25
Бүгінде біз ауқымды телекомуникациялық компьютерлік желі-
лердің пайда болуы жəне олардың мультимедиа технологиялары
мен виртуалды шындықпен интегралдануына байланысты алтын-
шы ақпараттық революцияның куəсі болып отырмыз.
Алты революция қоғамды өзгертті. Ақпараттандыру үдерісте-
рінің бар екендігі туралы айтуға болатындай ақпарат пен ақпарат-
тық технологиялар көз алдымызда дамуда əрі – тарауда. Ақпа-
раттандыру қоғам өмірінің барлық салаларына революциялық əсер
жасай отырып, адамдардың өмір сүруі мен қызмет етуі жағдайларын,
олардың мəдениетін, жүріс-тұрыс стереотипін, ойлау жүйесін
түбегейлі өзгертуде.
Ақпараттық технологиялар саласындағы айқын прогресс
ғылыми жəне ғылыми-көпшілік басылымдарда «ақпараттық қоғам»
атауының пайда болуына əкелді. Кейбір ғалымдар ақпараттық қоғам
деп ондағы өндірістің басты өнімі мағлұматтар (білім) болып та-
былатын қоғамды түсінеді. Ақпараттық қоғам статусын қоғамға
беру өлшемі ретінде адамзат жинақтаған мағлұматтар саны сияқты
көрсеткішті пайдаланудың жөні бар, себебі кейбір бағалаулар
бойынша біздің эрамыздың басынан бері адамзат жинақтаған
мағлұматтардың бірінші екі еселенуі 1750 жылға, екіншісі ХХ
ғасырдың басына, үшіншісі 1950 жылға таман болған. 1950 жылдан
бастап əлемдегі білімнің жалпы көлемі əр 10 жылда, 1970 жылдан
бастап əр 5 жылда екі еселенсе, ал 1991 жылдан бастап əр жылда
екі еселенеді. Бұл бүгінгі күнде əлемдегі білім көлемінің 250 мың
реттен аса артқанын білдіреді.
Ақпараттық қоғамның қалыптасу тарихы ақпараттандыруға бай-
ланысты адам қызметінің жаңа түрлерінің туындауы мен дамуы та-
рихын қамтиды. Соңғы жылдары қоғамда компьютерлік техника мен
ақпаратты өңдеу үдерістері (операторлар, программистер, жүйелі
аналитиктер, жобалаушылар жəне т.т.) бойынша, сонымен қоса
консультациялық, ғылыми-ақпараттық, тағы соған ұқсас қызметтер
көрсетуге байланысты адамдардың арнайы кəсіби топтары пайда
болды. Əлбетте, жаңа ғылыми жəне кəсіби бағыттардың пайда бо-
луы кадрлар дайындаудың арнайы, қоғамды сəйкес ақпараттандыру
кезеңінің шынайлылығына оқытудың мазмұны ғана емес, сонымен
қатар əдістері мен құралдары да сай болуы тиіс жүйесін талап етеді.
Қоғамды жəне оның барлық салаларын, соның біріне жататын
білімді ақпараттандыру мəселелеріне мемлекет аса көңіл бөлуде.
Қоғамды ақпараттандыруды дамыту үдерісіне жүйелі мемлекеттік
26
тұрғыдан келудің қажеттігі өткен ғасырдың 90 жылдарының басын-
да көрініс ала бастаған болатын. Айталық, мысалы, 1990 жылы-ақ
«Қоғамды ақпараттандыру тұжырымдамасы» жасалып қабылданды,
ал «ақпараттандыру» ұғымы «компьютерлендіру» ұғымын біртіндеп
ығыстыра отырып ғылыми, сол сияқты қоғамдық-саяси терминоло-
гияда кеңінен пайдалана бастады.
«Ақпараттандыру» ұғымының біршама кеңірек анықтамасын ака-
демик А. П. Ершов өз жариялымдарында берді. Ол, «ақпараттандыру
– адамзат қызметінің барлық қоғамдық елеулі түрлеріндегі шынайы,
жеткілікті жəне уақтылы білімді толық пайдалануды қамтамасыз ету-
ге бағытталған шаралар кешені» деп жазды. Оның үстіне А. П. Ер-
шов ақпарат «қоғамның табысты даму қабілеттілігіне көп жағынан
алғы шарт жасайтын, тұтас алғанда, оның стратегиялық ресурсы»
болып табылатындығын атап өтті. Сол сияқты, ЮНЕСКО-ның
ұйғарымы бойынша да, ақпараттандыру – бұл мағлұматтардың
(білімнің) барын жүйеге келтіріп, жаңасын қалыптастыруды, со-
нымен қоса, оларды қоғамды ағымдық басқару жəне ары қарай
жетілдіру мен дамыту үшін пайдалануды қаматамасыз ететін
ақпаратты жинақтау, сақтау мен тарату əдістері мен жолдарын кең
көлемде қолдану.
