22
беру кеңістігінің бір бөлігі ретінде қызмет ететіндігі болжанған. Білім
беру үрдісін технологияландыру қамтамасыз етілген, оның оқытудың
жеке траекториясына байланысты бағдарлануы, ашықтығы жəне қол
жетімділігі қарастырылған.
IT технология саласындағы əлемдік жетістіктердің негізінде
білім беруді ақпараттандыру қазақстандық білім берудің
инновациялық алдыңғы қатарлы дамуының құралы болып табы-
лады. Осыған орай стратегиялық мақсаттары ретінде білім беруді
ақпараттандырудың негізгі бағыттары бойынша тізбектелген
жүйелік саясат анықталған. Бұл бағыттарға: нормативтік-құқықтық
қамтамасыз ету, компьютерлендіру жəне компьютерлік паркті
жаңғырту; программалық қамтамасыз ету, білім беру мен басқаруды
ұйымдастыруды интернеттендіру; отандық сандық білім беру ре-
сурстарын дайындау; мониторинг жүйесін атвоматтандыру, білім
беру ұйымдарын талдау мен басқару, педагогикалық жəне басқару
кадрларын дайындау жатады.
Компьютерлендіру саласындағы стратегия білім беру прак-
тика қажеттіліктерін ескере отырып білім беру мекемелерін
қазіргі компьютерлік техникамен қамтамасыз етудің əлемдік
көрсеткіштердің жетістігіне бағдарлануда.
Программалық қамтамасыз ету саласында Open Source
Communitu ашық əлемдік қауымдастығының идеологиясы,
принциптері мен құралдарына негізделетін, əлемдік алдыңғы
қатарлы елдер мақұлдаған өнімдерді, программалық құралдарды
қолдану мақсат етілуде.
Барлық деңгейдегі білім беру жəне басқару мекемелерін
интернеттендіру саласындағы саясат əлемдік ақпараттық-
қатынастық білім беру ортасын дамытуға бағытталған. Білім беру
жəне басқару ұйымдарын интернет желісіне əртүрлі каналдар
негізінде (спутниктік, ерекшеленген, мобильдік, кең жолақты, сым-
сыз жəне т.б.) жоғарғы қолжетімді қабілеттілікпен 100%-ға қосу
қамтамасыз етілуі тиіс.
Интернетке жəне ғылыми-білім беру желі жүйесіне Wi-Fi жəне
Wi-Max технологиялар негізіндегі білім беру ұйымдары аймағында,
əрі қарай республика масштабында білім беру мекемелері террито-
риясы зонасын сымсыз қолжетімділік аймағын құру жоспарланып
отыр. Интернет-ресурстарына ұялы телефон байланыстары арқылы
қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Web-технологияларды
енгізу мен дамыту қарастырылуда. Аймақтық ақпараттық-білім
23
беру корпоративтік компьютерлік желілерін бірыңғай жалпы
республикалық ақпараттық білім беру компьютерлік желісіне инте-
грациялау қолға алынды.
Интернет желісі құрылымында жеке дамыған инфрақұрылымы
бар жəне Қазақстан қашықтықтан білім беру жүйесіне бейімделген
жеке білім беру контенті бар, қазақстандық білім беру сегменті
жүзеге асырылуы тиіс.
Отандық сандық ғылыми-білім беру ресурстарының индустри-
ясын құру алдыңғы қатарлы өзекті стратегиялық міндеттердің бірі
ретінде қарастырылады. Қазақстанда білім беру жүйесінің қажетті-
ліктерін қанағаттандыратын жəне қойылған біліктілік талаптарына
жауап беретін жеке электрондық білім беру ресурстары өнеркəсібі
болуы қажет. Мəліметтерге сүйенсек, ұйымдардың кəсіби жəне
техникалық білім беруде қазіргі электрондық білім беру ресурста-
рына қажеттілігі оқытудың кəсіби жəне арнайы цикліндегі пəндер
бойынша 2780 бірлікті құрайды. Колледждердің кəсіби жəне арнайы
цикл пəндері бойынша қажеттілігі – 7455 бірлік, ЖОО-да базалық
жəне профильдік цикл пəндері бойынша 5347 бірлікті құрайды.
Барлық ресурстар үш тілде – қазақ, орыс жəне ағылшын дайын-
далуы қажет.
