Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет6/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113

19
ҚР білім беру жүйесін реформалау аясында жаңартылған 
нормативтік-құқықтық база құрылған, оның негізі төмендегі 
құжаттарды қамтиды:
-  ҚР «Білім туралы» заңы, 2007 жылдың шілдесінде қамтылған;
-  2008-2012 жылдарға арналған техникалық жəне кəсіби білім 
беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;
- 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың 
мемлекеттік бағдарламасы.
Бұған қоса, қашықтықтан оқытудың нормативтік-құқықтық 
базасы дайындалған. Дербес алғанда, «Қашықтықтан оқытудың 
техникалық жəне программалық құралдары» СТРК 34.016-2004 
ҚР Мемлекеттік стандарты, ҚР Мемлекеттік білім беру стандарты 
«Ақпараттық технология. Электрондық басылым» СТРК 34.017-
2005, ГОСО ҚР 5.03.004-2006 «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру. 
Негізгі ұсыныстар» Мемлекеттік 19 ЖОО эксперимент түрінде 
қашықтықтан оқытуға дайындауға рұқсат етілген.
2020 жылға дейінгі Мемлекеттік білім беру бағдарламасында 
білім беруді ақпараттандыру мəселелері, соның ішінде қашықтықтық 
білім беру технологияларын енгізу алдыңғы қатарлы технологиялар 
ретінде қарастырылған.
IT-технологиялармен қашықтықтан оқытуға негізделген қазіргі 
білім беру жеке мемлекеттің аумағынан тыс аймақты да қамтуға 
болатындай, ашық, «қабырғасыз жəне шектеусіз» білім ретінде си-
патталады. Бұл кез келген адамға орналасқан жеріне жəне мекен-
жайына қарамастан, əлем бойынша жоғары сапалы білімді алуға 
мүмкіндік беретін үлкен жетістік. Екіншіден, бұл кез келген ел үшін 
өзін халықаралық ортада көрсетуге, өзінің мəдени жəне саяси əсерін 
таратуға, өзінің бəсекеге қабілеттілігін арттыруға үлкен мүмкіндік.
Қазақстан үшін жоғары сапалы қашықтықтан білім беру жəне 
ашық білім беру технологияларын енгізу маңызды əлеуметтік 
мəселені шешу де болып табылады. Біздің республикамыз 
тұрғындардың аздығына қарамастан үлкен территорияны қамтиды. 
Тұрғындардың көпшілігі ауылда жəне қалада, облыс жəне аудан-
нан қашық тұрған жерлерінде өмір сүреді. Кейбір мекенжайларда 
шағын комплектілі мектептер бар. Тек қана бастауыш сыныптары 
ғана бар мектептер де жоқ емес. Шалғай жерлерде шағын шаруа 
қожалықтары мен мал шаруашылығы фермаларының бас көтеруіне 
байланысты жанұялық топтар пайда болып, шаруа қожалықтары 
алыс жерлерде орналасқандықтан, кейбір балалар мектепке бара ал-