Əрине, бір жағынан осы айтылған екі анықтама бір-біріне қара-
ма-қайшы емес, ал басқа жағынан адамзат қызметінің бір саласы
болып табылатын білім саласын ақпараттандыруды да анықтайды.
Сонымен, «білімді ақпараттандыру» ұғымын осы екі анықтаманы
ыңғайластыру арқылы енгізуге болады.
Білімді ақпараттандыру оқыту мен тəрбиелеудің психоло-
гиялық-педагогикалық мақсаттарына жету үшін білім саласын-
да мағлұматтардың (білімнің) барын жүйеге келтіріп, жаңасын
қалыптастыруды қамтамасыз ететін ақпаратты жинақтау, сақтау
жəне тарату технологиялары мен құралдарын қолдануға бағытталған
адамзат қызметінің ғылыми-практикалық саласын білдіреді.
Ақпаратық технологияларды қазіргі білім жүйесінің əр түрлі са-
ласына ендіру барынша ауқымды жəне кешенді сипат алуда.
Білімді ақпараттандырудың екі стратегиялық мақсатқа жетуді
қамтамасыз ететіндігін еске сақтау маңызды. Біріншісі, ақпараттық
жəне телекомуникациялық технологияларды пайдалану негізінде
білім қызметінің барлық түрлерінің тиімділігін арттырудан тұрса, ал
екіншісі, ақпараттық қоғам талаптарына сай, ойлауы жаңа түрдегі
мамандарды дайындаудың сапасын арттырудан тұрады.
27
Тарихи тұрғыдан білімді ақпараттандыру екі негізгі бағытта –
басқарылатын жəне басқарылмайтын бағытта жүзеге асырылады.
Басқарылатын білімді ақпараттандыру ұйымдастырылған
үдеріс сипатты болып, материалдық ресурстармен сүйемелденеді.
Оның негізін көпшілікпен мойындалып негізделген тұжырымдар
мен программалар құрайды.
Басқарылмайтын білімді ақпараттандыру білім жүйесінің
қызметкерлерінің бастамасымен төменнен жүзеге асырылып, білім
қызметінің жəне пəндік облыстардың ең көкейкесті салаларын
қамтиды.
Білімді ақпараттандыру, білімді ақпараттандыру құралдары
деп аталатын, арнайы жасалынған компьютерлік аппараттық жəне
программалық құралдарды қолданусыз іс жүзінде мүмкін емес.
Білімді ақпараттандыру құралдары деп компьютерлік
аппараттық жəне программалық жабдықтарды, сонымен қоса,
білімді ақпараттандыру мақсаттарына жету үшін пайдалынатын
олардың мазмұндық толықтырмасын айтады.
Тек қана білімді ақпарататтандыру құралдарын пайдалану
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды білім беру
саласында толыққанды қолдану үшін жеткіліксіз. Іс жүзінде мұндай
құралдар білімді ақпараттандырудың идеологиялық негізімен, со-
нымен қоса, ақпараттандыру мақсаттарына жету үшін қатысулары
қажетті əр түрлі білімдер саласы мамандарының қызметімен міндетті
түрде толықтырылуы тиіс.
Білімді ақпараттандыру, оның іске асырылу бағытына тəуелсіз,
бүкіл білім жүйесінің қызмет етуіне, асыра айтылды демей, сонымен
қоса, бүкіл қоғам өміріне де бүтіндей əсер ететін адам қызметінің
кең, көп қырлы саласы болып табылады.
Білімді ақпараттандыру дəстүрлі информатика оқу курсын,
басқа пəндерді оқытуда қолданылатын ақпараттандыру əдістерін,
технологиялары мен құралдарын қайта қарастыруды талап етеді.
Информатиканың əдістері мен құралдары көмегімен болашақ ма-
ман қандай ақпараттық ресурстар, олар қай жерде бар, оларға кіру
мүмкіндігі қалай жəне оларды өзінің кəсіби қызметінің тиімділігін
арттыру мақсаттарына қалай пайдалануына болады деген сұрақтарға
жауап алуды үйренуі тиіс.
Əр мектептің, жеке алынған университеттің, колледж бен
институт қызметін ақпараттандыру өзінше ерекше мəселе болып та-
былады.
Достарыңызбен бөлісу: |