ҚР Білім беруді ақпараттандырудың стратегиялық бағыттары-
ның бірі – жоғары технологиялық автоматтандырылған мониторинг,
білім беру ұйымдарын талдау жəне басқару жүйесін құру. Ол тиімді
құжаталмасуды жəне білім беру ұйымдарының есеп беру форма-
сына, сəйкесінше, стратегиялық мəліметердің жүйелік базасын
сүйемелдеуді қамтамасыз етуі қажет. Білім беру жүйесінің жағдайын
тұтастай жəне өндірістік-білім беру іс-əрекетінің əрбір бағыты бо-
йынша сапалы мониторингілеу қамтамасыз етілуі тиіс.
Білім беруді ақпараттандыру саласында кілттік рөл педагогика-
лық жəне басқарушы кадрларға беріледі. Стратегиялық мақсаттарға
сəйкесінше ол IT-технологияларын кəсіби іс-əрекетінде кеңінен
қолдануға бағдарлануы керек. Орта, техникалық жəне кəсіби, жоғары
білім беру жүйесінде педагогикалық кадрларды дайындаудың оқу
жоспарына IT-технологиялары негізінде білім беру əдіснамасы курс-
тарын енгізу ұсынылады. Аталған стратегиялық бағыттар білім
беруді ақпараттандырудың, қашықтықтан жəне ашық білім берудің
барлық практикалық аспектілерін қамтиды. Бұл мəселені кешенді
түрде шешудің куəлігі болып табылады.
24
1.2 Білімді ақпараттандыру адамның іс-əрекеті ретінде
Сіздің қолыңызда білімді ақпараттандыру бойынша алғашқы
оқулық. Бүкіл «білімді ақпараттандыру» саласының мазмұны сияқты,
осы кітаптың мазмұны да ақпараттық технологиялар дамыған са-
йын, педагогикада жаңа идеялар пайда болған сайын жетілдіруді,
ары қарай айқындауды талап ететіндігіне авторлардың сенімі мол.
Қазіргі қоғам мен оның білім саласын ақпараттандырудың
ерекшіліктерін айтардан бұрын ақпараттандырудың тарихи алғы
шарттарына тоқталған жөн.
Қоғамды ақпараттандырудың тарихи үдерісі өз заманында пай-
да болған жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты
ақпараттық революциялар тізбегі арқылы дəл сипатталады.
Ақпаратық революция қоныстанушы халықтың белсенді бөлігі
үшін ашық ақпараттар ауқымының артуына əкеп тірейтін ақпаратты
жинау, өңдеу, сақтау жəне таратудың тəсілдері мен аспаптарының
өзгеруінен тұрады.
Мұндай революциялар алтау.
Бірінші ақпараттық революция тіл мен адамның анық сөйлеуінің
пайда болуынан тұрады.
Екінші ақпараттық революция жазудың ойлап табылуына бай-
ланысты. Бұл ойлап табу адамзат қоғамы жинақтаған ақпаратты
сақтауды ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар оның
шынайылығын арттырып, ақпарат таратуға бұрынғыдан да кең
жағдай жасады.
Үшінші ақпараттық революция XV ғасырда ақпараттық
технологиялардың алғашқыларының бірі болып саналатын кітап
басып шығаруды ойлап табудан туындаған. Бұқаралық ақпараттың
газеттер мен журналдар сияқты баспа құралдарының пайда болуы
мен дамуы – осы үшінші ақпараттық революцияның нəтижесі.
Төртінші ақпараттық революция ХIХ ғасырда басталды. Ол
кезде ақпаратты жіберу мен таратудың телеграф, телефон, радио
жəне теледидар сияқты құралдары ойлап табылды.
Бесінші ақпараттық революция адамзат есептеу техникасын
белсенді пайдалана бастаған кезде, XX ғасырдың ортасында өтті. ЭЕМ-
ді ғылыми ақпаратты өңдеуге қолдану адамның ақпаратты белсенді
жəне тиімді өңдеуі бойынша мүмкіндігін түбегейлі түрде өзгертіп,
өркениет дамуының бүкіл тарихында адам алғашқы рет интеллектуал-
ды еңбектің өнімділігін арттыруға жоғары тиімді құралға ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |