ӘОЖ 378:004
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Техн.ғыл.канд. Г.С. Боранкулова
Г.И. Төреханова
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз
Бұл мақалада білім беру жүйесін инновациялық тұрғыда ақпарат-тандыру қарастарылады. Білім берудегі электрондық оқыту техноло-гиясы ұрпақтың бүгінгі таңдағы ақпараттық аймағында оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жаңа технология.
Түйінді сөздер: интерактивтік тақталар, виртуалды кабинеттер, мультимедиа-лық кабинеттер, е-learning, экстернат.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайын-дауды талап етеді.
Қазіргі заманғы электрондық оқыту құралдары дегеніміз интерактивті тақта-лар, мультимедиалық лингофондық кабинеттер, интерактивті кабинеттер, электрон-ды оқу залдары және дербес компьютерлер.
Электрондық оқыту жүйесін білім беру ұйымдарына енгізудегі міндеттерінің бірі - оқу-тәрбие үдерісін автоматтандыру болып табылады.
Оқытушының міндеті-ақпараттық білім беру деңгейінде оқушылардың гипер-мәтінмен жұмыс істеуін ұйымдастыру. Ақпаратты игеру оқытудың ұжымдық, топтық және жеке дара сияқты әдістерін қолданып жүзеге асыра алады.
Интерактивтік тапсырмалар алынған білімдер мен біліктерді бекіту мақсаты-мен әр түрлі тексеретін жаттығулар әрекеттерінің есебінен оқу материалын қолдану және бекіту процесін автоматтандыру мүмкіндігі болып табылады. Бұл компоненттің басты міндеті оқушы ақпаратты өзі оқу-танымдық іс-әрекетке белсенді түрде қатысу деген сөз. Осы кезде еркін қалаушылық атмосфера жасалады: оқушы бұрыс жауап беруден қорықпайды, өйткені электрондық оқулық өз жауаптарын қайталауға және түзету енгізуге мүмкіндік береді. Мектеп оқушылары сабақта тапсырмаларды орындау кезінде мұғалімнің қалып қойғандарға көмекке келуге, жеке сұрақтарға жауап беруге, сабақтың келесі кезеңіне дайындалуға және т.б. уақыты босайды.
Электрондық оқулықтарды құрастырудың барлық технологиясы танымдық қызмет пен ойлау қызметін қалыптастырудың ауыспалы кезеңдерін бейнелейді: іс-әрекетпен алдын ала танысу; сыртқы тілдік әрекетті қалыптастыру; ішкі тілдік әрекетті қалыптастыру; ойлау процесінің тереңдігіне өту.
Электрондық оқулықтың жетістіктері болып мыналар табылады: шүғыл кері байланысты қамтамасыз етеді; дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі; гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді; қысқа мәтін-дермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды; әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметі (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушы-лардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар т.б. жіберу) толтыратын болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі оқшау және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады» - деп көрсетілген.
«Білім беру ұйымдарының виртуалды кабинеті» - оқу-тәрбие үдерісін бірыңғай басқаратын ақпараттық орта.
Виртуалды кабинет - жұмыс орнының қызметін балама ретінде атқаратын ақпараттық ортада орналасқан автоматтандырылған бағдарламалық кешен.
«Білім беру ұйымдарының виртуалды кабинеті» 3 бөлімнен тұрады:
1. Әкімшіліктің виртуалды кабинеті.
2. Сынып жетекшісінің виртуалды кабинеті.
3. Оқушының виртуалды кабинеті.
Электрондық оқыту технологиясын мектепте қолдану:
1. Денсаулығының мүмкiндiк шектеулерi бар балалар үшiн арнайы бiлiм берудің түрi. Мұнда электрондық технологиялардың элементтерi торлық технологиялар, телеконференцияларды қолданумен бiрлескен ұжымдық үйрену, оқушылардың қарым-қатынасын және толығырақ кеңейтілген бiлiм алу мүмкiндiгiнiң шеңберiн айтарлықтай кеңейтеді.
2. Оқушылардың бiлiмдерiн қашықтықтан бақылауды ұйымдастыру.
Бiлiм беру ұйымдардарында бiлiм базасын және тестiлiк тапсырмаларының базасын ұйымдастыруға, соның нәтижесінде бiлiмдерін тексеру стандартталады, яғни бiр iзге салынады, бiлiмдерді бақылау жаппай және тұрақты iстейтiн болады.
3. Қосымша элективтік курстарын ұйымдастыру.
Бұл жүйеде барлық бiлiм беру ұйымдары ұстаздарының күштерi бiрiгедi және ұсынылатын курстардың ауқымы кеңидi, оқушының нақты курс үшiн оқытушыны таңдау мүмкiндiгi болады.
4. Экстернат.
Кейбiр білім беру ұйымдарында қайсыбір пәндер бойынша оқытушылары болмайды (математика, физика, шет тiлi, биология, химия және т.б.). Электрондық оқыту технологиясы бұл кемшiлiктердi толықтыруға мүмкiндiк бередi.
5. Ауыл және шағын жинақталған мектептерде бейінді оқытуды ұйымдастыру.
Кадр тапшылығының мәселесi шалғай ауыл мектептерінде бейінді оқытуды толық мәнiнде жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейдi, сондықтан сұрақтың шешiмінің бiрi-бiлiм беру ұйымдарында электронды оқыту технологиясын енгiзу болып табылады.
6. Ауру себебімен мектептегі сабаққа қатыса алмаған балалар үшiн электрондық сабақтар. Оқушы тек қана қосымша репетитордың көмегiмен, немесе өздігінен өткiзiлген материалды дербес игеру арқылы толықтыра алады. Бiлiм беру жүйесiндегi бұл кемшiлiкті электрондық оқыту технологиясы толықтыра алар еді.
7. Виртуалды қарым-қатынасты мектеп жүйесінде ұйымдастыру.
Мұның нәтижесінде оқушыларды электрондық оқыту технологиясы ашық білім беру үрдісінде қосады, олардың ақпараттық технологияларды қолдану дағдылары қалыптасады және ЭО көмегімен үздiксiз бiлiм алуы өмiр бойына жалғасатынын атап өту керек.
E-learning термині білім беру үрдісінің электронды формасын Интернеттің көмегімен оқытуды басқару жүйесі дегенді білдіреді.
Е-learning ұғымы (ағылшын тілінен қысқартылған Electronic Learning) - элек-трондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқу, виртуальды оқыту, ақпараттық, электрондық техноло-гиялардың көмегімен оқыту терминінің синонимі.
Е-learning - бұл оқу және оқыту форматы, бiлiм беру контенттерінің электрон-дық формасын электрондық құралдармен қолданып, компьютер, ұялы телефон, коммуникатор, білімді басқару жүйесi (LMS) және интерактивті оқыту платформа-сына негiзделген сабақ берулер.
Электрондық оқыту дегеніміз - ашық бiлiм беру, қашықтықтан бiлiм беру, компьютерлік оқу, он-лайн оқу, желілік оқу, интернеттен оқу сияқты ұғымдар.
Е-learning жүйесінің басты бөлімінің бірі LMS (Learning Management System) немесе қашықтықтан оқыту жүйесі болып есептеледi. Бұл жүйе оқытудың барлық үрдістері жүргізілетін және ұйымдастырылатын платформаны ұсынады. Жүйе желiде жұмыс iстеуге қолайлы көптеген аспаптардың жиынынан тұрады: форумдар, чаттар, тестлеу жүйесі, файлдар айырбасының жүйесi, электрондық тiзiм, виртуалды класс бөлмелерi, блогтар, виртуалды зертханалар және тағы басқалар. Оқытудың электрон-дық формасын енгiзуді жоспарлаған жағдайда, онда алғашқы кезеңдердiң бiрi қашықтықтан оқыту жүйесін таңдап алу болып табылады.
Сонымен қатар барлық білім беру ұйымның қызметкерлерi үшiн бiлiмдердiң бiртұтас стандартын қамтамасыз етеді және мынадай мүмкіндік береді:
- педагог ұжымына-тақырыптық жоспарлауды, электрондық сынып журнал-дарын және күнделiктер жүргізу, білім беру үрдісінде сандық бiлiм беру контентін қолдануға мүмкiндiк бередi;
- оқушыларға әр түрлi пәндер бойынша өз үлгерiм рейтингiсінiң өзгерiстерiн қадағалайды, сабақ кестесiндегi өзгерiстерді, үйге берген тапсырманы; уақытында біледі;
- ата-аналарға өз баласының бағаларын, сабақ кестесiн, үйге берген тапсыр-маларын, сабаққа қатысу және дайындық сапасын бақылайды, баласының мектептегі оқу үлгерімін және оның қоғамдық қызметiндегi табыстары жайлы біліп отырады; сонымен бiрге баласының бағалары туралы мәлiметтi ата-аналардың тiлегiмен sms-тің түрiнде де жолдана алады - немесе e-mail бойынша хабарлама алады.
- мектепке - бiртұтас деректер қорын жасау, электрондық журнал жүргiзу,. мәлiметтердiң ашықтығы, ата-аналармен керi байланысты қалыптастыру, оқушы-лардың бос уақыттын ұйымдастыру мүмкiндiгі болады.
Болашақта бiлiм беру компьютер технологияларының дамуымен тығыз байланыста болатыны анық. Сондықтан да электрондық оқыту технологиясын мектептерде оқу үрдісіне қолдану қазiргi білім берудің көкейкестi мәселесі болып саналады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі - білім беру ұйымдарына электрондық оқыту (е-learning) енгізу.
Әдебиет
1 Мұхамбетжанова С.Т., Толықбаева Ғ.Н., Жартынова Ж.Ә. Электрондық оқыту бойынша мониторингінің жүргізу әдістемелік құралы. - Алматы, 2011.
2 Семченко А.А., Мұхамбетжанова С.Т., Толықбаева Ғ.Н., Жартынова Ж.А.,. Коровина С.В. Объектіге бағдарланған «MOODLE» ортасы арқылы білім контент-терін жасау. - Алматы, 2011.
3 Электрондық оқулық.
4 Ғаламтор.
ВОЗМОЖНОСТИ ТЕХНОЛОГИИ ЭЛЕКТРОННОГО ОБУЧЕНИЯ
Канд.техн.наук Г.С. Боранкулова
Г.И. Туреханова
Таразский государственный университет им. М.Х. Дулати, Тараз
В этой статье информатизация системы образования рассматривается с ин-новационной точки зрения. Технология электронного обучения в образовании - это новая технология, формирующая способность мышления учеников в информацион-ном пространстве поколения и развивающая систему обучения.
Ключевые слова: интерактивные доски, виртуальные кабинеты, мультиме-дийные кабинеты, е-learning, экстернат.
POSSIBILITIES OF E-LEARNING TECHNOLOGIES
Саnd.tech.sci. G.S. Borankulova
G.I. Tyrekhanova
Taraz state university of a name of M.Kh. Dulati, Taraz
In this article, informatization of the education system is considered on innovational point of view. E-learning technology in education is a new technology which forms the ability of thinking of students in the information space of generation and training the educational system.
Keywords: interactive whiteboards, virtual classrooms, multimedia classrooms, e-learning, externship.
Достарыңызбен бөлісу: |