы
әзірленген дидактикалық материалдар (жұмыс дәптерлері), АКТ және
оқушылардың
танымдық
мүмкіндігі
ескерілген
т.б.
материалдар
қолданылады.
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру
Қарастырылып отырған санаттағы балалармен арнайы педагогикалық
жұмыстың міндеттері оқуға жалпы қабілеттерін дамыту және дамуындағы
жеке кемшіліктерді жеңу болып табылады. Балалар мультидпәндік мамандар
командасының: логопед, психолог, арнайы педагог көмегін қажет етеді.
Оқытудың түзетушілік бағыттылығы сонымен қатар, сабақта оқу
жоспарының барлық пәндері бойынша жаппай оқыту процесінде іске асады.
Оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау процесінде мұғалім бала
туралы (мультидисциплинарлық мамандар командасы мүшелерінен) алынған
барлық мәліметтерді жалпылаушы және түсініктеме беруші, олармен тікелей
жұмысты ұйымдастыратын интегратор рөлінде болады. Оқушыларды оқыту
стратегиялары мен әдістерін таңдау оқушылардың танымдық қызметі мен
жұмысқабілеттілігі ерекшеліктерімен анықталады.
Оқытудың бастапқы кезеңінде (1,2-сыныптарда) «кіші қадам» әдісі
маңызды орын алады. ол балалардың зияткерлік жұмыс қабілетінің
төмендігін ескере отырып, жаңа материалды оқытылатын түсінік мәнін
оқушылардың түсіну мүмкіндігіне сәйкес кішігірім мөлшермен беруді талап
етеді. Сонымен қатар, оқу материалын кең көлемде ашу (оқушыларда
ойлаудың
қорытушы
функциясының
жақсы
дамуына
сүйенетін
«дидактикалық бірлікті ірілеу» әдісіне қарама-қарсы) да маңызды.
Бастапқы кезеңде түсінікті қалыптастыруда көрнекіліктер мен пәндік-
тәжірибелік қызметті қолдану, сонымен қатар, оқыту процесінде білімді