20
мауда. Мұндай жағдайда халыққа міндетті жалпы орта білім беру-
мен қамтамасыз ету күрделі мəселеге айналады. Бұған мүгедек жəне 
мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоса келтіруге болады.
Осыған ұқсас мəселелер кəсіби білім беру саласында да 
байқалады. Техникалық кəсіби білім беруді (колледждер мен ЖОО) 
ұйымдастыру жоғары біліктілікті оқытушылар бар үлкен қалаларда 
шоғырланған. Қала маңындағы аймақтарда халықтың толық кəсіби 
білім алу мүмкіндігі туралы түсінігі қанағаттандырылмайтын 
барлық категориядағы мамандардың тапшылығы байқалуда. 
Бұл тұрғылықты жері мен денсаулығы белгісі бойынша 
ерекшелігі бар арнайы категориядағы азаматтардың конституциялық 
құқығын бұзу элементі байқалатын маңызды əлеуметтік мəселе. 
Мұны түсіне келе, мемлекет аталған мəселені шешу үшін барлық ша-
раларды қолдануда. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы бағыт ретінде 
қашықтықтан білім беру технологияларын ендіру қарастырылуда.
Бұл жағдайда алдыңғы қатарда жоғарғы білім беру 
бағдарламаларын жүзеге асырушы білім беруді ұйымдастыру 
мəселесі тұрғысынын практика көрсетуде. Қазіргі кезеңде көптеген 
ЖОО-да қашықтықтан оқыту элементтері қазіргі ақпараттық тех-
нологиялар мен телекомуникациялық жүйелер негізінде енгізілген. 
Электронды жəне білім беру ресурстары электронды оқытушы 
жүйелер, виртуалды зертханалар жəне тренажерлер, электронды 
оқулық жəне т.б. түрінде дайындалуда жəне енгізілуде.
Қазіргі таңда практикалық тұрғыдан қашықтықтан оқыту 
элементтерін енгізуге мүмкіндік беретін ЖОО-лардың жеке Ин-
тернет желісінде сайты бар. Тек қана кейбір ЖОО белсенділігі 
төмендігі ғана үлкен мəселе болып қалуда, сондай-ақ олар жеткілікті 
дамытылған ресурстық базаның болмауын ақпараттық техноло-
гиялар мен қашықтықтан оқыту саласындағы жоғары дəрежелі 
мамандардың тапшылығымен түсіндіреді.
Қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу бойынша алдыңғы 
қатарлы ЖОО ретінде, Қ. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ, Д. Серікбаев 
атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, 
Атырау мұнай жəне газ институтын, Қарағанды мемлекеттік 
техникалық университетін, Казпотребсоюз экономикалық универ-
ситетін, М. Əуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік 
университетін атауға болады. 
Жалпы орта білім беру жүйесінде арнайы жетістіктер де жоқ 
емес. Мектеп мазмұнының 60% пəндері қазіргі күні сандық форматқа 


21
ауыстырылған. Салыстыру үшін айтсақ, Эстониядағы көрсеткіш 
80%, Голландияда - 96%.
Онлайн режимінде оқыту жүйесін енгізу туралы Елбасының тап-
сырмасын орындау мақсатында, 2007 жылы мемлекетіміздің 1600 
мектебі интербелсенді кабинеттермен жабдықталды, 2008 жылы 
1000 мектеп қамтамасыз етілген болатын. Үш тілде интербелсенді 
сабақтар өткізу үшін қазақстандық ресурстарды дайындау туралы 
жұмыстар жүргізілуде. Білім беру үдерісінде интербелсенді техно-
логияларды қолдану бойынша педагогикалық кадрларды жоспарлы 
дайындау жүзеге асырылды.
2007 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының 
Президенті еліміздің 1000 жалпы білім беретін мектептерінің 
оқушылары үшін интербелсенді сабақ өткізді. Былтырғы оқу 
жылынан бастап республиканың ең үздік мұғалімдері осындай 
сабақтарды апта сайын өткізе бастады. Қазіргі таңда мемлекеттік 
органдар министірлік деңгейінде Елбасының жолдауына байланыс-
ты интербелсенді сабақтар жүргізуде. Жақын уақытта «Жылдың 
ең үздік оқытушысы» грантының иегерлерінің интербелсенді 
сабақтарын жүргізу жоспарлануда.
Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы аясында рес-
публикада қазақстандық білім беру порталы дайындалды. Оның 
негізгі мақсаты – барлық тұрғындардың ҚР Білім жəне ғылым 
министрлігімен қатынастық байланысын қамтамасыз ету, аймақтар 
арасындағы ақпаратпен алмасуды жүзеге асыру, ақпараттық өзара ал-
масу маңызды процедураларын автоматтандыру. Портал арқылы оқу 
теледидарындағы білім беру бағдарламаларын Интернет негізінде 
жеткізуді жүзеге асыруға болады.
Қазіргі таңда министрлікте техникалық жағынан дамыған ел-
дерде  қолданылып, жүзеге асырылған бастауыш мектепте арналған 
«1 оқулық:1 компьютер» электрондық оқыту білім беру моделін 
енгізу мəселесі қарастырылуда. Аталған модель оқушымен компью-
тер қарым-қатынасы «бірде бір» болатын оқытушы ортаны құруды 
ұсынады. Мұнда арнайы дайындалған ноутбук компьютерін қолдану 
қарастырылған.
Электронды жəне қашықтықтан оқыту саласында жинақталған 
тəжірибені ескере отырып, білім беуді ақпараттандыруға қатысты 
2020 жылға арналған білім беруді дамыту бағдарламасының 
негізгі бағыттары айқындалған. Аталған бағдарламада 2020 жылы 
қазақстандық білім беру жүйесі бірыңғай əлемдік ақпараттық-білім 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау